![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Инвестициялық жобалау кезеңінде ақша ағынын модельдеудің мәніЖобалық талдаудың ақша ағынын модельдеу, жобаны оның өмірлік циклі бойынша қарастыру, уақыт факторын ескеру, инфляцияның әсерін есепке алу, тәуекелдің әсерін ескеру, кәспорындардың қаржылық жағдайын «жобамен» және «жобасыз» шарттарымен салыстыру деп аталатын қағидалары бар. Ақша ағынын модельдеу дегеніміз – жоба бойынша әр түрлі уақыттағы табыс пен шығынды өзара салыстыру. Сонымен қатар, инвестициялық жобаны жүзге асыру мерзімінде кәсіпорынынң өндірістік, инвестициялық, қаржылық қызметтері бойынша ақшаның түсуі мен кетуін сипаттайды. Сондай-ақ, инвестициялық жобаны іске асыру ақша ағынын қарастырумен байланысты. Ақша ағынын модельдеу есеп беру кезеңіндегі ақша ағынынның барлық түсімдері мен шығындарын есепке ала отырып, модельді құрастыру негізінде жүзеге асырылады. Ақша ағындарының көрсеткіштері бойынша инвестициялар тиімділігін бағалау әдістері жобаның бүкіл өмірлік циклін ечепке алады. Инвестициялық жобаның ақша ағыны – бұл барлық есеп айырысу кезеңі үшін анықталатын жобаны жүзеге асырудағы түсімдер мен төлемдердің уақытына тәуелділік болып табылады. Ақша ағындарының мәні әр қадамда келесідей сипатталады:
Уақыт факторын ескеру жобаның парметрлер қозғалысын және оның экономикалық ортасын көрсетеді. Сондай-ақ, өндіріс өндіруі және ресурстардың келуі олардың төлем арасындағы мерзім айырмашылығын ескереді. Қорытындысында, олардың уақытысының әр түрлі және бірдей еместігі ескеріледі. Жобаны талдаудың екі қағидасын біріктіріп қарастырайық. Инфляцияның және тәуекелдің әсерін есепке алу, сондай-ақ жобаны сатуда бірнеше валютаны қолдану инфляцияны болжауда ескеріледі:
«Жобамен» және «жобасыз» салыстыру. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы «жобаға дейінгі» және «жобадан кейінгі» «жобамен» және «жобасыз» эағдайларда салыстыру жолымен жүзеге асырылуы керек. Бұл кәсіпорын қызметіндегі маңызды микроэкономикалық көрсеткіштерге жобаның қалай әсер еткеніне талдау жасауды көрсетеді (сату көлемі, табысы, актив және меншікті капиталдың рентабельділігі және т.б.). Инновациялық жобалардың тиімділігін салыстыру
|