Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


АСПЕРГИЛЛЕЗ




Аспергиллез негізінен терінің және тыныс жолдарының өзгерістерімен сипатталады. Аспергиллалардың патологиялық түрлері жуандығы 1,5-5 мкм болған жіптер түріңде көрінеді.

Патологиялық анатомиясы. Аспергиллалар Әдетте некрозға үшыраған тіндер арасынан табылады. Некроз ошақтарының айна­ласында пикноз және кариорексиске үшыраған нейтрофилді лей­коциттер, фагоцитоз үрдісіне қатынасушы алып жасушалар қатты немесе іріңдеген грануляциялық тін табылады.

Аспергиллез үшін көбінесе тыныс жолдарының және өкпенің өзгерістері тән. Олай болатыны аспергиллез әдетте өкпенің, брон-хтың созылмалы қабынулары кезінде екіншілік инфекция түрінде дамиды. Кейде олар өкпе қуыстарында шар тәрізді өсіп кетіп өкпе аспергиллемасы деп аталады.

МУКОРМИКОЗ

Мукормикозда да негізгі өзгерістер өкпеде корінеді. Бүл ин-фекцияның ерекшелігі саңырауқүлақтар қан тамырларына өсіп кіріп тромбоз, оған байланысты дамитын некроз жөне инфарктар шақырады. Некроз айналасындағы қабыну реакциясы өте әлсіз.


548 Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


20 белім. Жуқпалы аурулар



 


Қабыну сіңбелерінің (лейкоциттердің, лимфоциттердің) арасында эозинофилдер көп. Тромбоз кейде ми қан тамырларына жайылып ми тіні некрозына немесе қан қүйылуларға соқтырады.

Пенициллез өте сирек кездесетін микоз. Ол бүлшық еттердің несеп жолдарының, тыныс жолдарының қабынуымен сипатгалады.

Басқа саңырауқүлақтар қоздыратын микоздар біздің елімізде сирек кездеседі.

20.5. ҚАРАПАЙЫМДАР ЖӘНЕ ГЕЛЬМИНТТЕР ҚОЗДЫРАТЫН АУРУЛАР

БЕЗГЕК

Безгек қарапайымдар тобына жататын плазмодилермен (Plasmodium falciparum) қоздырылатын жүқпалы ауру. Безгек плаз-модилерде өзінің пісіп-жетілу мерзіміне қарап: үшкүндік, төрткүндік жөне тропиктік болып бөлінеді. Безгек ыстық аймақ-тарда (Азияда, Африкада) кең таралган, жылына 100 млн адам ауырып, оның 1-1,5 млн өледі.

Патогенезі. Безгек өдетте безгек қызбасы (үстамасы) түріңде болады. Оның қоздыргыштары организмге маса (Anopheles) шақ-қанда өтеді. Тез арада олар гепатоциттерге кіріп, сол жерде көбейе бастайды. Бауыр жасушалары күйреп, ыдырағанда, мерозоиттер (паразипің жыныссыз гаплоидты түрі) қайтадан қанға түседі. Қанда олар эритроциттермен байланысады, эритроциттердің ішінде өсіп-өнеді. Сол жерде олардың жыныстық түрі-гаметоцитгер пайда бо­лады. Бірте-бірте эритропдттердің ішінде шеңбер тәрізді паразит-терден жүлдыз тәрізді пшзонттар түзіледі. Шизонттармен толған эритроциттер капиллярдан өте алмай көкбауырда жойылады. Олар гемоглобинді гидролиздеп, эритроцит цитоплазмасында гемомела-нин пигменті (безгектік пигмент, гемозоын) түзіледі. Пісіп-жетілгеншизонттар 8-24 мерозоиттарға бөлініп, эритроциттерден шығады. Олардың бір бөлігі фагоцитоз нәтижесінде бүтіндей жойылады, қалгандары басқа эритроциттерге өтіп, жаңа цикл басталады. Эрит­роциттер гемолизінің нәтижесінде организмде гемолиздік анемия дамиды, бауыр, көкбауыр ерекше үлкейеді.

Патологиялық анатомиясы. Үшкүндік және төрткүндікбезгектегі негізгі морфологиялық өзгерістер эритроциттердің гемолизімен байланысты. Эритроциттердің ыдырау өнімдерін, жа-ңадан пайда болған пигмент - гемомеланинді және шизонттарды көкбауыр, бауыр және сүйек майындагы макрофагтар өзіне жүтып


алады. Безгектің созылмалы түрінде осы ағзалар қоңыр-сүр, тіпті қара реңге кіреді.

Безгек пигменті көкбауырдың жүмсақ бөлігінде (пульпасын-да) жиналады. Гиперплазия жөне склероз нәтижесінде көкбауыр үлкейіп, оның салмағы 5-6 кг-га дейін жетеді. Бауыр да үлкейіп дәнекер тін өсуіне байланысты қатайып қалады. Жілік майында гиперплазия, пигментация қүбылыстарымен бірге қан жасау үрдістері күшейеді, сирек жагдайларда керісінше аплазия дамиды.

Тропиктік безгекте де жогарыда көрсетілген өзгерістер дамиды, сонымен қатар безгектік бүл түрінің біршама өзгешеліктері де бар. Тропиктік безгектің шизонттары өз омірінің тек бірінші жартысьш-да ғана қанда еркін өмір сүреді, ал екінші жартысьшда олар көкба-уырдьщ, сүйек майының, мидың және басқа ағзалардың капилляр-ларында жиналып пісіп-жетіледі жөне бөліне бастайды. Паразиттік стаздар кейбір агзалардың, әсіресе, орталық нерв ^сүйесіңің бүзы-луына соқтырады. Клиникада бүл өзгерістер безгектік кома түрінде өтеді. Безгектік комадан өлген адамдар миьшьщ қыртысты қабығы, тіпті оның ақ заты, қоңыр-сүр түсте көрінеді. Ми тіні ісініп, оның жүлгелері тегістеліп кетеді. Ми жасушаларында дистрофиялық, ишемиялық өзгерістер, тінінде сақина тәрізді қан қүйылу ошақта-ры көрінеді. Осы ошақтардьщ ортасында және айналасында некроз ошақтары пайда болады. Некрозға байланысты көбейген глия элементтері осы сырқатқа тән Дрюк гранулемасын түзеді.

Өлім себептеріне безгектің жедел түрінде кездесетін гломеру-лонефрит, үлкейген көкбауырдың жарылып кетуіне байланысты дамитын постгеморрагиялық анемия, безгектік кома, ал созылма­лы түрлеріне безгектік кахексия, амилодиоз жатады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 228; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты