Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Р-да инновациялық даму үрдісінде инвестициялық жобаларды экономикалық талдау ерекшеліктері




Индустриалдық-инновациялық дамыған елдерде экономиканы мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Қазақстанның индустриялық–инновациялық бағдарламасы негізінен жалпы экономикалық өсуге бейімделген. Аталмыш бағдарлама мемлекеттің белсенді көмек көрсетуі арқылы жоғарғы қосымша құнды өнім өндіру және шетелге шығару, бәсекелестік қабілеті бар бейтараптандырылған өнеркәсіп құру және ұзақ мерзімдік жағдайда сервистік-технологиялық экономикаға көшудің алғы шарттарын дайындау арқылы тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыруды көздейді. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 7 триллион теңгеге дейін жеткізуді көздейді. Экономиканың басты салаларының барлығының тең дамуын қамтамасыз етуге тиіс. Бағдарламаның міндеттері ретінде мыналар қарастырылады: мемлекет пен бизнестің күшін тек экономикалық өрлеулер үшін шоғырландыру, елдегі ресурстардың барлығын басым бағыттарды дамытуға тиімді жұмсау, аса қолайлы инвестициялық және макроэкономикалық орта қалыптастыру, ұлттық экономиканың өнімділігі мен тиімділігін арттыру.

ҚР-да инновациялық даму үрдісінде инвестициялық жобаларды қаржылық экономикалық талдау бірқатар ерекшеліктерге ие, соларға тоқталайық.

Қаржылық экономикалық талдау кәсіпорынның шаруашылықтағы қызметін талдаудың негізгі бөлігі б.т. қаржылық экономикалық талдауды жүргізк ауқымы келесідей мәселелерді шешуге болады:

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы анықталады

2. Жобаны жүзеге асыру кезінде кәсіпорынның инвестициялық қажеттілігі анықталады

3. Жобаны жүзеге асыру үшін шешім қабылданады.

Қаржылық экономикалық талдау қаржылық есеп берулер негізінде жүзеге асырылады. Оларды былай көрсетуге болады:

1. Пайда мен шығындар туралы есеп беру

2. Кәсіпорын балансы

Пайда мен шығын туралы есеп беру бұл құжат инвестиция жұмсауда қаражаттарды бағалауға және ақша түсімдерімен шығындарын баұылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ағымдағы шотқа түсетін ақша қаражаттары есебінен болашақта несие бойынша міндеттемелерді уақытында өтеу қабілетін анықтауға болады. Ал кәсіпорын балансы бұл құжат потенциалды инвесторлар мен кредиторларға маңызды құжат болып табылады. Себебі баланс активтер өсімінің қарқынын және бұл активтердің қайсысы баланс есебінен өскенін анықтауға болады. Сондай-ақ баланс арқылы кәсіпорындардың қаржылық жағдайын болжауға болады.

Қаржылық-экономикалық талдау әдістері:

1. Көлденеңінен

2. Тігінен

3. Мультипликативті факторлық модельдер әдісі

4. Факторлық жүйенің ұлғаю әдісі

5. Салыстыру әдісі

6. Индекстік әдіс

Көлденеңінен талдау әдісі – динамикалық коэф-тер әдісі деп аталады. Яғни бұл әдіс негізінде кәсіпорын қызметінің экономикалық және қаржылық көрсеткіштерінің һзгеруі процестерін анықтауға болады.

Тігінен талдау процесінде құрылымдық коэф-термен агрегаттық көрсеткіштердің құрылымы анықталады. Агрегаттық көрсеткіштерге жеке көрсеткіштердіңүлесі сипатталады.

Мультипликативті факторлық модельдер әдісі б.ша қарастырылатын көрсеткішті басқа көрсеткіштерге көбейту және бөлу арқылы сондай-ақ одан әрі жаңа көрсеткіштерді алу арқылы құрылуы.

Факторлық жүйенің ұлғаю әдісі – бұл факторлық модельдерді құру әдісі деп те аталады. Бұл әдіс белгілі бір көрсеткішті басқа көрсеткіштер жиынтығы ретінде көрсетеді және 3 кезеңнен тұрады:

1. Алғашқы көрсеткішті 2 көрсеткіштің қатынасы ретінде көрсету

2. Ағымдық көрсеткішті бірнеше құрылымдық көрсеткіштердің қосындысы негізінде есептеу

3. Алынған жеке көрсеткіштердің әрқайсысын басқа көрсеткіштерге бөлу арқылы көрсету

Салыстыру әдісі – кәсіпорынның салада алатын орнын анықтау сондай-ақ нақты кәсіпорындардың ресурстарды қолдану тиімділігін көрсету үшін кәсіпорынның келесідей көрсеткіштерін салыстыру керек:

1. Сапа бойыншаортақ көрсеткішін

2. Ең жақын көрсеткішін

3. Нормативтік көрсеткішін

Индекстік әдіс – уақытпен қарастырылатын көрсеткіштердің мәнін сипаттайтын қатысты көрсеткіштің жай индекстер ретінде өсу қарқыны мен көрсеткіштер қатынасы ретінде көрсетіледі.


 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 65; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты