КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бағалау туралы есеп нысанына қойылатын талаптар
15. Бағалау туралы есепке қосымша мыналарды қамтиды: 1) тексерілген күні, осы кезде қатысып отырған бағалаушының, тапсырыс берушінің және/немесе меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген бағалау объектісін тексеру актісін қамтиды және жоғарыда көрсетілген адамдардың қолы қоюы арқылы куәландырылады, бағалау объектісі қаржылық мүдде немесе басқа да материалдық емес бағалау объектілері болып табылатын жекелеген жағдайларда тексеру актісі талап етілмейді; 2) мынадай: айқындалатын құнды есептеуді жүргізуге және есепке сараптама жасау кезінде ұқсас нәтижелерге әкелуге мүмкіндік бере отырып, бағалау объектісі жан-жақты сипатталатын; қағаз тасымалдағышта көрсетуге болатын және бағалаушының мұрағатында бес жыл бойы сақталатын есептің данасына қоса берілетін дерек көзге нақты сілтемелермен расталған маңызды ақпарат; 3) бағалау стандарттарына сәйкес құнын есептеуді жүргізу негізделетін, қолданылатын амалдар мен тәсілдердің қысқаша сипаттамасы. 16. Титул парағынан басқа, бағалау туралы есептің парақтары беттері бойынша нөмірленеді, тігіледі және бағалауды жүргізген бағалаушылар әр бетіне қол қояды, бұл ретте факсимилені пайдалануға жол беріледі. Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және дара кәсіпкер болып табылатын бағалаушы жасаған есепке ол қол қояды және оның жеке мөрімен куәландырылады. Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлғаның есебіне бағалаушы (бағалаушылар) қол қояды, заңды тұлғаның басшысы бекітеді және мөрмен куәландырылады. 17. Шартта белгіленген тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес бағалау туралы есеп мынадай шарттар сақтала отырып орындалады және тапсырыс берушіге электронды түрде беріледі: 1) жіберілген есеп бағалаушыда қатаң дискіде есептердің электрондық базасында және көшірмесі лазерлі дискіде сақталады; 2) есеп автордан басқаға тапсырыс берушінің келісімімен, оған өзгерістер енгізуден есепті сенімді қорғауға мүмкіндік беретін форматта беріледі; 3) мұрағатта қағаз тасымалдағыштағы данамен есепті жіберушінің электронды мекенжайы, есепті берген оператордың тегі, аты, әкесінің аты, қабылданған күні мен уақыты туралы мәліметтері бар файлдардың басып шығарылғандары, сондай-ақ тапсырыс берушінің есепті алғанын растайтын ақпарат тігілуі тиіс; 4) егер тапсырыс берушіге электронды тасымалдағышта есепті беру қажет болған жағдайда, электрондық есеп бағалаушыда электронды цифрлық қолтаңбасы болған кезде ғана Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте бағалаушының мұрағатында тапсырыс берушінің осы есепті қабылдағаны туралы қолбелгімен қағаз тасымалдағыштағы есептің нұсқасы сақталуы тиіс.
Өз-өзiн бақылау сұрақтары:
1. Бағалау туралы есепке қандай қосымша бар?
2. Бағалау туралы есептің мазмұнына қандай талаптар қойылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
17. Закон Республики Казахстан от 30.11.2000 № 109–II «Об оценочной деятельности в Республике Казахстан» «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оценочной деятельности» от 09.11.2009 № 197– 4 Альжанова Ф.Г. Рынок технологий в условиях глобализации: институты и механизмы развития Казахстана – Алматы, 2007, - 18 с.
18. Стандартты оценки Республики Казахстан Утвержден приказом Министра юстиции Республики Казахстан
|