Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Агротехникалық факторлар




Ауыспалы егістегі орны
Топырақты негізгі және себу алдында өңдеу
Тыңайтқыштар мөлшерін, енгізу мерзімін, тәсілдерін қолайландыру
Себу мерзімі, мөлшері, тереңдігі, тәсілдері
Суару режимін жетілдіру
Егістікті күтіп-баптау, үстеп қоректендіру, арамшөптермен, зиянкестермен, аурулармен күресу
Мол өнімді агроценоздың (егістіктің) параметрлері мен сипаттамалары
Көктеп шыққан өсімдіктер саны – 260-280 дана/м2
Ору алдындағы өсімдіктер саны – 240-260 дана/м2
Масақты сабақтар саны – 600-650 дана/м2
Түптенуі – 2,50-2,74 дана/өсімдік
Әрбір масақтағы дән саны – 28,8-32,5 дана
Әрбір масақтан түскен дән салмағы – 0,85-1,08 грамм
Мың дән салмағы – 33,4-40,8 грамм
Дән өнімі – 31,6-38,8 ц/га
Дән құрамындағы белок –12,5-13,8 %
Клейковина – 23,6-25,5 %

Тұқым өнгіштігін жақсартып, дақыл өскінінің әртүрлі экологиялық факторларға шыдамдылығын арттыру үшін тұқымды тәжді электр өрісінде өңдеу, бидай егістігін гибберсиб және АГРО-Л өсу реттегіштерімен өңдеудің мол өнімді агроценоз қалыптастыруға әсері зор. Күріш ауыспалы егісінің екі жыл күріш өсірілген танабына жаздық бидай орналастырып, себу алдында N90P90 кг/га ә.з. мөлшерінде тыңайтқыштар беріліп, түптену кезеңінің басында N30 кг/га дозасында үстеп қоректендірілгенде жоғары өнімді агроценоз қалыптасады. Оның негізгі параметрлері мен сипаттамасы төмендегідей: тұқым көктеп шыққандағы өсімдіктер саны 260-280 дана/м2, ору алдындағы өсімдіктер саны – 240-260 дана/м2, түптенуі – 2,50-2,74 дана/өсімдік, үйлесімді масақты сабақтар саны – 600-650 дана/м2, әрбір масақтағы дән саны – 28,8-32,5 дана, әрбір масақтан түскен дән салмағы – 0,85-1,08 грамм, мың дән салмағы – 33,4-40,8 грамм. Осындай егістік (агроценоз) 31,6-38,8 ц/га сапалы дән өнімін құрайды, яғни дәндегі белок мөлшері –12,5-13,8 %, клейковина – 23,6-25,5 % (1-кесте).
Нарықтық экономика жағдайында өнімнің экономикалық тиімділігін толық анықтау үшін жалпы және қосымша өнімнің бағалық көрсеткішін жан-жақты зерттеу керек, сондай-ақ олардың қосынды көрсеткіші агроэко-логиялық факторлардың (тыңайтқыштар мөлшері, енгізу мерзімі, тәсілдері, топырақты өңдеу, тұқым себу нормасы, т.б.) экономикалық тиімділігін анықтайды. Бұл көрсеткішті агроэкономикалық деп атауға болады.
Егіншілік Инженерлі дайындалған суармалы жерлерде күріш өсіру және күріш ауыспалы егісін игеріп, басқа дақылдар (мысалы, бидай) өсіргенде көп мөлшерде материалдық шығын мен еңбек жұмсалады. Дайындалған инженерлік-ирригациялық жүйелер мен инженерлі дайындалған суармалы жерлерге жұмсалынған шығындар 1970-1990 жылдары күріш өнімімен қайтарылған.Ауыл шаруашылығы дақылдарының, соның ішінде жаздық бидай өнімін арттыруда тез әсер ететін және ең тиімді фактор – минеральды тыңайтқыштар. Оның экономикалық тиімділігін анықтайтын негізгі көрсет-кіш – енгізілген әрбір өлшем немесе 1 кг ә.з. мөлшеріндегі тыңайтқыштың қосымша дән өнімімен қайтарымы.
Зерттеу нәтижелерімізге қарағанда, тек фосфор (Р60 кг/га) тыңайтқышы берілген нұсқада 1 кг ә.з. тыңайтқыш мөлшеріне есептелінген дән өнімі қайтарымы 3,8 кг/га болды. Азот+фосфор тыңайтқыштарын қосып, аз мөлшерде (N60P60, N90P90 кг/га ә.з.) және себу алдында берілген нұсқаларда жаздық бидайдың дән өнімі мен қайтарымы өсті, яғни 5,1-5,6 кг/га аралығындағы деңгейге жетті. Бұл белгіленген нормадан (4,8 кг/га) жоғары. Дән өнімі мен қайтарымының ең жоғары деңгейі азот тыңайтқышын бөлiп-бөлiп берген 5-7 нұсқаларда (N60P60 + N30 + N30 және N90P90 + N30 + N30 кг/га ә.з.) байқалды, яғни 8,3-9,5 кг/га болды. Бұл белгіленген тиімді нормадан 1,5-2 есе артық.Жаздық бидай (Қазақстан 10 сорты) егісіне берілген тыңайтқыштардың мөлшеріне, енгізу тәсіліне және қоректік элементтердің ара қатынасына байланысты дән өнімімен қайтарымы
Тыңайтқыштар мөлшері, енгізу тәсілдері, кг/га ә.з.
Тыңайтқыштар қолайлы да орынды деңгейде және тәсілде берілгенде, агротехниканың басқа шаралары уақтылы әрі сапалы жүргізілгенде алынған ең мол өнім аталған шаралардың тиімді болғанын дәлелдей бермейді. Сондықтан тыңайтқыш сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға, тиеп түсіру жұмыстарына, топыраққа (егістікке) енгізуге, басқа да технологиялық опе-рацияларға кеткен шығындар есептелінді. Сонымен бірге, алынған қосымша өнімді жинауға, тасымалдап өңдеуге, сатуға (өткізуге) жұмсалынған шығындарда есепке алынды. Экономикалық тиімділікті есептегенде, 1 гек-тардан түскен таза табыс (теңгемен), агротехникалық шараларды, мысалы, тыңайтқыштарды қолданғандағы қосымша шығындардың қайтарымы (теңге-мен) және 1 ц дәннің өзіндік бағасы (құны) анықталды
Есептелінген мәліметтерге қарағанда, ең тиімді экономи-калық көрсеткіштер, яғни жоғары деңгейдегі шарт табыс жаздық бидайдың Қазақстан 10 сорты бойынша 35,9-36,4 мың теңге, азот тыңайтқышын бөліп-бөліп берген 6-және 7-нұсқада (N90P60 + N30 + N30 және N90P90 + N30 + N30 кг/га ә.з.) байқалды. Осы нұсқалардағы 1 ц дәннің өзіндік құны 1145-1215 теңге (тыңайтқыш берілмеген бақылау нұсқасында 1299 теңге) болды. Ал, қосымша шығындардың қайтарымы жұмсалынған 1 теңгеге – 2,5-3,1 теңге аралығында болып, жаздық бидай дақылын инженерлі дайындалған суармалы жерлерде өсірудің экономикалық тұрғыдан тиімді екенін көрсетті. Жаздық бидай (Қазақстан 10 сорты) егісіне берілген тыңайтқыштардың мөлшері мен енгізу тәсілдерінің экономикалық тиімділігі Тыңайт-қыштар мөлшері және енгізу тәсілдері, кг/га
Сонымен, егіншілік саласын әртараптандыруға (диверсификациялауға) байланысты Арал өңіріндегі суармалы жерлердегі күріш, жемшөп, көкөніс ауыспалы егістеріне жаздық бидай енгізу, Қызылорда облысының Арал
Егіншілік ауданында көкөніс-бидай ауыспалы егісін игеру, Қызылқұм алқабындағы (Шардара маңында) инженерлі дайындалған суармалы жерлерде игеріліп жатқан мақта, көкөніс ауыспалы егісіне жаздық бидай енгізу, сөйтіп бұл бағалы дақылдың егіс көлемін 30-35 мың гектарға жеткізіп, әрбір гектардан 32-38 ц/га сапалы (дәніндегі клейковина мөлшері 23-25 пайыздан кем емес), яғни 144-152 мың тоннаға дейін дән өнімін алу экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан тиімді және маңызды шаруа болып саналады.
Бидайдың морфологиялық ерекшеліктері. Тамыр жүйесі шашақты, ұрықтық және түйін тамырларынан құралған.

Бидайдың ұрықтық тамырлары өсімдіктердің бүкіл өсіп-даму кезеңдерінің қоректенуіне қатысады, олар түйін тамырларынан (екіншілік) бұрын қалыптасады да өсіп-жетілуінің соңында 150 см және одан да тереңге бойлайды. Алайда жоғары өнімді тек қана жақсы дамыған түйін тамырлары есебінен алуға болады. Түйін тамырлары көктегеннен 12-18 тәуліктен соң пайда болады, олардың саны өсу жағдайлары мен сорттық ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Құрғақшылық жылдары түйін тамырлары түзілмеуі де мүмкін және бидайдың астық өнімі ұрықтық тамырлар арқылы қалыптасып 5-8 ц/га деңгейінен аспайды.

Сабағы – сабан (буынаралықтары 5-8), буынаралықтарының саны жапырақ санына сәйкес келеді. Сабаны қуысты, алайда қатты бидайда масақ асты паренхима жасушаларымен толтырылған, сондықтан тамырында тұрып қалғанда бүтін масақпен сынып кетуі мүмкін.

Жапырақтары – сызықты (линиялы), жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан құралған, қынаптың (қынының) тақтаға ауысар жерінде тілше (түссіз пленка), ал жапырақ қынабының негізінде сабақты орап тұратын сызықты құлақша немесе мүйізшелер болады. Ылғал сүйгіш формаларында, сонымен қатар көптеген қатты бидайларда жапырақтары ірі, құрғақшылыққа төзімділерінде – ұсақ болып келеді. Жаздық бидайда екі түрлі жапырақтар ажыратылады: тамыр түбі жапырақтары және сабақтық жапырақтар. Тамыр түбі жапырақтары жер асты түйіндерінен түзіледі, олардың саны 4-5, ал сабақтық-жер үсті бөлігінде қалыптасады. Тамыр түбі жапырақтары қорлық қоректік заттарды жинақтаушы қызметін атқарады да кейіннен тамыр жүйесінің дамуы мен масақтың түзілуіне шығындалады.

Сабақтың биіктеп өсуі мен сабақтық жапырақтардың қалыптасуында өсімдіктердің қоректенуі де сол қорлық қоректік заттардың есебінен жүреді, ал тамыр түбі жапырақтары бірте-бірте солып қалады. Жекелеген жапырақтардың тіршілік ұзақтығы 6-дан 16 тәулікке дейін созылады, бір мезгілде екі жапырақтан артық өспейді. Барынша өсіп-дамыған кезеңде жоғары өнімді қалыптастыруға қоректік заттар және ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгенде бидай өсімдігі оңтайлы жапырақ ауданын гектарына 35-40 мың м2 дейін ал ылғал жеткіліксіздігінде - 15-25 мың м2 қалыптастырады.

 

Жаздық бидайдың қоршаған орта факторларына талаптары Бидай тұқымының өне бастауына қажетті ең төменгі температура 1-2оС, алайда бастапқы өсуіне 4-5оС қажет, бірақ мұндай температурада өну және көктеу үрдістері өте баяу жүреді. Егін көгі – 6оС аязды (бозқырауды) көтереді. Алғашқы өсуі мен түптенуі топырақтың температурасы 10-12оС болғанда жақсы өтеді, мұның өзі өсімдіктердің жақсы тамырлануы мен түйін тамыр жүйесінің дамуына оң әсерін тигізеді.

Генеративті мүшелерінің (органдарының) дамуы мен гүлдену кезеңінде бидай температураға өте сезімтал. Бірқатар зерттеушілердің көрсеткеніндей, 12оС-дан төмен болғанда бидайдың тозаңдықтары дамымайды, 5оС-дан төмендегенде өсімдіктер ұрықтанбайды, ал 5-10оС-да ұрықтанғанмен эндосперм мен әсіресе ұрықтың өсуі өте баяу жүреді, дән қалыптасып үлгермей опат болады.

Бидайда жоғары температураны көтеруде үлкен айырмашылықтар бар. 38-40оС температураның үздіксіз әсерінен саңылаулардың (үстьицелердің) сал ауруы (каралич) әртүрлі сорттарында 10-17 сағаттан соң байқалады. Бидай гүлдену кезеңінде жоғары температураға топырақтағы ылғал қоры жақсы болғанда ғана шыдас береді. Жоғары температура ылғал жеткіліксіз болғанда бидай масағының босдәнділігіне ұрындырады.

Толысу кезеңіндегі - 1-2оС бозқырау өсімдік пен дәнді жарақаттайды (аяз ұрған дән).

Жұмсақ бидай сорттары бозқырауға қатты бидайға қарағанда төзімдірек. Түптену кезеңінде жұмсақ бидай – 5-8оС бозқырауды жеңіл көтереді, ал қатты бидай – 1-2оС температураның өзінде-ақ жарақаттанады.

Белсенді температура жиынтығы жаздық бидайда сорттарының пісу мерзіміне қарай 1500-1900оС аралығында өзгереді.

Ылғалды қажетсінуі. Жаздық жұмсақ бидай тұқымы құрғақ дән массасына есептегенде 50-60% мөлшерінде ылғал сіңіргенде өне бастайды. Ал қатты бидайға 5-7% артық ылғал қажет, өйткені оның құрамында ақуыз (белок) көбірек. Бір өлшем құрғақ зат түзу үшін ол өзінің ағзасынан 400-500 өлшем су буландырады немесе транспирация коэффиценті 400-500-ге тең.

Жаздық бидай өсіп-даму кезеңдерінде ылғалға жоғары талап қояды, алайда оны пайдалануы біркелкі емес:

барлық қажетті ылғалдың көктеу кезеңінде - 5-7%;

түптенуде -15-20%;

түптену–масақтануда – 50-60%;

сүттене пісуде – 20-30%;

балауызданып піскенде – 3-5% жұмсалады.

Жаздық бидайдың ылғалға барынша көп қажетсінуі, немесе «қиын-қыстау» кезеңі түптену-масақтану, басқаша айтқанда, репродуктивтік мүшелерінің (органдарының) пайда болу кезеңдерінде байқалады. Бұл кезеңдегі топырақтағы ылғал тапшылығы бидай дәнінің қалыптасуы мен толысуына теріс әсерін тигізеді де егін өнімін күрт төмендетеді. Оңтайлы мерзімде себілгенде жаздық бидайдың «қиын-қыстау» кезеңі, ауа-райының барынша қолайлы уақытында өтеді. Бидайдың әртүрлі мерзімде пісетін сорттарының ылғалға талаптары бірдей емес: ылғалға жоғары талап қоятын және құрғақшылыққа төзімді сорттары ажыратылады. Құрғақшылыққа барынша төзімді сорттарына өсіп-дамуының алғашқы кезеңдерінде баяу қарқынмен өсіп, масақты баяу қалыптастыратындары жатады. Олар әдетте Солтүстік Қазақстан аймағында болатын жаздың бірінші жартысындағы құрғақшылықты жақсы көтереді, әрі олар қарқынды өсіп-даму кезеңінде түсетін жаздың екінші жартысындағы ылғалды тиімді пайдаланады. Олар негізінен ортадан кеш және кеш пісетін сорттар болып табылады

 

 

Сурет 10. Бидай. 1,2,3 – жұмсақ: егін көгі мен гүлдену кезеңдерін-дегі өсімдіктер, масақша; 4,5,6 - қатты, сондай; 7 – жапырақ пен сабанның қосылуы; 8 – дәннің көлденең қимасы: а – ұрық, б-эндосперм, в–жеміс және тұқымдық қабықтар, г-айдары; 9 – өсу кезеңдері; 10 – ұннан дайындалған нан: а - әлсіз, б - орташа қуатты және в - қуатты бидайдан


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 306; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты