КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жар болып жаратушы Алла бұлайАруағы бабалардың қолдағын-ай, Хан келіп, алтын тәжді тіл қатады, Күлтегін, Әз-Жәнібек әлде Абылай: – Ал, балам, бекем ұста ел тұтқасын, Тағыңды Тәңір сенің толқытпасын! Оралып шалғайыңа бақ пен дәулет, Қысылсаң Қыдыр келіп, қолтықтасын![106] –
дейді. Сондай-ақ:
Жамбыл десе, жыр толып жүрегіме, Желеп-жебеп жүре бер ұрпағыңды[107],
Немесе: Жойқын Каспий топан суын тежесем, Бекет ата аруағынан бата алам[108], –
деу халықтың қажетіне жараса, аруақтар да риза болады, сөйтіп, өзінің баталы болатынын, сол арқылы жақсылық көретінін ойлаудан туған өлең жолдары. Яғни фольклормен генетикалық байланыс бар.
Көк майсалы елімді Көк Тәңірі жебейді, – деген Ө.Ақыпбекұлы: Көкке оранған бар әлем Көктеп, өс! – дер ақ әжем. Көкке жет! – дер атам да Көркейіп-ақ қалам мен[109]... –
деп, фольклорда да, ауыз әдебиетінде де толғау жанрында кеңінен қолданылатын дыбыс үндестігін аллитерацияға сала отырып, түп-тегіміз – көк түрік, ұранымыз – көк бөрі, жебеушіміз Көк Тәңірі екенін айтудың жолын табады да, көктеп өсу жерден болғанда, көкке жету дегенде биікке жетуді меңзеу арқылы поэтикалық параллель жасаған. Бұл берісі Абайдың Күн күйеу болғанда, жер қалыңдық дегені, тереңінде Тәңір-көкте, Ұмай жерде деген танымдардан бастау алады. Ал, біреуге оң бата бере отырып, оның дұшпандарын қарғау бір мәтіннің ішінде қатар қолданылатыны бар. Мәселен, “Жарылқа, Құдай, қабыл ет” деп басталатын батада:
Әуелі, Құдай, жаздай бер, Жаздай берсең, жазбай бер. Әуелі, Құдай, күздей бер, Күздей берсең, үзбей бер, – деген тілектерін айта келіп: Бұл үйге қас сағынған адамды Көтеріп тұрған жер ұрсын, Аспандағы көк ұрсын, –
деп қарғысты қосып айтады[110]. Мұндағы бата мен қарғыстың контаминациясы фольклорлық шығарманың бір ерекшелігі ретінде көрінеді. Бұл ерекшелік бүгінгі заман өлеңдерінде де бар. Мысалы:
Қуансын әзиз дос пен ғазиз туыс, Қуарсын жылан-дұшпан жылап, күйіп[111], –
деген күйде берілген. Мұндай оң бата ішінде қарғысты қатар қолдану:
Баянды бақ, жеткейсің жолда қалмай, Қайғылардың қиылып желкелері[112] –
деген жас ақынның тарапынан да пайдаланылған. Қазақстанның жаңа қаласы – Астананың абыройы бүкіл елге сын. Сондықтан оны ойлаған ақындар: Көре алмай жүрген наданның Өзімен кетсін тілегі! Аман бол, мәңгі даламның Дүрсілдеп соққан жүрегі[113], –
дегенінде де батада айтылатын игі тілектің жүзеге асуында тосқауыл, бөгеттердің болмауын тілеуден қарғыс ілесе шыққан. Алмас Темірбай төл туындысында өз-өзін қарғағандай болып, оқырманды тосын жағдайға түсіреді. Айым туып солымнан, Адасайын жолымнан. Жеті басты жалмауыз, Жетелесін қолымнан, – деп бастап, Отыз омыртқам үзіліп, Қырық қабырғам, қақыра, Ібілістің іліміне қызығып, Кір тигізсем, Тіл тигізсем, Ақын деген атыма![114] –
деуі мазмұн жағынан фольклорлық маңызға тұнып тұр. Ал, ақынның бұлайша ақтық сөзін айтқандай таусыла сөйлеуі, пәрменді үнмен сөйлеуіне үлкен күш берген батырлық жырлардағы батырлардың өздеріне қиын-қыстауда көмекші болған серігі – аттарымен серттесуі. “Ер Тарғын” жырында:
Жау ішінде жалындап Толғамасам, маған серт! Толғауыма шыдамай, Толқып сынсаң, саған серт![115] –
деген батыр кейіпкердің атымен серттесуі бар. “Еркемайдар” ертегісінде кейіпкердің аты: «Менің үстімде жүргенде сені жауға алдырсам, мен ат болмайын. Менің үстімде жүргенде сен жауға алдырсаң, сен жігіт болма»[116], – дейді. Қарғыстың серт түрінде көрінуінің анықтығына осы үзінділер мысал бола алады. Ақынның “Отыз омыртқам үзіліп, қырық қабырғам, қақыра” дегендегі тіркесті пайдаланудың өзінде фольклормен байланыс бар. Өйткені, батырлық жырлардағы:
“Қабырғаң сенің қатқан жоқ, Омыртқаң сенің өскен жоқ”[117], –
деп, бала кейіпкердің ат таңдап, алыс сапарға шығар кезінде атаның айтатын сөзінің әсері болса керек. Бата тақырып тұрғысынан әртүрлі болуы заңды. Көбіне жолға шығатын адамға және дастарқанға берілетін бата кең танылған. Сонымен бірге Х.Досмұхамедұлы атаған: «Қазақ арасында белгілі бір би, атақты ақын, аруақты бақсы не зергер пәленшеге, түгеншеге өзінің ақ батасын беріп, ақыл-өсиетін айтыпты, сонан соң ол да би, ақын, бақсы не зергер болыпты дегендей аңыз-әңгімелер орасан көп. Бұл – батаның бір түрі»[118], – деп жазғанындай, аға буын көрнекті ақынға жас ақын бата сұрап баруы тарихи шындық. Мәселен, Сүйінбай ақынға Жамбыл ақын бата сұрап барған. Оны Жамбылдың өз өлеңіндегі:
Сүйеке, сүйенішім, өнерпазым, Әйгілі ақылгөй желді сөзің. Әкежан, сен де тіле, бата берсін, Балаңа өлең қонып, атақ ерсін[119], – дегені куә.
Дәл осындай ақынның ақынға бата беруі түрінде көрінбесе де, соның негізінде біреудің болашағына бағыт беруді Жәркен Бөдешұлы да пайдаланған. Ол:
Мен айтайын – Сен тыңдашы ендеше, Бүгін сен қол жетер жақынсың. Ертең сен көз жетпес қиырсың. Егер осы айтқан сөзім келмесе, Көк тамырлы көк желкем, Жеті жерден қиылсын[120], – деп жазған.
«Қорқыт Ата кітабында» Бұқаштың өлім халінде жатқанын көрген анасы:
Қазылық таудың көп суы, Ағар екен, ақпасын! Қазылық таудың көк шөбі Шүйгін екен, тапталсын! Жүйрік сенің киігің Жортпасын енді тас болсын[121]..., –
деп қарғауы ұлына қастандықтың неден болғанын білмей, дал болып айтуынан туған. Бұл – тура мағынада айтылған қарғыс. Ал, Әзірейіл келгенде Дели Домрул үшін әкесі де, шешесі де жандарын қимағанда әйелі:
Қалар болсам өзіңнен Тауларыңнан не пайда, Жайлар болсам, көрім болсын[122]... –
деген сөз өз-өзін қарғау емес, күйеуіне берген серті болып шыққан. Яғни бұның өзінен қарғыстың екі түрлі көрінісін байқаймыз. Ақындар екеуін де пайдаланған. Ежелгі дәуірден қарғыстың сөзбен қатар іс-әрекет арқылы жүзеге асырылуы бар. Мәселен, баласынан көңілі қалған ана сүтін көкке сауады немесе дегеніне көнбеген жағдайда ренжіп, Базарбайдың Төлегенге қолын теріс жайғанындай, теріс бата береді. Бұл да қазіргі заман ақындар тарапынан тыс қалмаған. Оны:
Өз Отанын сатқан бейбақ біледі, Анасының сүтін көкке сауғанын[123] –
деп, А.Нысаналы отансызға қарсы екендігін білдіреді. Ал, Ұлықбек Есдаулет қазақ тілінің тағдыры үшін алаңдап, ұлтты ұлт ретінде танытатын критерийдің бірі – мемлекеттік тіл, оның киесі болады деген оймен айтқан болуы керек, тілді жамандаған адамның тіліне шоқ түсетінін[124] айтуында поэтикалық тәсілді қолданса да фольклормен үндестік тәсіл орын алған. Қазіргі қазақ поэзиясында түрік тақырыбы алға шықты. Ұлы тарихи көште, VІ-VІІІ ғасырларда түріктердің іргелі мемлекет болып, жан-жақтан анталаған жаудың зәресін алатындай құдіретті күшке айналғанын, жеңіске жету жолында батырлардың ерлігін эпикалық дәстүрмен тасқа қашап жазған Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі мәтінді еркін әдеби нұсқа етіп жырлау да орын алды.[125] Ақын Темірхан Медетбек шығармашылық еркіндікті пайдаланып, “Күлтегін” жырындағы әлемнің жаратылуын, адамның пайда болуы туралы мифтік сарынды кеңейтіп баяндаған. Тарихта орын алған өрлеу мен күйзелудің болғанын, Бумын мен Істемі, Ілтеріс қағандардың кезінде түрік елінің жұрты мамыражай тірлік кешкені, бірақ олар дүниеден өткенде орындарында қалған інілері мен балаларының ойдағыдай болмағанын нұсқаға сүйене отырып, ақындық шеберлікпен дамытады. Ақын VІ ғасыр мұрасын негізге алғанымен, фольклорлық байланыс аясын кеңейткені қарғыстарды қолдану арқылы көрінеді. Ол – ауызбірлікті жоғалтудың кесірінен алдыңғы буын ағалардың қол жеткізген жеңісінен айрылып, елді тоз-тоз еткен ұрпақтарға қарғыс айтады. Оны екі жерде қолданған. Бірінде:
Енді маңдайыңды Тасқа ұр! Ібіліс иектеп, Албасты басқыр! Өзегіңді Өрт етіп, өкін! Жер сабалап, жыла! Жарылған жартастай опырыл! Дауылды күнгі Емендей құла! Асып-төгіліп Қағындың. Тәңіріңнің алдында Жазып-жаңылдың. Еліңді көзге ілмедің, Қағаныңа Қарсы шығып бүліндің! Түңілдім! –
деп, жырлап жеткізген. Екіншісі – түрік елінің тоз-тозы шыққан кезін баяндағанда Көк Тәңірінің атынан:
Ел болсын деп Қаған беріп едім, Қағаныңнан бас тартып, Қағындың. Қайтадан Табғашқа бағындың Көрер күнің күн болмасын, Түн болсын. Басқан жерің гүл болмасын, Күл болсын, –
деген қарғыс айтылады. Бұл ретте ақын халық сеніміне негізделген Құдайдың қаһары – фольклорлық сарынды пайдаланған. Оның өлеңінде ол Тәңірдің қарғысы «жүзеге асып», түрік жұрты:
Тұяқ кешіп тастаған Топырақтай болды, Суық ұрған жапырақтай болды.
Ал, шындығында, Орхон-Енисей жазба мұраларында қарғыс қолданылмаған, онда тек:
«Түрік халқы жойылдың... Аштықта тоқтықты түсінбейсің, Бір тойсаң, аштықты түсінбейсің. Соның үшін алдандың, Қағаныңның тілін алмадың»[126], – делінген.
Және тағы бір жерінде:
Түркі халқы, өкін! Бағынғаның үшін (өзіңді) көтерген қағаныңа, Қасиетімен, ісімен жақсы еліңе Кінәлісің, жаман шатастың Қарулылар қайдан келіп, Тағы сені құлдыратты? Найзалылар қайдан келіп, Тағы сені ыдыратты?[127] – деген.
“Тоныкөк” жазуында: Тәңірі (сонда) былай деген екен:
Хан бердім, Ханыңды тастап, бағындың. Бағынғаның үшін (басқаға) Тәңірі (сені) өлімші етті. Түркі халқы қырылды Әлсіреді, жойылды. Түрк-сір халқы жерінде тіршілік қалмады[128], –
деп берілген. Яғни тас қашауда тікелей қарғыс айтылмаған, бірақ ойдағыдай болмаған ұрпақтың Тәңірдің қаһарына ұшырағаны “Тәңір сені өлімші етті” деген жолдардан белгілі болады. Ал, ақын осы жолдарды дамытуда фольклордағы қазақ, жалпы, түрік, тіпті, антикалық мифтерде орын алған Құдайдың қаһары сарыны және қазірге дейін ол туралы түсініктің халық санасынан өшпегені ескерілген, яғни фольклормен генетикалық байланысты таңдап, өткен іске өкініш білдіру мақсатында фольклорлық қарғыс жанрын пайдалануды ойлаған. Қазақ фольклорында Шыңғыс ханның баласы Жошы аңға шығып, құланның тұяғынан өлетінін баяндайтын “Ақсақ құлан” атты аңыз белгілі. Осы аңызда “Кімде-кім Жошының өлімін естіртсе, көмейіне қорғасын құям”, – деп, жұртты Жошыны іздеуге шығарады. Мұндай жаза баласының өлімін естігісі келмеген Шыңғыс ханның қаталдығын көрсету үшін қолданылған. Бірақ ел іші данасыз болмайды. Ұлығ жыршы (кейбір аңызда Кетбұға аталады) Жошы өлімі қалай болғанын түсінген соң күй арқылы оқиғаны суреттеп берген. Күйдің не айтқысы келгенін түсінген Шыңғыс хан “Жошы өлген болды ма?” – дейді. Біреуден естимін деген хабар Шыңғыс ханның өз аузынан шығады. Сөйтіп, өз ашуын басу үшін қарапайым адамды жазалау ниеті жүзеге аспай қалады. Белгілі бұл сюжеттің әсері болуы керек:
Көзіңе – құм, Құлағыңа балқыған қорғасын құйылғыр-ай[129], – деген авторлық қарғыстың да негізі фольклормен үндестік байланыста туған. Мұндай жазаны автор – Темірхан Медетбек өсекшіге арнаған. Ол, сондай-ақ, “бетің тіліңгір”, “тілің кесілгір” деген қарғыстарды ақын “Тіліме тиіскен тексізге” деген өлеңінде, ал, қас жаудың әрбір көрген күнін азап пен тамұқ болуын, аспандап өскен ағаштарын бесік етпей, табыт қылуын сұраған қарғысты “Тұтқынға түскен көк түрік аруының зары” атты туындысында қолданған[130]. Қазіргі қазақ тіліндегі фразеологиялық тіркестің бір бөлігі фольклорлық негізден туған. Ол, әдетте, өзгеріссіз, тұрақты түрде қолданылады. Мәселен, “Көсегең көгерсін” деген тілектің шығу тегінде жасыл әлемнің көктеуі молшылықтың көзі болуымен сабақтасатыны сияқты адам ғұмырының берекелі болуын тілеумен жалғастық тапқан. XXI ғасыр ақыны Асқар Егеубай “Көсегең көлдей көгерсін”[131] – деген күйде фольклорлық мағынаны сақтай отырып, оның бейнелік сипатын арттыра түсуді көздеген. “Ит үрер, керуен көшер деген елім”[132], “Сақтансаң, сақтармын дер Тәңір-құдай”[133], – деп, мақалдың мәтіндік түрін сол күйінде қолданған Ш. Сариев “Сақтай гөр, о, құдайым, бір бәлеңнен”[134] деп, тілектің қолданыс қызметін кеңіте түсуді ойлаған. Ақындар “басыңа бақ орнасын” деген тілекті жиі пайдаланады. Бақ, бақыт құсы – фольклорлық образ. Таптық қоғам орнаған кезден бастап туған ертегілерде бақыт құсы патша немесе ханның басына қонбай, тазша балаға қонады. Халық сенімінде бақыт құсы қадырын білмесе, ұшып кетеді. Осындай түсінікті пайдаланған ақын:
|