Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ателеспес адам бар ма?




Күндестікпен қылған ісің

Құдай кешсе, мен кештім...

– Өшкенің жанар,

Өлгенің тірілер,

Тағы бір оғлан көргейсің!2 –

 

дейді. Және дәстүрлі көңіл айтуға сай:

 

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,

Қанаты бүтін сұңқар жоқ.

Тәуба қылып Тәңірге,

Басыңды көтер, қарағым1, –

 

дейді.

«Домалақ-Ана» пьесасында тірі кезін көрсететін Нұрилә да бар, сонымен бірге кейінгі ұрпаққа ақылын айтар оның рухы да образ дәрежесінде қолданылған.

Нұрилә мен Мараудың жұмақта кездесуі әулиенің кешірім жасап, оның алты ұлын жоғалтқан қайғысына ортақтасып, тағы бір сәби сүюіне шынайы тілектес болып, кешірім жасай білуімен байланысты қабылданады.

Тозақтың қандай болатыны Ұлту арқылы белгілі болады. Яғни ол баласын жасанды түсік жасату арқылы өлтірген. Жасаған күнәсіне кешірім сұрап, Домалақ-ананың күмбезіне келіп, жылап жүргенінде әулиенің рухына кездеседі. Рух оған: «өз балаңды өзің қолыңмен өлтіргенің үшін жанжаһаннама да о дүние сені басыңнан сипамас. Тозақ отына лақтырады. Дидарғайып сонда болады. Сонда сенің бейкүнә бөбегің құтқармақ болып, тозақ отына шырылдап, су себелейді. Әне, Адам деген аттың түбір өзегі сол! Ал, сендер Адам деген атқа лайық емессіңдер!2 – дейді. Сосын: – Жасыма, жарқыным. Құдайдан медет тіле, кешірім сұра. Қанша ғұмырың қалса – һалал өткер, – дейді3. Ал, Марау мен Нұрилә жұмақта кездесіп, сөйлесіп тұрғанында азан-қазан алапат зар естіледі. Оның мәнісін Домалақ-ана:

– Тастандылардың жазығы жоқ, Марау бәйбіше. Олардың шешелері жазықты. Таудан биік күнәлары үшін оларды Әзірейіл тозақ отына лақтырып жатыр. Ал, сәбилер әлгі сорлы шешелерін шаш иісінен тозақ отынан құтқармақ боп, шырылдап, айқайлап, тамұқты жағалай, зыр жүгіріп жүр4, – деп түсіндіреді.

Бұл үзінділер жазушының ислам мифологиясындағы негізделген ойларды негізгі ұстаным ретінде қолданылғанын айғақтайды.

Жұмақта жүрген Домалақ-Ана көріпкелдік, болжауды да жасайды. Ол қазіргі замандағы азған ұрпақ Айдаһар мен Аюдың арасында қыспаққа қалатынын айтады. «Бірақ көк Бөрінің жаны сірі, қасқырдың тарамысы тірмізік. Өзара ырылдасқанын қойып, ұяластар бірін-бірі таламаса, Айдаһар- ға да, Аюға да төтеп бере алар»5, – дейді.

Марау: – Сонда өзің айтқан күштілерге жем болып, сорлайды ғой.

Нұрилә: – Сондықтан да Жаратқан Құдыретке: Иә, Алла, иә, раббым, көк Тәңірі! Көк бөрінің ұрпағына ынтымақ бер, бауырмалдық сезім бер! – деп жалбарынайық[616], – дейді. Осылайша аталмыш шығарманың фольклормен генетикалық тығыз байланысты жазылғаны айқындалады. Және образды даралау, ерекшелеу мақсатымен бүгінгі замандағы саяси жағдайға араластырылған, әрі қазақ халқының қос сенімге Тәңірмен қатар исламға мойын ұсынғаны жазушының объективті санасы арқылы көрініс берген.

Айдаһар мен аю образдық мақсатта қолданылса да, Бөрінің жаны сірі деген ойдың фольклорлық түсінікпен сабақтас шыққан болатынына сенім енгізілген.

Бүгінгі заманғы тіршіліктің бір көрінісін беруде фольклорды мақсатты түрде пайдалану Әкім Таразидің “Ақын, Махаббат, Періште” драмасында орын алған. Бұл пьесадағы кейіпкерлердің бірінің есімі – Дүниенің тұтқасы, екіншісі – оның әйелі, есімі – Періште. Шығарма қазіргі дәуірдің оқиғасына құрылғандықтан кейіпкерлердің есімдерінің бұлайша аталуында ешқандай мән жоқ сияқты көрінеді. Рас, бұл шығармада кейіпкерлер есімдерінің миф сюжетімен тікелей байланысы жоқ. Бірақ кейіпкердің образдық ерекшелігін ашуда фольклорлық түсінікті шығармашылық еркіндікпен пайдалану бар.

Архаикалық мифтік түсініктегі үш әлем туралы айтылғанда оларға кіретін есік бар деп айтылмайды. Кейіпкерлер оңай жолмен аспанға ұшады немесе жер жарылып, оның астына түседі. Мәселен, «Ер Төстік». Кейбір кейіпкерлердің от дариясынан, мұз таудан өтуі – өзге әлемді меңзейді, мұндайда оның ғажап көмекшісі – аты бар сенімді. Ал, классикалық мифологияда өзгеріс енгізілген, яғни ислам мифологиясы бойынша Алланың шарттарын берік ұстанған, тірі күнінде күнәлі іс жасамаған адамдар үшін жұмақтың есігі ашылады. Жұмақ та – өзге әлем. Бірақ автордың айтып отырғанында мұндай мәндегі жұмақтың есігімен байланыс жоқ. Дүниенің тұтқасы дегенді түсіну үшін Абайдың:

 

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең, –

 

дегендегі дүние есігі – өмір деген сөздің мағынасын беру үшін жасалған метафора. Сонда бұл пьеса кейіпкерінің Дүниенің тұтқасы атануы осындай метафоралық жолмен жасалғаны анықталады. Халық арасында әлдебіреуді “Дүниені ұстап тұрған сол ма екен? Дүниенің тұтқасы соның қолында ма екен?” деп айтылатыны бар. Бұл “аспанды тіреп тұрған адам” туралы ұғымға жақын. Пьесадағы Дүниенің тұтқасы – дөкей бастық, қарапайым тірлікте қолдан жасалатын тосқауыл, бөгеттердің болу-болмауын сол – бір адам шешеді. Оның отыратын орны – «Көкте». Демек, авторлық шығармадағы Дүниенің тұтқасы – кішігірім Құдай. Фольклорлық санадағы Құдай – жалғыз, ешкім онымен теңесе алмайды, оған ешкім серік бола алмайды. Жер бетіндегі «Құдайдың» жасалуы соңғы заманда фольклорлық сананың өзгеріске түсуімен байланысты шыққан поэтикалық тәсіл. Сондықтан бұл пьесадағы кейіпкердің Дүниенің тұтқасы атанып, өзінің қызметі арқылы «Кіші Құдай» сияқты көрінуі фольклорлық сананың бұзыла бастауымен байланысты орын алған жағдай ретінде негізінде пайда болған.

Бұл пьесада, сондай-ақ, Періште атты кейіпкер бар. Пьеса сюжеті бойынша оның жас кезінде ақынға ғашық болғаны екеуінің кездесуіндегі, жүрекжарды сөздері арқылы белгілі болады. Күйеуі – Дүниенің тұтқасы Періштенің бір кезде ақынға ғашық болғанын білді. Әйелінің ақынмен кездесуге баруына Дүниенің тұтқасы өзі рұқсат берген. Бірақ бүгінгі реальды тірліктегі «Құдай» әйелінің соңынан екі тыңшы жібереді. Періштенің ақынмен кездескенінде:

 

Сол түні мен

Ынтығып жұлдыз санадым!

Сол түні мен

Тұмарымның жоғалғанын қаладым! –

 

деп айтқан сөзі тыңшылар арқылы Дүниенің тұтқасына жеткізіледі. Сол сөзі үшін Періште кінәлі болады, «Жарайды, кінәлі мен! Мен кетейін!» – дегеніне көнбей, Дүниенің тұтқасы оған жаза кеседі. Ол жазаны ашық түрде орындамайды, бірақ оның ойы:

 

Бұл үйге кіру бар да, шығу жоқ деп айтқанмын!

Отбасының ымырасын, жарастығын сатқан кім? –

 

деген сөзінен сезіледі. Періште «көкте» отырған Дүниенің тұтқасы қасынан кетіп, баспалдақпен төмен түседі. Ең соңғы баспалдақта оны екі медбрат күтіп алып: “Өкінішті”, “Бұл үйге кіру бар да, шығу жоғын айтқан болар ағамыз. Келістік пе, келістік,” – деген сөздерді айтады. Осылайша екі медбратқа Дүниенің тұтқасының Періштені өлтіру туралы жаза кескені белгілі болады. Періште күйеуіне ары таза екенін айтқан. Бір жағы осы тазалығын айтқан болу керек, «Мен – періштемін! Періштемін! Мен – Періштемін!» – деп, ақ көйлектің кең пішілген жеңін жайып жіберіп, ашық тұрған терезеден секіріп кетеді. Мұнда періште образы пьеса кейіпкері үшін метафоралық жолмен телінген.

Пьесадағы кейіпкерлердің өзіндік орындары болуы да назар аудартады. Дүниенің тұтқасының биікте отыруы, баспалдақтың болуы және подвалдағы екі медбраттың адам өлтіруі – мифтік үш әлемнің құрылымын пайдаға асыру болып шығады. Періште өзінің періштеге сай табиғатының тазалығын дәлелдеп, біреулердің өзін өлтіруіне жол бермеді. Ал, подвалдағы екі медбраттың қызметі – билік басындағылардың ойымен алғанда, қоғамға зиянды деп есептелетін адамдардың “көзін құрту”. Бұл пьесада олар Бунтарьдің екі қолынан ұстап, маңдайын бетонға соғып, өлтіреді. Бунтарьдің кінәлі болуы – оның өлеңдері екендігі айтылады.

Сондай-ақ Жанторсық бейнесінің символдық мәні болуы керек. Пьесада Жанторсық – ақынның досы. Ақынның кітабы шығу үшін ол Дүниенің тұтқасына барып, оның өтінішпен көмектесуін сұрайды. Ол, бір қарағанда, қарапайым тірліктегі жай ғана дос сияқты, бірақ образдың символдық мәні бар. Ақын мен Жанторсықтың кездескендегі екеуара әңгімесі олардың бір-біріне тым жақын екендігін танытады. Пьесада:

Ақын:

 

Үніңде үрей бар ғой, кейіс бар ғой...

 

Жанторсық:

 

Күлетін жерде жылайсың,

Жылайтын жерде күлесің.

Өз-өзіңе зиян жасайсың да жүресің! –

 

деген диалог берілген. Және Жанторсықтың: «Бұлқынып жатыр деп нең бар еді?! Сәби болғым келеді деп нең бар еді?! Біздің таулар – тоқтап қалған керуен, болашағын аңдай алмай аңырып... деп нең бар еді? Тоқтап қалған керуен – Қазақстан екенін зерделі жұрт түсінбейді дедің бе?» – деген сөздерінен ақынның өз жаны – шырылдап тұрған жаны сияқты дос образында көрінеді.

Пьеса авторы бұл шығармада екі ақынның бейнесін сомдайды. Бірі – Періште ғашық болған ақын Қарасазов, екіншісі – Бунтарь. Жанторсықты ақын Қарасазовтың өз жаны деп бағаласақ, Бунтарь мен ақын жігіттің киімдерінде айырмашылық жасамай, бір артистің ойнауына мүмкіндік беруі екеуін бір образ ретінде танытқысы келді ме, олай болса, Бунтарьдің өлімі – ақынның тәнінің өлімін көрсетіп, рухы өлмеген ақынның бейнесі жүретін сияқты ой қалдырады. Сонда Жанторсық ақынның тірісінде қиналғанда қиналып, ол өлгенде рухымен сөйлесетін болып шығу керек. Бірақ автордың ойлағаны дәл мұндай шешімге құрылмаған. Бунтарьдің өлімі ақын Қарасазовтың өлімін білдірмейді, өйткені, ақын мен Періштенің кездесуі Бунтарь өлгеннен кейін көрініске енгізіледі. Бірақ, қалай болғанда да, пьеса соңында Жанторсық пен ақын Қарасазовтың бірге көрінуі Жанторсықтың – адамның жаны образында шыққан деген ой қалдырады.

С.Жүнісовтің «Қылмыскерлер» пьесасының «Тәтәй» бөлімі де фольклорды негіз етіп алу жолымен жазылған. Әрине, автор бұл бөлімде қолданылатын фольклорлық жанрларды үндестікпен пайдаланады. Мәселен, мұнда қолданылған бата фольклорлық белгілі мәтіндерді қайталамайды, соның өзінде сюжетке қызмет ететіндей үндестік тәсіл негізінде енгізілген. Ал, пьесаның құрылымының өзі фольклорлық ғашықтық жырды басшылыққа алған. Яғни бір-біріне шын ғашықтардың болуы, оларға әлдебіреулердің килігіп, зорлықпен алуға әрекет етіп бағу. Бұл пьесадағы Жақай Қодар бейнесін еске түсіреді, бірақ автор «Қозы Көрпеш-Баян Сұлудағыдай» қалай болса да, өз мақсатына жетудегі көздеген бұл образдардан бөлектеу. Құныс Жақай дене бітімінде кемістік болса да, түсінігі бар бала бейнесінде ұсынылған. Бұл автордың гуманистік идеяны ұстанғаны десек, бүкіл осы бөлімнің мазмұндық лейтмотиві жау елінің қазақ басына салған ылаңы, сондықтан қос ғашықтың қосыла алмауына Жақай бала емес, саяси өктемдікпен қатар адам тағдырына «қол сұққан» патша – әке образына салмақ салынған.

Дәстүрлі қазақ қоғамында марқұм туралы жаман сөз айтылмауы тиіс және аруақты мазалауға болмайды деген қалыптасқан түсінік бар. Бірақ соңғы кезеңде қаламгерлер өз шығармаларында фольклормен оппозициялық байланыс түрін қолданатын сияқты оқырманға тың ой ұсынбақшы ниет байқалады. Р.Отарбаев Асанқайғының желмаяға мініп, қазаққа шұрайлы жер іздеп, ел кезген қызметін негізге алған болуы керек, ұлы Абай ақын ескерткіштегі тұғырынан түсіп, бүгінгі қазақ жұртын араласа қандай ойда болар еді деген лейтмотивті «Абай-сот» атты пьесасына арқау еткен. Асанқайғы қазақ даласының әр өңіріне сын айтып, алдағы уақытта қалай боларын ойлап толғанатыны белгілі. Ал, кеңестік экономикалық жүйе бұзылып, нарықтық қатынастың басталған кезінде ала қапты арқалаған әйелдер, рэкетирлер, т.б. қоғамдағы жағымсыз қылықтарды көрген Абай, әрине, жаны күйзелер еді. Пьеса авторы кейіпкерге ел аралатып көргізіп, «Кейінгі жүрегі тас, көзі шөмен ұрпаққа тірі әулиеден, ескерткіш Абай, сен жақын екенсің! деп ескерткіштегі тұғырына қайтадан орналасып, мәңгі оянбауды жөн көреді», – дейді. Шығарманың аты «Абай-сот» аталғанымен, автор оны пессимистік оймен аяқтамайды, оған да себеп бар. Өйткені, жарық дүниеге жаңа адамдар – сәбилер қосылып жатыр. Ел ішін аралап жүрген Абайды іздеп тауып, үйлену тойы кезінде Абай ескерткішіне келіп гүл қойған жас жұбайлар бір жыл өткен соң сәбилерін әкеліп, оған ат қоюды өтінеді[617]. Бата беру, сәбиге ат қою қазақ салтында үлкен кісілердің, құрметті адамдардың еншісінде, сондықтан бұл пьесада оппозиция жоқ, фольклормен үндестік байланыстың қолданылғаны анықталады.

Махаббатқа адалдық тақырыбына арналған драматургтердің пьесаларына «Махаббат мұнарасы» туралы новеллалық ертегі фольклормен байланысты үндестікпен пайдаланып, оны, тіпті, негіз етіп алуға оңтайлы болған. С.Досановтың «Махаббат мұнарасы» мен Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші» драмаларында осы новеллалық ертегі қолданылған. С.Досановтың «Махаббат мұнарасы» атты әңгімесінде: Мұстафаның тілегі бойынша Қозы ел аузындағы фольклорлық шығарманы айтып береді. Жазушы оны аңыз дегенімен, шындығында, фольклорлық жанр тұрғысынан ол новеллалық ертегі. Ол мәтіннің сюжеті былай: Қиябегім есімді хан қырық мың қыздың ішінен барлық асыл қасиетті бір бойына жинаған перизатты таба алмайды. Өзіне лайық жар іздеп, көңілдегісі болмаған соң жас ханның көңілі жабырқайды. Осындай күндердің бірінде хан сарайына ұзын бойлы, тік иықты, кең кеуделі, аппақ қудай сақалы беліне түскен бір қария келіп, «Алтай тауының ар жағына асып түссең, Тарбағатай деген хандыққа тап боларсың. Сол елдің ханы Наркескеннің Жаухарбике атты жалғыз қызы бар»[618], – деп, Қиябегімге жол сілтейді. Қиябегімді көрген Жаухарбике оған көңіл қосып, екеуі үйленеді. Бірақ ханның уәзірі Шіркей Жаухарбикені өз ырқына көндіре алмаған соң өшін жамандықпен алғысы келеді. Бұл новеллалық дастандардың сюжетімен үндес. Шіркей Қиябегімге «Жаухарбике ханшамыз құлақкесті қара құл Қаранармен құшақтасып жатқан үстінен түстім», – деп жала жабады. Ашумен келген Қиябегім әйелінің қос қолын қылышпен шауып, бұрымын кеседі. Сосын қыздың әкесіне хабар жібереді. Қыз әкесі – Наркескен «Егер Жаухарбикенің жаны таза, өзі кінәсіз болса, қолы бүтін, бұрымы тұтас болар», – деп айтып жібереді. Қиябегім көл жағасынан Жаухарбикенің денесін табады. Қиябегім аттан түсіп, анықтап қараса, Наркескен айтқандай, өліп жатқан Жаухарбикенің көзі ашық қалыпты. Қолы да бүтін, бұрымы да тұтас екен. Уәзірінің жала жабуынан жазықсыз қорлықпен өлтірген жұбайының адалдығына көзі жеткен соң бүкіл шеберді жинап, зеңгір көкпен таласқан күмбез салдырады. Драматургтің «Махаббат мұнарасы» деп атаған шығармасына негіз болып тұрған – осы мәтін. Ал, Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші» пьесасындағы Ыстықкөл жағасында кездескен кейіпкерлердің бірі – Сұлу әжесінен «Махаббат мұнарасы» туралы аңыз естігенін айтады. Бұл фольклорлық мәтін Жауһарбике туралы сюжетті қайталамайды. Оның сюжеті бойынша бір хан жұртты таң қалдыратын сарай салдырғысы келіп, атақты шебер жігітті шақыртады. Ол жігіт ханның сұлу қызын көргенде ақыл-есінен танып, ғашық болып қалады. Хан қызы да шеберге ғашық болады. Ханшамен бұл өмірде қауышудың мүмкін еместігіне көзі жеткен соң, бақилық өмірде бірге боламыз деген арманмен ханшаға арнап, мәңгілік ескерткіш «Махаббат мұнарасын» орнатыпты. Оның оқиғасы былайша өрбітілген. Қыз бір күні ұйықтап жатып, ғажайып түс көріпті. Қазақтың кең сахарасында күнге қолын созып, отты жастықтың, мәңгі махаббаттың тірі куәсі болып, асқақтап «Махабат мұнарасы» тұр екен дейді. Ақша қардай кіршіксіз таза, көзді арбаған мінсіз сұлу мұнараға жүрегі лүпілдеп жақындайды. Сол сәтте ішінен шебер шығып, қолын созып: «Бұл мұнара – менің саған деген ұлы сезімімнің көрінісі. Кел, ішін аралатайын!» – дейді. Қыз жігіттің қолынан ұстап, мұнараның босағасынан аттай бергенде, оянып кетіпті... Халық «Махаббат мұнарасын» көргенде еріксіз тізе бүгетін болыпты... Соны естігенде хан қаһарланып: «Ол оңбаған не істеп жүр? Сарай орнына Мұнара салғаны несі?

Халық маған емес, тас ескерткішке табынады деген не сұмдық!» – деп «Махаббат мұнарасын» көруге келіпті. Мұнара күншілік жерден мен мұндалап тұр дейді. Қараса, көз тоймайтын ғажайып өнер ескерткішін көргенде ақыл-естен айрылып, хан да еріксіз тізе бүгіпті. Іле-шала өзінің бір сәттік әлсіздігіне намыстанып, ызаға булығып, басын жерге ұрыпты дейді. Солай басын көтермеген күйі уәзірлеріне: «Мына пәлені бұзыңдар!» – деп ақырыпты, – «Шеберді дарға асыңдар!»

Әуелі шеберді дарға асайық, сосын «Махаббат мұнарасын» бұзайық деген пәтуаға келіпті халық.

Қанды қол тобыр енді «Махаббат мұнарасын» бұзуға келеді білектерін түрініп. Сол сәтте адамның ақылына сыймайтын бір ғажап болыпты...

Жоқ, ханша қарсы тұра алмапты... Ол бейбақ шеберді дарға асқан соң, көп ұзамай құсадан өліпті...

Хан қаһарына ұшыраудан қорыққан ақымақ тобыр қолдарына сүймендерін, күректерін, ломдарын алып, көздеріне қан толып, «Махаббат мұнарасына» жақындай бергенде...

«Махаббат мұнарасы» бір-ақ сәтте көзден ғайып болыпты.

Аспанмен таласып, көздің жауын алып тұрған әсем мұнара Құдайдың құдіретімен бір-ақ сәтте өзінен-өзі жоқ боп кетіпті...

Содан бері «Махаббат мұнарасы» пейілі бұзық жандардың көзіне көрінбейтін болыпты... Жоқ, Ыстықкөлдің ортасындағы ең таза, ең сұлу жерден мекен тауыпты дейді...”, – деп берілген. Автор бұл мәтінді негіз ете отырып, Сұлу мен суретшінің образдағы тағдырын осындай үндестікке салған. Ыстықкөлде шомылып, бір-біріне су шашып, мәз болған олар махаббат мұнарасын көріпті...нақты өмірде бұл кейіпкерлер қосыла алмаса да, шынайы махаббатты бастан кешкен олар бақытты сияқты. Бірақ автордың айтбағы бұл емес. Қалтасы ақшаға толы әлдебір бай суретшінің “Ай мен Ару” картинасын иемденіп, атақ-даңыққа ие болады. Әділетсіздік мәңгі болуы мүмкін емес. Сұлу мен суретшінің махаббат дәмін татқан кезден бір қыз бала қалған екен. Сол қыз бала бойжеткен кезінде әкесін іздеп, атақты картинаның шын иесі кім екенін анықтайды. С.Досановтың да, Т.Ахыметжанның да фольклорлық махаббат мұнарасы туралы новеллалық ертегіні білуі хақ. Жалғыз бұл емес, «Бозжігіт» дастанында ғашығының өлгенін білген соң Қарашаш сұлу:

 

Қасына жүз жиырма құлын алды,

Алтын мен күмістен мола салды[619], –

 

деп жырланғандай жалпы фольклорда белгілі сарынның ықпалы да жоқ емес.

 

Шешендік сөз. Түрік халықтарының ертегілерінде “ханда қырық кісінің ақылы бар” дегенді түсіндіру, негізі, ұқсас, бірақ екі түрлі жолмен жасалған. Хан уәзірлерін шақырып, бір жұмбақтың жауабын табуды тапсыратыны, оны уәзірлер таба алмай, ел ішіндегі қарапайым біреуді әкеліп, ақыл-парасатының молдығы арқасында қиын тапсырманы сол орындап шығады. Сонда хан: “Егер қырқың қырық ақыл айта білгенде, ханда қырық кісінің ақылы болар ма еді”, – делінген. Екінші жол – хан қасындағы нөкерлердің ақыл жағынан озық көрінбеуін түсіндіру мақсатында айтылған сыңайлы. Яғни аңға шығып, Төбекөзге тап болған хан одан құтылудың жолын өзі ойлап тапқанын баяндайтын мәтін бар. Қасындағы нөкерлері дәуден құтылудың жолын таппағанда хан Одиссей, “Қорқыт Ата кітабындағы” Басат сияқты амал табады. Ертегінің қорытынды бөлімінде “Қырық аңшы (нөкер) таба алмағанда хан ақыл тапты, ханда қырық кісінің ақылы бар” деген осыдан қалған деп түсіндіріледі[620]. Бұл екі мысал таптық тұрғыдан ақылсыз көрінуі тұрақты еместігін, әділ патша сарыны болатыны сияқты ханның да ақылды болуы керектігі туралы мотивтің тұрақтанған жағдайын көрсетеді. Таптық қоғам классикалық даму деңгейіне жеткенге дейін патша полифункциялы қызмет атқарған кезде ол әрі патша, әрі дана, әрі шешен типінде танылған. Бүгінгі қазақ қаламгерлерінің тарихи хан бейнесін сомдауда оны дана типінде көрсету ұстаным (принцип) ретінде қолданылған тәсіл екені байқалады. Мұндай қолданыстың шығу тегін айқындауда жазушы ежелгі дәуірдегі түсінікті енгізген дегеннен гөрі образдың прототипіне деген халық ықыласы, тарихи тұлғаның ел-жұрт үшін сіңірген еңбегі ескерілген. Дегенмен авторлық туындыда ханды дана, терең ақыл иесі ретінде танытуда фольклорлық сарындар объективті түрде әсер етеді.

Кекілбайұлының «Абылай хан» атты драмалық шығармасында бас кейіпкер – Абылай хан бейнесінде тұлғаланғанның өзінде осылайша шешен типімен сабақтастырылған. Бұл пікірді анықтауға шешендік сөздер жанрына негіз болатын фольклорлық ақылды жауаптар сарыны көмектеседі.

Фольклорлық мәтіндердегі Абылай хан тағдырына қатысты жағдайлар пьеса сюжетіне арқау болған. Атап айтқанда, Қалдан қонтайшының баласы Шарышты өлтірген Абылай деп танылуы, Абылайдың аңдаусызда қолға түсіп тұтқындалуы. Осы жағдайларды сюжетке тірек ете отырып, автор фольклордағы дана типін танытатын тәсіл қолданған. Осы орайда Тоқтамыс ханға келместен бұрын Едігенің жасаған төрт билігін еске алуға болады. Баланың төрелігін естіп, таң қалған Тоқтамыс оны өзінің сарайына алдырады. Бұл – Едігенің бала би типіндегі ақылдылығын таныту үшін қолданылған фольклорлық тәсіл, өйткені, ол айтты деген төрелік сөздер әлемдік фольклорда кең таралғаны белгілі[621]. Біздің тақырып үшін маңыздысы – ақылдылық танытып, сынақтардан өту. Тұтқын күйіндегі Абылайдың қалмақ ханының сынынан өтіп, өзінің тектілігін танытуы мәселенің осы сипаты жөнінен үндестік табады, оны ақылман бейнесінде танытады. Мәселен, Диуана мен Кейуана Көмекей әулие Абылайға бір нәрсе айтқалы оқтала бергенде ол – Әбілмансұр сұқ саусағымен аузын басып:

 

Таждың маңы – тас зындан,

Дымың болсын ішіңде.

Билік маңы – кіл жұмбақ,

Түсінсең де, түсінбе![622] – дейді.

 

Демек, Абылайдың сөзінде шешендерге тән жұмбақтап сөйлеумен бірге олар қолданатын тәсілдердің бірі – ишара бар.

Тұтқында жүрген кейіпкер – Абылай хан Қалдан қонтайшының тарапынан екі сыннан өтеді. Біріншісінде – Абылай біреудің сарқытын іше ме, әлде қара су іше ме деп таңдау жасау ұсынылған. Ал, екінші сынақ – Қалдан өзінің тағын әдейі бос қалдырып, Абылай таққа ұмтыла ма, жоқ әлде көптің ортасында қала ма? Екі сынақ Абылайдың текті немесе тексіз екендігін байқау үшін жасалған. Алғашқы сында Абылай сарқыт ішуді ар көріп, біреуден қалған қалдықты ішкенше, «зынданның асы – қара су» артық деп, ішіп алады. Ал, су ішіндегі май аузына түспегенде «бұйырғанға өкпе жоқ, бұйырмасқа зорлық жоқ, мә, ендеше барып тұр» деп, табақты лақтырып тастайды. Сарқыт ішсе де, оңайлықпен ауызға түспеген майды қолымен алса да – мұның екеуі де тексіздік ретінде бағаланар еді. Бірақ кейіпкер қара судың өзін қанағат тұтқан. Сосын:

 

Тақ бос тұрмас болар,

Бос тақтан кие қашады.

Бос тақты иемденген

Ел-жұрттың сауабын алады1, –

 

деп, Қалданның тағына бет алған. Сонда Қалдан мен Абылай арасында жауаптасу жүреді. Ол диалог:

Қалдан:

– Тағзым қайда, төр қайда?

Әбілмансұр:

– Тақтайға тағзым жүрмейді,

Тақсырға тағзым жүреді.

Қалдан:

– Тақсыр емей мен кіммін?

Әбілмансұр:

– Таққа мінген – тақсыр,

Тақтан тайған – пақыр.

Қалдан:

– Пақыр тақсырға қол көтерсе, не болады?

Әбілмансұр:

– Заман азып, заң тозады2, – деп берілген. Сыннан өткен кейіпкермен үлкен мәселе жөнінде сөйлеуге болады. Қалдан бауыры Шарыш туралы сұрағанда кейіпкердің айтатын жауабы – сөзінің уытымен, ойының тереңдігімен нағыз шешен бейнесін танытатын тұлғаның айтары болып шыққан.

Мәселен, кейіпкер:

 

Қан арқалаған жоқпын,

Қанға қан төктім.

Жанға жан қидым,

Тақтан аударғам жоқ,

Аттан аудардым.

Қайыпта өлтіргем жоқ,

Сайыста өлтірдім.

Өзі мойындаған күнәсі үшін жазаладым.

Жазалыны жазалағанды жазғырмас болар,

Ол – менің алдымда құныкер1, –

 

деп, жауап беруі соның үлгісі.

Қонтайшы бұл сөздің мәнін ашып айтуды сұрағанда Әбілмансұр:

 

Төрт қаруы бойында

Төрт бабамның қаны бар.

Ешкім зорламай, өзі айтты.

Естіп тұрып, қалай аман жіберем?

Менің орнымда өзің болсаң, қайтер ең? 2 –

 

дейді.

Бұл фольклорлық шығармалардағы хан не патша алдында тайсалмай сөйлей алатын би-шешендердің тапқыр оймен, ақылды сөзбен қарсы жақты тоқтата алатын жағдаймен үндес көрінеді. Бұдан кейінде Қалдан мен Әбілмансұр арасында тұтқын кейіпкердің ақылды жауаптары орын алады.

Пьесаның үшінші көрінісінде Абылайдың елге тыныштық орнатқан бейбіт заманы, сол заманда жан-жақтан келген елшілерге қырын да білдірмей, сырын да сездірмей, сын сағаттардан лайықты өтуімен хан тұлғасы дараланады. Сөйтіп, Абылайдың тұтқын болуындағы қонтайшымен жауаптасуы оның сынақтан өткен ақылды бала типінен бастап, дана, ақылгөй деңгейге жеткен образдық даму жолы жасалған.

Осындай тәсіл Томириске де қатысты қолданылған. Бұл пьесада3 Кирдің Томириске үйленбекші ниетін білдірген тілхатты әкелген Мардпен сөйлесуде:

– ...Біздің аспанымыз сияр сарайың бар ма?

– Жоқ, патшайым.

– Біздің даламыз сияр қорғаның бар ма?

– Жоқ, патшайым.

– Сарай мен қорғанға тығылып отырған тулақтай жұрт сары далаға сыймаған сақтарды да қорқытпақ па? – деген Томиристің сөзінде фольклорлық шешендік сөздердің әсері байқалады.

Сондай-ақ Кир мен Шұғыланың (Томирис) диалогында да осындай ықпал сезіледі. Мәселен, Кир:

– Патшайымға айта бар: патшалардың патшасына бас исін, жерін сауғаға беріп, елі етегіме келіп тығылсын, – дейді. Сонда Шұғыла:

– Жер көшпейді. Халық өшпейді. Байтақ жер, байтақ ел сенің етегіңе сия қояр ма екен? Ұлы патшайымды сенің етегің жылыта қояр ма екен? – деп жауап береді. Шұғыланың (Томиристің) бұл жауаптары фольклорлық мәтінді тікелей пайдалану емес, бірақ фольклорлық ақылды жауаптар сарынының ықпалымен жасалған.

Осындай жауап бере отырып, парсылықтардың құдайы екеу – жақсылық құдайы мен зұлымдық құдайы деп, бөліп айтатынын алға тартып, ақыры, «Томирис патшайымның таңдауға еркі бар екен ғой. Егер ол зұлымдықтың тілін алса ше? Демек, біздің елге зұлымдықпен келсең, зұлымдық қарсы алады», – деп, Кир патшаны ақылымен таңқалдырады. Сөйтіп, ақылды жауаптар сарыны жалаң күйде қалмай, қарсы жақты парасатымен тапқыр жауап таба білген дана әйел типі жасалуының өзі фольклормен үндестікте жатыр.

Осы пьесалардағы шешендік сөздер кейіпкер атынан айтылады, бірақ фольклорлық мәтіндерді пайдалану байқалмайды. Қазіргі кезеңдегі қазақ жазушылары үшін тарихи тұлғалардың бүгінгі ұрпаққа насихаты, халықтан алар ықылас-ілтипаты маңыздырақ болған себепті Жиренше, т.б. фольклорлық образдар мен елге шешен типінде танылған адамдардың есімдері қолданылмаған деп есептейміз.

 

Фольклорлық образдар. Жазушы-драматургтердің шығармашылығында фольклорлық образдардың қолданысы ауқымдылығымен ерекшеленеді. Олардың авторлық шығармаларындағы фольклормен байланыс, негізінен, генетикалық және үндестік түрде жасалған. Генетикалық байланыс, әсіресе, мифологиялық образдарға қатысты. Мәселен, кейіпкер ретінде тұлғасы көрінбесе де, Адам-Ата мен Жер-Ананың атынан сөйлейтін дауысты пайдалану бар. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты жазылған «Тозақ шеңберінде» маскалы адам республика басқарушы бірінші адам болғысы келеді. Осы ойды өрбіту мақсатында адам мен мифтік образдар Аспан-Ата мен Жер-Ана арасында диалог құрылған. Мәслелен:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 186; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты