Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Алтын Орда 4 страница





Доспамбет Марғасқа Жиенбет Ақтамберді Шалкиіз Бұхар


Ортағасырлық шығармалар

 

Ғалымдар Өмір сүрген жылдары Шығарманың аты Шығарма мазмұны
Әбу Насыр әл – Фараби 870 - 950 «Жұлдыздар бойынша болжаулар», «Ғылымдардың шығуы» т.б. Дүниедегі бар қызық пен байлық та, даңқ та білім арқылы жиналады.  
Жүсіп Баласағұн 1021 - 1075 «Құтты білік» Билеушінің де, халықтың да аман – есен бақытты болуының қайнар көзі – білім. Мемлекетті сауатты адамдар басқару керек.
Махмұд Қашқари 1030 - 1090 «Диуани лұғат – ат – түрік» Түркі халықтарының тілі,мекенжайлары, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жөніндегі энциклопедия
Қожа Ахмет Иассауи 1103 - 1167 «Диуани – Хикмет» Жамандық, қатыгездік, сараңдық, дүниеқұмарлыққа қарсы щығады, шындықтың жолы құдай жолы деп, құдайға құлшылық етуге уағыздайды.
Қадырғали Жалаирли 1499 - 1551 «Жамиғат тауарих» Қазақ халқы жерінің жағдайы, қолөнер мәдениеті, ішкі – сыртқы жағдайы, заң ережесі жайында.
Мұхаммед Хайдар Дулати XV - XVI «Тарихи – Рашиди» Қазақ хандығының құрылуы, Моғолстанның құлауы, Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақтағы жағдай туралы

Он екінші тарауға арналған тест сұрақтары


1. Қазақтарда тұрғын үйдің қанша түрі болды?

А) бір түрі В) үш түрі С) екі түрі Д) төрт түрі Е) бес түрі

 

2. Үйдің үлкен – кішілерінің аттарын аттамай, оларға басқаша ат қою қалай аталады?

А) «қарқаралы көш» В) «ат тергеу» С) «жарапазан» Д) «қазық майлау» Е) бестаңбалы

 

3. Қазақтарды «Ислам дініне сенетін халықтар» деп кім жазды?

А) Сейфи В) Марко Поло С) Рашид ад – Дин Д) А.Дженкинсон

Е) Рубрук

 

4. Есім ханның ең жақын жорық жырауы

А) Шалкиіз В) Сыпыра жырау С) Марғасқа

Д) Доспамбет жырау Е) Бұқар жырау

 

5. Абылай ханнның ақылшы биі

А) Үмбетей В) Бұқар С) Шалкиіз

Д) Жиенбет Е) Марғасқа

 

6. «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деп кім жазды?

А) Ромен Поллан В) Потанин С) Әбілғазы Д) Макдиси Е) Дулати

 

7. М.Х.Дулатидің еңбегі

А) «Тарих –и Рашиди» В) «Шежірелер жинағы» С) «Шыңғыснама»

Д) «Тарих» Е) «Жылнамалар жинағы»

 

8. «Шыңғыснама» тарихи шығармасының авторы

А) М.Х. Дулати В) Әбілғазы С) Ануш – Мұхаммед Д) Өтеміс қажы

Е) Қашқари

 

9. XVI-XVII ғасырлардағы қазақ – моғол қарым – қатынастарының тарихы баяндалатын еңбек

А) Тарих –и Рашиди» В) «Шежірелер жинағы» С) «Шыңғыснама»

Д) «Тарих» Е) «Жылнамалар жинағы»

 

10. XII-XV ғғ. Алтын Ордада қандай тіл ресми әдеби тіл болды?

А) араб В) парсы С) қыпшақ Д) ұйғыр Е) қытай

 

11. Шах Маххмуд Чоростың «хабары» не жөнінде әңгімеледі?

А) Қазақ – орыс қатынасы В) қазақ – моңғол қатынасы

С) қазақ – қытай қатнасы Д) қазақтардың Хиуамен күресі

Е) қазақтардың Коканмен күресі

 

12. Қыпшақ тілінде жазылған шығарма:

А) «Диуани – луғат ат - түрік» В) «Тарих – и Рашиди» С) «Кодекс куманикус»

Д) «Құдатғу білік» Е) «Диуани және Хикмет»

 

13. Қазақ тілі қашан өз алдына ұлттық тіл болып қалыптасты?

А) ХІ ғасырда В) ХІІ ғасырда С) ХІІІ ғасырда Д) XIVғасырда Е) XVғасырда

 

14. 1620 жылы жыраулардың ішінен қазақтың ойраттарды жеңгенін кім жырлады?

А)Доспамбет В) Бұқар С) Шалкиіз

Д) Жиенбет Е) Марғасқа

 

15. Халықтың шашқыншыларға қарсы күресі қай шығармада жырланған?

А) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» В) «Күлшеқыз» С) «Мақпал қыз»

Д) «Ер Тарғын» Е) «Қыз Жібек»

 

16. М.Дулатидің «Тарих – и Рашиди» атты ғылыми еңбегі қайтілде жазылды?

А) қытай В) қыпшақ С) парсы Д) моңғол Е) орыс

 

17. «Шыңғыснама» деген еңбектің авторы кім?

А) Қ.Жалаири В) Өтеміс қажы С) Әбілғазы Д) Макдиси Е) Дулати

 

18. «Шежірелер жинағы» деген еңбектің авторы

А) Қ.Жалаири В) Өтеміс қажы С) Әбілғазы Д) Макдиси Е) Дулати

 

19. М.Х. Дулати қандай тілдерді білген?

А) араб, парсы В) түрік С) қытай, парсы Д) моңғол, араб Е) орыс, қыпшақ

 

20. «Тарихи Абулхайыр – хани» деген кітаптың авторы

А) Усман Кухистани В) Әбілғазы С) Ануш – Мұхаммед

Д) Өтеміс қажы Е) Қашқари

 


Қорытынды

 

 

Адам баласының ғылыми дүниетанымын,көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының мәні зор.Дүниені,дүниедегі құбылысты,өзгерісті жан-жақты түсіну үшін өткен өмірімізді,тарих беттерінің өткен ерте кездегі кезеңдерін,ондағы құбылыстарды білуіміз керек. Тарихи оқиғаларда айтылған,жазылған күйінде қабылдамай,ғылыми тұрғыдан,дәлелденген түрде түсіну қабілетін дамытамыз.

Тарихи оқиғаларды жан-жақты дұрыс түсіну үшін әуелі ойлау,елестету,одан кейін фактілерді,оқиғаларды,жағдайларды ойша қорыту арқылы түсінік қалыптасады.

Оқу құралының көмегімен оқушының есте сақтау, логикалық ойлау,тарихи фактілерді жүйелеу,өз ойын еркін айту,салыстыру,дәлелдеу дағдылары арттады.Пәнге деген қызығушылығы дамып, оқушы өз бетімен ізденіп тақырыпты меңгеруге мүмкіндік алады.Ұсынылған кестелерді жеке,жұппен,топпен жұмыс істегенде тиімді қолдануға болады.

Оқу құралы Қазақстан тарихы бойынша оқу материалдарының мазмұны мен оларды игеру жолдарын жеңілдетіп,тиімділігін арттыра түседі деген ойдамыз.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 233; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты