Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бастапқы шикізатқа, жартылай өнімге, материалдарға сипаттама




Балқарағай эфирлік майы – [СТ 1509-1910-02-ГП-05-2012]

Балқарағай майы 96,16% - бейтарап липидтерден, 1,84% - фосфолипидтерден, 2,0% - гликолипидтерден тұрады. Балқарағай майы кепкіш майларға жатады, 42 жоғары қаныққан майлы қышқылдардың болуына байланысты F дәруменінің белсенділігіне ие балқарағай майы өсімдік майларының арасында көп бөлінеді.

 

Глицерин (Glicerinum)

Пропан-1,2,3-триол [СП РК 42-1968-04; ФС РК 42-113-95; Ph. Eur. 4.8 56-81-5]

C3H8O3 М.м. 92,00

Түссіз, мөлдір, иіссіз, тәтті дәмі бар сироп тәрізді сұйықтық. Гигроскопиялық. Сумен және 95% спиртпен барлық қатынаста араласады, өте аз эфирде ериді, майлы майда мүлдем ерімейді. Тығыздығы – 1,223 – 1,233. Қайнау температурасы - +290,0 С.

Дәлдігін препаратты калий бисульфитпен қыздыру арқылы акролеин (өткір иіс болғанша) түзілгенше және негіздік реакция арқылы күйдіргіш натрий және мыс сульфат ерітінділерін қосқанда препаратың сулы ерітіндісі қара – көк түске боялғанға дейін қосу арқылы анықтайды. Қышқылдығын және негізділігін анықтайды.

ФС ҚР 42-113-95 бойынша глицериннің сандық анықтауда сулы ерітіндісіне (1:1000) йод қышқыл ерітіндісін қосады, сосын күкірт қышқылы және калий йодидін және бөлінген йодты натрий тиосульфаты ерітіндісімен титрлейді (индикатор - крахмал).

Препаратта глицериннің сандық құрамы 84,0% -тен 88,0% -ке дейін болу керек.

ЕФ бойынша глицериннің сандық анықтауда сулы ерітіндісіне натрий перйодат ерітіндісін қосады, сосын этиленгликоль ерітіндісін және күйдіргіш натрий ерітіндісімен титрлейді (индикатор - фенолфталеин).

Препаратта глицериннің сандық құрамы 83,5% -тен 88,5% -ке дейін болу керек.

 

Карбомеры (Carbomers) [Ph. Eur. 4.8,01/2002; 1299]

М.М фрагемента 76,00

Акрил қышқылының көп атомды полиалкилэфир спиртінің сополимері болып табылады. Акрил қышқылының әлсіз иісті, әлсіз қышқыл, ұсақ дисперсті ұнтақ. Полярлы емес ерітінділерді мүлдем ерімейді, суда және полярлы органикалық ерітінділерде ісінеді және гидроксильді топтардың донорлары нейтрализацияланып гель түзіледі. Карбомерлердің жалпы қасиеттері 6 - кестеде көрсетілген.

Кесте 6 - Карбомерлердің жалпы қасиеттері

Көлемді тығыздығы 208 кг/м3
Тығыздығы 1,41
Абсолютті ылғалдылығы 2,0%
Тепе – теңдік ылғалдылығы 8-10%
pH 1% сулы дисперсиясы 2.5-3.0
Эквивалентті масса фрагменті 76+4
Шынының температурасы (100-105) C
Карбоксильді топтың құрамы (56.0-68.0)%

 

Карбомердің дәлділігін 1 М күйдіргіш натрий ерітіндінің рН - 7,5 дейін 1% сулы дисперсиясымен нейтрализациялау арқылы тұтқыр гелдің түзілуімен және дайын болған гельге 10% кальций хлориді және магний сульфаты ерітіндісін қосқанда ақ түсті тұнбаның түзілуімен анықтаймыз.

Карбомерді сандық анықтау 0,4 г сулы дисперсті полимерді 400 мл суға интенсивті 15 мин араластыру арқылы жүргізіледі. Араластыру жылдамдығын азайтып және 0,2 М рН 10,0 күйдіргіш натрий ерітіндісімен титрлейді. Әрбір күйдіргіш натрий ерітіндісін қосу арқылы 1 мин араластырып тұрақты рН көрсеткішіне дейін араластырады.

1 мл 0,2 М күйдіргіш натрий ерітіндісі карбоксильді топқа 0,009004 г эквивалентті.

 

Натрий гидроксиді [МФ ҚР 2.]

NaOH М.М.40,0

Суда, 96% спиртте оңай ериді. Гранула түрде ақ түсті кристалдық масса.Ауада ұшып, ауаның көміртек диоксидін оңай сіңіреді. 2,0 г субстанциян 80 мл суда ерітеді, 0,3 мл фенолфталеин ерітіндісін қосады және 1 М хлоды сутек қышқылында титрлейді. Сосын 0,3 мл метил қызғылт ерітіндісінде қосып, ары қарай 1 М хлор сутек қышқылымен титрлейді.

 

Твин-80 [МФ ҚР 2.]

Майлы, сарғыштау немесе қоңыр – сарғыш түссіз сұйықтық. Сумен, этанолмен, этилацетатпен және метанолмен араласады, майлы майларда және вазелинді майларда ерімейді. Газды хроматография әдісімен анықтау жүргізіледі. Салыстырмалы тығыздығы – 1,10. Тұтқырлығы 25 С-да 400 мПа*с құрайды.

Тазартылған су

Зерттеу кезінде келесідей сипаттамаға ие тазартылған су (Aqua Purificati, Н2О) қолданылды: атауы - тазартылған су, ААҚ «Свобода»; сыртқы түрі – таза мөлдір сұйықтық; қоспасыз; дәмі – дәмсіз; иіссіз; молярлық массасы – 18,01528 г/моль, тығыздығы – 0,9982 г/см³, кондуктивтілігі – 2,8; ауыр металдар – 0,02 ppt; нитраттар – 0,01ppt; тотықтырғыш заттар – 0,5мг/л; микробиологиялық көрсеткіштері Total aerobic – 50cfu/ml; Pseudamonas spp.&gram (-) жоқ.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 157; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты