Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Инвестицияның макроэкономикадағы рөлі мен маңызы




Макроэкономикадағы инвестиция – бұл капиталдың бар қорын толықтыратын немесе тозудың не болмаса амортизацияның салдарынан істен шыққандарын орын алмастыратын ағын. Бұл бағытта инвестицияның барлық түрі сондай-ақ олардың жалпы шамасы жалпы инвестиция және таза инвестиция деп бөлінеді.Жалпы инвестиция – бұл капиталдың игіліктерге кеткен шығын ағынының жалпы мөлшері, таза инвестиция – бұл капиталдың бар қорын толықтыруға кететін бөлігі. Басқаша айтқанда жалпы инвестиция таза инвестиция мен капитал амортизациясының сомаларына тең.

Макроэкономиканың дамуындағы инвестицияның рөлі маңызды. Себебі ол жедел экономикалық дамудың ошағы болып табылады. Инвестиция болашаққа салым болғандықтан әрдайым тәуекелді болып табылады. Сәйкесінше тәуекел жоғары болған сайын пайда табу мүмкіндігі де жоғары болып табылады. Макроэкономиканың тиімділігі оған салынған инвестиция көлемімен анықталады. Макроэкономиканың басты мақсаты оаған шетелдік инвестицияны тарту болып табылады. Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес. Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда. Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді. Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты ҚР 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты. Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады. 1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6 трлн $ деңгейін жетті. Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі- потрфель инвестициялары . Олар ірі корпорациялардың , мемлекеттік және жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады.

7. Инвестицияның микроэкономикадағы рөлі.Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнстік теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әртүрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.

Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салуларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.

Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. Инвестицияның микроэкономикадағы ролі де ерекше. Себебі, мемлекет экономикасы өндіріс дамыған кезде ғана алға жылжиды. Инвестицияның микроэкономикадағы рөлін келесідей түсіндіруге болады:

- Өндірісті ұлғайту және дамыту үшін;

- Негізгі қорлардың моральді және физикалық тұрғыда тозуына жол бермеу үшін;

- Өндірістің техникалық деңгейін жоғарлату үшін;

- Өнімнің сапасын жақсарту үшін;

- Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету үшін;

- Табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру үшін, бағалы қағаздарды айналысқа шығару және өзге өндіріс орындарының активтеріне жұмсалым жасау үшін инвестицияның маңызы өте зор.

Сонымен “инвестиция” – бұл өндірістік теорияда және бүкіл микроэкономикада, инвестиция жаңа капитал құру процесі болып табылады.

Экономикалық даму талаптарына, яғни өндірістік потенциалды жаңа ғылыми-техникалық негізде құруға, әлемдік нарықта өз бәсекелестік бағытын құруға, жоғарғы инвестициялық белсенділік өте қажет.


 

8.ҚР-да инвестициялық саясаттың инновациялық даму кезеңіндегі мәні және мағынасы.Инвестиция – бұл Қазақстан үшін жаңа экономикалық термин болып табылады, және ол нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болды. Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық дамуы еліміздің дамуы үшін үлкен маңызға ие. Мемлекет басшысы да бұл бағытқа ерекше мән беріп отыр. Соңғы уақытта өткен бірқатар ірі іс-шаралардағы Елбасының сөйлеген сөздері инновациялық даму мәселесіне арналды. Президенттің осынау қолдауы бізге бүкіл инновациялық жүйені қайта құрылымдауға мүмкіндік беріп отыр.Қазіргі таңда инвестициялық саясаттың инновациялық даму кезеңіндегі мәнін келесі шарттарға сүйене отырып ашуға болады: жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ; экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру; ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану; менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;

жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету; қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

Қазақстан экономикасының қазіргі сатысының қысқа, бірақ нақты мерзімде трансформациясының басты мақсаты әлемдік экономикалық жүйеден алшақтауды күрт қысқарту болып табылады, бұл жаңа технологияларды, адами әлеуетті пайдалануға, капиталдың шоғырлануына, инновациялық қызмет түрлеріне сүйенеді. ХХІ ғасыр – бұл жаңа технологиялар ғасыры, инновациялар ғасыры.«Қазақстан - 2050» Стратегиясында ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Адамзат Үшінші индустраиалды революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік рыноктың құрылымы мен сұраныстарын түбірінен өзгертеді. Біз енді бұрынғыға қарағанда тіпті өзге технологиялық ақиқаттармен өмір сүрудеміз» деп айрықша атап көрсетті. Инвестициялық-инновациялық қызмет саласында мемлекеттік және жеке сектордың өзара іс-қимылдарын құру қажеттілігі ғылыми-техникалық даму рыноктық бәсекеге қабілетті артықшылықтар алудың жетекші факторына айналуымен туындап отыр. Соның нәтижесінде ғылыми-техникалық әлеуеттің өрлеуі тек қоғамдық игілік ретінде ғана емес, сәйкесінше, жалпы мемлекеттік міндет ретінде де бағалануды қойды, ол қысқа мерзімділік жағынан өндірушілердің пайдасымен тікелей байланысты емес, сондықтан да ауқымды бюджеттік инвестициялар арқылы шешімін табуы тиіс.

 

9. Инновациялық даму үрдісінде бағалы қағаздар нарығының мәселелері.Қазіргі таңда инновациялық даму кезінде әлемнің барлығын жаңа техникалар мен технологиялар заманы билеген уақытта бағалы қағаздар нарығы да маңызды орынға ие болып отыр. Себебі, бағалы қағаз нарығы да осы жаңа техникаларды игеру арқасында, өз бағалы қағаздарынды техника арқылы басқарып, ол бойынша табыс алуға мүмкіндік туады. Осындай бағалы қағаздардың үйде отырып ақ пайда табуға болады деген мәселеден басқа, онымен қоса өз пайдағнан толықтай айырылып қалу қауіпі бар екендігін естен шығармаған жөн.Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының толық жетілмеуі оның шешу жолдары қарастырылып біртіндеп шешімін тауып отыр. Негізігі мәселелер мыналар болып отыр:

1) Бағалы қағаздар нарығы туралы халықтың дұрыс ақпаратпен қамтылмауы

2) Эмитенттердің, яғни бағалы қағаздарды шығаратын кәсіпорындардың өтімділігі жоғары бағалы қағаздарды шығармауы

3) Эмитенттердің шығарған бағалы қағаздары туралы халықтың хабар алмауы, ақпараттың жетпеуі.

Кәсіпорынның міндетті бағалы қағаздары бойынша 2012 жылы 6% өскендігі байқалған, ал 2013 жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша 10% ға төмендеген. Бұл статистикалық мәліметтен көріп отырғандай, 2012 жылы халықтың IPO бағдарламасының арқасында мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу артып, сонымен бастапқыда халыққа дұрыс ақпарат таратылды, сонымен халық оған үйренді ау деп тоқтатылған соң халықтың бұл бағалы қағаздарға сұранысы да төмендеді.

Сонымен қоса, дәл қазіргі уақытта бірыңғай зейнетақы жүйесі пайда болғаны, сол зейнетақы жарналарын бағалы қағаздар нарығына слаып көбейту де, бағалы қағаздар нарығына мемлекет тарапынан бір қолдау көрсетілгендей болды.

Қазақстан елінде басқа мемлекеттермен салыстырғанда бір түрғын үйдің құны 5 мың доллар, Ал АҚШ елінде 3 мың доллар, ал Прага елінде 2,5 мың доллар құрап отыр. Бұл бос ақша қаражаттары бар адамдардың осы тұрғын үй жүйесіне салып сол бойынша пайда табуға итермелеп отырғанын көрсетеді, осы жағдайда бағалы қағаздардың пайда табуға байланысты сенімсіздігі, сонымен қатар бағалы қағаздар нарығының Қазақстан елінде бәсекелестіктің болмауы да бір себеп. Осыған байланысты Қазақ елінің тұрғындары бос ақша қаражаттары бар болса оны пәтерге, сонымен қоса депозитке салуды жөн көріп отыр.

Бұл мәселені шешу жолы, бағалы қағаздар нарығында бәсекелестікті арттыру, сонымен қоса кәсіпорындардың шығарған бағалы қағаздарының өтімділігін жоғарылату сосын халыққа осы бағалы қағаздар туралы әрдайым дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 200; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты