Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мезаденит 2 страница




Патогенезі. Туберкулез патогенезі макро- және микро-организмнің өзара қарым-қатынасына байланысты. Микробакте-рияның вируленттігінің, оның организмде көп мөлшерде түсуінің маңызы зор болғанымен де организмнің иммундық жағдайда шешуші рөлді атқарады. Организмнің қорғаушы күштерімен микроорганизмнің патогендігі арасындағы тепе-тендік бүзылған-да ғана туберкулез дамиды. Кейбір жағдайларда туберкулез микро-бактериялары жергілікті өзгерістер шақырмай-ақ организмге енуі мүмкін. Бүл күйді латентті микробизм деп атайды. Клиникада ол туберкулез интоксикациясымен көрінеді. Егер организмнің реак-тивтігі жеткілікті болса, туберкулез микробактериялары бүтіндей жойылып, ауру өрі қарай дамымайды. Қорыта айтқанда, туберку-лезде кездесетін морфологиялық өзгерістердің бөрі де иммундық жүйенің тікелей қатысуы арқылы өтеді. Оның ішінде тимустың, тимусқа тәуелді лимфоциттердің маңызы зор. Осы тимусқа тәуелді (жасушалы) иммунды реакция (ЖТТ), организмнің туберкулезге қарсы күресінің орталыгы болып есептеледі.

Туберкулез дамуында гуморалды иммунитеттің рөлі әлі толық анықталмаған. Антиденелер антигеннің тіндерге шөгіп қалуына, осы жерде некроз ошақтарының дамуына соқтырады.


Антиденелердің өте көп түзілуі туберкулез дамуына кері эсер етеді деген мөліметтер бар.

Патологиялык, анатомиясы. А.И.Струков (1947) туберкулездің төмендегі клиникалық-анатомиялық түрлерін ажыратады: біріншілік туберкулез, гематогенді туберкулез және екіншілік ту­беркулез.

Біріншілік туберкулез организм туберкулез инфекциясымен алғаш рет кездескенде пайда болады. Әдетте ол әлсіз балаларда және әртүрлі созылмалы сырқаттармен (қантты диабет, алкого­лизм жөне т.б.) ауыратын ересек кісілерде кездеседі. Балалар туберкулезі негізінен біріншілік туберкулезге жатады.

Микобактерияның организмге енген жерінде біріншілік тубер­кулез кешені дамиды. Ауру көбінесе ауа арқылы жүғатындықтан ол негізінен өкпеде, кейде ішекте, бадамша бездерде, ортаңғы қүлақта, көздің шырьшггы қабығьгнда кездеседі. -

Біріншілік туберкулез комплексі үш қүрамнан түрады: 1. Өкпе-дегі алғашқа ошақ (алгашқа аффект). 2. Әкетуші лимфа тамырла-рының қабынуы (лимфангит). 3. Аймақтық лимфа бездерінің қабы-нуы (лимфаденит).

Алгашқы аффект өдетте оң жақ өкпенің III сегментінде, плев­ра астында пайда болады. Өкпеге түскен туберкулез микобактери-яларын өуелі лейкоциттер, одан соң макрофактар обып алады (фа-гоцитоздайды). Осы жерде эпителиодты, кейін көрядролы алып жасушалар пайда болады (51-сурет). Осылайша дамыган туберку­лез төмпешіктерінің арасында, микобактериялар өнімдерінің улы өсерінде организмге жоғары сезімталдықтың жедел түрі дамуына байланысты некроз ошагы жөне экссудативті қабьшу пайда бола­ды. Демек, алгашқы аффект деп казеозды пневмония ошағын және оның айналасында дамыған арнайы емес қабынуды түсінеміз. Аль­веола қуысыңда серозды экссудат, көшіп түскен альвеола эпителиі көрінеді. Қүрамында күміс бар бояулармен бояғанда (импрегна­ция) казеозды некроз ошағында альвеола мен қан тамырларының аргирофидді каркасы жақсы анықталады, яғни некроз тек пнев-монияға байланысты экссудат арасында ғана болады. Осы ошақ-тың көлемі өртүрлі, кейде тіпті екпенің бір бөлігін түгелдей қам-тиды. Қабьгну плевраға жиі өтіп серозды-фибринозды немесе таза фибринозды плеврит дамиды, оның нәтижесінде плевра қуысын-да жабыспалар пайда болады.

Біріншілік аффектен туберкулез лимфа жолдары арқылы тара-лады. Лимфа тамырларын бойлай туберкулез төмпешіктері көрінеді, яғни туберкулезді лимфангит дамиды.

Аймақтық лимфа бездерінде алғашында реактивті арнайы емес


 
 


Ж.Ахметов. Патологаялық анатомия

180-сурет. Казеоздық лимфаденит

экссудативті реакция өрістейді, олар тез арада некрозбен жөне аумақты казеозды лымфаденитпен алмасады (180-сурет).

Біріншілік туберкул ездің нәтижелеріне: 1) оның толық жазы­луы; 2) әрі қарай өршуі; 3) созылмалы түр алуы кіреді. Біріншілік туберкулез кешені көбінесе толығымен жазылып кетеді де оның орнында Гон ошақтары қалады. Осы аралықтағы өзгерістер: казе­озды пневмония ошағындағы экссудация үрдісінің азайып соған сәйкес некроз ошағының кішірейуінен басталады. Туберкулез ошағының айналасындағы жасушалы аймақтан дәнекер тінді кап­сула түзіледі. Оның пайда болуында эпителиоидты жасушалар каты-насады. Туберкулез ошағы «ескіргенң сайын жасушалар саны азай­ып, дәнекер тінді капсула гиалинозданады. Некроз ошақтарын-дағы казеозды массаға кальций түздары шөгіп олар әктенеді (пет­рификация). Кейде метаплазия жолымен сүйекке айналады (осей-фикация). Осы өзгерістерді Тон ошақтары деп атайды. Ал лимфа түйіндеріндегі казеозды ошақ окпедегі ошаққа қарағанда өрдайым көлемді болады, сондықтан жазылуы біраз баяу өтеді және өкпедегі өзгерістер толық жойылып кеткен жағдайда да олар өз белсенділігін жоғалтпауы мүмкін. Лимфа түйіндерінде өте әлсіреген микобак-териялар, олардың жеке бөлшектері, кейде олардың L - формалары үзақ уақыт сақталып қалады. Олардың маңызы мынада: біріншіден,


20 бөлім. Жуқпаяы аурулар

тіршілігі сақталған микобактериялар организмде иммунитет жағ-дайын қолдап түрады, себебі туберкулездегі иммунитет инфекцияға байланысты иммунитет. Екіншіден, микобактершшар организмде бүтіндей жойылып кеткенде туберкулезбен қайта ауру қаупі төнеді, бүл жағдай кәрі кісілерде кездеседі. Үшіншіден, осы микобакте­риялар организм реактивтігі томендегенде туберкулездің қайта қозу козі болып табылады.

Организм үшін қолайсыз жағдайларда біріншілік туберкулез одан әрі қарай дамып (өршіп), гематогенді, лимфогенді және ара-лас жолдармен тарала бастайды. Кейде туберкулез ошағының өршуі алғашқы аффектің үлкеюіне байланысты болады. Туберкулез гематогенді жолмен жиі таралады (гематогенді генерализация), оның ерте ірі ошақты және кеш, майда ошақты (милиарлы) түрлерін ажыратады. Ірі ошақтардың үлкендігі бүршақтай, олар өкпеде, сүйектерде, мида бірлі-жарымды казеозды некроз ошақтары түрінде көрінеді. Окпенің үшында Симон ошақтары, мидың қабықтарын-да туберкулезді қабыну дамиды. Милиарлы (майда ) ошақтар әдет-те өкпеде көрінеді. Лимфогенді генерализация нәтижесінде туберку­лез бір лимфа түйіндерінен екіншілеріне отеді. Әдетте туберкулез бронх-окпе лимфа түйіндерінен басталып мойынның немесе қүрсақтың лимфа түйіндеріне таралады. Лимфа түйіндерінде ка­зеозды некроз дамып, айналадағы тіндерді, қан тамырларын, кеңірдек, кейде өңеш қабыргасын бүзып, тесіп жібереді. Көбінесе туберкулез бронхқа жақын бездерде бронхоаденит түрінде көрінеді.

Алгашқы аффекттің өсуі экссудативті реакцияның басымды-лығына байланысты. Осы аймақ казеозды некрозга үшырап алға-шқы аффектің колемі үлгаады, кейде окпенің бүтін бір болігін алады. Некрозды заттар бронхтан бөлініп шыққанда алғашқа ка­верна (қуыс) пайда болады.

Аралас генерализация деп туберкулездің бір мезгілде бірнеше жолдармен таралуын айтады.

Туберкулездің созылмалы түріне науқас кейде сауығып, кейде қайтадан ауырып отырады. Әртүрлі лимфа бездерінде, түрлі мор-фологиялық озгерістер көрінеді: біреулерінде петрификация қүбы-лысы басым болса, екіншілерінде некроз ошақтары табылады.

Гемапгогендік туберкулез біріншілік туберкулезден кейін дами-тын қүбылыс. Туберкулез организмде гематогенді, лимфогенді немесе бронхогенді жолдармен тарайды. Сондықтан клиницистер, кейбір морфологтар туберкулездің бүл түрі кобінесе лимфа түйіндеріндегі тіршілігін толық жоймаган микобактериялар есебінен дамиды, деп есептейді, бірақ генерализация үрдісі олардың қанға отуіне (бактериямен) байланысты. А.И.Струковтың жіктеуі бой-



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


20 бөлім. Жүқпалы аурулар



 


ыніла гематогендік туберкулездің: 1) генерализацияланған: 2) өкпе зақымдануының басымдығымен және 3) өкпеден тыс ағзалардың зақымдануымен сипатталатын түрлерін ажыратады.

Клиникада гематогенді туберкулездің генерализацияланган турі аса ауыр, сепсис түрінде өтеді. Бүл кезде әртүрлі ағзаларда өте майда некрозданған төмпешіктер, тары үлкендігіндей (милиарлы) немесе ірі ошақты (көлденеңі 1 см-ден үлкен) туберкулездер көрінеді.

Өкпедегі өзгерістер жедел немесе созылмалы милиарлы тубер­кулез түрінде, кейде ірі ошақты туберкулез түрінде өтеді. Туберку­лез ошақтарында продуктивті реакция басым болып, олардың ше-карасы жақсы анықталады. Айналадағы өкпе тінівде интерстици-алды склероз, эмфизема, ателектаз ошақтары, микроскопией қарағавда бүл жерде продуктивті гранулема көрінеді. Екі өкпедегі өзгерістер бір-біріне үқсас болып, туберкулез ошақтары көбінесе өкпенің сыртқы бөлігінде жайғасады. Осы ошақтар кавернаға айналғанда туберкулез бронхтар арқылы әрі қарай дамиды.

Гематогеңді туберкулездің өкпеден тыс турі адам организміндегі барлық ағзаларды қамтиды. Соның ішінде сүйек-буын, бүйректердің, жыныс ағзаларының, эндокрин бездерінің туберку­лез дері жеке сырқат түріңде көрінеді.

Буйректе туберкулез оның қыртысты қабатынан басталады. Туберкулез үрдісі өршігенде осы ошақтар үлкейіп бүйрек түбіне ашылады; нәтижеде каверна пайда болып, некрозды массалар не-сепағар арқылы бөлініп шыға бастайды. Қабыну несеп жолдары-ның шырышты қабығына өтеді. Несепағар казеозды массамен тығындалып қалса, екіншілік инфекциялар қосылып пионефроз дамиды.

Әйелдердің жыныс ағзалары арасында жатыр түтііінің қабы-нуы (туберкулезді сальпингит) және туберкулездік эндометрит жиі кездеседі.

Суйек және буын туберкулезі негізінен жас балаларда кездеседі. Бірінші орында омыртқа бағанасының туберкулезі (спондилит), одан кейін үршық буынының туберкулезі (коксит), тізе буынының туберкулез! (гонит) алады.

Спондилитте туберкулез омыртқа денесінен басталып осы омыртқаның, омыртқа арасындағы дискінің бүтіндей бүзылуына соқтырады. Осыған байланысты омыртқа бағаны қисаяды, мүны халық арасында қуныс деп атайды. Омыртқа бағаны ішке қарап қисайған болса оны лордоз, артқа - кифоз, бір жағына қарап қисайса - сколиоз дейді. Қабыну үрдісі сүйектің айналасындағы жүмсақ тіндерге өткенде ақпалар, жыланкездер пайда болады.


Туберкулездің аса қауіпті асқыну турлерінің біріне туберкулезді менингит жатады. Әдетте мидың қабықтарының төменгі бөлігі қабы-ньш қальщдап, сарғыш-жасыл түрге кіреді, кейде осы жерде ту­беркулез төмпешіктері көрінеді.

Сирек жағдайларда мида көптеген туберкулема ошақтары пайда болып, олардың көлденеңі 2-3 см-ге жетеді. Клиникада ол ми ісігінің белгілерімен көрінеді.

Екіншілік туберкулез біріншілік туберкулезден жазылған, осы ауруға қарсы шартты иммунитеті бар адамдарда дамиды.

Оның туберкулездің басқа түрлерінен айырмашылығы пато-логиялық үрдіс өкпеде болады, яғни бүл өкпе туберкулезі. Осы-ның өзі бүл туберкулездің адам патологиясындағы орнын анықтап түр. Екіншілік туберкулездің дамуын түсіндіретін екі теория бар. Біріншісі бойынша туберкулез - сыртқы факторлар әсерінде да­миды. Туберкулез суперинфекция есебінде яғни организмге тубер­кулез инфекциясы қайта түскенде басталады. Екінші теория бой­ынша туберкулездің себебі ішкі фактор. Туберкулез организмде ескі ошақтарда «қалғыпң жатқан, біріншілік туберкулезден қалған инфекцияның қайта қозуынан дамиды. Екіншілік туберкулез негізінен өкпенің 1-2 сегменттерінен (көбінесе оң жақ өкпеден) басталады. Өкпе үшына "туберкулез мүрағаты" деген ат берілген, өйткені осы жерде әртүрлі туберкулез ошақтары бар. Біріншілік туберкулез кезеңінен қалған, гематогендік жолмен пайда болған, ең ескі, әктенген көлденеңі 0,3-0,5 см ошақтарды Симон ошақта-ры деп атайды. Олар өкпе үштарында симметриялық жайғасқан. Одан гөрі жас, одан ірірек (көлденеңі 1 см-ге жететін), Са түздары шөгіп, кері дамып жатқан ошақтарды Ашофф және Пуль ошақта-ры дейді. Бүдан басқа тіпті жас, А.И.Абрикосов 1904 жылы жан-жақты тексеріп жазған, Абрикосов ошақтары кездеседі ол туберкулездік эндобронхит ошақтары.

Екіншілік туберкулездің бірнеше клиникалық-анатомиялық түрлері бар, оларға: 1) ошақты туберкулез; 2) фиброзды-ошақты туберкулез; 3) инфильтративті (сіңбе тәрізді) туберкулез; 4) тубер­кулема; 5) казеозды пневмония, 6) жедел каверналы туберкулез; 7) фиброзды-кверналы туберкулез; 8) циррозды туберкулез жөне 9) плевра туберкулезі кіреді.

Ошақты туберкулез жоғарыда айтылған Абрикосов ошақтары-на сәйкес келеді. Олар әдетте көне ошақтар жанында эндо- және перибронхит түрінде басталып, тез арада жақын жатқан альвеола-ларға өтіп ацинозды немесе лобулярлы казеозды пневмония ошағы пайда болады. Туберкулездік қабыну жазылғанда осы жерлерге Са түздары түнып, олар Ашофф-Пуль ошақтарына айналады.



20 болім. Жүқпалы аурулар 181-сурет. Фиброзды-


кавернозды туберкулез

 

Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

Фиброзды ошақты туберкулез капсуласымен қоршалған ошақ-ты туберкулездің қайта қозуы нәтижесінде өрістейді. Осыған бай-ланысты экссудация қүбылысы күшейіп казеозды некроз ощағы пайда болады. Ол лимфа жолдары арқылы немесе тікелей төңерегіне жайыла бастайды. Бірақ қабыну өкпенің 1-2 сегменттерінің шека-расынан шығып кетпейді. Продуктивті реакция басым болғанда осы ошақтардың айналасында тағы да капсула түзіліп, оларға Са түздары шөгіп қалады, дегенмен де қабыну ошағы өз белсенділігін көпке дейін жоймайды.

Инфилыпративті (сіңбе тәрізді) туберкулез ошақты туберкулездің әрі қарай даму кезеңі болып есептеледі. Оның ерекшелігі ошақтарының айналасында арнайы емес экссудативті қабыну үрдісінің басым болуы. Қабыну 1-2 сегменттің шекарасы-нан шығып кейде өкпенің бүтін бір бөлігін басып алады. Бүндай инфильтрат ошағын Асманн-Редекер ошағы деп атайды. Экссуда­ция үрдісі кері дамығанда өкпеде бірнеше казеозды ошақтар көрінеді, кейінірек олар әктеніп және капсуламен қоршалып фиб-розды-ошақты туберкулезге айналып қалады.

Туберкулема ірі, көлденеңі 2-5 см, жүқа капсуламен оралған, казеозды туберкулез ошақтары. Ол негізінен инфильтративті ту-беркулезден кейін дамитын процесс. Кейде туберкулема, көлемі өте үлкен алғашқы туберкулез ошағының орнында немесе бірнеше туберкулез ошақтарының бір-біріне қосылып кейін капсуламен оралып қалуы нәтижесінде де пайда болады. Туберкулеманың түзілуі, яғни ірі казеозды-некрозды ошақтың шекаралануы және капсуламен оралуы, туберкулез үрдісінің басылғанынан хабар береді. Кейде туберкулема әктеніп қалың капсуламен қоршалып үзақ мерзімге дейін өз белсенділігін көрсетпейді. Сирек жағдайларда казеозды массалар бүтіндей жойылып орнында тек дәнекер тінді қапшық (капсула) қалады. Ең қауіпті жағдай осы үрдістің қайта-дан қозып өкпеге таралуы нәтижесінде туады.

Казеозды пневмония деп қабыну ошағында некроз үрдісінің басым болуына байланысты туберкулездің өкпе сегменттерін, тіпті бүтіндей бір бөлігін, басып алуын айтады. Казеозды пневмонияны туберкулездің жеке бір түрі деп қарамаса да болады, себебі ол туберкулездің кез келген түрінен кейін дами алады.

Жедел каверналы туберкулез инфильтративті туберкулезден кейін немесе туберкулеманың казеозды массаларының ірінді ыдырауы және сүйылуы нәтижесінде дамиды. Осы массалар бррнх арқылы бөлініп шыққанда өкпеде бос қуыстар пайда болады. Жедел ка-верналар өкпенің 1-2 сегменттерінде жиірек кездеседі. Оның ішкі қабаты казеозды заттардан, ал сыртқы қабаты тығыздалған өкпе


тінінен түзілген. Каверналардың дамуы туберкулездің бронх арқ-' ылы екі өкпеге де тез тарап кетуіне әкеледі, сонымен қатар бүл науқастар айналасындағы адамдарға эпидемиялық қауіп тудыра-ды. Клиникада бүны ашық туберкулезге жатқызады.

Фиброзды-каверналы туберкулез жедел каверналы туберкулезден соң, олардың айналасында қатгы (фиброзды) капсула пайда болуына байланысты дамиды (181-сурет). Бүл кезде кавернаньщ қабырғасы үш қабаттан түрады. Оның ішкі қабаты казеозды затгардан түрады, ортаңеы қабатын туберкулезге тән грануляциялы тін қүрайды, ал сыртқы, кавернаны айналадағы өкпе тінінен шекаралып түратын, қабаты дәнекер тіннен түзілген. Үлкендігі бойынша майда (көлденеңі 2 см-ге дейін), орташа (2 см-ден 7 см-ге дейін) және алып (7 см-ден үлкен) каверналарды ажыратады. Қазіргі кезенде фиброзды-кавер­налы туберкулез арнайы прозектуралар материалының 89% қүрайды. Әдетте каверна бір өкпеде пайда болып, кейін туберкулездің екінші өкпеге түсуіне немесе бронхтарда, кеңірдекте, көмейде, ішекте ту­беркулез дамуына әкеледі (өзекішілік таралу).

Циррозды туберкулез каверналы туберкулезден кейін, өкпеде склероз үрдісі басым болганда дамиды. Склерозга байланысты өкпе


34 — 437


530 Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


20 бөлім. Жуқпалы аурулар



 


өз формасын жоғалтып, плеврамен өкпе арасында фиброзды жа-быспалар пайда болады, пневмосклероз, бронхоэктаз, эмфизема үрдістері пайда болады.

Плевра туберкулез туберкулездің кез келген түрінде дамуы мүмкін.

Туберкулездің асқыну турлері. Алғашқы туберкулездің асқыну түрлері дегенде әдетте туберкулездің басқа ағазаларға (ми қабықта-рында, іш пердесіне жөне т.б.) таралуын түсінеді. Екіншілік туберкулездегі асқыну кавернаның пайда болуымен байланысты. Оған туберкулездің өкпедён басқа ағзаларға өтуі, кавернадан (өкпе-ден) қан кету немесе каверна тесіліп күтпеген пневмо- немесе пиоп-невмоторакстың дамуы жатады. Туберкулезбен үзақ ауырғанау на-уқастарда өкпелік журек немесе жалпы амылоидоз даму мүмкіншілігі де көбейеді. Көбінесе амилоидоз бүйректерде дамып, кейде ол уре-мияға соқтырады. Ауру елімі жоғарьща айтылған асқыну түрлерімен немесе өкпеге операция жасағаннан кейін асқынулардан болады.

Туберкулез патоморфозы. Өткен ғасырдың аяғында Ресейде туберкулезді "ақ оба" деп атаған, себебі ол кезде үш адамның біреуі туберкулезден өлетін. 1980-жылдары КСРО-да туберкулез ересек адамдардьщ өлімінің себебі ретінде 9-11 орынға ығысты, ал бала-ларда - ең соңғы орында болатын. 1990-жылдары халықтың түрмы-стық жағдайының өте төмендеп кетуіне байланысты туберкулез саны Қазақстанда күрт өсе бастады. Қазіргі кезде (2002-жылдан соң) туберкулездің кері даму тенденциясы байқалуда.

БКЖ егуге жөне әлеуметтік жағдайдың жақсаруына байланы­сты алғашқы туберкулез ересек кісілерде де (8%) кездесе бастады. Туберкулездің ең қауіпті тез дамитын түрлері (казеозды пневмо­ния, гематогенді диссеминация, туберкулез менингиті) қазір өте сирек кездесетін болды. Жас балаларда туберкулездің негізгі түрі бронхоаденит.

Туберкулезбен ауырған науқастар туберкулездің өзінен емес, осы ауру нәтижесінде өрістейтін, арнайы емес себептерден (өкпелік жүрек, жалпы амилоидоз, өкпеден қан кету және т.б.) өледі.

Кейде туберкулезбен үзақ ауырған адамдарда көптеген басқа науқастар да дамиды. Олар (қатерлі ісіктер, асқазан жарасы, қан-тты диабет және т.б.) туберкулезбен ауру кісілердің өліміне себеп болуы мүмкін, бүл кезде туберкулез қосалқы аурулар қатарына жатқызылады.

БРУЦЕЛЛЕЗ

Бруцеллез антропозооноздар қатарына жататын жүкдалы ауру-лардың бірі. Ол негізінен жануарлар арасында кездесіп, олардан адамға жүғады.


Этиологиясы. Бүл аурудың қоздырушысын Д. Брюс (Bruce) 1886 жылы Мальта қызбасы деп аталатын аурудан өлген солдаттың көкбауырынан бөліп алған. Кейін осы қоздырушылар бруцеллалар деп аталған. Олардың үш түрін ажыратады: 1) Brucella melitensis -қой-ешкі бруцеллезінің қоздырушысы; 2) Brucella abortus bovis -ірі қара малдар бруцеллезін қоздырушы; 3) Brucella abortus suis -шошқаларды зақымдайтын түрі.

Адамдарда негізінен бруцеллалардың бірінші түрі кездеседі (95,3%?). Инфекция көбінесе ауру малдың сүтін немесе сүт өнімдерін, етін пайдаланғанда жүғады. Мал шаруашылығымен ай-налысатын кісілерге, мал мамандарына бруцеллез жарақаттанған тері және шырышты қабықтар арқылы да өтуі ықтимал. Осы ма-мандар үшін бруцеллез кәсіптік ауру қатарына жатьш, шопандар-дың 25-100%, ветеринария қызметкерлерінің 20-65% бруцеллез инфекциясы табылады.

Патогенезі. Организмге түскен бруцеллалар аймақтық лимфа түйіндерінде жиналып, 5-10 күн бойы көбейеді. Кейін қанға өтіп (бактеремия кезеңі) бауырда, көкбауырда, жілік майында кідіріп екіншілік ошақтарды түзіп, сол жерден әрі қарай таралады. Қанға түскен бруцеллаларды нейтрофилді лейкоциттер, моноциттер және макрофагтар жүтып алады. Бірақ фагоцитоз үрдісі толық болмай-ды (эндоцитобиоз) - бруцеллар айтылған фагоциттер ішінде көпке дейін тірі сақталады, тіпті өсіп-өне алады.

Лейкоциттер өлгенде бруцеллалар айналасында пайда болған фагосомалар қанға өтіп инфекцияның таралып кетуіне мүмкіндік жасайды. Бруцеллезде дамитын көптеген патологиялық қүбылыс-тар ағазаның бруцеллез антигендеріне қарсы сезімталдығының ар-туымен және осыған байланысты аллергиялық реакциялардың пайда болуымен сипатталады. Аурудың ағымы да организмнің реактивтігіне төуелді. Клиникада бруцеллездің жедел, жеделдеу және созылмалы түрлерін ажыратады.

Патологиялық анатомиясы. Бруцеллездің патологиялық анато-миясьш Алматы медицина институтының патологиялық анатомия кафедрасьшьщ меңгерушісі, профессор П.П.Очкур (1951) жан-жақты зертгеген. Бруцеллездің жедел кезеңінде инфекцияньщ ағазаға тара­лып кетуіне жауап ретінде иммундық жүйенің барлық бөлімдерінде гиперплазия қүбылысы көрінеді. Шеткі лимфа түйін-дері, көкбау-ыр, бауыр үлкейеді, қан тамырларының өткізгіштігі артады, аллер-гиялық васкулит және ішкі ағзалардың серозды қабыну көрінісі пайда болады. Паренхималы ағзаларда дистрофиялық өзгерістер дамиды.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 406; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты