Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


БҮГІНГІ ДРАМАТУРГИЯДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ САРЫНДАР




 

§1. Драмалық шығармалардағы фольклоризм

 

Авторлық драмалық шығармаларда фольклоризм принцип ретінде мақсатты түрде жүзеге асырылған. Ол фольклорлық жанрлар мен образдардың қолданысынан байқалады. Бір шығарманың фольклормен генетикалық байланысы ерекше көрінсе, бірінде үндестік орын алған. Бірақ, қалай болғанда да, әр пьесаны жазарда автор көрермен жүрегіне әсер ету мақсатында байланыстың әр түрін қолдануы көркемдік тәсіл мақсатында пайдаға асырылады. Мәселен, Ш.Мұртаза “Домалақ-Ана” драмасында халық арасындағы аңыз негізінде авторлық шығарма жазу барысында фольклорлық жанрларды генетикалық байланыста қолданған. Шығарманың негізгі идеясы – ел ішінде әулие атанған Нұрилә ананың өмірін үлгі ету. Осы мақсат үдесінен шығу үшін ислам мифологиясындағы екі дүние – жұмақ пен тозақ туралы түсініктерді бүгінгі қиыншылығы көп заманда адам азды деген ойға қатысты пайдалану. Ш.Мұртазаның осы драмасындағы Бәйдібек – тарихи тұлға, би әрі батыр. Оның үш әйелі: Марау, Зеріп және кішісі – Нұриләнің арақатынасы драмаға арқау болған. Кейін келген әйелге күндестік қылған Марау, тіпті, жаңа туған сәбидің төбесіне саусағын тығып, жарық қылған және жазықсыздан жала жауып, тау үңгіріне қуған.

Мараудан туған алты ұл шүршіт барымталап кеткен жылқының соңынан қуғанда тау үңгіріне жазықсыздан жала жабылып, тастанды болған Нұриләға: «тіліңе күйдіргі шықсын! Жағыңа жылан жұмыртқаласын!» – деген қарғыстар айтады1, бірақ сөздің киесі бар, тоқал деп, әулие ананы ренжітіп кеткен олар, ақыры, сол сапарда ажал табады.

Оң бата мен қарғыстың қолданысы пьесадағы кейіпкерлер – үш әйелдің іс-әрекетімен байланысты орын алған. Нұриләнің үстінен жала жауып, күйеуі Бәйдібекке оны әңгіме қылғысы келген Марауға: – Өшір үніңді, бәле шақырмай, байғыз құсап сұңқылдаған даусың құрғыр!2 – делінген.

Ал, Нұрилә босанғанда өзіне көмектескені үшін Зеріпке: Көк Тәңірі сені қолдасын! ...Қастандық қылған оңбасын! Зеріпті құдай оңдасын! – деп бата береді3. Жаңа туған сәбиге қастандық жасалып, баланың басы жарық болғанда Нұриләнің пірі келеді. Ол баланың басы жарылған жерге тасбақаның сауытын жапсырып, бүтіндеп береді де: баланың аты Тілеуберді-Жарықшақ4, – дейді. Бұл жағдайларда да фольклормен генетикалық байланыс көрінеді. Өйткені, пір – фольклорлық санадан туған образ, ал, балаға есімді пірдің ұйғаруы эпос, ертегі мен батырлық жырларда тұрақты кездесетін сарын.

Фольклорлық санадағы құт, кие деген ұғымдар да осы шығармада қолданылған. Мараудан туған алты ұлдың шүршіт алып кеткен жылқыларды қуып бара жатқанында:

Шулама, түге, шетіңнен мені тілдеп!

Жауға барсаң, қаларсың, жер жастанып.

Лекілдеме кеудеңе нан пісіп, құр мастанып,

Қамбар-кие – сары айғыр осында тұр, жылқың

Қотыр тайына дейін бірі қалмай, қайтады.

Сенбесең, Қамбар-кие – сары айғыр соны айтады1, –

 

дейді. Жылқының қолды болмай, қайтып келетінін Нұрилә Бәйдібекке де айтады. Нұрилә сөзіне сендіру үшін сары айғырға қылбұрау сал деп, ақыры, дегені орындалады. Яғни малдың киесі – сары айғыр фетиш ретіндегі ұғымға сіңген. Малды соңынан ертіп кететін киелі жылқы қазақ фольклорында сақталмаған сияқты, бірақ В.Радловтың тобыл татарларынан жазып алған «Жер Төстігіндегі» Шалқұйрық нағыз киелі мал, қалыңдық жасауы ретінде берілген мал кеткенде соңынан бүкіл мал ере қазақтағы «Ер Төстік» ертегісінде бас кейіпкердің сегіз ағасынан ақыл оздырған бас кейіпкердің жасаған амалы түрінде орын алған. Сондықтан кие сарыны халық санасында қалғандықтан, оны қазіргі заман жазушысы да қолданған. Түрік фольклорында киелі жылқы бар екеніне Түмен татарларындағы «Жер-Төстік» ертегісі дәлел бола алады. Мұнда бас кейіпкердің жары әке шаңырағынан ұзатыларда Шалқұйрықты сұрайды. Шалқұйрық қыздың көшіне келгеннен оған әкесінің бүкіл малы ілескен, сондықтан қазақ авторының да шығармасына киелі жылқы малының енгізілуінде халықтық, фольклорлық сана жатыр.

Авторлық бұл шығармада жоқтау мен көңіл айтудың қолданысын да дәстүрге негіздеу бар. Нұриләнің айтқан ақылын тыңдамай, жылқы қуып, шүршіттерге аттанған алты ұл қаза тапқанда, басына қайғы түскен Марау өзінің астамшылық жасағанын түсінеді. Кеш болса да, Нұриләға күндестікпен қорлық қылғанын, ақыры, алты ұлынан бірден айрылғанын айтып, кінәсін мойындап зарланады. Өзіне қандай қиындық тудырса да, Нұрилә – Үрмәт қызы ретінде кешірімді, кең пейіл таныта біледі. Сонда қаралы Мараудың көңілін жұбату үшін:

 

Жаңылмайтын жақ,

Сүрінбейтін тұяқ,


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 142; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты