Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сөйлесу бөлімі 6 страница





КӨЛДЕНЕҢІНЕН

1. Повышающий напряжение

2. Если будет

3. Обмотка

4. Трансформаторы

5. Большой

6. Структура

7. Понижающий напряжение

8. Сопротивление

9. Мощность

 

ТІГІНЕН

1. Работа

2. Изолированная

3. Напряжение

4. Разный

5. Расстояние

6. Применять

7. Понижающий напряжение

8. Распространять

9. Провод

10.Сила



5- сабақ

Грамматикалық тақырып: Зат есімді қайталау

Лексикалық тақырып: «Электр өлшеу құралдарының түрлері».

Электр өлшеу құралы деп электр өлшеулерін жүргізуге арналған мөлшерленген қателіктері бар техникалық құралдарды айтады. Өлшеуіш аспаптарды олардың атқаратын міндетіне өлшенетін токтың тегіне, жұмыс жасау принципіне, дәлдік класына, сыртқы пішініне, өлшеу кезіндегі қалпына, колдану өзгешелігіне байланысты бөлінеді.

Өлшеу құралдарының төмендегідей түрлері бар:

өлшемдер – берілген мөлшері бар физикалық шаманы көрсету үшін қолданылатын өлшеу құралдары. Мысалы, өлшеуіш кедергі катушкасы, конденсатор, гір өлшемдер жиынтығы- әр түрлі мөлшері бар біраттас шамаларды көрсету үшін қолданады. Мысалы: кедергілер магазині, сыйымдылықтар магазині.

Электр өлшегіш аспаптар – тікелей бақылауға келетін өлшеу информациясын жасайтын өлшеу құралы, мысалы, амперметр, вольтметр, ваттметр т.б.

Мөлшері кіші тоқтарды өлшеу үшін гальванометрлер, микроамперметрлер, ал мөлшері аз кернеулерді өлшеу үшін милливольтметрлер, микровольтметрлер қолданылады.

Өлшеу түрлендірігіштері - әрі қарай жіберуге, түрлендіруге, өндеуге немесе сақтауға лайықты, бірақ тікелей бақылауға келмейтін өлшеу информациясын жасайтын өлшеу құралы.

Өлшеу құралы былайша бөлінеді : 1) электрлік шамаларды түрлендіретін мысалы, шунттар, кернеу бөлгіштері, өлшеуіш трансформаторлар; 2) элекрлік емес шамаларды электрлік шамаларға түрлендіретін, жылуэлектрлік термометр индуктивтік түрлендігіштер.

Электр өлшеу қондырғылары – бір жерде орналастырылған бірнеше өлшеу құралдарынан (өлшемдер, өлшеу аспаптары, өлшеу түрлендіргіштері) және көмекші жабықтардан тұрады.

 

 

ТАПСЫРМАЛАР

1.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Электр өлшеу құралдары деп нені атаймыз?

2.Өлшеуіш аспаптардың атқаратын міндетіне байланысты қалай бөлуге болады?

3.Өлшеуіш аспаптарды неге байланысты бөледі?

4.Өлшеу құралдарының түрлерін атаңдар?

5.Гальванометр мен микроамперметр арқылы қандай токтарды өлшеуге болады?

6.Милливольтметр, микроамперметрді не үшін қолданады?

7.Өлшеу түрлендіргіштер не істеуге лайықты, ал не істеуге лайықсыз?

8.Өлшеу құралы қалайша бөлінеді?

9.Электр шамаларды түрлендіретін құралдарды атаңдар?

10. Электр өлшеу қондырғылары неден тұрады?

 

2. Берілген сөз тіркестерді аударыңдар.

Физикалық шаманы көрсету, электр өлшеу құралы, өлшеу кезіндегі қалпы, кедергілер магазині, тікелей бақылау, сақтауға лайықты, микровольтметрлер қолданылады, былайша бөлінеді, бір жерде, электрлік шамаларға түрлендіретін, көмекші жабдықтардан тұрады, электр өлшегіш аспаптар, жұмыс жасау принципі.

 

3.Мәтіндегі зат есім сөздердің құрамын анықтаңдар.

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ

Заттың иеленуші үш жақтың біріне меншікті екенін білдіретін жалғау тәуелдік жалғау деп аталады.

В казахском языке существует притяжательная форма, которая показывает принадлежность данного предмета или явления первому, второму, третьему лицу (или предмету).

Сөздің тәуелденуі екі түрге бөлінеді: - оңаша тәуелдеу;

- ортақ тәуелдеу.

Тәуелдік жалғауардың жалғану тәртібі:

І жақ - м, -ым/-ім, -мыз/-міз, -ымыз/-іміз;

ІІ жақ - ң, -ың/-ің,

-ңыз/-ңіз, -ыңыз/-іңіз;

ІІІ жақ -сы/-сі, -ы/-і.

 

4.Берілген сөздерге тәуелдік жалғауларды қосып, жіктеңдер.

Конденсатор, өлшегіш, аспап.

 

ТЕСТ


1.Электр өлшеулерін жүргізуге арналған мөлшерленген қателіктері бар техникалық құралдары қалай аталады?

А) сату құралы;

В) электр өлшеу құралы;

С) оқу құралы;

Д) жазу құралы;

Е) электр өткізу құралы;

2. Өлшеуіш аспаптар атқаратын міндетіне байланысты неменеге бөлінбейді?

А) өлшенетін токтың тегіне;

В) жұмыс жасау принципіне;

С) дәлдік класына;

Д) өлшеу кезіндегі қалпына;

Е) салмағын өлшеу түріне;

3. Берілген мөлшері бар физикалың шаманы көрсету үшін қолданылатын өлшеу құралын атаңдар?

А) өлшемдер;

В) қондырғылар;

С) кедергі магазині;

Д) кедергі катушкасы;

Е) конденсатор;

4. Өлшемдер түрлерін атаңдар?

А) таразы;

В) электрмагнит;

С) вольтметр;

Д) ток өткізгіш;

Е) резистр;

5. Электр өлшегіш аспаптарына не жатпайды?

А) амперметр;

В) вольтметр;

С) омметр;

Д) мегометр;

Е) жылытқыш;

 

 

6. Мөлшері кіші токтарды өлшеу үшін қандай электр өлшегіш қолданылады?

А) мегавольтметр;

В) гальванометр;

С) макровольтметр;

Д) ваттметр;

Е) мегаметр;

7. Мөлшері аз кернеулерді өлшеу үшін қандай электр өлшегіш қолданылады?

А) гальванометр;

В) микроамперметр;

С) ваттметр;

Д) миливольтметр;

Е) омметр;

8. Өлшеу түрлендіргіштері не істеуге лайықты емес?

А) электр энергиясын жасауға;

В) әрі қарай жіберуге;

С) түрлендіруге;

Д) өңдеуге;

Е) сақтауға;

9. Өлшеу түрлендіргіштері не істеуге лайықты?

А) тікелей бақылауға;

В) электр енергиясын жасауға;

С) түрлендіруге;

Д) тоқтатуға;

Е) токты өткізбеуге;

10. Өлшеу құралдарына не жатпайды?

А) шунттар;

В) қозғалтқыш;

С) кернеу бөлгіштері;

Д) өлшеуіш трансформаторлары;

Е) электрлік емес шамаларды электрлік шамаларға түрлендіретін түрлендіргіштер.


 

 


«Электр өлшеу құралдарының түрлері» тақырыбы бойынша кроссвордты шешіңдер.

                                                         
                                                         
                                                           
                                                           
                                                           
                                                         
                                                           
                                                       
                                                       
                                                         
                                                         
                                                         
                                                           
                                                         
                                                           
                                                           
                                                           
                                                           
                                                         
                                                         

                                                       
       

                                               
                                                           
                                                           
                                                         
                                                           
                                                                                                           

 

Көлденеңінен:

1.Оборудование

2.Распространять

3.Если будет

4.Измерять

5.Один

6.Микровольтметры

7.Шунты

8.Единица измерения мощности

 

 

Тігінен:

1.Гальванометры

2.Сопротивление

3.Электрический

4.Микроамперметры

5.Конденсатор

6.Размер

7.Подходящий

9.Внешний

10.Работа

11.Прибор для измерения температуры



Қорытынды бөлім

6- сабақ

Бақылау жұмысы.

1 нұсқа

1. Көп нүктенің орнына қажетті септеуліктердің, жалғаулықтардың не демеуліктердің бірін қойыңыз.

Арман ... , Әйгерім ... , Ләззат ... жақсы оқиды. Арман ... Әйгерім сабаққа бірге дайындалады. Ермек сабаққа дайындалмайды, ... жалқау. ... оның жақсы оқығысы келсе, ... ол көп дайындалу керек.

2. Берілген етістіктерді бұйрық райға ауыстырып, жіктеңдер: түрлендіру, пайдалану, өлшеу.

3. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңдар.

Они будут читать электросхемы. Ты будешь электромеханником. Вы завтра будете отдыхать.

4. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

 


1. Құрылмалық істелінуі бойынша электр тораптары қалай бөлінбейді?

А) ауалық желілер;

В) кабельдік желілер;

С) кернеу көрсеткіші;

Д) ішкі таратылымдар;

Е) сыртқы таратылымдар;

2. Ток түрі бойынша электр тораптары қалай бөлінеді?

А) қалалық тораптар;

В) айнымалы және тұрақты ток тораптары;

С) ауалық желілер;

Д) кәсіпорындар торабы;

Е) ауылдық тораптары;

3. Өлшеу түрлендіргіштері не істеуге лайықты?

А) тікелей бақылауға;

В) электр енергиясын жасауға;

С) түрлендіруге;

Д) тоқтатуға;

Е) токты өткізбеуге;

4. Әрбір торап немен сипатталады?

А) көрсетілген кедергімен;

В) көрсетілген кернеумен;

С) көрсетілген қуатпен;

Д) көрсетілген күшімен;

Е) көрсетілген жылдамдығымен

5. Электр мен жылу энергиясын қатар өндіретін қандай орталығы болып табылады?

А) жылу;

В) спорт;

С) оқу;

Д) даму;

Е) өсу;

 

6. Жылу электр стансалардың түрін атаңдар?

А) тоқыма;

В) жүзу;

С) кептіру;

Д) қатыру;

Е) бу шығырлы;

7. Бу шығырлы ЖЭС-нда пайдаланатын сұйық отын түрін атаңдар?

А) мазут;

В) мұнай;

С) газ;

Д) бензин;

Е) май;

8. Мөлшері кіші токтарды өлшеу үшін қандай электр өлшегіш қолданылады?

А) мегавольтметр;

В) гальванометр;

С) макровольтметр;

Д) ваттметр;

Е) мегаметр;

9. Бу шығырлы электр стансаның қуаттылығының ең жоғарғы көрсеткішін атаңдар?

А) 350 МВт;

В) 1700 МВт;

С) 1000 МВт;

Д) 950 МВт;

Е) 2500 МВт;

10. Мөлшері аз кернеулерді өлшеу үшін қандай электр өлшегіш қолданылады?

А) гальванометр;

В) микроамперметр;

С) ваттметр;

Д) миливольтметр;

Е) омметр.


2 нұсқа

1. Көп нүктенің орнына қажетті септеуліктердің, жалғаулықтардың не демеуліктердің бірін қойыңыз.

Мен қазақ тілін көктемнен ... оқып жүрмін. Мен оны өзім ... оқимын. Бүгін бізде кесте ... қазақ тілі сабағы жоқ. Оны мұғалім ... білдім. Жұмысы өте ауыр ... .

2. Берілген етістіктерді бұйрық райға ауыстырып, жіктеңдер: бөлу, бақылау, жеткізу.

3.Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңдар.

Я буду работать на заводе. Он будет ремонтировать электроприбор. Мы будем хорошими электриками.

4. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

 


1. Электр өлшеулерін жүргізуге арналған мөлшерленген қателіктері бар техникалық құралдары қалай аталады?

А) сату құралы;

В) электр өлшеу құралы;

С) оқу құралы;

Д) жазу құралы;

Е) электр өткізу құралы;

2. Берілген мөлшері бар физикалық шаманы көрсету үшін қолданылатын өлшеу құралын атаңдар?

А) өлшемдер;

В) қондырғылар;

С) кедергі магазині;

Д) кедергі катушкасы;

Е) конденсатор;

3. Бір кернеудегі айнымалы токты сол жиіліктегі айнымалы токтың екінші кернеуіне түрлендіретін статикалық электрмагниттік аппаратын атаңдар:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 185; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты