Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сөйлесу бөлімі 5 страница





Көлденеңінен:

1.Показывать

2.Считать

3.Показатели

4.Обязанность

5.Проводники

6.Связь

7.Промышленность

8.Линии

9.Оборудование

10.Напряжение

Тігінен:

1.Предприятия

2.Параметры

3.Потребители

4.План

5.Ответвление

6.Соединять

7.Оформиться

8.Известный

9.Комплекс

10.Требование

11.Система


 

 

3-сабақ

Грамматикалық тақырып: Етістіктің райларын қайталау.

Лексикалық тақырып: «Электр станса түрлері. Жылу электр стансасы.»

Электр стансасы дегеніміз электр энергиясын қайратын өндіретін өнеркәсіп кәсіпорыны. Қазақстанда және басқа да эқономикасы дамыған ірі елдерде энергияның негізгі көлемі жылу стансаларда (ЖЭС) өндіріледі. Онда жағылған органикалық отынның химиялық энергиясын пайдаланады. Органикалық отынмен істейтін негізгі жылу электр стансалар- бу шығырлы электр стансалар. Олар тек электр энергиясын өндіретін шықтық және электр мен жылу энергиясын қатар өндіретін жылу орталығы болып бөлінеді. Бу шығырлы электр стансалар бір қондырғыда орасан үлкен қуатты шоғырлауымен (300, 500, 800 және 1700 МВт) салыстырмалы жоғары тиімділігімен, оларды салғанда қаржы жұмсалудың және салу уақытының аздығымен өзгешеленеді.

Бу шығырлы ЖЭС – ның негізгі жылу қондырғылары бу қазаны мен бу шығыры. Қуатты бу қазандарында қатты отын ұнтақталып тозаң түрінде, ал сұйық отын (мазут) шашыратылып тамшы түрінде жағылады.

Iрі электр стансаларда қуатты бу қазаны мен бу шығыры энергетикалық құрама (блок ) құрайды. Әрбір құрама қазан, шығыр, электр өндіргіш және жоғарлататын трансформатордан тұрады. Жылу электр орталығы (ЖЭО) жылу энергия – (тәсілдемелік бу және ыстық су) тұтынушыларға жақын салынады.

 

 

ТАПСЫРМАЛАР

1. Мәтін бойынша төміндегі сұрақтарға жауап беріңдер.

 

 

1. Неліктен біз жылу электр стансасына көңіл бөлеміз?

2. Тұтынушылар қай энергия түрін пайдаланады?

3. Электр стансасы деп нені атаймыз?

4. Энергияның негізгі көлемі қай электр стасалар түрлерінде өндіріледі?

5. Қандай органикалық отын түрлерін білесіңдер?

6. Бу шығырлы электр стансалардың тиімділігі туралы айтып беріңдер?

7. Сұйық отын қай түрінде жағылады?

8. Қатты отын қай түрінде жағылады?

9. Құрама неден тұрады?

10.ЖЭО неге тұтынушыларға жақын салынады?

 

 

2. Берілген сөз тіркестерін аударыңыз.

Электр энергиясы, электр стансасы, дамыған ірі елдер, органикалық отындар, жылу электр стансалар, өнеркәсіп кәсіпорны, жылу орталығы, үлкен қуаттылық, жоғары тиімділік, бу қазандары, сұйық отын, тозаң түрінде, ірі электр стансалар, ыстық су, энергетикалық құрама, қаржы жұмсалу, тамшы түрінде, бір қондырғыда, қатты отын үнтақталады.

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ

Етістіктің райлары- Наклонения глагола. Рай категориясының негізі – етістіктегітістің болмысқа, шындыққа қатынасы туралы сөйлеушінің түсінігі. Сондықтан рай категориясы ең әуелі сөйлеушінің іс пен болмыс арасындағы қатынасы туралы түсінігін көрсететінмодальды грамматикалық категория болып саналады. Форма наклонения выражает отношение действия обозначаемого глагола к действительности. Етістіктің райларының түрлері: 1. Бұйрық рай – повелительное наклонение Істің бұйрық мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады. Етістіктің бұйрық рай түрі іс-әрекеттің екінші жаққа немесе екінші жақ арқылы үшінші бұйыра айту мағынасын білдіреді. Форма повелительного наклонения выражает побуждение к действию – просьбу, приказ. Бұйрық райлы етістік ІІ, ІІІ жақта айтылады. Бұйрық рай жалғаулары: І жақта -айын, -ейін; -айық, -ейік; ІІ жақта --------------; -ыңдар/-іңдер, -ңдар/-ңдер; -ыңыз/-іңіз, -ңыз/-ңіз; -ыңыздар/-іңіздер; -ңыздар/-ңіздер; ІІІ жақта -сын, -сін; Бұйрық райдың болымсыз түрі етістіктің негізіне -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнағы арқылы жасалады. 2. Ашық рай – Изъявительное наклонение Істің, қимылдың, қозғалыстың белгілі уақытта істелгендігін, істеліп жатқандығын я істелетіндігін және оның істеушісін (субьектісін) көрсете құбылуын етістіктің ашық райы деп атайды. В русском и казахском языках изъявительное наклонение отличается от остальных тем, что оно имеет только формы времени т. е. изъявительное наклонение обозначает действие, которое происходит, происходило и будет происходить. Ашық рай үш жақта болады: келер шақ, өткен шақ, осы шақ. В образовании форм времени активное участие принимают причастные, деепричастные суффиксы, чего нет в русском языке.

3.Төмендегі етістіктерді ашық райға айналдырып, жіктеңіз және сол етістіктерді болымсыз түрде жіктеңіз. Орыс тіліне аударыңыз.

Өндіру, көру, жағу.

 

4.Мәтіндегі етістіктерді бұйрық райға қойып, мәтінді оқыңыз.

 

5.Мәтіннің соңындағы үш сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.


ТЕСТ


1. Электр энергетикасының қайратын өндіретін қай өнеркәсіп кәсіпорны болып табылады?

А) су қоймасы;

В) электр стансасы;

С) тоқыма онеркәсібі;

Д) тігін кәсіпорны;

Е) тасымалдау кәсіпорны;

 

2. Энергияның негізгі көлемі қайда өндіріледі?

А) жылу электр стансаларда;

В) кен байыту комбинатында;

С) оқу орнында;

Д) спорт кешенінде;

Е) баспа орталығында;

 

3. Қазақстан қай елдер қатарына енуге ұмтылады?

А) қарапайым;

В) дамымаған;

С) дамыған;

Д) ежелгі;

Е) артқа шегінген;

 

4. Жылу электр стансаларда қандай отын пайдаланады?

А) бейорганикалық;

В) органикалық;

С) изотермиялық;

Д) кернеулік;

Е) кедергілік;

 

5. ЖЭС жағылған отынның қандай энергиясын пайдаланады?

А) физикалық;

В) математикалық;

С) органикалық;

Д) химиялық;

Е) бейорганикалық;

 

 

6. Электр мен жылу энергиясын қатар өндіретін қандай орталығы болып табылады?

А) жылу;

В) спорт;

С) оқу;

Д) даму;

Е) өсу;

 

7. Жылу электр стансалардың түрін атаңдар?

А) тоқыма;

В) жүзу;

С) кептіру;

Д) қатыру;

Е) бу шығырлы;

 

8. Бу шығырлы электр стансаның қуаттылығының ең жоғарғы көрсеткішін атаңдар?

А) 350 МВт;

В) 1700 МВт;

С) 1000 МВт;

Д) 950 МВт;

Е) 2500 МВт;

 

9. Бу шығырлы ЖЭС-нда пайдаланатын сұйық отын түрін атаңдар?

А) мазут;

В) мұнай;

С) газ;

Д) бензин;

Е) май;

 

10. ЖЭС-ның жылу энергиясы не арқылы тұтынушыларға жетеді?

А) көмір;

В) тәсілдемелік бу және ыстық су;

С) мұнай және оның өнімдері;

Д) газ;

Е) мазут.


 

«Электр станса түрлері» тақырыбы бойынша кроссвордты шешіңдер.

 

                                             
                                             
                                           
                                             
                                             
                                             
                                               
                                             
                                           
                                               
                                             
                                               
                                           
                                               
                                               
                                           
                                             
                                               
                                             
                                               
                                               

 


Көлденеңінен:

1.Составной, сборный.

3.Слишком, очень.

4.Приём, способ.

6.Ряд, строй, шеренга.

8.Промышленность.

10.Жидкий.

11.Производительный.

12.Топливо.

13.Потребитель.

16.Рассыпать, разбрызгивать.

 

 

Тігінен:

1.Сильный, энергичный.

2.Верх, высоко, высокий.

5.Большой.

6.Сила, энергия, мощь.

7.Предприятие.

8.Производить.

9.Близко.

13.Пылб.

14.Капля.

15.Горячий.

 


 

 

4-сабақ

Грамматикалық тақырып: Етістікті қайталау. Келер шақты қайталау.

Лексикалық тақырып: «Трансформаторлар».

Трансформатор дегеніміз бір кернеудегі айнымалы тоқты сол жиіліктегі айнымалы токтың екінші кернеуіне түрлендіретін статикалық электрмагниттік аппарат. Трансформаторлар іс жүзінде электр энергиясын үлкен қашықтыққа беру, энергияны қабылдағыштар арасында тарату үшін және әртүрлі түзеткіш, күшейткіш т.б. құрылғыларға кеңінен қолданылып отыр.

Трансформаторлар болат магнит өткізгішіне орнатылған екі оқшауламаланған орамадан тұрады. Электр энергиясы көзінің желісіне қосылған ораманы біріншіреттік орама, ал энергияны қабылдағыштарға беретін ораманы екіншіреттік орама деп атайды. Әдетте бірінші және екіншіреттік орамалардың кернеулері бірдей болмайды. Егер біріншіреттік кернеу екіншіреттік кернеуден аз болса, онда ондай трансформаторды жоғарылатқыш, ал керісінше болса онда - төмендеткіш трансформаторлар деп атайды. Кез келген трансформаторды әрі төмендеткіш, әрі жоғарылатқыш трансформатор ретінде қолдануға болады.

 

ТАПСЫРМАЛАР

1.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

 

  1. Трансформатор дегеніміз не?
  2. Ток түрлерін атаңдар?
  3. Трансформаторларды қайда қолданады?
  4. Трансформаторлар неден тұрады?
  5. Нені біріншіреттік орама деп атаймыз?
  6. Нені екіншіреттік орама деп атаймыз?
  7. Әдетте орамалардың кернеулері бірдей бола ма?
  8. Қандай трансформаторларды жоғарылатқыш трансформатор деп атайды?
  9. Қандай трансформаторларды төмендеткіш трансформатор деп атайды?
  10. Кез келген трансформаторды әрі төмендеткіш, әрі жоғарылатқыш ретінде қолдануға бола ма?

 

    1. Мәтіндегі бар етістіктердің құрамын анықтаңдар да, бірінші абзацтағы сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

 

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ

Етістік-Глагол Келер шақ-Будушее время. Келер шақ іс-әрекет, қимылдың, сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатындығын білдіреді. Етістіктің келер шағы үш түрлі болады: 1. Болжалды келер шақ (предположительное будушее время) Жұрнақтар: -ар, -ер, -р; 2. Мақсатты келер шақ (достигнутое будушее или будушее цели) Жұрнақтар: -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек; -шы, -ші; 3. Ауыспалы келер шақ (переходное время) Жұрнақтар: -а, -е, -й.

 

3. Берілген етістіктерді келер шақтарда (ауыспалы түрі, болжалды түрі, мақсатты түрі) жазып жіктеңдер.

Жату, жұмыс істеу, тасымалдау.

 

4. Туынды етістіктер қай жұрнақ арқылы жасалып тұрғанын көрсетіңдер.

Ақылдасу, қателесу, атау, түнеу, ағару, теңеу, әзірлеу, қысару, тістеу, ойлау, шаңдау, анықтау, мейрамдау, амандасу, азаю, хабарлау, бағалау, билеу, іздеу, жақсару, тазалау, басқару, өзгеру, өркендеу.

 

ТЕСТ


  1. Бір кернеудегі айнымалы токты сол жиіліктегі айнымалы токтың екінші кернеуіне түрлендіретін статикалық электрмагниттік аппаратын атаңдар:

А) тұрақтандырғыш;

В) трансформаторлар;

С) тоқтатқыш;

Д) өткізгіш;

Е) вольтметр;

  1. Токтың түрін атаңдар:

А) айнымалы;

В)тұрақсыз;
С) өтетін;

Д) тоқымалы;

Е) иірілген;

  1. Трансформаторлар қолданылмайтын құрылғыларды атаңдар:

А) түзеткіш;

В) күшейткіш;

С) түрлендіргіш;

Д) таратқыш;

Е) кептіргіш;

4. Трансформаторлар іс жүзінде нені үлкен қашықтыққа беру, тарату үшін қолданылады?

А) электр өлшегішін;

В) электр түрлендіргішін;

С) электр энергиясын;

Д) электр мөлшерін;

Е) электр күшейткішін;

5. Трансформаторлар неден тұрады?

А) тараудан;

В) судан;

С) отыннан;

Д) орамадан;

Е) ағаштан;

6. Трансформатор неше оқшауламаланған орамадан тұрады?

А) екі;

В) үш;

С) төрт;

Д) алты;

Е) бір

7. Электр энергиясы көзінің желісіне қосылған ораманы қандай орама деп атайды?

А) екіншіреттік;

В) біріншіреттік;

С) үшіншіреттік;

Д) төртіншіреттік;

Е) алтыншыреттік;

8. Электр энергияны қабылдағыштарға беретін орамыны қандай орама деп атайды?

А) екіншіреттік;

В) біріншіреттік;

С) үшіншіреттік;

Д) төртіншіреттік;

Е) алтыншыреттік;

9. Әдетте бірінші және екіншіреттік орамалардың кернеулері бірдей болама?

А) болады;

В) болуға тиіс;

С) болмайды;

Д) әр қашан болады;

Е) білмеймін;

10. Жоғарылатқыш сөзіне антоним сөзін табыңдар.

А) күшейткіш;

В) өлшегіш;

С) сулатқыш;

Д) төмендеткіш;

Е) өткізгіш.


 

 


«Трансформаторлар» тақырыбы бойынша кроссвордты шешіңдер

 

                                       
                                         
                                         
                                         
                                   
                                         
                                       
                                         
                                       
                                     
                                     
                                         
                                       
                                         
                                       
                                         
                                       
                                         
                                       
                                         
                                       
                                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 135; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты