Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


БЛАСТОПАТИЯЛАР




Бластопатиялар үрықтанған кейінгі 13 күн ішінде дамиды. Бластопатиялар бластомерлердің дүрыс бөлінбеуі нәтижесінде екі немесе одан да көп бір-біріне тәуелсіз, өсу орталықтарының пайда болуымен және олардың әрқайсысы жеке дамуымен сипатталады. Бластопатия нәтижесінде үрық бүтіндей ыдырап жойылып кетеді немесе өз-өзінен түсіп қалады (аборт). Үрықтың өлімі негізінен хромосомдық аномалиялар немесе даму кемістіктері нәтижесіңде болады. Үрық әрі қарай дамығанда бір-бірімен түтасып біткен егіз балалар туылады. Егер осы егіздің тек біреуі ғана жетілмесе оны паразит деп атайды.

Бластопатиялардың жіктелуі

(В.П.Кулаженко, 1991; А.П. Милованов, 1999 бойынша)

1. Үрықтың өте ерте, жүктіліктің бірінші апталарында, жойы-луына (элиминациясына) соқтырушы бластопатиялар.

І.І.Бластоцистаның, амнион қуысының және сарьгуыз қабы-ның аномалиясы.

1.2. Эмбриобластың аплазиясы немесе резорбциясы нәтиже-сінде үрықтық қаптың бос болуы.

1.3. Амниондық қуыстың гипоплазиясы.



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


21 белім. Балалар аурулары



 


1.4. Сарыуыз қабының аплазиясы, гипоплазиясы немесе
кальцификациясы.

1.5. Қосарланған кемістікгер: торакопаггар, ишиопаггар жөне т.б.

1.6. Анықталмаған ерте бластопатиялар.

2. Жүктіліктің бірінші айларында эмбрион мен үрықта ауыр
өзгерістерге соқтырған бластопатиялар.

2.1. Бластоцистаның имплантациясының патологиясы — жүктіліктің жатырдан тыс (эктопиялық) дамуы (анабездік, түтікгік және қүрсақішілік).

2.2. Жатырішілік эктопия: бластоцистаның жатыр мүйізіне, цервикалдық өзектің ішкі тесігіне жақын имплантациясы; план-центаның төмен немесе баланың алдьшда орналасуы; жатыр мой-нындағы жүктілік.

3. Кейін дамитын клиникалық белгілер беретін бластопатия­
лар.

3.1. Имплантация терендігінің бүзылыстары - беткей имплан­
тация; плацентаның гипоплазиясы жөне формасының (пішінінің)
бүзылыстары.

3.2. Терең имплантация: placenta circumvallata, fenestrata,
marginata, membranacea, accreta, плацентаның жабысып қалуы.

3.3. Кіндіктің үрық қабықтарына немесе шетке жайгасуы.

3.4. Жасанды үрықтандыру кезіндегі бластопатиялар. Этиологиясы. Бластопатиялардың ең жиі себептеріне хромо-

сомды аберрациялар (ауытқулар), олардың ішкі және сыртқы орта (мысалы, ананың жүрек-қантамырларьшьщ, эндокриндік бездерінің

сырқаттары, гипоксия және т.б.) әсерімен бірлесе әрекет етуі жатады. Даму кемістік-тері өз-өзінен түсіп қалған үрықтардың 30% кездеседі.

Патологиялық анатоми-
ясы. Бір-бірімен түтасып
біткен егіз бала (қосарлы
кемістіктер) симметриялы
және симметриясыз деп екіге
бөлінеді. Түтасьш бітуді грек-
ше - pagus - деп атайды. Егер
олар тең және симметриялы
бөліктерден түрса, оны дип-
лопагус
(грекше — diplos -
қосарлы, pagus — қосылу)
192-сурет. Торакопагусдеп, ал симметриясыз дамы-


ған егіздерді гетеропатус (грекше - heteros - басқа) деп атау қабылданған.

Егер балалар көкірек аймағында бір бірімен түтасқан болса, оларды торакопагус (192-сурет) деп, бас аймағында краниопагус, шонданай аймагында түтасса ишиопагус және т.б деп атайды. Кей-де баланың бас немесе аяқ жагы қосарланып туады. Мысалы, екібасты немесе бастары, беттері бір-біріне қосылган, кейде төрт аяқты бала туылуы мүмкін, көбінесе олар өлі туады. Тек жүмсақ тіндері жабысқан кемтарларды ғана бір-бірінен ажыратуга болады.

Паразиттер немесе баланың толық дамымаган бөліктері дененің кез-келген жеріне жабысқан болады, тіпті баланың ішінде (қүрсақ ішінде, көкірек аралығында) дамиды. Оларды операция жасап алып тастауга толық мүмкіншілік бар.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 329; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты