Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Маркетингтік зерттеулер




Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында дәрілік заттарға тұрғындардың қажеттілігі толығымен қанағаттандырарлықтай, алайда отандық өнімнің дәрілік заттарға деген жалпы қолданыс үлесі 15% - ті құрайды. Орын алған жағдай, Қазақстан Республикасының үкімет басшыларын ғана емес, фармацевтикалық өнімнің өндірушісінде алаңдатпауы мүмкін емес, себебі дәрілік заттар кез - келген мемлекеттің мемлекеттік қауіпсіздігі болып табылады. Бұл жағдайдың шешімі ескерілусіз қалған жоқ. Бірінші қадам мемлекеттік бағдарламаға фармацевтикалық және медициналық өндірісті дамыту қолға алынды. Сонымен қатар мемлекет фармацевтика саласының дамуына басқа да заң шығарушы салалар және нормативтік актілердің қабылдануы, нәтижесінде қазіргі таңда отандық өндірушілердің өнімдік үлесі 15% -ке дейін жоғарылауына алып келді.

Сондықтан қалаған нәтижеге жету үшін келесі комплексті шараларды, сонымен қатар ғылыми зерттеулер сияқты: маркетингтік, нарықтағы дәрілік заттарды зерттеу, өндірістің тиімділігін зерттеу, тауардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі сияқты шараларды орындау қажет.

Адамдардың өмір сүру орташа ұзақтығының жоғарылауы және тұрғындар санының өсуі, дәрілік затқа деген соның ішінде қартайған тұрғындардың ауруларының профилактикасына және емделуіне деген қажеттілікті жоғарылатады. Осының салдарынан дәрілік заттарды, сонымен қатар жергілікті қолдануға арналған дәрілік қалыптарды шығару ұлғая түседі.

Өнімдер арасында аппликационды әсер ететін, яғни зақымдалған тіндерге көп факторлы әсер ететіндей етіп жүзеге асыратын рационалды дәрілік қалыптар жұмсақ дәрілік қалыптар бар, оларға жақпа майлар, пасталар, кремдер, гельдер, линименттер жатады.

Қазақстан Республикасында сыртқа қабылдауға арналаған дәрілік қалыптардың заманауи номенклатурасы өте кең, оны үлкен екі топқа бөлуге болады: БФИ ретінде синтетикалық зат болатын дәрілік қалыптар және әсер етуші зат ретінде өсімдік тектес дәрілік қалыптар.

Нарықта сыртқа қолдануға арналған фитопрепараттар жақпа майлар, майлы экстрактар, суппозиторийлар, тамшылар, гельдер ретінде көрсетілген. Дәрілік қалыптардың кеңінен тараған түрі жақпа майлар – 65%, пасталар, суппозиторийлар - 15%, гельдер, өсімдік экстрактарынан алынған майлар - 12%, тамшылар - 5%, жабыстырғыштар,пленкалар - 3% құрайды.

Әрбір дәрілік қалыптың құрамындағы фитокомпоненттердің салыстырмалы салмағы 1 – суретте көрсетілген.

Сурет 1 - ҚР – дағы фитопрепараттық дәрілік қалыптардың диаграммасы

 

Нарықта дәрілік қалыптар соның ішінде жұмсақ дәрілік қалыптар 100-ге жуық елдерден импортталады, соның ішінде: Германия, Австрия, Португалия, Бельгия, Швейцария, Польша, Венгрия, Словекия, Италия, Эстония, Литва, Индия, Иран және т.б, жақын шет елден Ресей, Белоруссия, Украина сияқты өндірушілерден өнімдер жеткізіледі.

Қазақстан Республикасының нарығына жұмсақ дәрілік қалыптарды ең көп ассортименттін мына фирмалар жеткізеді: «Нижфарм» (Ресей), «Schering», «Bayer», «Schering – Ploug» (Германия), «Ranbaxy, Lupin, Microlabs, Glenmark, Agio» (Индия), Польша, Борисовский ЗМП (Белоруссия), Борщаговский ХФЗ, ФФ «Дарница» (Украина), «Schering» (Италия), Таллинский завод АО (Эстония), «Geden Richter» (Венгрия), «Lek, KRKA» (Словения). Қалған фирмалар 1 – ден 4 – ке дейінгі дәрілік қалыптарды жеткізеді. Номенклатуралық талдау бойынша барлық тіркелген жұмсақ дәрілік қалыптардың 94% - і жақын және алыс шет елден импортталған дәрілік қалыптар болып табылады.

ҚР өндірілетін жұмсақ дәрілік қалыптар кеңестік өкіметтің атауларымен және технологиясымен көрсетілген. Бұларға стрептоцидтік, мырыштық, ихтиолдық, күкірттік, метилурацилдік, фурацилиндік, бальзамдық, линименттік және т.б деген сияқты жақпа майлар жатады. Қазіргі таңда тәжірибе жүзінде заманауи жоғары технологиялық жұмсақ дәрілік қалыптар жоқ. Жетекші орынға мынадай зауыттар ие: «Santo», «Ромат», «Шаншар», «Рауан», АҚ «Фармация» (Қарағанды). Қалған компаниялар 1-2 атаудан өндіреді, ол 1-кестеде көрсетілген.

Кесте 1 - ҚР-ның нарығындағы отандық өндірушілердің жұмсақ дәрілік қалыптары

Фирманың атауы Атаулардың саны Салыст. Шама
Santo 1,6
Ромат 1,13
«Шаншар» 0,9
Рауан 0,67
АҚ «Фармация» (Қарағанды) 1,6

 

Талдау көрсеткіші бойынша, құрамындағы биологиялық белсенді заты өсімдік шикізатынан алынған әртүрлі фармакотерапевтикалық топ бойынша әсер ететін қабынуға қарсы, микробқа қарсы, күшейткіш регенерациялаушы, ауруды сездірмейтін, күйікке қарсы, тітіндіркендіретін және саңырауқұлақтарға қарсы дәрілік қалыптар тобын жақпа майлар құрайды. Олардың салыстырмалы салмағы 34% - ті құрайды. Одан кейін микробқа қарсы фитопрепараттар тобы, олардың салыстырмалы салмағы 21% -ті құрайды. Әрі қарай күшейткіш регенерациялаушы препараттар – 16%, кеңінен тараған ауру сездірмейтін фитопрепараттар тобы – 11%, күйікке қарсы – 9%, тітіркендіргіш – 7% - ті құрайды. Гемостатикалық, капиллярлық нығайтқыш, сергітетін және саңырауқұлақтарға қарсы фитопрепараттар жиынтығы 2% - ті ғана құрайды [27].

Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілік қалыптар жеткілікті көлемде әртүрлі химиялық, яғни табиғи жолмен немесе патогенді саңырауқұлақтарға қарсы спецификалық белсенді химиялық синтез жолымен алынған қосылыстардан тұрады. Химиялық структурасы бойынша, бір – бірінен активтілік спектр ерекшелігімен, әртүрлі саңырауқұлақ инфекцияға фармакокинетикалық және клиникалық қолданылуы бойынша бірнеше топқа бөлінеді.

Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілік қалыптардың классификациясы.

Полиендер: нистатин, леворин, натамицин, амфотерицин В;

Азолдар: жүйелік қолдануға арналған кетоконазол, флуконазол, итраконазол;

жергілікті қолдануға арналған клотримазол, миконазол, бифоназол;

Аллиламиндер: жүйелік қолдануға арналған тербинафин;

жергілікті қолдануға арналған нафтифин;

Әртүрлі топтарға жататын дәрілік қалыптар: жүйелік қолдануға арналған гризеофульвин, калий йодиді;

жергілікті қолдануға арналған аморолфин, циклопирокс;

Бұл дәрілік қалыптарды саңырауқұлақтарға арналған қынаптық кандидозды емдеуде қолданылады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 150; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты