Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Саршұнақтармен куресу шаралары




Саршұнақтармен күресу шараларының негізгі мақсаты - олардың зияндылығын төмендету. Шаруашылық жағдайында әртүрлі зиянкес кеміргіштердің биологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, оларды кешенді шаралар арқылы жойып отыруға болады.1 гекгар астық дақылдары егістігінде 5 кеміргіш болса, отамалы дақылда 3-5, ал егістіктерден 500 м кашықтықтағы жайлымдықтарда саны 10 данадан көп болғанда оларға қарсы жою шараларын жүргізу тиімді болып саналады.

Механикалык тәсіл. Зиянкес кеміргіштерді жою үшін механикалық тәсіл де кең қолданылады. Көктемде саршұнақтар оянғаннан соң олардың тік індеріне төңіректегі сай-салаларда, шұңқырларда іркілген қар суын құйып, оларды құртуға болады. Кейінірек қар суы таусыла бастағанда саршұнақтарды арнаулы қақпандар және тұзақпен ұстаған тиімді.

Агротехникалык тәсіл. Саршұнақтар мекендейтін егістіктердегі жолдардың екі жағындағы бос жерлерді жыртып, содан соң сол жерлерді қайтара бірнеше рет тырмалау қажет. Жол бойындағы арамшөптер жойылғаннан соң саршұнақтар бұл жерлерді қоныстай алмайды. Тың көтерген кезде алқапта жол калдырмай тегіс жыртуға ерекше көңіл бөлген жөн. Саршұнақтардың егінге түсуіне орман алқаптарын отырғызу да едәуір кедергі болады.

Биологиялык тәсіл. Қазақстанда саршұнақтарды жою үшін әр түрлі бактериялық препараттар сынақтан өтсе де, бірақ жоғары нәтижеге қол жеткізілмеді. Жырткыш андар мен құстардың көптеген түрлері саршұнақтармен қоректенеді. Олар кеміргіштерді мүлдем жойып жібермесе де, олардың әрекеті кеміргіштер санының шамадан тыс көбеюіне кері әсерін тигізеді. Мысалы, бір дала күзені жыл бойы 200-ге жуық саршұнақтармен қоректенеді. Ал дала бүркіті, кезқүйрык, қаршыға, дала құладыны, ақсары үкі, жапалақ сияқты жыртқыш құстар кеміргіштердің санын күн сайын 10-500 данаға дейін азайтады.

Әсіресе дала бүркітінің тигізетін пайдасы зор. Ол жаз айларында негізінен саршұнақгармен қоректенеді. Маман ғалымдардың мәліметі бойынша (Толебаев және басқалар. 1987) бүркіттің бір жұбы 2 шаршы километрлік учаскені мекендейтін саршұнақтардың санын 14 пайызға дейін кемітеді.

Химиялық тәсіл. Улы еліктіргіш жемді мейлінше нығыздап, тапталған немесе асфальт төселген, не бетондалған, көлемі 100 шаршы метрлік алаңшаларда дайындалады. Оны дайындау үшін күнбағыс майы, жемдік сұлы пайдаланылады.Саршұнақтар үшін фосфид мырышты еліктіргіш дайындау үшін 100 кг сұлы дәніне жұмсалатын күнбағыс майының мөлшері 4 л, фосфид мырышы - 15 кг. Глифторлы еліктіргішті дайындау үшін 100 кг дәнге жұмсалатын глифтордың мөлшері саршұнақтар үшін 2л; су мөлшері оның температурасына байланысты, 10°С болса 10 л, 10-12°С болса 15 л, 20°С-тан жоғары болса 20 л. 100 кг құрғак дәнге жұмсалатын күнбағыс майының мөлшері 1-1,5 л.

Бродифакум - ұнтақ препарат. Саршұнаққа қарсы шара үшін бродифакум қосылған сұлы дәні (100 кг дәнге 3 кг препарат) пайдаланылады.

Саршұнақтарға қарсы улы еліктіргіш жем РПГ-100 немесе РОП-1 маркалы арнаулы шашқыш арқылы автомобил немесе басқа көліктерден, шашылады, жаяу кісі де қолма-қол шаша алады. Бұл жүмысқа НРУ 0,5 маркілі тыңайтқыш шашқышты немесе қайта жабдықталған жүгері сеялкасын да пайдалануға болады. Улы жемнің тиімді шығын мөлшері

1 гектарға 0,5 кг. Ал саршұнақтардың 1 гектар жердегі саны 30 дана шамасынан асқан жағдайда, бұл шығын мөлшерін 1 кг дейін көбейту керек.

Ойлы-қырлы, кедір-бұдырлы жерлерде және егістіктерде улы жемді шашу, жұмысшылар саны 20 адамнан аспайтын бригада атқара алады. Ол үшін ішінде улы жемі бар бидон немесе шелек, сонымен катар металдан жасалған өлшеуіш пайдаланылады. Бригада мүшелері ара қашықтықты 5-12 метрден өлшеп алып, қатар түзеп- алға қарай жүреді де жол жөнекей әр төмпешікке немесе ұяға 20 г улы жем шашады. 1 гектарға жұмсалатын фосфид мырыштың мөлшері 2 кг.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 173; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты