Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тігінен




1.Длина

2.Присоединяющий

3.Тепловой

4.Постоянный

5.Приборы

6.Народ

7.Круглый

8.Лампы

9.Присоединяться

 


 

4- сабақ

Грамматикалық тақырып: Зат есімді қайталау

Лексикалық тақырып: «Электр қозғаушы күш (ЭҚК)».

Тұйықталған тізбектегі электр тогы энергия көзінің электр қозғаушы күші әсерінен ағады. Тізбекте ток жоқ болған жағдайда да, яғни тізбек ажыратылған кезде де энергия көзінде электр қозғаушы күші пайда болады. Тізбекте ток жоқ болған жағдайда да ЭҚК энергия көзінің қысқыштарындағы потенциалдар айырымына тең. Потенциалдар айырымы сияқты, ЭҚК вольтпен (В) көрсетіледі.

Тұйықталған электр тізбегінде де, ажыратылған тізбекте де ЭҚК энергия көзінің қысқыштарындағы потенциалдар айырымын үзбей тұрады. Тұйықталған тізбекте ток үздіксіз ағуы үшін энергия көзі ішіндегі зарядтар қозғалысы электр өрісі күшінің әсеріне қарамақарсы бағытталған болуы керек. Зарядтардың мұндай қозғалысы сырттан берілген күштердің әсерінен болады.

ЭҚК бар екендігіне көз жеткізу үшін энергия көзінің полюстеріне жалғастырушы өткізгіш сымдар орнына вольтметр деп аталатын аспапты қосса болғаны. Ол кезде вольтметрдің нұсқама тілі (стрелкасы) белгілі бір бұрышқа ауытқиды.

Энергия көзінің ЭҚК көп болған сайын вольтметр нұсқама тілінің ауытқуы да солғұрлым көп болады.

Бірақ вольтметр төменде көрсетілетіндей, ЭҚК көрсетпейді, ол ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді көрсетеді. Кернеу ЭҚК сияқты вольтпен (В), киловольтпен (кВ), милливольтпен (мВ) өлшенеді.

 

ТАПСЫРМАЛАР

 

1.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

 

  1. ЭҚК қалай оқылады?
  2. Тұйықталған тізбектегі электр тогы ненің әсерінен ағады?
  3. ЭҚК бар екендігіне көз жеткізу үшін не істеу керек?
  4. Энергия көзінің ЭҚК көп болған сайын не көп болады?
  5. Вольтметрдің нұсқама тілі белгілі бір бұрышқа ауытқуы нені білдіреді?
  6. ЭҚК немен өлшенеді?
  7. Тұйықталған тізбекте ток үздіксіз ағуы үшін не болуы керек?
  8. Потенциялдар айырымы немен көрсетіледі?
  9. Тізбек ажыратылған кезде энергия көзінде ЭҚК пайда бола ма?
  10. Тізбекте ток жоқ болған жағдайда энергия көзінде ЭҚК пайда бола ма?

 

 

  1. Мәтіндегі зат есімдердің құрамын анықтап, белгілеңдер.

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ

Сөзге жіктік жалғауының жалғанып түрленуі сөздің жіктелуі деп аталады. Жіктік жалғау показывает, что представляют собой данные предметы (кем, чем он является). Қазақ тілінде зат есімдерге де, есімдіктерге де, сын есімдерге де, сан есімдерге де, үстеулерге де, етістіктерге де жіктік жалғаулары жалғанады.  
жақ Есім сөздердің жіктелуі Етістіктің жіктелуі
І   -бын/-бін, -пын/-пін, -мын/-мін, -быз/-біз, -пыз/-піз, -мыз/-міз; -бын/-бін, -пын/-пін, -мын/-мін, -м, -быз/-біз, -пыз/-піз, -мыз/-міз; -қ,
ІІ -сың/-сің, -сыз/-сіз, -сыңдар/-сіңдер, -сыздар/-сіздер, -ң, -ңыз/-ңіз, -ңдар/-ңдер, -ңыздар/-ңіздер,
ІІІ жалғау жоқ   -ды/-ді, -ты/-ті.

 

  1. Берілген сөздерді жіктеңдер: Маман, бақылаушы, жөндеуші.

 

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ

  Сөйлем мүшелері – Члены предложения Тұрлаулы сөйлем мүшелері – Главные члены предложения 1) Бастауыш – Подлежащее; 2) Баяндауыш – Сказуемое.   Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері – Второстепенные члены предложения 1) Толықтауыш – Дополнение; 2) Анықтауыш – Определение; 3) Пысықтауыш – Обстоятельство.  

 

  1. Жіктелген сөздерді пайдаланып, 3 сөйлем құрастырып, синтаксистік талдау жасаңдар.

 

 

ТЕСТ


1.Тізбекте ток жоқ болған жағдайда да энергия көзінде электр қозғаушы күші пайда бола ма?

А) пайда болмайды;

В) пайда болуға мүмкін емес;

С) пайда болады;

Д) пайда болуға қажеті жоқ;

Е) пайда болуы қажетсіз;

2. Тізбек ажыратылған кезде де энергия көзінде электр қозғаушы күші пайда бола ма?

А) пайда болады;

В) пайда болмайды;

С) пайда болуға мүмкін емес;

Д) пайда болуы қажетсіз;

Е) пайда болуға қажеті жоқ;

3. ЭҚК- қалай оқылады?

А) электр құрамының күші;

В) электр қозғаушы күш;

С) электр құрылымының көзі;

Д) электр құрастыру көзі;

Е) электр қозғаушы көлемі;

4. Тізбекте ток жоқ болған жағдайда да ЭҚК энергия көзінің қысқыштарындағы потенциялдар айырымына тең бе?

А) тең емес;

В) ешқашан тең емес;

С) тең болуға қажеті жоқ;

Д) тең болалмайды;

Е) тең;

5. Потенциялдар айырымы немен көрсетіледі?

А) оммен;

В) ваттпен;

С) ампермен;

Д) вольтпен;

Е) ньютонмен;

6. ЭҚК немен көрсетіледі?

А) ампермен;

В) оммен;

С) вольтпен;

Д) ньютонмен;

Е) ваттпен;

7. Вольт қандай әріптермен белгіленеді?

А) В;

В) Ом;

С) Вт;

Д) Н;

Е) А;

8. ЭҚК бар екендігіне көз жеткізу үшін энергия көзінің полюстеріне жалғастырушы өткізгіш сымдар орнына не деп аталатын аспапты қосса болғаны?

А) амперметр;

В) вольтметр;

С) ваттметр;

Д) омметр;

Е) микрометр;

9. Энергия көзінің ЭҚК көп болған сайын ненің ауытқуы да солғұрлым көп болады?

А) вольтметр нұсқама тілінің;

В) ваттметр нұсқама тілінің;

С) микрометр нұсқама тілінің;

Д) амперметр нұсқама тілінің;

Е) омметр нұсқама тілінің;

10. Кернеу немен өлшенбейді?

А) вольтпен;

В) киловольтпен;

С) вольт емеспен;

Д) милливольтпен;

Е) мегавольтпен.

 


 

«Электр қозғаушы күш» тақырыбы бойынша кроссвордты шешіңдер.

 

                                     
                             
                                   
                                   
                                     
                                     
                                     
                                     
                                       
                                   
                                 
                                   
                                       
                                       
                                     
                       
 
                                     
                                       
                                       

 

Тігінен: Көлденен:

1. Указатель 1. Отсоединить

2. Показывать 2. Не отсоединять

3. Потенциалы 3. Провода

4. Определенный 4. Направление

5. Второй 5. Место

6. Для 6. Прибор

7. Указание 7. Стрелка

8. Диапазон 8. Измерять

9. Первый

10. Напряжение

11. Течь

 

5-сабақ

Грамматикалық тақырып: Етістіктің райларын қайталау.

Лексикалық тақырып: « Электр кедергісі».

 

Кез-келген өткізгіштегі электр зарядтарының бағытталған қозғалысына оның молекулалары мен атомдары бөгет жасайды. Сондықтан токтың өтуіне сыртқы тізбекте, энергия көзінің өзі де кедергілер туғызады. Электр тізбегінің электр тогы өтуіне қарсы әрекеттілігін электр кедергісі (қысқаша кедергі) деп атайды.

Тұйықталған электр тізбегіне қосылған электр энергиясының көзі электр энергиясын сыртқы және ішкі тізбектер кедергілерін жеңу үшін жұмсайды.

Электр кедергісі R(r) әрпімен белгіленеді. Схемаларда кедергілер 3а-суретте көрсетілгендей бейнеленеді. Электр тізбегіне қосылатын және кедергілері бар құрылғыларды резисторлар деп атайды.

Кедергінің өлшем бірлігі Ом бо­­­­­­­­­лады. Өткізгіш сымында тұрақты потенциал айырымы 1В болған кезде одан 1А ток өтсе онда өткізгіш сымның электр кедергісі 1Ом = 1В/1А.Үлкен кедергілерді өлшеу үшін омнан мың және миллион есе көп бірліктер қолданылады. Олар кило Ом ( кОМ ) және мега Ом (МОм) деп аталады: 1 кОм = 1000 Ом; 1 МОм = 1000000 Ом;

Өткізгіштердің электр тогын көрсететін кедергісі, олар жасалынған материалға, сонымен қоса оның ұзындығы мен көлденен қимасының ауданына байланысты болады. Егер бір материалдан жасалынған екі өткізгішті салыстырсақ, онда көлденең қима аудандары тең болған жағдайда, ұзындау өткізгіштің кедергісі үлкен болады, ал ұзындығы бірдей өткізгіштердің қайсысының көлденең қима ауданы үлкен болса, оның кедергісі аз болады.

Өткізігіш материалдың электрлік қасиеттерін бағалауға меншікті кедергі (р) қолданылады.

Меншікті кедергі – ұзындығы 1м, көлденең қима ауданы 1мм2 өткізгіш сымның кедергісі. Егер меншікті кедергісі материалынан жасалған өткізгіштің ұзындығы 1 метр, көлденең қима ауданы S мм2 болса, онда барлық өткізгіш кедергесі R= /S.

Өткізгіштер кедергісі температураға тәуелді болады және де металл өткізгіштердің кедергісі арта түседі.

 

ТАПСЫРМАЛАР

1.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Тұйықталған электр тізбегіне не қосылады?
  2. R (r) әрпімен нені белгілейді?
  3. Резисторлар деп нені атайды?
  4. Өткізгіштегі электр зарядтарының қозғалысы қандай?
  5. 1 Ом неге тең?
  6. 1 кило Ом неше Омға тең?
  7. 1 мега Ом неше Омға тең?
  8. Меншікті кедергі не үшін қолданылады?
  9. Өткізгіштер кедергісі температураға тәуелді ме?
  10. В әрпімен нені белгілейді?

 

2. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңдар.

Токтың өтуі, потенциал айырымы, үлкен кедергілер, өлшеу үшін, кез келген өткізгіштегі, электр кедергісі, оның ұзындығы, аз болады, электрлік қасиеттерін, меншікті кедергі, тәуелді болады, резисторлар деп атайды, сыртқы және ішкі тізбектер, электр тізбегіне қосылған, ал ұзындығы бірдей, бөгет жасамайды, электр зарядтардың бағытталған қозғалысы.

 

    1. Мәтіндегі етістіктердің құрамын анықтаңдар.

 

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ

Етістіктің райларының түрлері: 3. Шартты рай – Условное наклонение. Етістіктің шартты рай түрі қимылдың, іс-әрекеттің істелу, іске асу мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай выражает возможность или желательность дейсвия при тех или иных условиях. Шартты рай жұрнақтары: -са, -се; Жіктік жалғау: І, ІІ жақтағы. 4. Қалау рай – Желательное наклонение. Етістіктің қалау рай түрі іс иесі – сөйлеуші жақтың қимыл, іс-әрекетті қалауын, оған ынтасын, тілек ниетін білдіреді. В отличии от русского языка в казахском языке глагол имеет особую форму желательного наклонения, служащего для выражения желания или согласия на совершения действия в будущем. Қалау райдың жасалуы. 1) Етістіктің негізіне қалау рай жұрнақтары: -қы/-кі, -ғы/-гі және тәуелдік жалғаулар қосылып жазылады. Көмекші сөз: кел ІІІ жақта жазылады. 2) Етістіктің негізіне қалау рай жұрнақтары: -қай/-кей, -ғай/-гей және жіктік жалғау жалғанады. 3) Етістіктің негізіне қалау рай жұрнақтары: -қай/-кей, -ғай/-гей және тәуелдік жалғаулар қосылып көмекші еді сөзі жалғанады

 

 

4.Төмендегі етістіктерді қалау райға айналдырып, жіктеңдер және сол етістіктерді болымсыз түрде жіктеңдер. Орыс тіліне аударыңдар.

Жасау, қолдану, жұмсау.

 

5.Мәтіндегі бастауыш пен баяндауыштардың астын сызыңдар.

 

 

ТЕСТ


1.Электр зарядтарының бағытталған қозғалысына нелер бөгет жасайды?

А) оның элементтері;

В) оның молекулалары мен атомдары;

С) оның жылдамдығы;

Д) оның мөлшері;

Е) оның көлемі;

2. Токтың өтуіне сыртқы тізбекте не де кедергілер туғызады?

А) өзінің жылдамдығы;

В) оның өлшемі;

С) энергия көзінің өзі де;

Д) жалпы көлемі;

Е) өлшегіштер;

3. Электр тізбегінің электр тогы өтуіне қарсы әрекеттілігін не деп атайды?

А) электр кедергісі;

В) электр қуаты;

С) электр тізбегі;

Д) электр кернеуі;

Е) электр күші;

4. Тұйықталған электр тізбегіне қосылған электр энергиясының көзі электр энергиясын нелерін жеңу үшін жұмсайды?

А) сыртқы және ішкі тізбектер қуаттарын;

В) сыртқы және ішкі тізбектерін;

С) сыртқы және ішкі тізбектер кернеуін;

Д) сыртқы және ішкі тізбектер кедергілерін;

Е) сыртқы және ішкі тізбектер күштерін;

5. Электр кедергісі қай әрпімен белгіленеді?

А) F;

В) D;

С) W;

Д) P;

Е) R;

6. Электр тізбегіне қосылатын және кедергілері бар құрылғыларды не деп атайды?

А) резонанс;

В) резисторлар;

С) регистр;

Д) реле;

Е) роторлар;

7. Кедергінің өлшем бірлігін атаңдар?

А) Ом;

В) А;

С) І;

Д) В;

Е) Вт;

8. Өткізгіш сымында тұрақты потенциал айырымы 1В болған кезде одан қанша ток өтсе өткізгіш сымының электр кедергісі 1Ом болады?

А) 5А;

В) 11А;

С) 9А;

Д) 1А;

Е) 6А;

9. Үлкен кедергілерді өлшеу үшін нелер қолданылады?

А) микро Ом;

В) макро Ом;

С) мега Ом;

Д) милли Ом;

Е) гекса Ом;

10. Өткізгіш материалдың электрлік қасиеттерін бағалауға қандай кедергі қолданылады?

А) жалпы;

В) меншікті;

С) арнайы;

Д) меншікті емес;

Е) ерекше.

 

 


 

«Электр кедергісі» тақырыбы бойынша кроссвордты шешіңдер

 

 

                                           
                                             
                                             
                                           
                                           
                                         
                                             
                                           
                                           
                                       
                                           
                                           
                                           
                                           
                                           
                                           
                                             
                                             
                                             
                                           

 

 


Тігінен

  1. Движение
  2. Микровольтметры
  3. Измерять
  4. Напряжение
  5. Единица измерения мощности
  6. Движущая

 

Көлденеңінен

  1. Сопротивление
  2. Резисторы
  3. Единица измерения силы тока
  4. Единица измерения напряжения
  5. Присоединять
  6. Большой
  7. Электрический
  8. Отсоединять
  9. Мощность

10.Проводники

11.Порядок


 



Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 159; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты