Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


НДІРІСТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ




Кәсіпорынның бас жобасы өндірістік нысандарды жобалаудың өртке қарсы және санитарлық нормаларына жауап беруі керек. Өндірістік кәсіпорын алаңын жобалау кезінде келесі қағидаларды ескеру қажет:

а) бөлінетін зияндылықтар (газ, шаң, түтін, шу т.б.) түрлеріне және атмосфераға лақтырылатын шығарылымдарды тазалау дәрежесіне байланысты технологиялық үрдіс сипаты; Осыған сәйкес кәсіпорын класы белгіленіп, кәсіпорын мен жақын маңайда орналасқан тұрғын аймақ арасындағы санитарлық қорғаныс алаңының ені таңдалады. Санитарлық қорғаныс аймағының алаңын көгалдандырылу және жайландыру көзделеді.

б) құрылыс алаңы бетінің күйі (орналастыру, көлбеулер, шалағай және сарқынды суларды шығаруды қамтамасыз ету);

в) кәсіпорын алаңында жолдардың орналасуы және адамдардың қауіпсіздігін ұйғару бойынша оларға қойылатын талаптармен қамтамасыз ету;

г) алаң бойына адамдардың жүруі үшін аяқжол ұйымдастыру (аяқжолдардың ені, жабындысы, авто көлік пен темір жол көлігіне қатысты орналасуы);

д) адамдар мен көліктердің жұмыс істеу және қозғалыс алаңдарын жасанды жарықтандыру.

Өз бетімен жұмыс жасағанда оператор қауіпсіздік әдісімен таныс тапсырылған жұмысты жасауына болады.

• Оператор 3 ай ішінде техникалық қауіпсіздіктен кем дегенде 1 рет нұсқамадан және 1 жылда білімділікке тексерілу қажет.

• Оператор медициналық тексерілістен жылына кем дегенде 1 рет өту қажет.

• Оператор жұмыс үзілісінде 1 жылдан жоғары білім алу керек және тағайындалған программа бойынша аттестациядан өтуі керек.

Технологиялық үрдістің өзгерісінде, жабдықты жаңарту немесе жаңа нұсқамалар жұмысшы технологиялық үрдіс туралы қосымша жоспарсыз нұсқама алуы қажет. Жоспарсыз нұсқама жұмыс үзілісінде 30 күнтізбелік күнінде жүргізіледі, сонымен қатар апаттар, келеңсіз жағдайлар, өндірісте болып жатқан келеңсіздіктерде жүргізіледі.

Оператор ішкі еңбек тәртіптеме ережелерін сақтауға міндетті. Темекі шегу арнайы тағайындалған орында рұқсат етіледі. Жұмысқа мас күйінде келу, өндіріс аумағында спиртті сусындарды қолдану тыйым салынады. Жұмыс орнында және өндіріс аумағында жүгіруге және айғайлауға тыйым салынады.

Оператор жұмыс орнында жұмыс күнінің басталысына 30 минут ерте келуі тиіс және жұмыс күнінің аяқталуына 1 сағат кеш емес өндіріс аумағын тастап кетуге міндетті.

Оператор цех әкімшілігінің жұмысынан шеттетіледі, егер:

• бірнеше рет технологиялық тәртіптің бұзылуы;

• медициналық тексерілістен және периодты білім тексерісінен жалтақтау;

• сырқат жағдайында;

• арнаулы киімсіз және жекеленген қорғаныс заттарымен жұмыс;

• қазіргі нұсқама талаптарының бұзылғандығы.

Оператор келісім шарт бойынша арнаулы жұмыс киімімен және арнаулы аяқ киіммен қамтамасыз етіледі; мақтадан істелген халат, мақтадан істелген қалпақ, резіңке қолғаптары, респиратор, қорғаныш көзілдірігі. Әрбір жұмысшыға арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да қорғаныс құрал заттарын алғандығын растайтын тізімдемеге қоятын жеке карточка аштырылады.

Арнаулы жұмыс киімі жеке киімдерден бөлек арнайы бөлмелердің шкафтарында сақталу қажет. Арнаулы жұмыс киімі өндірістегі арнайы жуып-шаю бөлмесінде жуылуы қажет. Арнаулы жұмыс киімін үйде немесе жұмс орнында жууға тыйым салынады. Арнаулы жұмыс киімін өндіріс аумағынан шығаруға тыйым салынады.

Егер де жабдықтың дұрыс жасамайтынын байқасаңыз жұмысты тоқтатып, жабдықтарды өшіріп, «Өшірмеңіз, адамдар жұмыс істейді» деген, көрінетін жағдайда тақтайшаны бекітіп, цех әкімшілігін хабардар ету қажет. Жарамсыз жабдықта жұмыс істеу рұқсат етілмейді.

Апат немесе келеңсіз жағдайда міндетті түрде жұмысты тоқтатып, цех әкімшілігіне міндетті түрде хабарлау қажет және егерде сыртқы ортаға немесе адам өміріне қауіп төндірмесе жұмыс орнында болған апат кезеңін сақтап қалу қажет.

Бөлмелер қажетті өрт сөндіргіш заттармен, құм және күрек жәшіктерімен, сонымен қатар ішкі өрт сөндіргіш крандармен міндетті түрде жабдықталуы қажет. Барлық өртке қарсы жабдықтар жақсы жағдайда сақталуы тиіс.

Оператор, осы ұсынылып отырған нұсқауларды білуі және орындау қажет (осы нұсқаулар өндірісте талап етілуі тиіс):

• Сұйық дәрілік қалыптарды өндірісі туралы технологиялық нұсқама.

• Техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі туралы нұсқама.

• Жабдықтарды күту және пайдалану туралы нұсқама.

• Өндірістік санитария және жеке гигиена туралы нұсқама.

• Жазатайым оқиға кезінде алғашқы көмек көрсету туралы нұсқама

• Ауа тазартқыш құрылғыларды пайдалану нұсқамасы

• Газға қарсы және респираторларды қолдану нұсқамасы.

• Статикалық электр энергиясынан қорғау нұсқама.

• Ыдысты жуу және кептіру ережесі.

• Апатты жойдыру жоспары.

• Төтенше жағдай кезінде өндіріс бөлмелерінен көшіру жоспары

Сұйық дәрілік қалыптардың өндіріс үрдісінде келесі қауіпті және зиянды өндіріс факторлары бар:

Физикалық:

· Құрылғының қозғалмалы бөліктері;

· Электрлік тізбектегі кернеудің жоғарғы мәні, оның тұйықталу адам денесі арқылы өтуі мүмкін ( жерге жақындату жүйесінің дұрыс болмауы, электр сымының оқшаулануының бұзылуы).

Химиялық:

1. Дәрілік заттарды өндіру кезінде пайда болатын, өндірісте қолданылатын, дәрілік заттардың компоненттерінің және жуу мен дезинфекциялауға арналған заттардың адам организміне ( терісіне, тыныс алу органдарына) тітіркендіруші және улаушы әсер етуі. Технологиялық линия операторы келесі құрылғыларға қызмет көрсетеді: 1. Кремдер мен маздарге арналған араластырғыш. Көлемі 100л Электрқозғалтқышының қуаты 0,66/0,44кВт.

2. Кремдер мен маздарге арналған араластырғыш. Көлемі 60 л Электрқозғалтқышының қуаты 0,66/0,44кВт

3. Вакуумдық турбоэмульсификатор. Көлемі 500л. Жалпы қуаты: 34 кВт (опциясыз стандартты машина)

Жұмыс алдындағы қауіпсіздік талаптары:

Цехтің киім қалдыратын орнында оператор сыртқы киімін ( пальто, костюм,аяқ киім) шешеді және технологиялық аяқ киім және киімді киеді.

Жұмыс бастау алдында оператор сабынмен жылы суда қолын жуады. Қолын жуғаннан кейін лектфенмен кептірген жөн. Қолын дезинфекциялаушы ерітіндімен тазалайды. Санитарлық бөлікке барғаннан кейін дәл осындай қолды тазалауды жасау керек.

Жұмыс орнында тамақтануға тыйым салынады. Тамақты арнайы белгіленген жерде ішкен жөн. Сонымен қатар оператор киім қалдыратын жерде технологиялық киімін шешіп өз киімін киюі тиіс. Жұмысты бастар алдында опера тор міндетті түрде құрылғылардың жұмыс жасап тұрғандығын және тазалығын тексеруі тиіс. Жұмыстан бұрын 15 минутта ауатазарту жүйесін қосу керек.

Бұғаттаушы заттардың жұмыс жасап тұрғандығын және жерге жақындатылған бөліктердің болуын тексерген жөн.

Өртке қарсы құралдардың барлығын тексеру.

Жалпы және жергілікті жарықтың жеткіліктілігін тексеру және туралау.

Ауысымдық міндетті орындауға арналған материалдардың барлығын тексеру.

Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

· Оператор міндетті түрде технологиялық процессті технологиялық регламенттер талаптарына және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтарға сәйкес жүргізуі керек.

· Оператор құрылғыларды қараусыз қалдырмауы керек.

· Ж ұмыс кезінде жұмысшыларды сөзге айналдыруға болмайды.

· Өндірістік бөлмелерде тұрақты түрде ауа тазарту жүйесі жұмыс жасап тұруы керек.

· Әр агрегаттың еденінде резеңке кілемшелер болуы керек.

· Оператор құрылғылардың герметикалығын, электрсымдарының дұрыстығын қадағалауға міндетті.

· Барлық технологиялық процесстің операцияларын оператор ЖҚЗ ( жеке қорғаныс заттары) қолдану арқылы атқаруы керек.

· Оператор СББ (сапаны бақылау бөлімі) сараптамаға сынамалар алатын кезде қарап тұруы керек. Сынамаларды алу құрылғылар өшіп тұрған жағдайда жасалады.

Оператор өзінің тікелей басшысына жеке немесе телефон арқылы келесі жағдайлар жайлы есеп беріп отырады:

· Қорғаныс бұғаттаушы, сонымен қатар жерге жақындату құрылғыларының ақауларының табылуы жайлы;

· Коммуникацияның, құрылғылардың, құралдардың ақаулары жайлы;

· Операцияны немесе технологиялық процесстерді жүргізу кезіндегі ауытқулар жайлы ;

· Өзі немесе басқа да жұмысшы жарақат алған жағдайлар жайлы.

Оператор жұмыс орнын және құрылғыларды таза ұстайды, қорғаныс құралдарын: респираторды, хирургиялық қолғаптарды, арнайы киім, арнайы аяқкиімді қолданады.

Білезік, сырға және басқа да элетр тогының статикалық зарядтары шоғырланатын зергерлік заттарды тағуға рұқсат етілмейді.

Тыйым салынады:

· Бұзылған құрылғыны қолдануға;

· Ақауларды жөндеуге;

· Жұмыс кезінде агрегаттарды су қолмен ұстауға;

· Жұмыс орнындағы шаңды қолмен, шүберекпен сүртуге;

· Бөгеттерді алуға;

· Оператордың міндетіне кірмейтін жұмыстарды арнайы дайындықсыз атқаруға;

· Әлсіз бекітілген құрылғыларда жұмыс жасауға .

Апаттық жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:

Оператордың жұмысында келесідегідей апаттық жағдайлар орын алуы мүмкін: электр сымдарының жануы, қысқа тұйықталу, статикалық электрдің зарядтарының пайда болуы, сыртқы от көздерінен жану.

Апаттық жағдайларды ескерту үшін:

· Жеке қорғаныс құралдарын қолдану арқылы арнайы киімде жұмыс жасау;

· Барлық жұмыстар жақсы жұмыс жасап тұрған ауа тазарту жүйесінде жасалуы керек;

· Күнделікті ылғалды тазалау, апта сайын толық тазартуды жасап отыру керек.

Кез-келген құрылғыны тазалау және жөндеу алдында электр қуаты ажыратылып, батырма, өшіріліп және «ҚОСУҒА БОЛМАЙДЫ АДАМДАР ЖҰМЫС ЖАСАП ЖАТЫР» жазбасын іліп қою керек ( Электр құрылғылары бойынша жұмыстың барлығын цехтің электригі жасайды). Өздігінен және кездейсоқ құрылғының қосылуы оққа шығарылуы тиіс.

Тек толық дұрыс жұмыс жасап тұрған құрылғыда жұмыс жасау керек. Батырма және қосу құралдары жақсы жұмыс жасап тұруы керек. Кез-келген ақаулар, апат, бақытсыз жағдайларда жұмысшылар міндетті түрде әкімшілікке хабарласуы керек.

Өрт орын алған жағдайда бірден жұмысты тоқтатып, жұмысшыларды өрт жайлы хабарландыру керек, ауа тазарту жүйесін өшіріп, терезелерді жауып және өртті өшіруге әрекет жасап және цех басшылығын хабарландыру керек.

Статикалық электр тогы қалыптасқан жағдайда электрикті шақыру қажеті. Электрик міндетті түрде жерге жақындату жүйесінің барлығын тексеріп және жөндеуді жүргізеді.

Күштік электрэнергиясы өшкен кезде электр құрылғысын өшіріп және жұмысты тоқтату керек.

Су құбыры суын тоқтату кезінде кранды жабу керек.

Бірінші дәрігерге дейінгі көмек:

Бақытсыз жағдайлар орын алғанда алғашқы көмек көрсету үшін цехта дәрі қорапшасы болуы керек. Электр тогынан зақым алған жағдайда электр құрылғысын өшіріп, және мүмкін болған жағдайда, зардап шеккен адамды электр тогының әсерінен құрғақ ағаш таяқ көмегімен сымдарды алыстату арқылы ажыратып, киімін босатып, демалуға мүмкіншілік жасау керек, тыныс алуы болмаған жағдайда жасанды дем алдыру жасау қажет. Қажет болған жағдайда «Жедел жәрдем» шақыру немесе өндірістік көлікпен зардап шеккен адамды ауруханаға жіберу керек. Термикалық күйік жағдайында күю орнын әлсіз калийдің марганоцовкалы қышқылының ерітіндісімен сүрту керек. Жарақат алулар болған жағдайда жара айналасын 5% иод немесе бриллиантты жасылдың 1% ерітіндісімен сүрту керек.

Жұмысты аяқтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

· Батырманы басу арқылы құрылғыны өшіру

· Жұмыс орнын тәртіпке келтіру. Жұмыс орнын тазалауды оператор өзі жасайды, өндірістік бөлмелерді тазалаушы құрылғылардан басқа барлық аймақты тазалайды.

· Құрылғыны толық өшіргеннен кейін оны тазалау және жинау керек.

· Ауа тазарту жүйесі ең соңынан өшіріледі.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 140; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты