Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Инфаркт





тіні ісінген, мидың қан қүйылған жарты шары, екінші жаққа қарағанда үлкейген, дислокацияланған (жылжыған). Қан, қан қүйылу ошағынан ми қарыншаларының қабырғасын бүзып, ми-жүлын сүйықтығы жүйесіне түсуі мүмкін. Бүңдай жағдайды ми-жүлын сүйықтығы клиникада тексеріп анықтауға болады. Өте си-рек жағдайларды қан тікелей ми қарыншаларында анықталады. Бүл қүбылысты қан қүйылу ошақтарының қарыншаларға жақын жатуымен түсіндіруге болады. Қан қүйылу ошақтарының айнала-сында гемосидерин, пигментімен толған макрофагтар табылады, ми тіні қоңыр ренте боялады. Егер осы жерде киста пайда болса, оның да қабырғасы қоңыр түсті болады.

СУБАРАХНОИДАЛДЫҚ ҚАНҚҮЙЫЛУ

Субарахноидалдық қан қүйылу ми қан тамырларының анев-ризмасының жарылып кетуімен байланысты. Майда аневризмалар артериялық гипертонияда жиі кездеседі. Сирек жағдайларда (5%) қан қүйылу мидағы қан тамырлық мальформацияның жарылып кетуімен байланысты. Бүл патология ми қан тамырарының дүрыс



Ж.Ахліетов. Патологиялық анатомия


19 бөлім. Ортаяық нерв жуйесінің аурулары



 


171-сурет.

Субарахноидалдық

қан қүйылу

дамымауымен (бүлшықет қабатының) дефектімен түсіндіріледі. Оған артериовеноздық аневризмалар, веналардың варикоздық кеңеюі және т.б. жатады.

Қан субарахноидалдық кеңістікте жиналып, ми қабықтарына қан сіңіп қалады (171-сурет), кейде оны ми жарақатына байланы-сты, қан қүйылудан ажырату қиын. Тек қан ағу көзі - аневризма­лар — табылғанда ғана диагноз анық қойылады. Бүл жерде ауру-дың аңамнезі шешуші рөл атқарады, себебі майда аневризмаларды табудың өзі өте қиын.

19.2. НЕРВ ЖҮЙЕСШҢ МИЕЛИНСІЗДЕНУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ АУРУЛАРЫ

Нерв жүйесінің миелинсізденуге байланысты аурулары ней-роңдардың аксондарының сыртқы - миелин қабығының ыдырап (еріп) кетуімен сипатталады. Осыған байланысты аксондардың нервтік импульстарды өткізуі бүзылып, ол клиникада әр түрлі не-врологиялық белгілер береді. Бүл ауруларға: шашылған (көптік)


склероз, жедел таралған энцефаломиелит, үдемелі көпошақты лей-коэнцефалопатия, жедел геморрагиялық лейкоэнцефалит және т.б, кіреді.

ШАШЫЛҒАН (КӨПТІК) СКЛЕРОЗ

Таралған склероз осы патологиялардың ішіне ең жиі кездесетін түрі. Миелинсіздену қүбылысы аксондардан басталып, мида және жүлында көптеген табақшалардың (бляшка) пайда болуымен си­патталады.

Этиологиясы. Таралған склерозда әр түрлі вирустарға (қызыл-ша, жай герпес, эпидермиялық паротит) қарсы антиденелер анықталган. Сонымен қатар бүл сырқаттың пайда болуында гендік бейімділіктің маңызы зор. Егіз балаларда, олардың ата-аналарын-да, жақын туыстарында осы ауру басқаларға дарағанда жиі кездесетіні дәлелденген. Таралған склерозда аутоиммундық реак-циялардың да дамитындығы анықталған. Аурулардың қанында миелиннің негізгі белогына қарсы бағытталган аутоантиденелердің табылуы соның дәлелі.

Патологиялық анатомиясы. Өлген адамдардың миын және

172-сурет. Мидағы миелинсіздену ошақтары.(Е.Б.Красовский

бойынша)

Зі —437



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


19 болім. Орталық нерв жүйесінің аурулары



 


мишығын кесіп қарағанда ол жерде көптеген миелинсіздену ошақта-ры көрінеді (172-сурет). Аурудың бастапқы кезеңдеріңде ол сарғ-ыш түстегі, көлденеңі бірнеше сантиметр болса, аурудың созыл-малы түрінде таралған склерозға тән табақшалардың реңі сұр түсті болады. Бүл табақшалар негізінен ми қарыншаларының жаныңца, ми бағанының, мишықтың ақ затында, көру нервінде, жүлынның ақ затында табылады.

Мшфоскопта қарағаңда таралған склерозға тән табақша ауру-дың алғашқы кезеңдерінде үлкейген талшықты астроциттерден, ісінген миелин қабықтарынан, микроглиядан түрады. Миелин патологиясьш арнайы бояулар арқылы анықтайды. Миелинсіздену ошақтарының айналасында лимфоцит жасушалары жиналады, оли-годендроциттер болмайды. Кейіншелік миелин қабықтары ыды-рап, бөлшектеніп жойылады. Оларда сол жерде көбейген микро-глия жасушалары (макрофагтар) фагоцитоздайды. Миелинсіздену ошағында көбейге^ астроцит жасушалары табақшалар қүрамына кіретін глиалдық талшықтарды түзеді, ол жерде қан тамырлары да көп болады.

Нәтижесі. Клиникада көптеген неврологиялық белгілер, па­рез, параплегия дамиды, өсіресе көз нервінің невриті тән. Ауру өлімі екіншілік инфекциялардан, негізінен пневмониялардан болады.

19.3. НЕРВ ЖҮЙЕСІНЩ ДЕГЕНЕРАТИВТІК АУРУЛАРЫ

Нерв жүйесінің дегенеративті аурулары нейрондардың дегенеративтік (дистрофиялық) зақымдануымен, клиникада демен­ция белгілерімен сипатталады. Оларды: 1) біріншілік деменция-лар, 2) екішпілік дёменциялар деп екі топқа бөледі.

Біріншілік деменциялар орталық нерв жүйесінің ауыр сырқ-аттарынан кейін дамиды. Мысалы, ми инфарктары, ми жарақат-тары, нейроинфекциялардан, нейротоксикоз жөне т.б. соң баста-лады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 302; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты