КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Екеуі де туғанда нысаналы 6 страницаБұқар.(терісіне сыймай). Әй, Сейіс, ана тілмаштарың мен ділмарларыңа айта бер. Бұқар айтты деп айт. Елшімін деп келгендері анық болса-еңсе көтеріп есірмей еппен басып, есігіме еңкейіп енетін болсын. Ошақтың күлін шашып ойнайтын тентек балалардың теріс мінезін көрсетуін қойсын!3 «Жаралы жолбарыс» трагедиясындағы аз ғана эпизодта көрінсе де тұтас бір жағымсыздық мінездің жиынтығы іспетті образ – хазірет. Ханы мен қарашасын ізгілікке үндеуге тиіс хазіреттің жаратушыдан жалбарына тілеген тілегінің түрі мынау: Хазірет:
Алдын ала естеріңе салайын: Ештеңеден қорықпаңдар ағайын! Керек болса, Жаратқанның алдында Бар күнәні өз мойныма алайын! немесе
Махамбетке ажалыңды жіберіп, О, Жасаған! Бір тілекті бере көр! Әумин! Барлығы жамырап:Әумин!
Әдетте адам мен тылсым арасын байланыстырушы делдалдар арбаушы, бақсы, адамзат игілігі үшін тілек тілесе, пьесадағы хазіреттің осы екі – ауыз сөзі арқылы «Іші бүтін сырты түтін» дін иелерінің жағымсыз образы жасалған. Трагедия тартысының арқауы болып отырған бір әлеуметтің ішкі жіктелісінің себебі – отаршылдық пиғылдың өршуі. Өзгенің қолымен от көсеуші генерал Ладжынский – отаршылдық жүйенің жымысқы мінезінің бір қыры. Зұлымдық пен адамдық мінездің тартысына құрылған шығармадағы отаршылдықтың қол шоқпары болған Баймағамбеттің зұлымдық әрекеті – Махамбет өлімінің себебі. Баймағамбет: Бір ауыздан шығып айтқан сөздерің, Осы міне бас қосатын кездерің. Өрт болмаса, Өздерің өрт қойыңдар! Өлтірмесе, Өлтіріңдер өздерің! Оңайлықпен берілмейді жытқыр сұм, Ол бардағы береке мен құт құрсын! Махамбет боп салыңыздар бүлікті, Орынбордың төбе шашы тік тұрсын!
Тура келіп алысуға дәрмені жетпей, тасада тұрып, ту сыртынан оқ атқан мұндай зұлымдықтарды халық қашанда қарғыс налаға ұшыратады. Сөйтіп, «трагедияда қаһарлы тартыстар мен адасулар шайқасы қат-қабат өмірдің объективті қайшылықтарын терең образдар арқылы ашып, зор айқастар, үлкен күрестерді бастан өткеріп, шындыққа жету жолында опат болатын күрделі тұлғаның қайғы шері, мұң-ызасы эмоциялық-эстетикалық ғаламат әсері мен оқырманға (көрерменге) берілетін, болмыстың қаны сорғалаған сұрапыл шындықтарын айқара ашып қопара бейнелейтін іргелі жанры» – екендігі дәлелденеді. Ал Б.Мұқайдың «Өмірзая» пьесасының негізгі тақырыбы қазақ халқының ғасырлар бойғы ең ізгі қасиеті – ұрпақ жалғастығының үзілуі, баланың әкеге жаттану мәселесі. Қоғам мен жеке адам қарым-қатынасы, әр түрлі әділетсіздіктің адам тағдырына тигізер зардабы, өмір бойына адал еңбек етіп, бірақ қартайған шағында мансабынан қорыққан баласы жындыханаға орналастырған Ес Абышев психологиясындағы тартыс арқылы көрсетеді. Халықтың қария туралы қалыптасқан адамгершілік-кісілік қағидаларының бұзылуы, қария мен ұлының, қария мен қоғамның арасындағы қайшылықтар, қарттар үйіндегі түрлі тағдырлы адамдардың ой-санасы мен сезім қақтығыстары трагедияға өзек болған. Пьесада адамның сезім күйлерін, жан толғаныстарын, арман-мақсатын және басқа ішкі қасиеттерін кейіпкердің тек іс-әрекеттері ғана ашады. Қандай ғана әрекет-қимыл болмасын, ол белгілі бір мақсатты көздейді. Бірақ, әр кейіпкердің әр алуан іс-әрекеті оқшау-оқшау боп қалмай, біріне-бірі тығыз байланыста өрбіп-дамиды, бүкіл іс-әрекет басты бір желінің бойына тартылады. Осылайша, өрілген оқиғалар барысы, кейіпкерлердің пьеса мазмұнының түйінді кезеңдерінде айрықша көрінген іс-әрекеттері автордың жақтап, қорғап отырған негізгі идеясын айқын танытады. Қоғам қысымы мен сырттан таңылған саясаттың әрбір ұлттың өзіндік құндылықтарын қаншалықты аяқ есті еткендігіне осы пьесада жан-жақты жауап ізделінген. Өйткені Ес қарияның қайғысы мүлде бөлек. Жанын салып асыраған жалғыз ұлы ат ізін салмай кетіп, жолын тосумен өткен қарияның қасіреті арқылы драматург бүгінгі күні көрініс тауып отырған өз ата-анасын қарттар үйіне өткізіп, перзенттік парыз ұғымын ұмытқан ұрпақ жайында ой толғайды. Драматург бұл тұста қайғылы екі адамның жан түкпіріне үңіліп, бұл мәселені қартайған, қажыған адамдардың өмірге наразылығы түрінде береді. Ес. Жылап отырмын, Рахия. Өліп қалмай дәл осы күнге жеткеніме күйініп, егіліп отырмын. У-у-һ! Жалғызымның жақсылығы бұл. Ұшпаққа алып шығамын деуші еді. Алып шықты ақыры. А-а-а!.. Иса! Қайда жүрсің, Иса! Перзенттік парыз, қарызыңнан құтылдың сен, Иса. Сен үшін өмірдің қызық, шұжығын тәркетіп ем. Сен үшін қанды қырғын соғыста өзіп қалмай, кеудемді сүйретіп аман келіп ем... Иса-а! Неге үндемейсің, Иса? И-с-а-а!.. И-и-а-а!.. Рахия. Иса сенің даусыңды естімейді, бөтен адам. Исаны ұмыт. Егіле бермей бес уақыт намазыңды оқып, анау жаққа дайындал. Е-е-е, ол жаққа жете алмай жүрген шерменделер қаншама. Ондағылар екеуміз құсап қасірет шегіп, қан жұтпайды. Қу жанын қинап, қыбырлап жүрмейді. Е-е-е, қара жердің құшағынан жайлы жер жоқ жалғанда. Жүр, бөтен адам, ертіп барайын. Аруақтарға тағзым етіп, құран оқы. Осы бастан бесігіңе белгі сал, бөтен адам. Жүр, жүре ғой1. Автор бұл өзекті мәселені көрсетуде екі түрлі дәуірдің адамын кезіктіргендей тұспалды пайдаланған. Бұл Шыңғысхан мен Ес қария диалогы арқылы өрнектелген. Шыңғыс хан есіміндегі жігіт арқылы өз жұртын жанындай сүйіп, мемлекеттігін нығайтқан ханның рухын қайта тірілтіп, бүгінгі ұрпақпен кездестіру арқылы ең көкейкесті мәселені қозғауды мұрат тұтқан. Шыңғысхан. Ұлттық сезім өлген жерде адам да өледі, ақсақал. Ондайларға бәрібір. Ондайларды туған халқының тағдыры мен тарихынан гөрі Африкадағы ешкім білмейтін кішкентай елдің проблемасы көбірек толғандырады. Себебі – оларда тек жоқ. Олар ойнастан туып, балалар үйінде өскен адам сияқты. Ес. Өй, ондай заманыңның!.. Кімге керек ондай заман? Қазір, балам, қазір!.. Рахия. Ой, Алла-ай, ең болмаса бір рет келмеді ә? Шыңғысхан тілін, дінін, ата-ана дәстүрін ұмытқан, ата-анасымен, өз тілінде түсіне алмайтын, өз халқын менсінбейтін жаңа ұрпақ өсіп жетілді, заман солардікі. Бұл қасірет – нағыз қасірет. Шыңғысхан. Сіздің балаңыздың әрекеті бір адамға деген қарсылық емес, ақсақал. Бұл ата дәстүрді, туған халқын жек көрудің белгісі. Бұл имансыздық!2 Атаңа не істесең, алдыңнан сол келеді дейтін халық тағылымын жазушы көне аңыздың сюжеті арқылы береді. Ол «жас жігіттің қартайған әкесін жардан құлатып өлтіруі» туралы әңгіме. Қаламгер тарихи тұлғалардың есіміндегі (Шыңғысхан, Цезарь, Наполеон) адамдарды жындыханада жолықтыру арқылы халық трагедиясының тарихын тереңдете түседі. Қоғамдағы саясат салқыны Ес қарияның басынан өткерген қиын тағдыры, 1937 жылғы зобалаңда көр қазушы болған қарттың жалғыз баласын тек әділет пен қайырымға тәрбиелеуі, бірақ оның жалтақ, жағымпаз болып өсуі, одан туған немересінің «қазақпын» деп айтуға арлануы халық тағдырындағы маңызды мәселелерді көрсетуге негізделген. Жазушылар бүкіл өмірі мен еңбегі зая кеткендей болған адамның көңіл-күйін білдіру үшін фольклорлық заңдылықтарға сүйенген. Олар: Рахиланың жоқтауы, аруақтармен тілдесу, құзғынның көп жасауы туралы аңыз, домбыраның мұңлы күйі, құлынның кісінеуі т.б. жағдайлар. Осы қаламгердің қазақ халқының басындағы әлеуметтік трагедияны терең бейнелейтін туындысы «Заманақыр» пьесасындағы қазақ қасіретінің бірі – атомдық жарылыс зардабының бейнеленуі. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жойқын індеттің сырын терең сипаттау мақсатында драматург екі жастың үйлену тойы үстіндегі жағдайларды суреттейді. Той шырқының бұзылуы, оны аяқтауға екі сағатқа мұрсат бермей бұйрықпен үдере көшкен ел тағдыры, туған жерін, қара шаңырағын қимай қиналған жұрттың күйзелісі арқылы халықтың трагедиялық халі терең танылған. Ядролық апат салдарынан жеті бірдей баласынан, жақын-жуығынан айрылған, сегізінші баласы қол-аяқсыз туған Дастан тағдырының күйінішін көрсетуде зарлы лирикалық ән, күй, көркемдік мәнде жұмсалған. Оспанның жұртымен арыздасуы, ұрпағына аманат айтуы да халықтық қағидаға сай өрнектелген. Драмадағы сәтті шыққан образдардың бірі – Дастан. Шығарма барысында Дастан бейнесі жігіттің ақкөңіл, ішінде кірі жоқ адал адамзаттың бірі ретінде сомдалады. Кейінгі көріністерде сұм жарылыстан көктей солып қырылып жатқан халықтың ауыр трагедиясы қабырғасын қайыстырған Дастанның мінезіндегі өзгерістер шынайы көрсетіледі. Кейіпкер жүрегіне жара түсірген себеп-сипатын қат-қабат қазадан зар илеп, жер тіреп отырған сәтіндегі ауыр трагедиялық ситуация арқылы береді. Драмалық ахуалдың кернеуін асқындырып, ушықтыратын тұс – Дастанның өз баласын өзі қылқындырып өлтіруі. Бұл көне жабайы замандардағы балаларды, қарттарды қолдан өлтіру рәсімдерінен мүлде бөлек. Ол сана бойынша о дүниелік өмірге сенім мықты. Ал бұл өлтіру – өмір әділетсіздігіне қарсылық түрінде алынған. Яғни, тығырықтан басқа шығар жоқтығы трагедия шешіміне әкеледі. Өйткені «Трагедиядағы конфликт шырқау биігіне жетіп, қатер сағаты соққанда қаһармандар арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдан бетер айқындалып, домбыра шегіндей тартылған хал. Енді ешқандай мәре-сәрелік жоқ. Екінің бірі: я өлім, я өмір!1 Ол қанша бала көрсе де, еміреніп сүйе алмай өмірден өтіп бара жатқанына опынып, іші қан жылап, бүкіл халқының маңдайына жазылған кеселге налиды. Сондықтан мағынасыз, сүреңсіз тіршіліктен күдер үзген Дастанның қайғыдан бөтелкемен достасқан рухани күйзелісінің шешімі өлім арқылы шешіледі. «Менде кінә жоқ, балам. Кінә – заманда. Қатыгездігі артып тұрған, шындығы жоқ заман кінәлі бәріне. Кешір мені, ботам. Мен сені пенде баласына қайырымы жоқ тіршіліктің, атаңа нәлет мынау жарық дүниенің азабынан, қайғы-қасіретінен құтқарамын. Өзім де кетемін соңыңнан. Жеті бірдей бауырың күтіп жатыр бізді. Қош бол, ботам! Қош!»2 – деп аяғы жоқ, қолы жоқ қу томар болып туған баласын егіле тұрып тұншықтырып өлтіреді. Сол сәттегі кейіпкер жан дүниесіндегі қайғы мен шерді, оның бойында жинала-жинала жанартаудай атылған қиналысты сәттер оқырманның өз басында өтіп жатқандай табиғи түрде сипатталады. Адамның трагедиялық тағдыры тек таза трагедиялық туындыларда ғана емес, трагедиялық шешіммен аяқталатын драмалардан да көрінеді. Мысалы бүгінгі күнгі қазақтар үшін маңызды тақыптардың бірі – өз жұртындағы үйсіздік мәселесі Ш.Мұртазаның «Жалғыз үйлік зілзала» драмасынан айқын көрінеді. Үйдің адам өміріндегі маңыздылығын көрсету үшін автор аяғы ауыр келіншекті «барар жер, басар тауы болмаған» қиналыс үстінде көрсетеді. Толғақ қысып қиналған келіншек жанындағы Албасты – Марту мен Періштелердің сөз қағыстыруы арқылы әділетсіздік пен шындықтың, мейірім мен қатыгездіктің қақтығысы бейнеленеді. Қасиетті кітаптардың түсіндіруі бойынша, Мұхаммед пайғамбардың нұрынан жаратылыс негіздерінің бірі от жаратылған. Оттың таза жалынынан періштелер өмірге келген. Олар – Алла тағаланың тікелей көмекшілері. Жаратушы иені жүзбе-жүз көре алмаса да, қажет кезінде еркін пікірлесе береді. Періштелер сан алуан формада жаратылған. Періштелер кез келген тілде сөйлесе алады. Өйткені олар да Сүлеймен пайғамбар сияқты, мыңыншы киелі қасиет бар. Кез келген формаға кез келген бейнеге айналып, өздеріне тапсырылған жұмыстарды мүлтіксіз атқарады. Өсіп-өнбейді, жыныссыз, күнәдан пәк, кіршіксіз таза. Драмада періштелерге қарама-қайшы мифтік демонологиялық образ албасты алынады. Ол көне мифтік түсінік бойынша жаңа босанған әйел мен сәбиге қастандық қылу әрекеті үстінде көрінеді. Мұндағы албасты қоғамдағы барлық келеңсіз жайттардың жақтаушысы, қайғысын қолдаушы ретінде алынған. Ол қайда жамандық болса жаны семіретін қаскөй бейнесінде. Драматург періштелердің өзара сырласу диалогында өмірдің әділетсіздіктері сынға алынады. Тұтас қазақ өміріне сырт көзбен қарайтын образ сипатындағы періштелер өзінің әу бастағы функциясынан ажырамайды. Адам баласы үшін тек жақсылық тілейді. Әділет пен әділетсіздіктің күресін ашып көрсету үшін автор босана алмай қиналып жатқан жас келіншек маңындағы оқиғаны өзек еткен. Өйткені халық ұғымында мұндай әйел екі дүние ортасындағы әйел. «Ол бір аяғы көрде, бір аяғы жерде» деп сипатталған. Яғни, оқиға да таза фольклорлық танымға негізделген. Себебі: дүниеге келетін балаға мың періште қуанса, Албасты-Марту қастандық жасайды деген түсінік ежелден бар. Өмір мен өлім айқасында жатқан жанның маңындағы екі түрлі күштің ақ пен қараның сөз таластыруын бірте-бірте күшейту арқылы автор тартысты тереңдете түседі. Онда өмірдің әлеуметтік шындығы қоғам келеңсіздіктері әшкереленеді. Фольклорлық образдарды пайдалану арқылы жазушы тұспалды тұжырымдарын жеткізген. Шығармадағы шиеленіс шешуі дүние есігін енді ашқан сәби анасының қайтыс болуы. Адам өмірінің келеңсіздік үшін қуанатын залым күштердің ниетінің іске асуы – шығарманың ең ауыр трагедиялық шешімі. Бұл оқырман көңіліне ой түсіріп, жамандыққа жан аямай қарсы тұру сезімін күшейтеді. Албасты-Марту: – (нәрестеге арнап). Жыла, бейбақ, жыла. Жалған дүниеге күліп келген бір адам жоқ. Бәрі жылап келеді. Сен де сөйттің. Неге? Түсініп емес, түйсікпен жылайсың. Әлі түсінетіндей ақылың жоқ. Бірақ сезімің бар. Бір пәлені сезесің. Өйткені сені аласапыран күтіп тұр. Алып мұхитқа байғұс анаң тастады, кетті. Оның жаны жай тапты. Ал, сен азапта қалдың. Жыла, бейбақ, жыла! Алып мұхиттың аты – өмір. Өмір сені асыраса жақсы. Әне, әлден-ақ қарның ашты. Ақ сүтін берер анаң жоқ. Сен: “бер-бер!” дейсің. Өмір: “жоқ! жоқ!” дейді. Тамақ бер дейсің, жаялық бер дейсің. Үй бер дейсің. Адамда нәпсі дейтін болады. Бер дейсің. Қоғам саған соның бәрін берсе жақсы. Бермесе – кім боласың? Анаң сияқты адасқан жолға түсесің. Адаспас үшін әділетті қоғам керек. Ол қашан орнайды?..1 Бұл жауабы күрделі сұрақтың шешімін автор көрерменге қалдырады. Жинақтай келгенде айтарымыз: тәуелсіздік тұсында жазылған трагедияның тарихи, әлеуметтік, адамгершілік-тұрмыстық түрлеріндегі образдар жүйесі әр алуан көркемдік амал-тәсілдер арқылы сомдалған. Солардың әрқайсысында фольклорлық образ, ұғым-түсініктердің де жазба әдебиетінің игі дәстүрінде қайта жаңғырып, жаңаша мән иеленгендігіне мысалдар мол.
§3. Фольклорлық поэтиканың көріністері Трагедиялық пьесалар табиғатындағы фольклорлық поэтика сипаттары да күрделі мәселе. Драматург – қаламгерлер көздеген шығарманың негізгі тақырыбына сәйкес поэтикалық-стильдік ерекшеліктер де әр алуан. Қайғылы халдің тұтас әлеуметтік мән иеленіп, қоғам мүшесінің әрбіріне қатысты болатын тұстарын Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты», Б.Мұқайдың «Өмірзая», «Заманақыр» пьесаларынан аңғаруға болады. Мұнда тұтас әлеумет басына түскен зобалаңды көрсетуде фольклор көркемдік жүк көтереді. Мысалы: Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» пьесасындағы қазақ елінің басынан өткерген аштық зұлматы, қолдан жасалған қиянаттар тұсындағы халық жан дүниесінің сырын ашу үшін қолданылған халықтық күйлер («Ақсақ құлан», «Көкіл», «Көбік шашқан») мәні терең. Олардың мақсаты: көрерменді үнсіз ойға шомдырып, трагедиялық көңіл-күй ауанына дайындау. Ол кейіпкер тіліндегі фольклорлық оралымдар мен өрілген ойлармен сабақтасып жатады. Сондай-ақ, елін сүйген ерлердің ашынған тілдеріндегі шешендік оралымдар мен мақал-мәтелдердің де шығармадағы көркемдік рөлі жан-жақты. Пьесадағы өлім тақырыбы кең сипат иеленгендігі: аштық кесірінен жаппай қырылу, саясат зардабынан жазықсыз жалаға ұшырау арқылы көрініс тауып, халықтың ғасырлар бойғы өмір сүру салты мен тіршілік сипатының зорлықпен өзгертілу зардабы шығарманың трагедиялық табиғатын тереңдете түскендігі көрінеді. Баласын жоқтаған ана зары (Күләнданың жоқтауы) – заман сипатын ашып көрсететін ақын толғауы, анасы аштан өлген балаға исінген Балым образы арқылы драматург халық қасіретінің салмағын шегіне жеткізе көрсеткен. Драмалық шығармалар сюжетіндегі фольклорлық жанрлар ықшам да жинақы ой айтудың әдісі ретінде көрінеді. Мысалы: Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» шығармасындағы Күләнданың Нұрханға айтқан толғау формасындағы жоқтау өлеңде аштық әкелген зобалаң, қасірет, қайғы өрілген. Бұл трагедиялық мазмұнды тереңдете түседі2.
Ардақты адам әулеті, Аштықтың келіп нәубеті, Айуаннан бетер күнде өлді. Межелі жерге бара алмай, Шайнауға бір дәм таба алмай, Жұтаған малдай жолда өлді. Кіш-кіштен малын айдаған, Бұйырған нанын шайнаған, Сары қымыз сапырып, Төскейге бие байлаған, Ахаулап өскен арда өлді. Еңбегінен тілеген Ерлігінен үдеген, Ен дәулетке молығып, Еркелеп құстай түлеген Қайратты туған ер де өлді. Таппаса тілеп құдайдан Таңды күткен тамсанып Кедей-кепшік демде өлді. Көптігіне мақтанған, Атадан алтау атанған, Дәулетіне мастанған Қайратты туған дәу де өлді[649], –
дейтін жолдар қасіреттің тұтас халыққа келген нәубет екендігін ашық ұқтырады. Б.Мұқайдың «Өмірзая» трагедиясының эпилогындағы фольклорлық шешімде ең көне замандардағы ата-анасын өлтіру салты тұспал тағылым түрінде алынған. Ол Ес қарияның ойымен беріліп, оның баласының тасбауыр қатігез мінезін көрсетуге жұмсалған. Өмірде жазықсыз қудаланып, ел үшін жапа шеккен тұлғалардың о дүниедегі жарқын өмірі мен зорлықшыл, екі жүзділердің қиянаттарының жазаларын тартқандығын көрсету арқылы жазушы халықтың ежелден келе жатқан обал, сауап, парыз, қиянат жайлы ұғымдарының мәнін тереңдете түскен. Бұл дүниенің сауалы о дүниеде алынады. Әркім істеген ісіне сай жазаланады дейтін ұғымды «о дүниелік өмір» сипаты арқылы береді. Сондай-ақ, осы шығармадағы Рахияның өмірдегі таяныш-тірегі де, жұбанышы да – жары мен баласына арналған жоқтау жыры. Жанын қасірет құрсауы қысқанда отыра қалып, төгіп-төгіп жіберетін тұстарында автор аталмыш халық лирикасының адам өміріндегі маңызды тұстарына мән берген. Ес: Міне, өмір деген осы, ақсақал. Рахия апам орнынан тұрса, елу жыл бұрын атылып кеткен жарын жоқтап, зар айтады. Ирма: Жыласын, жылап алсын. Жеңілдеп қалатын болды, бейшара. Жыла, еңіреп жылап ал... Рахияның жоқтауы:
Елу жыл бойы боздаттың, Қайғысы батпан озғақ күн. Кірмеймін жердің қойнына, Ақ жүзін көрмей боздақтың.
Боздағым – жарым, қосағым, Жолыңды сенің тосамын. Сенбеймін өлді дегенге, Атыңды зарға қосамын.
Қасірет жұтты, зарладым, Тағдырдың қаптым қармағын. Еңіреп жүріп еңбектеп Сені іздеп қайда бармадым?!
Кешегі күннің бәрі есте, (Арманда кеткен жар есте) Түрмеде жатып үзілді, Түрмеде туған нәрестең.
Қайдасың, қайда, ардағым, Шақырып сені зарладым. Өзіңді ұрлап әкеткен, Құдайымды қарғадым. А-р-д-а-ғ-ы-м...[650]
Демек, шығармадағы Рахиланың жоқтауы саясат құрбанына айналған қазақ зиялыларына арналған ескерткіш іспетті. Өйткені, ол қосағынан тірідей айырылып, сүйегін көруге зар болған ананың жүрек сырын ғана емес, сол замандағы қатал саясаттың салқынын көрсетуде де үлкен жүк көтеріп тұр. М.Байсеркеновтің «Темір тұсау» (Абылай аманаты) трагедиясында да араздасу көңіл сұрау, жұбату, жоқтау жанрлары шеберлікпен қолданылған. Шығарманың ең соңғы түйінінде: «Қаба сақал шикіл сары әлдекімнің қолына күміс кісен ұстап ұмтылып, көзі қисық бәкене бойлы арық біреудің темір тұсауын сылдырлатып, Абылайға тап беруі, күміс кісен мен темір тұсаудың шылдырының барған сайын күшейе түсуі, елес түрінде беріледі. «Кілең темір тұсау, күміс кісен, қаба сақал, қысық көзден сақтанып, қақпан басып, қапы қалып жүрмейік. Тұсау шіріп, кісен кесілмейді. Соны жеткіз Бұқарға. Елдің есіне салсын, сақтансын. Ел есінен адаспасын. Абылайдың сөзі деп табыстасын»[651] дейтін аманат сөз тұспалды символдарға құрылған.
|