КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сөйлесу бөлімі 8 страницаКөлденеңінен: 1.Цепи 2.Вступать 3.Оборудование 4.Контроль 5.Работа 6.Собранная 7.Возможно 8. Рычаги 9.Измеритель 10. Безопасность
Тігінен: 1.Покалечиться 2.Нужно 3.Напряжение 4.Приборы 5.Терпение 6.Лабораторная 7.Определить 8.Электрический 9.Направление
3-сабақ Грамматикалық тақырып: Етістікті қайталау. Осы шақты қайталау. Лексикалық тақырып: «Тұрақты ток электр тізбегі». Қарапайым электр тізбегі (1-сурет) электр энергиясының көзінен Е, энергия тұтынушыдан Т және энергия көзі мен тұтынушыны байланыстыратын екі өткізгіш жалғастырушы сымдардан С1 және С2 тұрады. Жалғастырушы өткізгіш сымдар электрэнергиясының көзіне оң (+) және теріс (-) полюстер деп аталынатын екі қысқыштар арқылы қосылады. Электр энергиясының көзі механикалық, химиялық, жылулық тағы басқа энергия түрлерін электр энергиясына түрлендіреді. Тұтынушыда электр энергиясы басқа энергия түрлеріне-механикалық, жылулық, химиялық, жарық т.б. айналады. Электр энергиясының көзіне генераторлар қандай да болмасын механикалық қозғалтқыштармен қозғалысқа келетін электр машиналары, аккумуляторлар және гальваникалық элементтер (бұлардың шартты белгілері 2-сүретте көрсетілген) жатады. Электр тұтынушылары ретінде жарықтандырғыш шамдар, электр қозғалтқыштары, электрқыздырғыш аспаптар т.б. пайдаланылады. Гальваникалық элементтерде, аккумуляторларда бірінші жағдайда гальваникалық элементтер батареяларын, екінші жағдайда аккумулятор батареяларын құру үшін бір-бірімен жалғастырылады. Электр энергиясының көзі оған өткізгіш сымдар арқылы қосылған энергия тұтынушымен бірге тұйықталған электр тізбегінде үздіксіз зарядтар қозғалысы пайда болады, оны электр тогы деп атайды. Металл өткізгіштеріндегі тұрақты ток еркін электрондардың тұйық тізбек арқылы қалыптасып бағытталған қозғалысы болып табылады. Схемаларда ток пен кернеудің оң бағыттарын плюстен минуске қарай бағдарланған нұсқамалар арқылы шартты түрде белгілеу қабылданған. Бір-бірінен белгілі қашықтықта орналасқан екі өткізгіштердегі ток осы өткізгіштерге әсер ететін механикалық күш туғызады. Ток өлшемінің бірлігі ампер (А) болады. Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) ампер- өзгермейтін ток, ол ұзындығы шексіз, өте болмашы дөңгелек қималы қатар түзу сызық бойымен вакуумде бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан екі өткізгіштерден өткен кезде, осы өткізгіштер арасында әрбір метр ұзындығына шаққанда 2*10-7 Н (Ньютон) күш тудырады. Халықаралық бірліктер жүйесінде күш бірлігі – Ньютон (Н) болады. Электр тоғы өткізгіштің кесе – көлденен қимасы арқылы белгілі уақыт бірлігінде өткен (кулонмен өлшенетін) электр мөлшерін анықтайды.
а) б) в)
1-сурет.Қарапайым электр тізбегі 2-сурет. Шартты белгілері:а)- тұрақты ток генераторы, б)- аккумуляторлар және гальваникалық элементтер, в)- аккумуляторлар мен гальваникалық элементтердің батареялары.
Егер өткізгіштен 1А ток өтсе, онда осы өткізгіштің көлденен қимасы арқылы 1с ішінде 1Кл электр мөлшері өтеді. Жалғастырғыш өткізгіш сымдар мен энергия тұтынушы сыртқы электр тізбегін құрады. Бұл тізбекте ток энергия көзінің қысқыштары арасындағы потенциалдар айырымының әсерінен пайда болады және ол потенциалы жоғарырақ нүктеден (оң қысқыш) потенциалы төмендеу нүктеге (теріс қысқыш) қарай бағытталған. Потенциалдар айырымы сияқты потенциал да вольтпен (В) көрсетіледі.
ТАПСЫРМАЛАР 1.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қарапайым электр тізбегі неден тұрады? 2. Қандай полюстерді білесіңдер? 3. Тұтынушыда электр энергиясы қандай энергия түріне айналады? 4. Электр тұтынушылары ретінде нелер пайдаланылады? 5. Электр тоғы деп нені атайды? 6. Күш бірлігі – Ньютон қай жүйеде қолданады? 7. Нелер сыртқы электр тізбегін құрайды? 8. Электр өткізгіштері деп нені атайды? 9. Нелер электр өткізгіштеріне жатпайды? 10. Электр тоғында қалай зарядтар қозғалуы тиіс?
2. Берілген сөз тіркестерін аударыңдар. Электр энергиясы, гальваникалық элементтер, бір- бірімен жалғастырылады, электр қыздырғыш аспаптары, металл өткізгіштері, тізбек арқылы, зарядтар қозғалысы, механикалық күш, әсер етеді, электр тогы, пайда болады, халықаралық бірліктер жүйесі, өткізгіштер арасында.
ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ
3. Берілген етістіктерді осы шақта жазып жіктеңдер. Тұйықталған, түрлендіреді, атайды. 4. Мәтіндегі етістіктердің құрамын анықтаңдар. 5.Үшінші, төртінші, бесінші сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар. ТЕСТ 1. Қарапайым электр тізбегі неден тұрмайды? А) Электр энергиясының көзінен; В) Энергия тұтынушыдан; С) Электрлік емес құралдан; Д) Энергия көзі мен тұтынушыны байланыстыратын бірінші өткізгіш жалғастарушы сымынан; Е) Энергия көзі мен тұтынушыны байланыстыратын екінші өтгізгіш жалғастарушы сымынан; 2. Жалғастырушы өткізгіш сымдар электр энергиясының көзіне не арқылы қосылады? А) Екі қысқыштар; В) Екі тақталар; С) Екі қолдар; Д) Екі бөліктер; Е) Екі таяқшалар; 3. Электр энергиясының көзі механикалық энергия түрін қай энергия түріне түрлендіреді? А) Жылулық; В) Электр; С) Химиялық; Д) Жергілік; Е) Ауалық; 4. Электр энергиясының көзі химиялық энергия түрін қай энергия түріне түрлендіреді? А) Жылулық; В) Жергілік; С) Механикалық; Д) Электрлік; Е) Ауалық; 5. Электр энергиясының көзі жылулық энергия түрін қай энергия түріне түрлендіреді? А) Электрлік; В) Жергілік; С) Механикалық; Д) Химиялық; Е) Ауалық; 6. Электр энергиясының көзіне не жатпайды? А) Генераторлар; В) Электр машиналар; С) Түрлендіргішттер; Д) Аккумуляторлар; Е) Гальваникалық элементтер;
7. Электр тізбегінде үздіксіз зарядтар қозғалысы пайда болады, оны не деп атайды? А) Электр өлшеүіш; В) Электр тоғы; С) Электрлік емес құрал; Д) Электр кедергісі; Е) Электр кернеуі;
8. Металл өткізгіштеріне не жатады? А) Органикалық отын; В) Органикалық қоспалар; С) Темір заттар; Д) Құрғақ ағаш; Е) Металл емес заттар;
9. Халықаралық бірліктер жүйесінде күш бірлігі ретінде нені санайды? А) Ньютон; В) Ватт; С) Ом; Д) Ампер; Е) Вольт;
10. Вольтпен не көрсетіледі? А) Кернеу; В) Кедергі; С) Ток күші; Д) Сым; Е) Тізбек;
«Тұрақты ток электр тізбегі» тақырыбы бойынша кроссвордты шешіңдер
|