Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Негізгі анықтамалар мен ұғымдар




Авогадро саны 6,02×1023 моль-1 – заттардың 1 молін құрайтын атомдар (молекулалар немесе басқа құрылымдық бірліктер) саны.

Атом – химиялық элементтің қасиетін анықтайтын ең кішкентай бөлігі.

Зат мөлшері – затты құрайтын құрылымдық элементтердің санымен анықталатын физикалық шама.

Идеал газ моделі – газ молекулаларының меншікті көлемі елеусіз өте аз, яғни материалдық нүктелер; - арасында өзара әрекеттестік жоқ; - өзара және ыдыс қабырғаларымен соқтығысы абсолют серпімді.

Мольдік газ тұрақтысы R= 8.31 Дж/(моль×К) – қалыпты жағдайда 1моль идеал газдың температурасын 1 К-ге қыздыруға қажет энергияға тең.

Молекулалар концентрациясы–заттың бірлік көлеміндегі молекулалар саны:

Нақты газ – негізгі қасиеттері молекулааралық өзара әсерлесуге тәуелді, сәйкесінше потенциалдық энергиясы бар газ.

Термодинамика макроскопиялық жүйелердің термодинамикалық тепе-теңдік күйдегі жалпы қасиеттерін, күйаралық ауысу процестерін зерт-тейді. Термодинамика тәжірибелік екі бастамаға және Нернстің жылу-лық теориясына (термодинамиканың үшінші бастамасы) негізделген.

Температура– жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттай-тын және денелердің арасындағы жылу алмасуды анықтайтын шама.

Термодинамикалық жүйе (ТД) – өзара және сыртқы ортамен әрекеттесе-тін және энергия мен зат алмасатын макроскопиялық денелер жиыны.

Тұйық термодинамикалық жүйе сыртқы ортамен энергия және зат алмасуы орындалмайтын жүйе.

Термодинамикалық параметрлер– жүйенің қасиеттерін сипаттайтын физикалық шамалар. Күй параметрлері ретінде температура, қысым және көлем (меншікті көлем) қарастырылады.

Термодинамикалық процесс – термодинамикалық жүйеде кем дегенде бір параметрдің өзгеруімен байланысты кез келген құбылыс.

Термодинамикалық тепе-теңдік – уақытқа қатысты термодинамикалық жүйенің күйі өзгермейтін жағдай.

Термодинамикалық температуралық шкала(Кельвин шкаласы) судың үштік нүктесіне қатысты бір реперлік нүктемен анықталады.

Температураның практикалықшкаласы (Цельсий шкаласы) екі реперлік нүктемен (1,013×105 Па қысымда судың қату температурасы 00С және судың қайнау температурасы 1000С) анықталады.

Үштік нүкте – мұздың, судың және қаныққан будың 609 Па қысымда термодинамикалық тепе-теңдікте болатын температурасы. Кельвин шкаласы бойынша 273,16К.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-10-31; просмотров: 336; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты