Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зорман – Citellus fulvus Lichtenstein, 1823




Сыртқы пішіні. Саршұнақтардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 23,0-37,0 см, салмағы 700-1600 г. Арқасының реңі құм түстес. сары-қара, қоңырлау болып келеді, бауыры ашық сарғылт.

Таралуы және сан мөлшері. Жайық өзенінен бастап, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда, Орта Азияда, Солтүстік Иранда жөне Ауғанстанда таралған. Ол Атырау , Батыс Қазақстан облыстарынан бастап Іле өзеніне дейінгі аралықта жатқан шөл және шөлейтті өңірлерді мекендейді. Зорман әсіресе, Ақтөбе (ЬІрғыз, Қарабұтақ аудандары), Қостанай (Аманкелді, Жанкелді аудандары), Қарағанды (Жезді,Ұлытау аудандары), Алматы (Жамбыл, Қарасай аудандары) облыстарында өте көп таралған. Жамбыл облысында Қордай, Шу, Меркі, Құлан және Мойынқұм аудандарында бұл кеміргіш көптеп кездеседі.

Биологиясы. Негізгі мекені - сазды топырақты шөлді қоныстар, құмды төбелер, шөлейтті жазықтар. Мал фермаларының маңайын, жол мен арық, сай-сала жиектерін мекендеуді ұнатады. Қоныстарында тұрақты тіршілік етеді.Тұрақты және уақытша тұратын індері болады. Жатағынан таңертеңгілік және кешкілік мезгілдерде шығып жайылады. Негізінен шөптесін өсімдіктердің 30-40 түрімен қоректенеді. Олардың ішінде бағалы азықгық шептер - бидайық, бетеге, жусан, жабайы жуа, изен және т.б. бар. Сондай-ақ зорман құрғақшылық жылдары түрлі қоңыздарды, шегірткелерді, құмырсқаларды және бунакденелілердің тағы басқа түрлерімен қоректенеді.Зорман қыста ұйқыға кететін кеміргіш, ал құрғақшьшық жылдары жазда да ұйықтайды.Батыс және Орталық Қазақстанда қысқы ұйқыдан наурыз айының екінші жартысында тұрса, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда ақпанның аяғында оянады. Көктемде бірақ рет шағылысқан соң 30 күннен кейін 1 ден 9-ға дейін бала туады. Жалаңаш, соқыр, жәрдемсіз зорманның туылғандағы салмағы 15 г, денесінің ұзыңдығы 60 мм болады, 10 күннен кейін жүні денесін жабады.22 күннен кейін көздері ашылады; 25 күнде зормандар інінен шығады.Бұл саршұнақтың жаулары - сасық күзен, шұбар күзен, түлкі, қарсақ, қасқыр, жамансары, тілеміш, қарақұс, бүркіт, кезқүйрық жөне т.б. жыртқыш хайуанаттар. Денесінде үй жануарларына және адамға ауру тарататын кенелердің 9 түрі кездеседі.

Шаруашылык маңызы. Зорман ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкесі. Ол бидай, қара бидай, арпаны, қарбыз, қауын, жүзім отырғызылған жас ағаштарды кеміріп, зақымдайды. Зорман саршұнақтар ішіндегі ең ірісі және терісі өте құнды кеміргіш болып саналады. Оны кәсіптік жолмен аулау наурыз-сәуір айларында өтеді. Республикамызда жыл сайын орта есеппен 450-500 мың зорман терісі дайындалады.Әрине, бұл көрсеткіш мүмкіншіліктен көп төмен. Ғалым мамандардың есебі бойынша Қазақстанда бұл аңның жылына 1,0-1,5 миллиондай бағалы терісін дайындап тұруға болады. Ол үшін аңшылық шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру мәселесін шешу қажет-ақ. Оның терісінен әйелдер мен балалардың сырт және бас киімдері тігіледі. Бүл аңның сондай-ақ, еті мен майы да сапалы.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 343; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты