Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Йі күйгір Бекежан




Алдынан душар болады.

Ақ сырық мылтық қолға алды,

“Қақ маңдайдың тұсы,” – деп,

“Өлер жерің осы,” – деп,

Төлегендей батырды...

Төлегеннің маңдайынан оқ тиді4, –

 

деген. Ақыры, Төлегеннің өлгені айтылады. Пьесада Төлеген бейнесі де жыр кейіпкерінің шеңберінен асып, эпостық бейнеден шынайы махаббаты үшін аққуға айналып, таза романдық сипатқа енгізілген.

«Қоштасу вальсі» атты екі бөлімнен құрылған пьеса-ертегіге1 автор Д.Исабеков хикаялық кейіпкерлерден – жындарды, ал, ертегіден мыстандарды молымен араластырған. Әрі бұл шығармадағы оқиға жындар мен мыстандардың ортасында өтеді. Ертегі жанрының сипатымен туған пьесада жын-мыстандар арасында болатын оқиғаға адам баласы кіріктіріліп, адамның ақылы артық екенін көрсетуге арналған. Соның өзінде бүгінгі заманның адамы – мектеп оқушысы Ермек қана емес, Алдар көсені «қолға түсіре» алмаған мыстан кемпір және одан туған бала – Ачирал да араластырылған. Яғни авторлық шығармада фольклорлық кейіпкерлерді қосу арқылы фольклорға тән уақыт кеңістігін, жинақтау тәсілі, тұтастану заңдылықтары қолданылған. Ал, фольклорлық образдардың қолданысы адам баласының ақыл тұрғысынан, яғни кейіпкерлердің саналық дамуын ерекшелеуге бағындырылған. Оның дәлелі – мыстан кемпір, ол Алдар көсенің отбасын бұзбақ болған, ақыры, ол ойы жүзеге аспайды.

«Аладдиннің сиқырлы шамы» пьесасындағы мыстанның қызметімен салыстырғанда мұндағы мыстан бейнесі тұрмыстық деңгейдегі қызметінен өзгеше кейіпте. Оның үстіне фольклорлық шығармада мыстан жасамайтын істер – құбылушылықты бұл пьесаның кейіпкерлері жасай алатыны Карасача мен Мугараның сөздері арқылы белгілі болады. Фольклорлық шығармаларда адамның аңға немесе аңның адамға айналуы алғашқы сатыдағы мифтік санаға тән. Ал, классикалық ертегілердегі адамның аңға айналуы сиқырлық арқылы жүзеге асады, бұл мифтік санадағы құбылудан бөлек екені аян. Жалмауыз кемпірдің кейіпкер жолында жас балаға айналып, жылап жатуы бар – оның мәнісі кемпір айлакерлігін таныту үшін қолданылған сиқырлық тәсіл, ертегілік сарынның қосылуы. Мұндай сиқырды автор жалмауыз кемпірге қарағанда атқаратын қызметі шектеулі мыстанға да қосқан. Карасачаның Мугараға айтқан «Байқа! Бұл адамдардың жүректі арбап алатын бәлесі бар» деген сөзінен-ақ шығармадағы оқиғаның тартысы – екі бөлек әлем туралы екенін танытады. Осы орайда бұл фольклорлық шығармалардағы кейіпкерлердің өзге әлемге тап болып, сондағы әрекеттерімен үндес бола ма? Бұл сұрақтың тууына Ермектің жер астына түсіп, ақырында, ол жерден босап шығуына рұқсат алуы да себепші болады. Ал, Ермек жер астына қалай түсті және не бітірді? Біріншіден, Ермектің жер астына түсуі өз еркімен, дәлірек айтқанда, мыстанның айтқан сөзіне қызығып, келісімін беріп, еріп барады2. Ертегілердің қай-қайсысында да бас кейіпкер өз еркімен жер астына түспейді. Ер Төстік садағын ұштайтын егеуін жалмауыз кемпірден алу үшін барып, одан қашқанында жер жарылып, Шалқұйрық екеуі төменгі әлемге тап болады. Екіншіден, фольклордағы хикаялық кейіпкер жер астын мекендемейді, олар адамдар өмір сүретін әлемде деп баяндалады. Фольклорлық шығармаларда адам хикая кейіпкерін алдау, яғни ақыл оздырып, тапқырлық жасау арқылы аман қалады. Бұл жанрдың қалыптасуы адам өзінің артықшылығын сезіне бастаған кезде жүргенін көрсетеді. Пьесадағы Ермек Ер Төстік бастан кешкендей жағдайға жеткен жоқ. Тылсым әлемнің кейіпкерлерімен салыстырғанда Ермектің артықшылығы да бар, бірақ ол жеке оның жетістігі есебінде емес, бүкіл адам баласының жетістігі ретінде белгілі болады. Және фольклорлық кейіпкерлердің жер астына түскенде алдағы тағдыр-талайы түсініксіз, беймәлім күйді аңғартады. Ермек Мугарамен тіл табысып, оның анасын табуына белгілі дәрежеде еңбек етеді де, жын-мыстандардан алғыс алып, жер астынан шығуға рұқсат алады. Егер Ермекті балалықпен түсіп қалған кейіпкер тұтқын ретінде қарастырсақ, мұндай жағдайда да ол Ер Төстік көргендей қиындық, қорқыныш көрмеген, жер астынан тірі шығар-шықпасы белгісіз екіұдай күйге түспеген. Пьесадағы жын-мыстандар жер үсті әлеміндегі тірлікке араласпаған, Ермектің жер астына түсуі балалық қызығушылықтың әсеріндегі ахуалмен танылады. Ермек бейнесі жаңашылдығымен1 көңілге жақын болуы оның образы тек қазақ фольклорының ғана емес, жын-дәулермен бейбіт кездесулер өткізетін «Мың бір түн», жалпы, араб ертегілерінің әсерімен жасалған сабақтастықтың болуымен байланысты. Осындай байланыс Д.Исабековтің «Аладдиннің сиқырлы шамы»2 атты пьесасынан да орын алған. Мұнда араб ертегісінің сюжеті басшылыққа алынған3. Араб ертегісі бойынша Аладдиннің әкесі – Хасан, ол тігінші болған, кейін қайтыс болады. Мағрибтан сиқыр білетін адам келіп, Аладдиннің әкесінің ағасымын деп, өтірік айтып, парсы жерінің астында жатқан қазынаны біліп, оны тек қана тігінші Хасанның ұлы Аладдиннің аша алатынын біліп, сиқырлы шамды алғысы келеді. Ол шам қолына түскен адам ешбір патшада жоқ қуат пен байлыққа кенеледі. Мағриб адамы сиқырлы қапшық беремін деп алдап, Аладдинді жер астына шамды әкелу үшін түсіреді де, жер бетіне шығу үшін сиқырлы жүзік береді. Аладдин жер үстіне шығарда шамды бергісі келмейді. Мағриб адамы оны жер астында қалып, өлсін деген оймен кетіп қалады. Байқаусызда сақинаның сиқырлы екенін сезіп қалған Аладдин соның көмегі арқылы жер бетіне шығады.

Араб ертегісінің мәтінінде Аладдиннің патша қызы Бұдұрға ғашық болып, оған құда түсуге шешесін жіберуі бар, осыны пайдалана отырып, Д.Исабеков дастандық сюжеттің маңызын арттырған. Мәселен, бір жыл бойы хабарсыз жүрген Аладдинді Зымзия деген мыстан кемпір оны өлді деп, анасын қанша азғырса да, ол сенбей қояды. Аладдин үйіне келгенінде Алмас ханның қызы – Мәлике қызметшісі Жамал арқылы өзінің суретін беріп жібереді және ол суреттің сырт жағына «Сиқырлы шам менің қолымда деп жұртқа жария ғыл» деп жазған. Ол жазуды көрместен бұрын Аладдин хан қызының суретті жіберуінде бір мән бар екенін ойлап, шешесін хан қызына құда түсіп келуге жұмсайды. Ертегілерде хан қызынан үміткер болған кедей баласының мұндай талабы айтылады, сол үшін баласының тілегін айта келген әке не шеше жазаланады. Бірақ талапкер бала көптің ішіндегі қарапайым көрінгенімен, хан уәзірлері әке-шешесін қалай өлтірсе де, тірілтіп алады. Мұның мысалы, «Қақпаншы шал»1, «Жылан қабықты жігіт»2 ертегілері. Фольклорлық шығармаларда кейіпкерлердің ата-анасы аман қалып, жастардың талабы орындалады. Пьесадағы Аладдин де сондай, ол анасының:

– Хан біз сияқты кедейді сарайына жолата ма? – деген сөзіне баласы:

– Әйтпесе, өзім барамын! – дейді. Бірақ баласы барғанда не жағдайға тап боларын ойлап, ханға анасы барады. Ана келген мақсатын айтқан бойда хан уәзірі қылышын суырады, алайда, хан оны тоқтатып, бала екі алтын күйме, қырық қыз, қырық жігіт нөкерімен он екі алтын сандық жасауымен ертең кешке сарайға келсін деп талап қояды. Бұл – фольклорлық қиын тапсырма сарыны. Ертегілерде қиын тапсырмаларды орындау үшін бас кейіпкерге ғажайып көмекшілер араласады. Мәселен: «Ер Төстікте» – Көлтауысар, Таусоғар, Желаяқ. Олардың көмекші болуында мифтік түсінік бар, яғни Көлтауысар – көл иесі, Таусоғар – тау иесі, Желаяқ – жел иесі. Бас кейіпкер сыннан өтіп болған соң, дегеніне жеткен соң олардың әрқайсысы өз иелігінен аспай, қалып қояды. Бұл ізгі ниетті кейіпкердің ғажап көмекшілері болады деген түсінікпен мифтік иелер қосылған. Ал, Аладдиннің көмекшісі ғажайып нәрсе болғанымен, мифтік түсініктен бөлек. Ол ғажайып нәрсе – сиқырлы шам.

Бұл айтылғандарды қорыта айтқанда, хан (патша) қызына құда түсу сарынын автор араб ертегісімен үндестік байланыс арқылы енгізсе, ол қазақ фольклоры үшін де таңсық емес. Ғажап көмекші – сиқырлы шам ішінен шығатын жын араб ертегісінде Шахмураштың Маймұны деп аталса, қазақ пьесасында ол жын – Тюльтан деп аталған. Демек, мұнда да араб ертегісінен ауытқушылық генетикалық байланысты бұзатындай жағдайда емес.

Пьесаның бас кейіпкері – Аладдин, сырт көзбен қарағанда, Ер Төстікке ұқсайды. Бірақ бас кейіпкерді сомдауда қолданылған тәсіл ұқсас болғанымен, сипаты бөлек. Аладдиннің қолындағы сиқырлы шам оның әкесі Хасаннан қалған, оны Таңғұт патша тартып алғысы келген соң Хасан оны жеті жер астына тыққан. Сол үшін Таңғұт Хасанды өлтірген, енді Аладдинді өлтіру үшін де оны жер астына түсіреді. Аладдиннің өлмеуінің себебі – оны өлді дегенге сенбеген анасының үмітімен байланысты. Жер астында Аладдинге әулие шал кездесіп, «Сенің әкеңнен қалған көз еді, өзіңе табыс етейін», – деп, ескі шамды, сиқырлы шамды береді, бұл пьесаға негіз болған араб ертегісінде жоқ. Шындығында, осы сюжеттің қосылуына қазақ ертегілерінің ықпалы болған. Мәселен, “Күн астындағы Күнікей қыз” ертегісінде хан тапсырмасы бойынша алтын ағашты іздеп, тауып әкелуге міндетті болған балаға жер астында ақсақалды шал кездесіп, ақыл-кеңес айтады, қырық ұрыға етті қалай тез пісіру керектігін айтып, алтын кездік береді.

Ал, Аладдиннің жер астына түсуі мен Ер Төстіктің жер астына түсу себептері бөлек. Фольклорлық шығарма кейіпкері жер астына түсіп, кәмелеттік сынақтан өтеді. Ер Төстік қиял-ғажайып ертегісінің кейіпкеріне айналғанның өзінде ол мифтік түсінікпен сабақтас өрбітілген. Аладдин де қиял-ғажайып ертегісінің кейіпкері, бірақ мұндағы ерекшелік мифтік түсініктен бөлек, керемет жағдай фантастикалық қызмет атқарған.

Жалмауыз кемпір образ ретінде алдымен құбыжық ретінде танылған. Фольклорда жалмауыз кемпірдің кейіпкерлерді ежелгі дәуірде орын алған кәмелеттік сынақтан өткізуші болуы ана қызметінің көрінісі деп танылады. Әйтсе де, біздің ойымызша, ер балаларды кәмелеттік сынақтан өткізуші әйел болуы алогизм, сондықтан ол сынақтан өткізуші ана ретінде емес, құбыжық ретінде енгізілген. Өйткені, ер балаларды сынақтан өткізу үшін оны әйелдерден бөлектеу керек болды, сондықтан кейіпкерлер айдаһардың пішініне кіріп, «өліп-тіріліп», сынақтан өткені сияқты құбыжық-жалмауызға кездестірілген. Фольклорлық шығармаларда жалмауыз кемпір мен мыстанды айырмаушылық байқалады. Оны Алпамыс батырдың мыстан кемпірдің қолына түсіп қалуынан көруге болады. Ал, «Аладдин мен сиқырлы шам» атты араб ертегісінде мыстан кемпір жоқ. Ендеше авторлық пьесаға мыстанның енгізілуі қазақ, кеңірек айтқанда, түрік фольклорының әсерімен болған.

Пьесадағы мыстан кемпір бейнесінің атқаратын қызметі түрік халықтарындағы фольклормен үндес. Фольклорлық шығармаларда жалмауыз кемпірдің атқаратын қызметіне қарағанда мыстанның «жұмысы» тұрмыстық деңгейде, яғни шектеулі. Мәлике қызды зорлықпен алғысы келген Таңғұт патша оған Аладдиннің шешесін баласының өлгеніне сендіруі керек еді. Бірақ мыстан хан тапсырмасын орындауға қанша тырысса да, орындай алмайды. Қазақ фольклорында батыр кейіпкердің анасымен тығыз байланыс бар. Оның мысалы – «Делдаш батыр», бұл ертегіде әке-шешесін тұтқындап кеткенде оларды іздеп, Делдаш жолға шығады. Сонда Делдаштың келе жатқан хабарын анасы тұла бойымен сезінеді. Оны шығармада бұл күндері Делдаштың шешесінің қабағы тартып, суалған омырауының сүті ағып болмапты, – деп береді.

 

Суалған көзі тартады,

Күлетін күн жақын ба?

Тандыр омырау иеді,

Делдашым келе жатыр ма? –

 

дейді. Жазушы-драматург Д.Исабеков пьеса жазу барысында осындай ерекшелікті де ескерген сыңайлы.

Аладдиннің үйіне аман-есен келгенін білген соң Таңғұт хан оның сиқырлы шамын әкелуді мыстанға міндет қылады. Мыстан барып, ол шамды алып келген, бірақ Аладдин патшаның қорқақтығын пайдаланып, сиқырлы шамды қайтып алады. Сөйтіп, қалай болғанда да, мыстанның да, зорлықшыл патшаның да ниеттері жүзеге аспайды. Солайша мыстан кемпір бейнесінің пьесадағы сомдалуы фольклормен үндестік байланыста жасалғаны анықталады. Ал, Аладдин бейнесіне қазақ батыр-кейіпкерлеріне ұқсас ерлік, қайсарлық қосылған.

Ал, Р.Мұханованың «Муза» атты дармасындағы мәстек, бітеу образдары бір қарағанда фольклорлық санадан ауытқушылықты танытатын сияқты. олар мыстан деп те аталмаған.

Мұхаметғали, қара өлеңмен қабіріңді қаза бер, – дейді мәстек. Осыдан оның жағымды бейне еместігі айқын көрінеді. Дене бітімі де қызметіне сай. Ол – домалақ денелі, құбыжыққа ұқсас. Өлең маған көшеді деп пасықтық пен жағымпаздық үйлескенде атақ ерттеулі сәйгүліктей өзі келіп тұрады деген сөзінен-ақ, оның бүгінгі заманның мыстаны екені түсінікті болады. Ақын Мұқағали көктен сөйлесе білгенде, мәстек естімейді де. Ал, бітеу деген кейіпкер «Кімсің?» деген сұраққа «ертең келем»деп жауап береді. контрасты осылайша жасалып, мәстек бейнесінің сыры ашылады. Демек, мәстек фольклордағы мыстанның бүгінгі замандағы өзгерген түрі, яғни автор фольклордан алшақ кетпеген, қайта үндестік жасаған.

Қорыта айтқанда, драмалық шығармалардағы фольклорлық образдардың қолданысы өзге жанрларға қарағанда байланыстың түр-түрін молынан пайдаланатынын көрсетті. Жазушы-драматургтер осы мүмкіндікті ескеріп, авторлық тың дүние жасауда әлемдік фольклормен де, қазақ фольклорымен де генетикалық және үндестік байланыстарды кең қолданған.

Осылайша жазушы-драматургтер фольклоризмді принципті түрде қолданған деп тұжырым жасауға болады. Кейіпкерлерді сомдау барысында олардың есімдері мен атқаруы тиіс әрекеттері де фольклорлық сана арқылы жүзеге асырылған.

Б.Әлімжановтың «Қожанасыр» пьесасы1 фольклорлық бейнені басты кейіпкер етіп алуымен және оған байланысты айтылатын сюжеттерді сахналық көрініске бейімделуінен жасалған. Пьеса екі бөлімге бөлінген тоғыз көрініске лайықталған, оған фольклорлық бес сюжет арқау болған. Атап айтқанда: Үйге ұры түсіп, Қожанасырдың әйелі екеуі оны қазыға апарып, бірақ ұрының кінәлі екенін мойындата алмай, әбден күйініп, «тілі тиіп» кеткені үшін бес ділдә төлеуі керек болады. Қожанасырдың әйеліндегі бары он ділдә болып, оған қайтаратын қазының ақшасы болмай, соның есесіне қазыға да ұрыға айтқан сөзін айтады. Сөйтіп, бір қарағанда, Қожанасырға қазы артық ақшаны қайтару жөнінен қарыз болмайды, Қожанасыр да ақшасынан «желінбей», есесін қайтарады. Ал, шындығында, бұл сюжеттің айтар ойы тереңде – Қожанасырдың мұндай әрекеті әділетсіздік танытқан қазының «сыбағасын» алуы маңызды болып шыққан.

Екінші сюжет – тоқсан тоғызды алмаймын, жүз ділдәға толтырып бер деп айтуымен байланысты. Бұл драматург шығармасында Қожанасырдың көрген түсі ретінде қолданылады. Осы сарынмен басталған көріністің айтары – бай бұзылған жеміс-жидектерді сатып беруді Қожанасырға жүктейді. Бірақ Қожанасыр арамдығы жоқ, ақжүрек кейіпкер, байдың арам ойын ішіне бүкпей, халыққа бұзылған жеміс-жидек алу туралы ұсыныс жасайды. Сөйтіп, байдың ойлағаны болмай қалады.

Үшінші сюжетте – «же, шапаным, же! Сендер адамды емес, шапанды сыйлайды екенсіңдер! Сондықтан же, шапаным, же!» дейтін белгілі мәтінді пайдаланған.

Төртінші сюжет – Қожанасыр қазы болып, тамақтың иісін сатқан адам ақысына ақшаның шылдырын ғана алу керек деген сөзіне орай жасалған.

Бесінші сюжет – Қожанасырды дарға асуға хан жарлық еткенде қол арқанды да, жүн арқанды да, кендір арқанды да, жібек арқанды да жаратпай, мамық арқанды сұрап, ақырында, жазадан құтылуына байланысты сюжет қолданылған.

Пьесаға қатысатын кейіпкерлер – орта ғасырлардағы хан, қазы, бай, уәзір, жасауыл. Бірақ пьеса өткен замандағы оқиға ретінде қабылданбайды, өйткені, автордың айтар ойы – Қожанасыр фольклорлық бейне болғанымен, ол бір жағынан, әпенділеу көрінгенімен, қоғамның қай кезеңінде де өзінің сыншылдық қызметін жоғалтпайтын даралық қызметі болуы керек.

Фольклорлық композиция. Қазақ фольклорында перзентсіз қарттардың әулие-әнбиелерді аралап, бала тілеуі, екі құданың балалар дүниеге келмей жатып құдаласуы, бірақ, ұлдың әкесі өліп, қыз әкесі өз баласын жетімге бергісі келмей, бөтен елге көшіп кетуі тұрақтанған құрылымға бағындырылған. Бұл – «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» эпосына да тән. Ал, «Алпамыс батыр» жырындағы сәл өзгешелік – Алпамыс өліп кетсе, қызым Ұлтанқұлға қалмасын деген ой орын алса да, оның да түп-тегі бір негізден тарағаны белгілі.

Бұл прологқа тән фольклорлық композиция бүгінгі шығармалар үшін де ұтымды тәсілге айналып, көркемдік шешім табуға қызмет етеді. Мәселен, С.Жүнісовтің «Қылмыскерлер» пьесасының «пьеса ішіндегі пьеса» – “Тәтәй” бөлімінде осы фольклорлық композиция негізге алынған.

Тек авторлық пьесадағы айырмашылық – атастырылған қалыңдық жау елдің жеріне кетпейді. Бұл шығармада:

 

Әлгі қазақ елі

Қанша қан жылап егілсе де,

Көз жастары көл болып төгілсе де,

Атамекендері Жетісуға

Жете алмапты

Бекінген жау шебінен өте алмапты1, –

 

деп, қазақтың тарихында орын алған қиын кезеңдерді еске түсіреді. Одан әрі:

 

Сол заманда,

Сол төңіректі билеген,

Есіл ерді еңіретіп,

Қалың жұртты табанымен

Саз балшықтай илеген...

Именбеген адам түгіл

Алладан да Буддадан

Ми-лау атты бір әбжылан

Хан бар еді1, –

 

деп баяндалады. Яғни бұл пьеса фольклорлық эпос пен ертегілерге тән прологты сақтағанын көрсетеді. Жыр мен ертегідегі негізгі бөлімге тән сюжетті баяндамас бұрын болашақ кейіпкерлердің ата-анасы туралы, балалардың туған бойда атастырылуы, бір құданың көшіп кету сарындарын сақтау арқылы авторлық шығарма фольклормен үндестік тапқан. Айырмашылық авторлық туындыға жүктеген тақырыпқа байланысты көрінеді. «Козы Көрпеш-Баян сұлу» жырында «жетім ұлға қызымды бермеймін» деп Сарыбай, «Алпамыс – жалғыз, ол өлсе, қызым Ұлтанқұлға бұйырады» деп, қорқыныш еткен Гүлбаршынның әкесі жер асып, шетелге кетсе, бұл авторлық шығармадағы бір өзгешелік – қазақтың жаудан көрген құқайының бір көрінісін танытуға арналған.

Ежелгі заманда перзентсіз қарттардың бала тілеп, жер-дүниені шарлап, сол жолда түс көріп, түсінде аян беріліп, баланың есімі аталады. Немесе ерлік көрсеткен соң бақсының есім ұйғаруымен жүзеге асырылады. Осы орайда «Балаңның аты Бұқаш болсын, атын мен бердім, жасын Алла берсін»2, – деген Қорқыт ата сөзі дәлел бола алады. Балаға ат қою құдайдың таңдаулысы саналған рубасы, көсем, батырлардан да сұралған. Кейін уақыт өте бұл дәстүр реті келген жағдайларда ғана қолданылып, қазақтың дәстүрлі қоғамында дүниеге келген сәбилерге ел ішіндегі қадірлі адам ат қоятын болған. Пьесада осы салт ескерілген, Жанат пен Қанаттың балаларына Садыр ақсақал:

 

Аспанның қақпасы ашылар

Кәдір түнінде

Өз ошағыңда,

Үйіңде,

Дүниеге келдіңдер.

Айдай әлем алдында атың әйгілі –

Айсұлтан болсын,

Айдай әлем алдында бекзат сұлу –

Сенің атың – Айсұлу болсын, –

 

деп сәбилерге ат қояды.

Осыдан соң екі жақтың ата-анасының тілегі бойынша оларды атастырады. Шындығында, атастыруды өткізудің нақты жөн-жоралғысы бізге белгісіз, бірақ бұл шығармада ол бата түрінде бекітілген. Онда:

 

Екі сәби ғұмырлы болып,

Есейе келе қосылып,

Үбірлі-шүбірлі болып,

Өмір бойы қол ұстасып,

Құшақтасып өтсін!

Пәле-жала бұлардан аулаққа кетсін1, –

 

деп бата бағыштайды. Мұндағы:

 

Екі сәби ғұмырлы болып,

Есейе келе қосылып, –

 

деген жолдар дәстүрлі батаның сөзі емес, атастыру кезінде батаның осындай түрде қолданылуы да мүмкін, оны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ архаикалық фольклорлық шығармалар бойынша батыр-кейіпкер дүниеге келген кезде оның қалыңдығы да сол кезде жарыққа келуі тиіс деген ұстаным бұл шығармадағы оқиға орта ғасырға меңзелгенімен, қазіргі заман авторы тарапынан қолданыс тапқан. Яғни фольклорлық шығарманың пролог бөліміндегі сарындар сақталған. Дегенмен мұндағы перзентсіз қарттар, баланы Жаратқаннан тілеп алғаны, ғажайып туу сарындары авторлық шығарманың композициясы үшін маңызды болмаған.

Сондай-ақ, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында перзентсіз қарттар сарыны болса да, қаһармандық эпос кейіпкерінен бөлек болған себепті Қозыға фольклорлық шығармадағы ғажап өсу, ғажап ержету сарындары қолданылмаған. Бірақ Баянның сұлулығы эпикалық образға сай, ол шығарманың ойын ашуға қызмет етеді. Осылайша «Қылмыскерлер» пьесасының кейіпкері – Айсұлтан фольклор кейіпкерлеріндей “сағат санап” өспесе де, көпшіліктен ерекшелейтін ерен өнері бар. Ерекше туған жанның қалыңдығы да өзіне сай елден айрықша сипатта болуы керек. Эпостық қыздарға тән сұлулық Айсұлуға да ерекшелік болып айтылған. Олар туралы:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 239; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты