КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
КЕМІРГІШТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫКеміргіштер сүтқоректілер класының (Маmmalіе) ерекше тобын құрайды. Соңғы классификацияға (жіктеуге) сәйкес олар екі отрядқа - кеміргіштер (Rodentіа) мен қоянтәрізділерге (Lagomorрһа) бөлінеді. Казақстанда кеміргіштер отрядының 15 тұқымдасына енетін 82 түрі кездеседі, ал қоянтәрізділер отрядының 2 тұқымдасына қояндар мен шақылдақтар жататын өкілдер мекендейді. Кеміргішгер дене тұрқы жағынан алғанда шағын сүтқоректілерге жататын жануарлар. Олардың ең кішкентайы - салмағы 5 г тартатын малютка тышқаны, ал үлкені - ұзындығы 1 м, салмағы 30 кг - құндыз. Бұл екі отрядқа жататын жануарлардың күрек тістері жақсы дамыған. Күрек тістерінің тамыры болмайды да, олар үнемі өсіп отырады. Күрек тістері қатты эмальмен жабылған және олар қажалмайды, ал басқалары жұмсақтау келетін дентиннен тұрады. Кеміргіштерде жыртқыш тістер болмайды. Күрек тістер мен азу тістер ортасындағы бос жерді диастема дейді. Осы белгілері арқылы оларды басқа ұсақ сүтқоректілерден, мысалы, бунакденелілер мен жыртқыштардан ажыратуға болады. Негізі кеміргіштер өсімдік қоректі жануарлар. Олардын азықтық рационында бунакденелілердің, балықтардың, бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және ұсақ сүтқоректілердің үлесі аз. Кеміргіштердің әртүрлі жерлерді: тундраны, орманды, даланы, шөл шөлейтті жерлерді, тігіті жыл бойы қар жататын тау бөктеріндегі тастарды да мекендейді. Көптеген түрлерінің ареалы үлкен территорияларды қамтиды, ал үй тышқаны мен сұр егеуқүйрық барлық жерлерде кездеседі. Кеміргіштердің көптеген түрлері ауыл шаруашылығы дақылдарына, жеміс және орман ағаштарына, жайылымдықтарға және қоймадағы жем қоры мен азық-түліктерге үлкен зиян келтіреді. Ауыл шаруашылығы өндірісіне ең кауіптілеріне аламан, тиіндер, қаптесерлер түқымдастарына жататын кеміргіштер кіреді. БҰҰ ФАО мекемесінің жүргізген санағы бойынша, бүкіл дүние жүзінде 1951 жылы қаптесерлер мен егеуқүйрықтар 150 млн. адамдарды камтамасыз ететін, қоймадағы сақтаулы азык-түліктерді жойып жіберген. Неміс мамандарының мәліметтері бойынша, Германияның шошқа фермаларында егеуқүйрықтар жемнің 20% ояды. Америка ғалымдарының есебіне сәйкес, Нью - Иорк қаласында кейбір жылдары егеуқүйрықтар саны 10 млн. жетіп, олар азық-түліктің 5-10% -ін құртады немесе жарамсыз етеді.Кеміргіштер әртүрлі эпидемиялық ауруларды да таратады. Олар адамдар жейтін азық-түліктерді және ішетін суларды ластайды. Кеміргіштерден, кенелерден, сонымен қатар тек кан соратын бунакденелілер арқылы адамдарға мынадай аурулар тарайды: оба, тулямерия, жұқпалы сары ауру, әр түрлі сүлік аурулары, безгек ауруының кейбір түрлері, трихиндер, нематодалар. Кеміргіштердің кейбір түрлері үй жануарларына ауысып, сібір күйдіргісі, бруцеллез, қүстың холера және басқа ауруларын таратады. Сонымен қатар, егеуқұйрықтар жындану ауруларын таратады.
|