КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Британдық галла (беріш) түзуші нематода – Meloidogyne britanika Goel.Түрлі терілі нематодалар гетеродерид (Heteroderidae) тұқымдасына жатады. Кззакстанда британдық галла нематодасы алғаш 1983 ж. Павлодар және ІІІығыс-Қазақстан облыстарында бидай, арпа және сұлы егістерінде кездескен. Бұл нематодада жыныс диморфизмі жақсы байқалады. Аналық особьтары пішіні бөтелке немесе алмұрт тәрізді, ұзындығы 0,4-19 мойны ұзын, осы бөлікте ауыз тесігі орналасады. Денесі калың иілгіш кутикуламен жабылған, түсі ашық. Аталықтары құрт тәріздес, ұзындығы 1,0-2,0 мм, түсі реңсіз, жақсы қозғалады. Денесінің бас жағы тарылып, құйрығы бүгілген. Британдық галла нематодасының аналықтары ұсак беріштер түзеді. Олар бидайдың тамырына бас жағымен еніп, денесі сыртқы ортада - топырақта орналасады. Аналықтары 400 ден 2500 дейін жұмыртқа салады. І-ші жастағы дернәсілдер жұмыртқа ішінде дамиды. Топырақтың 15 см тереңдігінде температура 13-16 °С жеткенде ІІ-ші жастағы дернәсілдер активтеніп, жас тамырға еніп қоректенеді. Беріш нематодасы өсімдіктің өскін кезеңінде жас тамырларымен қоректеніп үлкен зиян келтіреді. Дернәсілдер ферменті әсерінен олардың бас жағында тамырда 4-6 үлкен клеткалар пайда болады. Осы клеткалармен олар кезектесіп коректенеді. ІІ-ші жастағы дернәсілдердің дамуы 3 аптаға (22-24 күнге) созылады да кейін олар екінші рет түлеп, ІІІ-ші жастағы дернәсілге айналады. Шығыс-Қазақстан облысы жағдайында беріш нематодасы жылына бір ұрпақ беріп, дамуы 90-96 күнге созылады. Британ галла нематодасымен залалданған дәнді дақылдар жапырақтары уақытынан бұрын сарғайып солады, өсімдіктің бойы қысқа, сабақтары жіңішкеріп, масақтары жетілмейді, дәндері семіп, тамыр жүйесі нашар дамып, көптеген жіңішке және қысқа тамыршадан тұрады. Күрес шаралары. Британдық беріш нематодасынан астық тақылдарын сақтау үшін ауыспалы егісті сақтау қажет. Мысалы, қара бидай, жоңышқа, картоп, бұршақ, үрме бұршақ және т.б. бұл фитогельминтпен залалданбайды. Сонымен қатар егістікті өсімдік калдықтарынан тазарту. Астық дақылдарын органикалық және минералды тыңайтқыштарға микроэлементтерді (мыс, марганец, бор) қосып қоректендіру. Тұқымды себудің алдында топыраққа нематицидтерді енгізу.
|