Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


РИККЕТСИОЗДАР




Риккетсиоздар адамдарда, жануарларда және кейбір буынаяқ-тыларда кездесетін риккетсийлер қоздыратын бір топ аурулар.

Риккетсийлер қүрылымы бойынша бактерияларга үқсаганмен олар жасуша ішінде кобейе алу қасиеттерімен вирустарга жақьш түрады. Табигатта риккетсийлер кемірушілер арасында сақталады, солардан бүргелер мен кенелер арқылы тасымалданады. Науқас адам да осы сырқаттың таралу көзі бола алады, бүл кезде ауру бит арқылы жүгады. Бүл аурудың түрлері өте көп, адам патология-сында эпидемиялық және эндемиялық бортпелі сүзектің, Ку-қыз-басының маңызы зор.

ЭПВДЕМИЯЛЫҚ БӨРТПЕЛІ СҮЗЕК

Эпидемиялық бөртпелі сузек (thypus exanthematicus) трансмис-сивті инфекциялар қатарына жататын, риккетсийлер қоздыратын, негізінен мидың және тері қан тамырларының зақымдануьшен, денеде бөртпелер (розеола, петехия) пайда болуымен сипаттала-тын сырқат.

Этиологиясы. Бөртпелі сүзектің қоздырушыларын 1909 ж аме-рика ғалымы Риккетс (Ricketts) бірінші рет тапқан болатын. Төрт жылдан соң, чех ғалымы С.Провацек осы микроорганизмдердің


бортпелі сүзекпен ауырған адамдардың қанын сорған битте бар екендігін анықтады. Осы екі галым да өз жүмыстарын аяқтай ал-май бөртпелі сүзектің қүрбаны болды. Риккетсийлерді түпкілікті зерттеген Бразилия галымы Роха-де-Лима (1916) олардың 30 түрін боліп шығарды. Микробтарды алғаш рет ашқан ғалымдардың қүрметіне оларды Провацек риккетсилері деп атауды үсынды.

Эпидемиологиясы. Бөртпелі сүзек бір адамнан екінші адамға бит шаққанда немесе биттен бөлініп шығатын заттар (экскремен-ттер) қасыган жерге түскенде жүгады, бүл сырқат кейде эпидеми-ялық түр алады. Бәртпелі сүзектің эпидемиялары негізінен аштық, согыс кезендерінде кездесіп, осы сырқаттан өлген аурулардың саны жарақаттан өлген кісілердің санынан анағүрлым көп болады. Тек 1918-1922 жылдары КСРО-да бөртпелі сүзекпен 7 миллионға жуық адам ауырып, 0,5 миллионная аса адам өлді.

Патогенезі. Риккетсийлер ауру адамның қанымен битттердің ішегіне түседі, осы жердегі эпңтелиде көбейіп ішектен сыртқа болініп шыға бастайды. Қасьшу нәтижесінде бүзылган тері арқылы фека­лий қүрамындағы риккетсийлер адам денесіне енеді. Олар майда қан тамырлардың эндотелий қабатында көбейіп, олардың проли-ферациясьш және бүзылуын шақырады. Риккетсийлер өз тіршілігін жойып ыдырағанда ангиопараличтің жөне нейротоксиндік эсер етуші эндотоксиндер бөлініп пгығады. Ең ауыр морфологиялық өзгерістер нерв жүйесінде, бүйрекүсті бездерінде және жүректе байқалады.

Патологиялық анатомиясы. Бөртпелі сүзектің патологиялық анатомиясы орыс ғалымдары Л.В.Попов, И.ВДавыдовский, А.П.Ав-цын жан-жақты зерттеген. Бөртпелі сүзек диагнозын тек мәйітті ашып көру арқылы ғана анықтау мүмкін емес, ол үшін эпидемия-лық жағдайды білу және микроскопиялық тексерулер жүргізу қажет.

Өліктің терісінде қызыл немесе қоңыр түстегі бортпелердің анық болмаған іздері көрінеді. Бортпелі сүзек диагнозьш аньщта-уда коньюктивада табылатын бөртпелердің маңызы зор. Оларды бірінші рет 1917 жылы Киари жазып зерттеген. Коньюктивалық бәртпелер 3 аптада 81,2%, 4 аптада 44,4% табылады. Олар қызыл-қоңыр немесе қызыл дақ түрінде көрінеді, кейде теріде бөртпе болмаған жағдайларда да пайда болып, ауру диагнозын анықтауға жөрдем береді. Ми тіні оның қабықтары қанмен толады. Көкбау-ыр 300-500 грамга дейін үлкейеді. Бүйректер, миокард, бауыр кон-систенциясы жүмсарып, кесіп қараганда тіні күңгірт, шекаралары анық болмайды.

Бөртпелі сүзекке тән өзгерістер микроскоппен қарағанда ғана көрінеді. Негізгі патология қан тамырларында дамиды. Экспери-менттік бөртпелі сүзекте морфологиялық өзгерістер мына багытта



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


20 бөлім. Жщпалы аурулар



 


өрістейді. Бірінші аптада капилляр және прекапилляр шектен тыс кеңейіп қанмен толады. Екінші аптада гранулема түзіле бастайды. Үшінші аптада гранулемалар өзінің шарықтау шегіне жетіп, төртінші аптада қайта дами бастайды (А. П. Авцын). Эндотелий жасушала-ры риккетсийлер көбею нәтижесінде зақымданып, сол жерде тром-бтар түзіледі. Сонымен қатар адвенция жасушалары да көбейіп, қан тамырларының кенересінде қабыну сіңбелері пайда болады. Осы өзгерістердің бәрін мына түрлерге бөледі: 1) сүйелді эндоваску-лит - эндотелий түскен жерде тромбтың түзілуі; 2) пролиферативті васкулит - эндотелий және адвентиция жасушаларының көбеюінің басым болуы; 3) некроздық васкулит - қан тамыры кенересінің бір бөлігінің немесе бүтіндей некроздануы; 4) осы үрдістердің бөрінің бірге кездесуі - пролиферативті-деструктивті тромбоэндоваскулит (И.В.Давыдовский).

Қан тамырларындағы өзгерістер бөртпелі сүзек органопатологи-ясының негізін қалайды. Мидың қабынуы - энцефалит - бөртпелі сүзекте әрдайым кездесетін қүбылыс. Сонымен қатар деструктивті тромбоваскулит және қан тамырлары айналасындағы глианың про-лиферациясы нәтижесінде бөртпелі сүзекке тән Попов гранулемалары (1875) пайда болады. Мидың қыртысты қабатында қан айналу процестері бүзылып стаз, қан қүйылу, кейде геморрагиялық немесе ишемиялық инфаркт дамиды. Симпатикалық және шеткі нерв жүйесінде де қабыну процестері (аралық ганглионит, неврит) өрістейді.

Жүректің аралық тінінің қабынуы (интерстициалды миокар­дит) бөртпелі сүзекте жиі кездесетін морфологиялық өзгерістердің бірі. Аралық қабыну енде, бүйректерде, бүлшықеттерде, эндокрин бездерінде де (мысалы, аралық тироидит) кездеседі. Бүйрекүсті безінде некроз ошақтары, кейде ірі қан қүйылу көрінеді.

Бөртпелі сүзектің асқыну түрлерінің дамуы қан тамрылардағы, әсіресе нерв жүйесіндегі, ауыр өзгерістерге байланысты. Аурудың арқасында (жатқан жағында) жаралар пайда болады, тілдің, мүрын-ның үшында, қүлақтың жүмсақ тінінде гангрена дамиды. Дөрі жіберген жерлер некрозданып флегмонамен, кейде сепсиспен асқы-нады. Ірінді паротиттің, отиттің, пневмонияның дамуы екіншілік инфекциялардың өрістеуімен байланысты.

Ауру өлш/жоғарыда көрсетілген асқыну түрлеріне немесе жүрек қызметінің жетіспеушілігінен болады.

Бөртпелі сүзекпен ауырған адам организмде риккетсийлер толық жойылып кетпестен сақталып қалса ол спорадиялық бөртпелі сүзек түріне өтуі мүмкін. Бүл жеке жағдайларда ғана үшырайтын сырқат, морфологиялық өзгерістері осы сүзекке үқсағанмен жеңіл түрде өтеді.


Ку-қызбасы. Ку-қызбасының аты ағылшынша Q - "анық емес" деген сөздің алғашқы әріпінен алынған. Бүны қоздырушы Бернет риккетсийлері. Сырқат адамға ауырған мал өнімдерінен зақым-данған тері, өкпе арқылы немесе ауырған малдың етін жегенде асқазан-ішек жолымен, көбінесе кенелер шаққанда жүғады. Ку-қызбасы Қазақстанда сирек кездеседі. Оның ерекшелігі теріде бөртпелер болмайды.

Клиникалық көріністеріне қарай пневмониялық, қызбалы, ме-нинго-энцефалиттік және жасырын (латентті) түрлерін ажыратады.

Патологиялық анатомиясы. Ку-қызбасы үшін өкпеде пневмо­ния ошақтарының дамуы тән. Бүл пневмонияның морфология-лык ерекшелігі қабыну ошақтарының айналасында өте үлкен ісіктердің пайда болуы. Пневмония ошағыңца нейтрофилді лейко-циттерден, моноциттерден түратын экссудат түзіледі. Кейін экс­судат қүрамында фибрин пайда болып дәнекер тіндену қүбылысы басталады. Осы жерде өте көп мөлшерде риккетсийлер топталып қалады, сондықтан Ку-қызбасының бүл түрі патологоанатомдар және өлікті ашып көруге қатысқан дәрігерлер үшін аса қауіпті.

Бүл сырқаттьщ қызбалы түрі өкпедегі және басқа ағзалардағы асқынуларға соқтырып сепсиспен аяқталады. Менинго-энцефалитті түрінде мида ауыр өзгерістер көрініп, салдану, парез дамиды. Ди­агнозы анық болмаған жағдайларда риккетсийлерді табу үшін өлік қанын серологиялық жолмен тексеру немесе хайуандарға жүқты-ру қажет.

20.3. БАКТЕРИЯЛАР ҚОЗДЫРАТЫН АУРУЛАР

ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ

Асқорыту жолының инфекцияларын вирустар, бактериялар, қарапайымдар (лямблиясы) қоздыруы мүмкін. Ішектің бактерия-лық инфекциялары өзі үш топқа бөлінеді: 1) ешерихиялар (ішек таяқшалары); 2) сальмонеллалар (іш сүзегінің және сальмонеллез-дардың қоздырушалары); 3) шигеллалар (дизентерияның қоздыру-шылары). Осы бактериялардың бәрінің де шығу тегі ішек таяқша-сы болып есептеледі.

Ішек инфекцияларын жоғарыда көрсетілген бактериялармен бір қатарда стафилококтар, вирустар, иерсинилер, холера вибио-ны, колстридилер және т.б. микроорганизмдер қоздырады. Олар-дың жалпы клиникалық белгісі - іштің бүзылуы (диарея). Инфекция көзі болып ауру адам жэне бактерия тасушылар есептеледі. Ин­фекция асқазан-ішек жолымен (фекалды-оралды) жүғады, яғни ауру


 
 

20 бөлім. Жүқпалы аурулар


510

jmeriHP» rq • •----------- "------------------ ■---- JKA*ewo'- Патологаялык »»»------ ...

фекцияларының tSZTSh^™ f"3 ^^0"* ^ toeK «^

Совдықтан, ішек инЕи!2?У Раиымен байланысты. Қазақсіанніщ oi^SS^^S3"^ аЙлаРЫІ«а. «*«* Фекцшшарннн,^ беЖ^ ^аидГ** ІШ№ ин"

ДИЗЕНТЕРИЯ

ме„ жиі-жш K^^^J^™^™™»* ауруы-
Этиологшкы. Дизентепиа™ ■■„„ «Ушен көзге квршеді.

топ дизентерия ^ZZZ^^TZ^^3 ^13™» біР яқішшары көбірек кездесед? ЗДЫрады' ҚазіРп кеЗДе Зонне та-

бірде^^'эп^п^б0аГ,РГ,аРЫ °РГаНИЗМге *™е

лиоцитгер ЦитоплазмасС^^^Р т^™Н кеШ^ эго™=-ын энтерощптер өз к™и™?2ады)- Шигеллалар көбейген сай-

токсиндер) беліл imiCTS cZ?„ экзотоксиВДер (энтеро-

Рында ыдырап, өз тіршЬигінТоя™^*^1^ Фаголизосомала-

176-сурет. Фолликулярлы

колит

болган энд^ксиидер^^е^ ^"^„^8™^ ПаЙда
— ңххід^ ішеқ қан тамырлары өте кеңейіп,



Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 886; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты