Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Р- да ЕДБ -дің инвестициялық жобаларды несиелеу ерекшеліктері.




ҚР ЕДБ қаржы нарығындағы қаржылық ресурстар ең көп шоғырланған институттар б.т. Сондықтан да ЕДБ инвест жобаны несиелеуге қаржыландыруға жиі қатысатын институт. ҚР ЕДБ банктік несие ресурстарын шоғырландырудың негізі. Ол үшін ЕДБ арнайы жобалық несие беріледі. Жобалық несие – инвест жобаның бизнес жоспары және сенімді кепілдемесі негізінде инвест жобаларды жүзеге асыру мақсатында берілетін несие. Инвест жобаларды несиелеуді ұйымдасытру отандық банктік тәжірибеде белгеле бір кезеңдермен анықталады: 1. Жобалық несиеге деген өтінішті қарастыру және талдау – жобаны несиелеуге байл несие берушіге берген жобаны іске асырушы құрылтайшы фирмалардың ком өтініші талданады. Бұл құжатты несиені алушы несиенің көлемі, мөлшері, пайдалану мерзімі, жұмсалу мақсаты және қамтамасыз ету сипатын көрсетеді. Жобалық несиелеуді жүзеге асыру тарапынан несиелік өтінішпен бірге құрылтайшылық құжаттар, сондай ақ бұл кезеңде қарыз алушы туралы ақпараттар, оның ішінде несие таризы туралы ақпарат және бұрынғы алған несиелерді пайдалану жағдайы және банктің алдында ссудалық қарызы туралы ақпарат, кепілге беретін мүікті куәландыратын құжаттар және несиені қайтаруға байл қарыз алушының мерзімдік міндеттемесі жинақталады. 2. Қарыз алушының несиелі қабілетін бағалау – жоблық несиелеуді ұйымдастыруда шешуші кезеңді сипаттайды. Себеі бұл кезеңде инвестицияны пайдаланушының ком несиелік қабілеті анықталады. Несиелік қабілетті анықтауды келесі факторлар ескерілу тиіс: қарыз алушының сипаты, қаражатты қарыз алу қабілеті, ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қаражат таба білу қабілеті не қаржылық мүмкіндігі, қарыз алушының меншік капиталының болуы, несиені қамтамасыз ету деңгейі. 3. Жобалық несиелеудің қатысушылары арасында келісімшарт жасау – бұл кезеңде несиелік қабілетті бағалаған соң қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын анықтау барысында қарыз алушы мен қарыз беруші арасында арнайы келісімшарт жасалады. Бұл келісімшарт несиелік келісімшарт д.а. бұл құжатта келісімшартқа қатысушының міндеттемелері және жауапкершілігі, сонымен қатар несиелеу мақсаты, объектілері, мөлшері, мерзімі, қайтару шарттары, қамтамасыз ету формалары, несие үшін төленетін процент мөлшері, несие қозғалысының және қарыз алушының қаржылық жағдайын бақылау үшін пайдаланылатын құжаттар тізімі көрсетіледі. 4. Жобаны несиелеу – бұл кезең несие беру кезеңін сипаттайды бұл кезеңде ссудалық шот формасында ссуда беруді рәсімдец тәртібі, ссуда тәсілдерін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және оның техникалық шарттары не несиелеу тетігі анықталады. 5. Жобалық несиелеуге бақылау жасау – несиені қайтарау және оған процент төлеу барысында бақылау жасау кезеңі.

14.ҚР-да ипотекалық несиелеу инвестицияның ұзақ мерзімді несиелеу әдісі ретіндегі мәселелері

Ипотекалық кредит беру - тұрғын үй саласына инвестициялар тартудың ең тиiмдi тәсiлдерiнiң бiрi. Дәл осы ипотека халықтың - тұрғын үй жағдайларын жақсарту, банктердiң - тиiмдi және пайдалы жұмыс iстеу, құрылыс кешенiнiң - өндiрiстi ырғақты жұмыспен жүктеу және халыққа ипотекалық кредит берудi кең қолдануға жәрдемдесетiн экономикалық өсуге ынталы мемлекеттiң мүдделерiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi.

Азаматтарға ипотекалық кредиттер берудi екiншi деңгейдегi банктер 1998 жылдан бастап жүзеге асыруда. Ипотекалық кредиттер бойынша сыйақының бастапқы ставкасы жылына 20%, бастапқы жарна мөлшерi 40-50%-ке жуықты құрады, кредит 5-10 жылдан аспайтын мерзiмге берiлдi.

Елдегi ипотекалық кредит берудiң дамуымен ипотекалық кредит берудiң негiзгi өлшемдерi азаю жағына қарай өзгерiстерге ұшырады. Мәселен, 2003 жылдан бастап екiншi деңгейдегi банктердегi сыйақы ставкалары жылына шамамен 12-15%-тi құрайды, бастапқы жарна мөлшерi жылына 15-20%-ке дейiн төмендедi, кредит беру мерзiмi орта есеппен 10-15 жылды құрады.

Алайда, ипотекалық кредит беру жүйесiнiң осындай дамуы кезiнiң өзiнде қызметтер көрсетудiң бұл түрi Қазақстан Республикасы азаматтарының аз санатына ғана қолжетiмдi болды. Негiзгi себептердiң бiрi халықта сыйақы төлеу мен бастапқы жарна үшiн жеткiлiктi қаражаттың жоқтығы болып табылады. Осыған байланысты "Қазақстандық ипотекалық компания" ЖАҚ (бұдан әрi - ҚИК) құрылды. Қазiргi кезде ҚИК-тiң жарғылық капиталы 2,5 млрд. теңгенi құрайды.

Екiншi деңгейдегi банктердiң ипотекалық кредиттер беру көлемiн ұлғайту үшiн ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алу жолымен екiншi деңгейдегi банктердi қайта қаржыландыру ҚИК қызметiнiң мақсаты болып табылады.

ҚИК инфляцияның, инвесторлар маржаларының, ҚИК маржаларының, сақтандыру резервтерi мен эмиссияға жұмсалатын шығыстардың деңгейiне байланысты болатын котталған ставка бойынша талап ету құқығын сатып алады. Қызметтiң барлық кезеңiнде ҚИК-тiң котталған ставкасы азаю жағына қарай өзгерiске ұшырады. Мәселен, 2002 жылы котталған ставка 14%-тi құраса, қазiргi кезде ол 9,6%-тi құрайды.

ҚИК-тiң қатысуымен ипотекалық кредит беру жүйесiнде 8 банк және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын 2 ұйым жұмыс iстейдi. ҚИК-тiң бағдарламасы бойынша ипотекалық кредиттер беру жөнiндегi өз қызметiн жүзеге асыратын "Каспий", "Астана-Қаржы" банкi, "ЦентрКредит" банкi, "АСҚ", "БТА-Ипотека" банкi, Нұрбанк, Қазақстанның Наурыз Банкi, ТехакаБанк, Альянс Банкi, Цеснабанк сияқты екiншi деңгейдегi банктер мен қаржы ұйымдары ҚИК-тiң серiктестерi болып табылады. Бұдан басқа, екiншi деңгейдегi банктердiң бiрқатары тұрғын үй құрылысына ипотекалық кредит берудi дербес жүзеге асырады.

2001 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚИК екiншi деңгейдегi банктерден 10 млрд. теңгеден астам сомаға ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алды.

Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесi айтарлықтай рөл атқаратынын атап өткен жөн. Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесi екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық кредиттердi сақтандырушы ұйымдар арасындағы кредит бойынша кредиттiк тәуекелдердi бөлу жолымен ипотекалық кредиттерге қолжетiмдiлiктi арттыру үшiн қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Осыған байланысты Қазақстанда 2003 жылы Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры (бұдан әрi - ҚИКБҚ құрылды. Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру жүйесiн құру Қазақстанға ипотекалық кредиттер рыногын оңтайландыруға және кеңейтуге мүмкiндiк бередi. Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесi бүкiл кредиттiң мерзiмi iшiнде кредиттiк тәуекелдердiң 50%-iн ҚИКБҚ-тың жабуын көздейдi. Қазiргi кезде қордың жарғылық капиталы 500 млн. теңгенi құрайды.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 166; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты