Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кіші саршұнақ – Citellus pygmaeus Pallas, 1778




Сыртқы пішіні. Саршұнақтардың ішіндегі ең кішкентайы. Дене тұрқы 17,0-21,0 см, салмағы 300-400 г, құйрығы қысқа 3-4 см). Реңі сұр, арқасында теңбілдері бар, бауыры ақшыл-сары.

Таралуы және сан мөлшері. Еуропада Днепрден бастап, Қара теңіз бен Кавказ тауларына дейін таралған. Казақстанда Атырау Батыс Казақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Қарағанлы облыстарында кездеседі. Кең таралған бұл саршұнақтың әр облыста сан мөлшері де әр түрлі. Әсіресе, Батыс Казақстан аймағында оның қоры мол (1 гектарға 40-60 саршұнақтан келеді). Басқа аймақтарда оларды 1 га жерде 8-10 данаға дейін кездестіруге болады.

Биологиясы. Сортаң топырақты келген жусанды даладағы жайылымдық жерлерді, жол бойында және егіс маңында қоныстанғанды ұнатады. Шөбі аласа, жазық жерлерде ін қазып, соны бірнеше жыл бойы қатарынан пайдаланады. Күні бойы азық іздейді. Негізгі қоректері - өсімдіктер. Жабайы өсетін шөптердің 60 түрімен қоректенеді. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан - бидай, жүгері, тары, сұлы, қарбыз, асқабақ, қырыкқабаттармен де қоректенеді. Құмырсқалармен, қоңыздармен және жұлдызқұрттармен де қоректене береді. Кіші саршұнақ қысқы ұйқыға қыркүйек - казанда кетіп, наурыз - сәуір айларында оянады. Ұрғашылары көктемде індерінен шыққан соң шағылысуға кіріседі. Ұрғашы саршұнақ 26 күн буаз болып, 4-5 қызылшақа, көзі ашылмаған, соқыр тышқан туады. Бала тышқандардың салмағы 60-80 грамға жеткенде, өздері ін қазып, жеке тіршілік етуге бейімделе бастайды.

Кіші саршұнақтың жаулары - сары күзен, дала қыраны, жаман- сары, қара құс, түз құладыны. Оның денесінде бүргелер (Neopsylla setosa, Ceratophllus tesgnorum), кенелер (Jxodes redicozevi, Phipicerhalus schulzei),ішкі органдардың паразит құрттары (Arduenna rutassi) көптеп кездеседі. Сондықтан да бұл кеміргіштердің оба және тулямерия жұқпалы ауруларын таратуға қатысы бар.

Шаруашылық маңызы. Егістіктерге, жайылымдықтарға зор зиянын тигізетін кеміргіштер. Ін қазу арқылы жер қыртысын қопарып оның құнарлылығын төмендетеді. Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиянын тигізетін бұл саршұнақтармен күресудің бірден-бір жолы оларды көктемде бағалы терісі үшін аулап түру. Қазіргі зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде, республикамызда бұл аңның жылына 10 миллионға дейін терісін дайындауға болатынын көрсетеді.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 305; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты