КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кәдімгі өрмекші кене – Теtranychus urticae Koch.Акариформдылар (Асаriformes) ортядының өрмекші кенелер (Теtrаnусһіdае) тұқымдасына жатады. Өте кең таралған, әсіресе Қазақстаннын оңтүстігінде мақтаға және басқа дақылдарға қатты зиян келтіреді. Солтүстік аймақтарда жылыжайларда өсірілетін өсімдіктерді зақымдайды. Аналық кененің дене пішіні сопақша,ұзындығы 0,43 мм, түсі сұрғылт-жасыл немесе сарғылт-жасыл, жазда бүйір жақтарында қара дақтары бар, қысқа біркелкі сарғылт-қызыл болады, перитремнің соңғы бөлімі бұтақталмаған, 4 камералы. Еркегінің артқы жағы бірден кілт сүйірленген, ұзынша (ұзындығы 0,28 мм) болады. Жұмыртқасы шар тәрізді, жасыл реңді мөлдір, диаметрі 0,14 мм, ұрықтың даму барысында күңгірттене келе, дернәсілдер шығар алдында құлпырған інжу тәрізді түске көшеді.Кәдімгі өрмекші кене - өсімдіктердің әр түрлі тұқымдастарына жататын 200-ден астам түрлерімен қоректене алатын көп қоректі зиянкес. Әсіресе мақта, соя, картоп, бұршақ, бүлдірген, қызылша, алма және коптеген бақша дақылдарына зиян келтіреді.Ұрықтанған аналык кенелер мақта егістіктерінде, танаптар аралығындағы басқа учаскелерде, арық бойында және жол жағаларында жерге түскен жапырақтардың, басқа да өсімдік қалдықтарының, топырақ түйірлері мен кесектерінің, ағаш қабығының астында және т.б. жерлерде қыстайды.Көктемде, тәуліктің орташа жылылыгы 7-10°С-ға жеткенде кенелер қысқы ұйқыдан оянып, алғашқыда жабайы өсімдіктер мен ағаш-бұталардың жапырақтарын мекендейді де, кейіннен мақтаға немесе басқа дақылдарға көшеді. Жұмыртқаларын сол өздері қоректенген жапырақтарға бір-бірлеп салады және сонымен катар мекендеген жапырақтарының астыңғы бетін өте жіңішке өрмек жіпшелермен шырмап тастайды. Әр аналык кененің өсімталдығы 100-120 жұмыртқаға жетеді. Кененің бір генерациясының дамуы жаз айларында 10-12 күнге созылады. Оның дамуы үшін ең қолайлы ауа температурасы 29-31°С, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы -35-55%. Оңтүстік Қазақстан облысында бір жылда 15 генерация беріп дамиды.Кенелер мен олардың дернәсілдері дақылдар жапырақтарының астыңғы бетінде шоғырлана колония құрып тіршілік етеді. Қатты зақымданған жапырақгардың түсі қоңырқайланып, курап қалады. Өсімдіктер жапырақтары кенелердін зақымдауынан қызғылт-қоңыр түске айналып, одан соң қурай бастайды. Жапырақтарының түсіп қалуы және зат алмасу процесінің бұзылуы салдарынан өсімдік гүлдері түсіп қалады, ал мақта кауашақтарының салмағы кеміп, талшықгарының сапасы төмендейді.Кәдімгі өрмекші кененің тіршілігі жылытылатын жылыжайларда ерекше дамиды. Ұрықтанып диапаузаға кеткен аналық кенелер жылыжайлар мен парниктердің касегі жарықтарында, сабаннан немесе қамыстан жасалған төсеніштерде, өсімдік қалдықтарының астында қыстап шығады. Олардың реактивация кезеңі 0 - 10°С дейінгі температурада 45-60 күнге созылады, яғни қиярдың тұқымын себу немесе көшетін отырғызу кезінде кенелер өсіп- жетіліп, көбеюге қабілетті болады. Қысқы жылыжайларда өрмекші кененің алғашқы 4-5 ұрпақтары қысқа күн (ақпан-сәуір айлары) жағдайларында тіршілік етеді. Күндізгі жоғары температураның (23- 25°С) әсеріне байланысты популяцияның көпшілік бөлігі күннің қысқалығын сезбей, дамуын жалғастыра береді.Ал жылыжайдың температурасы 23°С төмен болатын салқындау жағын мекендеген аналык, кенелердің біраз бөлігі (16-38%) қысқа күннің әсерінен есімдіктерді тастап, диапаузаға көшеді. Реактивизациядан кейін олар өсімдіктерге қайта келіп, көбейе бастайды. Сондықтан қыс кезінде жылыжайларда кенелерге қарсы күрес тәсілін ұйымдастыруда олардың алғашқы ошақтарын дер кезінде тауып алып, алғашқы ұрпақтың аналық тарын жою шешуші роль атқарады. Егер осы кезенді өткізіп алып, кенелер популяциясының жартысына жуығы қысқы диапаузаға кетіп үлгірген болса, онда барлық вегетациялық кезең бойы зиянкестен құтылу қиынға соғады. Себебі диапаузаға кеткен ұрғашы кенелер басқаларына қарағанда акарицидтердің улы әсеріне төзімді келеді. Өрмекші кене әсіресе қияр, қауын, асқабақ, қабақша дақылдарына қатты зиян келтіреді де қызылша, шпинат, аскөк, балдыркөк, ақжелкен, бұрыш, қызанақ өсімдіктерін аз дәрежеде зақымдайды. Ал пияз бен сарымсаққа және қырыққабатқа ешқандай зиян келтірмейді. Күрес шаралары. Ауыспалы егісті ендіру және дақылдар егу кезегінің ретін сақтау, егістік танаптарды және олармен шектес арық бойы, жол жағаларында арам шөптерді жою, өнімді жинап алған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазалап, терең етіп сүдігер жырту.Ерте көктемде (наурыз, сәуір айларында) өрмекші кенені жою үшін егістердің айналасындағы арам шөптерді (1 шаршы метр жерге келетін кененің саны 20 данадан асқанда) нитрофеннің 65% пастасымен (40-75 кг/га+1000л су) бүрку қажет.Кенелерге карсы екінші, үшінші және одан кейінгі жою шаралары кезінде мынадай препараттарды қолдануға болады: аполло, 50% с.к. (0,4-0,6л/ға), актеллик, 50%к.э.(0,3-1,5л/га), Би-58, 40%к.э. (1,5-2,5л/га), вертимек, 1,8% к.э. (0,3л/га), данитол, 10% к.э. (1,0-1,5л/га), золон, 35% к.э. (2,0-3,0л/га), неорон,50% к.э.(1,5- 2,0л/га). Жұмсалатын жұмыстық сұйықтықтың мөлшері 600 л/га.Жабық жерлерде өнімді жинап алғаннан кейін өсімдіктерді және сонымен қатар жылыжайдың ағаштан жасалған бөліктерін 40% формалин ерітіндісімен (2,5 л/га) және инсектоакарицидтердің біреуінің қоспасымен бүрку шараларын жүргізу қажет. Инсектоакарицидтердің төмендегі біреуін пайдалануға болады: актеллик, 50% к.э. (1,0-1,5 л/га), кельтан, 18% к.э. (2,0-4,0 л/га). Бұдан соң жылыжайды өсімдік қалдықтарынан ұқыпты тазалап, жоғарыда көрсетілген коспа ерітіндісімен екінші рет бүрку керек. Бұл бүркуді күкіртті (1 текше метрге 50 г мелшеріндей) жақкан кезде бөлінетін күкіртті газбен түтіндету тәсілімен алмастыруға болады. Өрмекші кененің алғашқы ошақтары пайда болған кезде фитосейлюсті жіберу (50 зиянкеске 1 жыртқыш есебінен) немесе битоксибацилиннің ерітіндісін (15-20 кг) бүрку. Ал кененің кобеюі II балдық дәрежеге жеткенде мына препараттардың бірімен өндейді: актеллик, 50% к.э. (0,3-1,5л/га), кельтан, 18% к.э. (2,0- 4,0л/га), омайт, 30% с.ү. (2,5-3,0 кг/га), омайт, 57% к.э. (1,5- 2,0л/га), коллоидтық күкірт немесе күкірттің 80% с.ү. (2-4 кг/га).
|