Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Балқарағайдан эфирлік майы және оның медицинада қолданылуы




Балқарағай – қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі — Сібір Балқарағайы бар. Оның биіктігі – 30 м – дей, діңінің диаметрі – 175 см – ге жетеді. Ине тәрізді жіңішке, жұмсақ қылқан жапырақтарының ұзындығы 3–4 см, ені 1–1,5 мм, қыста түсіп қалады. Сібір балқарағайы — қос жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық бүрі сопақша шар тәрізді, ақшыл, сары түсті. Ол жапырақсыз қысқа өркенде өніп, жетіледі. Аналық бүрі ұзынша қызыл, қызғылт, жасыл түсті, негізгі діңінде пайда болады. Жел арқылы тозаңданады. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Тамыз-қыркүйекте жемісті бүрімен қатар піседі. Дәні сарғыштау, күңгірт жолақты болады. 15–20 жылдан кейін жеміс бере бастайды, 300–500 жыл жасайды. Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді болғандықтан Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде екпе орман ағашы ретінде өсіріледі. Оның сүрегінен қағаз және спирт, қабығынан илік зат, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады [53].

Біржылдық қылқандары жұмсақ, нәзік болады. Кәдімгі шырша, қарағай секілді биік болып өседі. Табиғатта 80 метрлік алып балқарағайларды да кездестіруге болады. Тамыры тереңге бойлап жайылады. Сондықтан да оны сел, көшкін жүретін маңдарға еккен абзал. Қылқандарын түріне қарай әр мезгілде түсіреді. Сібірлік балқарағай қылқанын қазан айының екінші жартысында түсірсе, американдық балқарағай қараша айында түсіреді. Балқарағай ерте көктемде, қылқаны шыққан уақытта гүлдейді. Гүлі деп қызыл, сары түсті әдемі бүрлерін айтады.

Балқарағай екі үйлі өсімдік болып саналады. Аталығының бүрі – дөңгелек қоңыр түсті болса, аналығы – қызыл, күлгін, сары түсті. Ол тез өсетін және ұзақ өмір сүретін ағаштар қатарына жатады. Туысында 20-ға жуық түрі бар. Оның ішінде еуропалық балқарағай суыққа шыдамсыз болып келеді. Ал, елімізде көбінесе сібірлік балқарағайлар өсіріледі. Олар көктемгі үсікке, қысқы суыққа өте төзімді. Балқарағайдың барлық түрлерінің (еуропалық, жапондық және т.б) бұтақтары төменге салбырап өседі. Арнайы жалғанбалы түрлері де бар. Бірақ, жалғанбалы түрлері суыққа шыдамсыз.

Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған [54].

Балқарағай микроорганизмдерге, саңырауқұлақтарға, вирустарға қатысты жоғары бактерицидтік белсенділігі бар. Күшті антиоксидант болып табылады. Липидтердің метаболизмін қалыпқа келтіреді. Арнайы емес қорғаныс факторларын жоғарылатады: лизоцим, лейкоциттердің фагоцитарлық қызметін, бактерицидтік тері, бета-лизин: Иммундық жүйенің Т және В байланыс қызметін қалыпқа келтіреді.

Патология.Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін жоғарылатады. Созылмалы бронхиті бар науқастардың барлық сыртқы тыныс алу қызметін қалыпқа келтіреді.

Жүрек – қан тамырлар жүйесінің әсіресе, физикалық жүктемелер кезінде ынталандырушы әсер етеді. Миокардты өткізу үдерісін жақсартады, жүректің функционалдық бұзылуын жояды. Жүректің электр өткізгіштік жүйесінің позитивті қозғалуына әсере етеді. Ақыл – ой және физикалық қабілеттілікті жоғарылатады.

Балқарағай сібірлік самырсын сияқты өткір тыныс алу ауруларының профилактикасына және тұмауға күнделікті өмірдеде, өндірістеде үздік зат.

Балқарағай – ауруханалардың, мектептердің, өндірістердің және т.б ауасын жақсарту үшін жақсы зат болып табылады.

Балқарағай – өмірдің барлық кезіне арналған үздік адаптогендердің бірі. Әр түрлі климаттық аймақтардан көшкен кездегі бейімделуде, десинхронозда, магниттік бұзылыстарда, ауа-райы құбылыстарының әсеріне ұшыраған кезде қолдануға болады [55].

Сібірлік балқарағай Коми Республикасынан Якутияға дейін және Солтүстік поляр шеңберінен Батыс және Шығыс Сібір мемлекеттік шекарасына дейін кең таралған. Ресейден тыс, Сібір балқарағайы тек Шығыс Қазақстан облысында және солтүстік Моңғолияда өседі. Ол жерде аздаған мөлшерде 400 мың.га егістік даласы бар. Сібір балқарағайы ауаның жоғары ылғалдылығы және температура ауытқуының қалыпты болуымен ерекшелінеді. Әсіресе, топырақтың ылғалы жоғары және ерекше ауаның экологиялық таза болуын қажет етеді.

Сібір балқарағайының негізгі басты артықшылығы оның тұқымы (жаңғақ) болып саналады [56].

Балқарағай жаңғақтары жоғары калориялық, экологиялық таза, жоғары биологиялық белсенділігін теңгерімді қоректендіру көзі [53]. Балқарағай жаңғақтарының негізгі құрамдас бөлігі ядро болып табылады, қатты қабықшалары – қабық және үлбір, ядроны тығыз қаптап тұрады [57]. Ядро ауқымды мөлшерде ақуыздар – 17%, крахмал – 12,5% және минералды заттар – 2,3% тұрады [58, 59, 60]. Ақуыздардың құрамына 14 аминокислот кіреді, оның жоғары биологиялық белсенділігін көрсететін 70% алмастырылмайтын түрі бар [61]. 100 г тазартылған жаңғақтарды күнделікті қолдану ағзадағы алмастырылмайтын амино қышқылдарды қамтамасыз етеді, мыс: марганец, темір, цинк және кобальт. Сондықтан күнделікті балқарағай жаңғақтарын кем дегенде бір уыс тұтыну бірқатар ауруларды алдын – алу, жұмыс өнімділігін жоғарылату және ағзаның жағымсыз факторларға қарсы тұруына, ұзақ жасауға көмектеседі. Әсіресе тиімді әсерлері балқарағай жаңғақтарының дамушы баланың ағзасына әсері бар, және балалардың күнделікті қоректенетін азығына емдік препарат ретінде енгізуге кеңес береді [55].

Балқарағайдың тұқымы құрамындағы заттардың концентрациясына байланысты өте сыйымды энергетикалық қорға ие және айтарлықтай өз салмағы бар [62, 63]. Балқарағай жаңғақтарының ядросында майлардың көп болуына байланысты балқарағай майын престеу әдісімен алынатын жоғары майлы шикізатқа айтарлықтай қызығушылық білдіреді [64, 65].

Айта кетерлік жағдай, тұқымның құрамы және майдың болуы климаттық факторға байланысты өзгеріп отырады [66].

Балқарағай майы 96,16% - бейтарап липидтерден, 1,84% - фосфолипидтерден, 2,0% - гликолипидтерден тұрады [67]. Балқарағай майы кепкіш майларға жатады, 42 жоғары қаныққан майлы қышқылдардың болуына байланысты F дәруменінің белсенділігіне ие балқарағай майы өсімдік майларының арасында көп бөлінеді [68, 69].

Сібірлік балқарағай – бұл фармацевт ағашы. Бұл ағаштың пайдалы қасиеттері өте көп, ежелден адамдар емдік мақсатта қолданады. Ағаштың ұсақталған инелерінен тұнба жасалып, витаминдік сусын ретінде пайдаланылады [70, 71].

Эфирлік майлар – өсімдіктерден өндірілген және олардың жағымды иісі үшін жауапты болатын органикалық заттардың ұшқыш сұйық қоспасы. Бұл сұйық түрдегі хош иісті концентрат. Хош иісті өсімдіктерден бөлінетін заттар – жалпы құбылысқа тән барлық тірі организмдердің – бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер мен жануарларға физиологиялық реакция ретінде қарастырылады. Ұшқыш заттардың жиынтығын қосқанда өсімдіктерден бөлінетін эфир майлардың 80-90% жоғары күрделі монотерпенді көмірсутектердің құрамында басымырақ болуымен ерекшелінеді. Осылайша өсімдікте болатын буланған эфир майының компонентті құрамы атмосферада эндогендіден ерекшеленеді. Негізгі себебі, өсімдіктердің құрамындағы жеке компоненттері байланысқан жағдайда болады.

Эфирлік майлардың өсімдік үшін мағынасы өте жоғары: олар өсімдіктердің саңырауқұлақтардан, вирустардан, бактериялардан, зиянкестерден зақымдануынан қорғау үшін, жануарларға жегізуден, жәндік тозаңданушылардың назарын аударту үшін, күндіз күйіп кетуден және түнде суып кетуден, ферментативті үдістердің жоғарылауы сияқты қорғау қызметін атқарады. Эфирлік майлар өсімдіктің таза жасыл бөлігінде 1% -тен аспайды, ал дәнінде 10% -ке дейін жетеді. Өсімдіктерде эфир майларының мөлшері 2-3% -ге дейін ауытқиды. Тіпті өсімдіктің әр түрлі мүшелерінде эфирлік майлар құрамы әртүрлі болады. Майлардың жиынтық қорына және сапалы құрамына вегетациялық фазалар, инсоляция, ылғалдылық, климаттық жағдайлар, топырақ, шикізатты жинап алу уақыты және т.б әсер етеді. Кейбір эфирлік майлы өсімдіктердің жасушасы мысалы, тін мәдениеті жағдайында өсірілген сарыгүл мен қазтамақтың эфирлік майлары синтезге қабілеттілігін сақтайды. Алайда, бұл тұтас өсімдіктердің синтез деңгейінен төмен. Эфирлік майлар химиялық топтардан және арнайы химиялық элементтерден тұрады. Біріншілік элементтер эфирлік майлардың қызметіне жауапты – көміртегі, сутегі, оттегі. Оттегі – эфирлік майдың басты элементі.

Эфирлік майлардың компонентті құрамы әртүрлі қосылыстармен көрсетілген, оны келесі бактерицидтік белсенділігі бойынша қатарластырып орналастыруға болады: фенолдар, альдегидтер, спирттер, эфирлер және қышқылдар.

Эфирлік майлардың неғұрлым жоғары биологиялық белсенді компоненті – спирттер, альдегидтер, кетондар, фенолдар; неғұрлым төмен белсенді – көмірсутектер. Гүлді өсімдіктерге жоғары биологиялық белсенділігі бар монотерпен туындыларының, спирттердің, кетондардың, күрделі эфирлердің, оксидтердің оттекті синтезі тән.

Қышқылдар, спирттер, альдегидтер және т.б заттар биологиялық белсенді заттың немесе аралық өнімнің синтез жолымен түзілуінде алғашқы өнім болып табылады [55].

Эфирлік майлардың компоненттеріне тән – терпеноидтар. Кейбіреулері қышқылдық қалыпқа келтіру үрдісін жүзеге асырады, өсімдік гендерінің белсенділігін ретке келтіреді, эфир майларының компоненттерінің биосинтезіне баратын жарықтық энергияны жұта фотохимиялық реакцияларға қатысады [72].

Қазіргі таңда хош иісті сапалы балқарағай эфирлік майын атластық және гималайлық ағаштан су буының дистилляция жолымен алады.

Балқарағай майының құрамы. Майда құрамында Е дәрумені орташа көлемде – 55 мг%, Р дәрумені – 90 мг% дейін. Е дәруменінің мөлшері бойынша 5 есе зәйтүн майынан және 3 есе кокос майынан асып түседі. Балқарағай майының құрамында таптырмайтын поли қанықпаған майлы қышқылдар келесілер:

Олеин қышқылы орташа мөлшерде – 15%;

Линоль қышқылы орташа мөлшерде – 57% (71,8% дейін );

Линолен қышқылы орташа мөлшерде – 21% (27,75% дейін );

Балқарағай майы құрамында кездесетін негізгі дәрумендер:

В1 дәрумені (тиамин)-0,39-0,66% (ағзаның күнделікті қажеттілігі – 1,3-2,6 мг );

В2 дәрумені (рибофлавин) – 0,14-0,14%( ағзаның күнделікті қажеттілігі – 1,5-3,0 мг);

В3 дәрумені (РР немесе ниапин) – 1,05-1,40%( ағзаның күнделікті қажеттілігі – 14-28мг);

Е дәрумені (токоферол) – 9-10,12%( ағзаның күнделікті қажеттілігі – 12-15мг) [73, 74].

Кесте 2 - Балқарағай эфирлік майының компонентті құрамы

Ұстап отыру уақыты Ұстап отыру сызықтық индексі Компонент Жалпы эфирлік майының % мазмұны
9,893 Трициклен 0,12
10,333 Пинен 26,84
10,833 Камфен 0,59
11,940 Пинен 1,19
12,428 Мирцен 0,60
12,986 Феллендрен 0,67
13,219 Карен 0,53
13,467 Терпинен 0,35
13,782 Цимен 0,22
13,954 Лимонен 11,41
14,127 Бензил спирті 0,28
15,124 Терпинен 0,12
16,311 Изотерпинолен 1,07
19,416 Борнеол 0,21
19,846 Терпинен -4-ол 0,18
20,343 Терпинеол 1,40
21,961 Метилтимол эфирі 0,33
23,942 Борнилацетет 0,83
26,201 Терпинеол ацетат 0,53
26,407 лонгипинен 0,48

Балқарағай майы халық медицина тәжірибесінде

Балқарағай жаңғақтарының ядросынан алынатын майларды халық медицинасы туберкулезде, атеросклерозда, жоғары артериалдық қысым кезінде, асқазан ішек аурулары – гастритте, созылмалы панкреатитте, асқазанның ойық жарасында, он екі елі ішекті емдеуде әрқашан керемет емдік зат ретінде санаған.

Балқарағай жаңғақтарынан жасалған майды халық медицинасы көктамырдың ұлғаю варикозында күніне 2 рет көктамырды сылауға кеңес береді, сонымен қатар саусақтың ұшымен жеңіл түрде массаж жасаған және ішке қабылдауға болады.

Балқарағай майын тамаққа қолданған жағымсыз климатикалық және экологиялық жағдайда өскен шаш және саусақтардың беріктігін, көп энергия жұмсағанда, стресстерді, эмоциональды жүктерді жақсартады. Тамақ өндірісінде өнім ретінде қолданғанда балқарағай майы қолдануға қарсы көрсетілімдері жоқ. Балқарағай эфирлік майын тамақтан алдын күніне 2-3 рет 1-2 ас қасықпен қабылдауға болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 350; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты