Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Аптесер – Mus muscules Zinnaeus, 1958




Сырқы пішіні.Дене түрқы 100 мм аспайтын ұсақ кеміргіш, салмағы 10,5-31,0 г. Реңі сұр-қоңыр, бурыл-қоңыр болып келеді.

Таралуы және сан мөлшері.Адамдардың көмегімен дүние жүзіне таралған. Қазақстанда қаптесерлер барлық жерлерде кездеседі. Сан мөлшері көп.

Биологиясы.Үйлерде, үй маңайындағы құрылыстарда және табиғи жағдайда тіршілік ете береді. Дала және шөлді аймақтарда өзен және көлдердің жағаларын мекендейді. Тіршілігінің негізгі ерекшелігі - маусымдық қоныс аударуы болып табылады. Көктемде үйлер мен кұрылыстардан далаға, бау-бақшаларға, егіс, көкөніс алқаптарына, күзде қайтадан құрылыска қайтып оралады. Үйлерде кабырғаны, еденді кеміріп, ін қазады. Негізгі тіршілігі түнде өтеді. Азығы тіршілік еткен ортасына байланысты. Үйлерде немесе астық қоймаларында мекендейтіндері нан мен астықты қорек етеді. Табиғи ортада өмір сүретіндері ауыл шаруашылығы дақылдары мен жабайы өсімдіктердің тұқымдарымен қоректенеді. Қысқа аздап азық жинайды, қысқы ұйқыға кетпейді.Қаптесерлер жыл бойы көбейе береді. Үйлерде, құрылыс алаңшаларында қыс айларында да өсіп жетілсе, ал далада бұл процесс тек жылдың жылы кезінде ғана өтеді. Қазақстанның солтүстігінде шағылысқаннан кейін 20 күн өткеннен соң 5-тен 14- ке дейін, оңтүстігінде 1-ден 11-ге дейін бала туады. Жаулары - барлық жыртқыш құстар мен аңдар. Қаптесерлер денесінде кенелер, бүргелер, паразит құрттар, кокцидиялар кездеседі. Сондықтан да олардың тулярямия, оба және т.б. ауруларды таратуға қатысуы ықтимал.

Шаруашылық, маңызы. Тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығы дақылдарына, үй мен коймаларға үлкен зиян тигізеді. Түрлі індеттер таратады. Жыртқыш андар мен құстардың негізгі қорегі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 101; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты