КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азақстан экономикасының нақты секторына шетел инвестицияларын тарту мәселелеріҚазақстанда соңғы жылдары инвестициялық жағдайдың жақсаруына қарамастан, инвестициялар бойынша шетелдiк кеңесшiлер аудиторлық және заң фирмаларын қоса алғанда, коммерциялық және экономикалық сұрақтар бойынша шетелдiк елшiлiктердiң атташелерi (олар қызығушылық бiлдiрiп, бiрақ инвестициялауға толық шешiм қабылдамаған мүмкiн инвесторлармен тiкелей таныс) қазiргi күнге дейiн республикада келiссөздер жүргiзу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн сәйкесiнше жағдайлар жасалмаған деп есептейдi. Олар инвестициялық жағдайлар бойынша халықаралық индекстердi дәлелге алады, мысалы, ЕБРР (Европалық қайта құру және даму банкi), ол бойынша Қазақстан қолайлы емес инвестициялық жағайлары бар елдер қатарына жатады. Олар жемқорлық, мәліметтерді жиі бұзу, инвестициялауды жүзеге асырудағы жоғары шығындар, виза дайындаудағы қиындықтар мен жергiлiктi iскер серiктестерiнiң сенiмсiздiгi туралы айтады. Осы проблемалардың бәрi инвесторларды кен өндiру өнеркәсiбiнен басқа өндiрiс және қызмет салаларына инвестициялаудан шошытады. ТШИ ағымдарының әсері қиын болжанады, және олар республиканың төлем балансының жағдайына теріс әсер етіп, сыртқы қаржыландыруды алудың өте қымбат әдісі болады. Ірі батыс компаниялары басшыларының пікірі бойынша Қазақстанда инвестициялық климат жалпы алғанда қолайлы, бірақ ары қарай шетел капиталының құйылуы үшін күрделі кедергілер мыналар болуы мүмкін: · бюрократиялық бөгет; · қаржылық тәуекел; · Қазақстанның салық және қаржылық режимдеріндегі жетіспеушілік; · құқықтық инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы; · валюталық бақылау. Инвестициядан пайда алу мүмкіндігіне қарамастан инвестициялық саясаттың анықталмағандығы Қазақстанға инвестицияның құйылуына кедергі жасайтын басым факторлар болып табылады. Инвесторларға тұрақты және сенімді саясат талап етіледі. Шетел инвестицияларын кеңейту үшін қолға алған шаралар республикада ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен оларды реттеуді қарастыру қажет және бірінші кезекте, табиғи ресурстармен республиканың адамдық потенциалын есепсіз пайдалануды тоқтату керек.
24. Инновациялық кәсіпорынның инвестициялық саясаты мәселелері және даму болашағы. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты- оның шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бөлігі.Кәсіпорын экономикасында инвестиция маңыздылығын анықтап, бағалау қиын.Қазіргі заманғы өндірістің сипаты ол- үнемі өсіп отыратын капитал сыйымдылығы мен ұзақ мерзімді факғторлар болмақ.Кәсіпорын өзінің өнімінің сапасынжақсарту үшін шығындарын төмендету, өндіріс күштерін ұлғайту, бәсекелестік жағдайында нарықтан өз орнын табу үшін үнемі капитал салып отыруы тиіс. Сондықтан да оған үнемі өте жақсы жасалған инвестициялық стратегия жасап, оған жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының негізгі бағыттары: 2) өндірісті кеңейтудегі инвестиция. Бұл инвестициялар мақсаты - әрекеттегі өндіріс негізінде қалыптасқан нарыққа арналған тауарлар мен қызмет түрлерінің өндіріс көлемін кеңейту; 3) жаңа өндірісті құрудағы инвестиция. Бұл инвестициялар кәсіпорынмен бұрын өндірілмеген тауарлар мен қызмет түрлерін шығару үшін жаңа технологияларды игеру және тіптен жаңа қуаттарды құруға арналған; 4) мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандырудағы инвестициялар (жаңа экологиялық нормалар немесе қауіпсіздік стандарттары).
|