Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


КЕНЕЛЕРДІҢ ДАҚЫЛДАРДЫ ЗАҚЫМДАУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЬІЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ




Кенелер Асагі класс тармағына, өрмекші тәріздес Агасһnidа класына, хелицера-Сһеlісеrаtа тип тармағына және буынаяқтылар- Аrthropodа типіне жатады. Бұлар өте ұсақ, көбінесе микроскопиялық жануарлар, денесінің жекеленген бөлімшесін гнотосома дейді, ол жерде ауыз бөліктері жиналған. Басқа өрмекші тәріздестерге қарағанда кенелердің сегменттері бір бірімен жақсы қосылған. Кенелердің постэмбриональдық дамуы басқа өрмекші тәріздестерге карағанда метаморфозбен өтеді. Дернәсілдердің нимфалар мен ересектеріне карағанда аяқтарының бір жұбы кем, яғни үш жұп аяқтары бар.Кенелер әр түрлі жерлерде тіршілік етуге жақсы бейімделген. Олар қына мен мүк өскен жерлерде, орман төсеніштерін мекендейтін жануарлар популяциясының 70-80 пайызын құрайды, ал кейбір топырақты мекендейтін түрлерінде олардың саны буынаяқтылар фаунасының 95 пайызына дейін жетеді. Көл, тоған, теңіз және мұхит суларының өзіндік кенелер фаунасы бар. Кенелердің кейбір түрлері жанартаулардың ыстық жақтарында өмір сүруге бейімделген. Өсімдік органдары мен тканьдары кенелер үшін бас сауғалар баспанаға айналуы да мүмкін. Олардың өсімдік және жануар әлемімен қоректену байланысы әр түрлі болып келеді.Кенелердің практикалық маңызы өте зор. ХХ-шы ғасырдың соңғы 50 жылы ішінде кенелер жан-жақгы зерттеле басталды; зоологияның бір бөлімін акарология деп атайды. Кенелердің маңызы әр түрлі. Олар адамдар мен жануарлардың ден саулығына үлкен зиян келтіреді. Кенелердің көптеген түрлері инфекциялық кауіпті ауру қоздырғыштарын өз бойында сақтап, сонымен қатар ауруды басқа организмдерге жұқтырады. Мысалы, иксод кенелері көктемгі - жазғы орман энцефалиті вирусын, ал аргас кенелері созылмалы сүзектің стерохеттерін таратады.

Кенелердің өсімдіктермен қоректенетін көптеген түрлері ауыл шаруашылығы дақылдарының қауіпті зиянкестері. Мысалы, кәдімгі өрмекші кенеге қарсы күрес шаралары дұрыс жүргізілмеген жағдайда, мақта дақылының өнімі 25-30 пайызға дейін кемиді. Бүл зиянкес көконіс дақылдарының өнімін жылы жайларда да едәуір кемітеді.

Кейбір тетраних кенелері (қоңыр жеміс, долана және басқ.) алма бақтарының өнімін 56 пайызға, ал шетелдік зерттеушілердің деректері бойынша, АҚШ -та алма өнімін тіпті 65 пайызға дейіп кемітеді екен. Алмұрт беріш кенесінің зияндылығы нәтижесінде, бұл бағалы дакылдың өнімі 90 пайызға дейін жойылып кетеді. Бүлдірген кенесі жидек өнімдерін 40-70 пайызға кемітеді.

Бүршік кенесі қара қарақат өсірілетін дүние жүзінің барлық аймақтарында өте қауіпті зиянкес болып саналады. Бұл зиянкестің зияндылығынан вегетациялық кезең кезінде өндірістік маңызын жоғалтқан, зақымдалған дақыл бұталарын жұлып тастауға тура келеді.

Кенелер өсіп тұрған нитрус, жүзім және басқа дақылдарға да зиянын тигізеді.Қамба кенелері қоймаларда сақтау кезінде астық, ұн, жарма және басқа азық түрлерін зақымдайды. Тұқымдық дәннің ұрығы кенелердің зақымдауы нәтижесінде өзінің өнгіштік қасиетін едәуір төмендетеді. Кенелер зақымдаған ұнның дәмі мен иісі бұзылып, оның нан пісіру сапасы күрт нашарлайды. Кенемен қатты зақымдалған ұнды пайдаланғанда адамның ас қорыту қабілеті бұзылады.Бұндай өнімдерді малдарға жем ретінде беруге болмайды.Кенелердің арасында өсімдік зиянкестерімен қатар, басқа да өсімдік қоректі кенелер мен жәндіктердің санын реттей алатын жыртқыш кенелер де бар. Бұған фитосеиид, стигмеид және басқа түқымдас кенелер жатады. Мысалы, (фитосейлюс кенесі (Рһуtoseiulus persimilis Ath.-Henr.) жылы жайларда кәдімгі өрмекші

кенені жою үшін кеңінен пайдаланылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 242; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты