КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мезаденит 4 страницаКөкбауыр 2-3 есе үлкейеді, бірақ сепсиске тән қырынды бермейді, онда түрлі кезеңдегі инфаркт ошақтары табылады. Буйректерді кесіп қарағаңда инфарктан кейінгі тыртықтар көрінеді. Микроскопта иммундық-кешенді гломерулонефрит көрінісі табылады. Сепсистік эндокардит үшін қан тамырларының қабынуы -васкулит тән. Эндо-мезо-панваскулит нәтижесінде пайда болған тромбтар ми тінінің, көкбауырдың, бүйректердің, өкпенің инфар-ктарымен, ішектің, қол-аяқтың, терінің гангренасымен асқына-ды. Журек гипертрофиясымен бір қатарда аралық тіннің қабынуы - интерстициалды миокардит дамиды. Сепсистік эндокардитте теріде, шырышты және сірі қабық-тарда геморрагиялық диатез белгісі пайда болады. Әсіресе, төменгі қабақтың ішкі бүрышына қан қүйылу (Лукин-Либман дагы) сепсистік эндокардитке тән морфологиялық өзгерістердің бірі болып есептеледі. Өлім себептері. Сепсистік (бактериялық) эндокардит өте ауыр сырқат, ауру өз мерзіміңде жақсы емделмесе сепсистік халден өледі. Қазіргі кезенде бактериялық өзгерістерге қарсы күресіп, оларды бүтіндей жойып жіберу мүмкіншілігі бар, бірақ та бүл аурудың толық сауығып кетуі емес. Қақпақшалардағы өзгерістер туа біткен жүрек ақаулары сияқты бірнеше жылдан соң жүрек қызметінің бүтіндей бүзылуына {декомпенсация) соқтырады. Бүл жағдайларда жүрек декомпенсациясы немесе бүйректердің созылмалы жетіспеу-шіліктері ауру өлімінің бірден-бір себебі бола алады. Хрониосепсис жарақат нәтижесінде үзақ уаклт жазылып кетпе-ген жаралардан соң дамиды. Осы жердегі шіріген тіндердің ыды-рау өнімдерінің қанға сорылуы нәтижесінде әртүрлі ағзаларда ди-строфиялық, склероздық және атрофиялық өзгерістер дамиды. Ж.Ахметов. Патологиялык анатомия 20 бөлім. Жуқпалы аурулар
20.4. САҢЫРАУҚҮЛАҚТАР ҚОЗДЫРАТЫН АУРУЛАР (МИКОЗДАР) Бір топ саңырауқүлақтар адамда терінің және ішкі ағзалардың ауруларын қоздырады. Микоздар кейінгі уақытта көбейіп келе жатқан инфекциялар қатарына жатады. Патогенезі. Микоздар әртүрлі аурулар нәтижесінде өте өлсірген кісілерде, антибиотиктерді көп және ретсіз қабылдағанда, гипоа-витаминозда, ауруларды ісікке қарсы дәрілерден емдегенде, қан жүйесінің сырқаттарында (әсіресе лейкоздарда) дамиды. Осы жаг-дайларда организмнің иммундық жүйесі бүзылып, дисбактериоз қүбылысы пайда болады. Осылайша организм үшін зиянсыз, сапрофит болып саналатын саңырауқүлақтардың өсіп-өніп өзінің патогендік әсерін көрсетуіне ең қолайлы жағдай туады. Инфекцияньщ жүғу жолдарын есепке ала отырып микоздарды: экзогенді және эндогенді микоздар деп бөледі. Эндогенді микоздар-дың дамуы организм сапрофит жағдайында жасап жатқан саңырау-қүлақтардың аутоинфекция түрінде асқынуына байланысты. Экзогенді микоздардың мысалы ретінде дерматомикоздарды, эндогенді микоздардың ішінде висцералдық (ішкі ағзаларды за-қымдайтын) микоздарды жеке-жеке қарастыруға болады. Дерматомикоздар. Саңырауқүлақтардың тері элементгеріне ену тереңцігіне қарап дерматомикоздарды эпидермомикоздар, беткей және терең жайгасқан дерматомикоздар деп бөледі. Эпидермомикоздар тек эпидермисті зақымдаса, дерматомикоздар дерманың және эпидермистің зақымдауымен сютатгалады. Эпи-дермомикоздардың мысалы ретінде теріде пайда болатын теміреткінің түрлерін келтіруге болады. Беткей дерматомикоздардың зиянды әсері нәтижесінде шаш бүтіндей түсіп қалады, мүны халық арасында таз деп атайды. Ішкі аезаларда дамитын микоздар. Ішкі агзаларда микоздар көбінесе эндогенді инфекция түрінде дамиды. Тіндерде микоздар-дың спораларының болуы патология деп есептелмейді, тек саңы-рауқүлақтың өсіп-өну белгілері пайда болғанда немесе олардың айналасында қабыну реакциялары, фагоцитоз қүбылыстары көрінгенде гана саңырауқүлақтарды жеке ауру себебі ретінде та-нуға болады. Жіктелуі. Ішкі агзалар микоздарын төрт топқа бөледі: 1) сәулелі саңырауқүлақтар қоздыратын (актиномикоз, нокардиоз); 2) ашы-тқы тәрізді және ашытқы саңырауқүлақтар қоздыратын (аспер-гиллез, пеницеллез, мукормикоз); 4) басқа саңырауқүлақтар қоз-дыратын (кокцидиоидомикоз, риноспориоз, споротрихоз, гистоп-лазмоз) аурулар. СӘУЛЕЛІ САҢЫРАУҚҮЛАҚТАР ҚОЗДЫРАТЫН АУРУЛАР, АКТИНОМИКОЗ Актиномикоз сөулелі саңырауқүлақтар қоздыратын инфекция қатарына кіріп, организмнің барлық тіндері мен агзаларын зақым-дайды. Актиномицеттер бір-біріне араласып кеткен мицелий деп ата-латын жіпшелерден түрады. ОларДың шеттерінде күн сәулелі тәрізді қүрылымдар түзіледі. Патологиялық анатомиясы. Актиномицеттердің тіндерге енуі сол жердің созылмалы қабынуына, актиномикозға тән гранулема-лардың түзілуіне соқтырады (191-сурет). Олардың іріңдеуі нәтижесінде сыртқы немесе ішкі ақпалар (свищ) пайда болады. Микроскоппен қарағанда гранулемалардың ортасында лейкоцит-термен қоршалған актиномицеттердің друзалары, .олардың айналасында осы ауру үшін тән болган ксантомды жасушалар, лимфо-идты және макрофагты сіңбелер, талшықты дәнекер тін көрінеді.
Актиномикоз жүмсақ тіннен басталып тері асты шелі жөне дәнекер тінді қабаттар арқылы жан-жаққа тарала бастайды. Мысалы ауыз қуысының актиномикозы мойын жүмсақ тіндеріне өтіп, сол жерде ақпалар пайда болады. Ішекте дамыган актиномикоздың айналасындагы ірануляциялық тін іріңдеп, ол қатты дәнекер іінмен қоршалады, кейде ірің қуысына немесе сыртқа ақпа түрінде бөлініп 35 — 437 Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия 20 бөлім. Жүқпалы аурулар
түрады. Өкпе актжомикозында өкпеде дөнекер тінмен қоршалған іріңці ошақтар пайда болып олар өкпе қабына, көкірекке, жүрек қабына өтеді. Сонымен қатар актиномикоз метастаздар беру жо-лымен де таралады. Бүл кезде өкпеде, бауырда, мида оның қабықта-рында, сүйектерде актиномикоз ошақтары табылады. Үзаққа со-зылаған актиномкиоз амшіоидозбен асқынуы мүмкін. АШЫТҚЫ ТӘРІЗДІ ЖӘНЕ АШЫТҚЫ САҢЫРАУҚҮЛАҚТАР ҚОЗДЫРАТЫН АУРУЛАР, КАВДИДОЗ Кандидоз микоздың ең көп тараған түрі, оның негізгі қоздыру-шысы Candida albicans. Тіңдерде кандидалар домалақ немесе сопақ, көлденеңі 2-5 мкм, жасушалар түрінде табылады. Саңырауқүлақ-тардың мүндай түрлері сапрофиттік жағдайға тән. Ауру қоздыру-шылар қатарына кандидалардың бүртіктеніп және өніп-өсіп жат-қан түрлері жатады, олар жалған жіпшелер (псевдомицелий) қүры-лымын түзеді. Кандидалар ШИҚ-реакциямен өте жақсы анықта-лады. Патогенезі. Кандидоз аутоинфекция түрінде дамиды. Макроорганизмнің қорғаупіы күштері өлсірегенде терідегі, шырышты қабықтардығы кандидалар осы жердегі көп қабатты эпителийге жа-бысьш (адгезия), көбейіп, саңырауқүлақтардьщ жас, өсіп-өніп жат-қан түрлері эпителийдің ішкі қабтгарына қарай кіре бастайды. О.К.Хмельницкий кандидоздьщ: беткей, эпителийішілік (ин-траэпителийлік) және инвазиялық түрлерін ажыратады. Кандидоздьщ беткей турі эпителийлі жабындыларға кандида-ньщ кіруімен жергілікті қабыну реакциясымен сипатталады. Эпителий қабаттарына дистрофиялық өзгерістермен бір қатарда лей-коциттерден түзілген сіңбелер пайда болады. Кандидоздьщ эпителийішілік турінде эпителий жасушаларында некроздық өзгерістер көрінеді. Кяндидоздьщ инвазиялық турі эпителий қаба-тының, оньщ негізгі мембранасьшьщ бүтіндей бүзылып, жара пайда болуымен, саңырауқүлақтардың дәнекер тін қабатына өтуімен сипатталады. Патологиялық анатомиясы. Кандидоздағы өзгерістер әртүрлі. Оның беткей түрі тері мен іиырьшпъі қабықтың өзгерістерін ғана (мысалы, ауыздың уылуы) шақырса, оның ішкі ағзаларда өніп-өсетін түрі және кейін бір жүйелердің (асқазан-ішек, тьшыс алу жөне т.б.), тпггі бүкіл организмнің (генерализацияланған микоз) зақымдануымен сипатталады. Осы патологиялардың ішінде кандидозды эозофагит жиі кездеседі. Ішекте кандидоз жара пайда болуына соқтырады. Өкпеде кандидоздық пневмония, некроз ошақтары, фиброз көрінеді. Пневмония қабыну үрд;сінің жоғарғы тыныс жолдарынан өтуі нөтижесінде немесе гематогенді жолдармен дамиды. Несеп жолдарынның кандидозы жоғары өрлеу жолымен дамып, уретрит, пиелит, пиелонефрит түріне өтеді. Кандидоздық сепсис мида, бүйректерде, жүректе, өкпеде мета-стаздық ошақтардың пайда болуымен сипатталады. Осы айтылған ағзаларда кандидоз экссудативтік-некроздық немесе гранулематоз-дық қабыну түрінде көрінеді. Микроскоппен тексергенде некро-зға үшыраған ошақтарда кандидалардың өсіп-өніп жатқан түрлері немесе олардың қалдықтары айналасында өте көп мөлшерде нейтрофилді лейкоциттер көрінеді, олардың көпшілігі бөлшектен-ген халде (кариорексис) болады. Лимфоциттер мен макрофагтар саны аз, кейде бірлі-жарымды көпядролы алып жасушалар да кездеседі. Өңезді саңырауқулақтар қоздыратын аурулар. Өңезді саңырауқ-улақтар алдын ала өзгерген эпителийлі жабындыларда және шы-рышты қабықтарда өніп-өседі. Негізгі өзгерістер ауыз қуысында, жоғарғы тыныс жолдарында көрінеді. Кейде олар өкпе кавернала-рының қуыстарында табылады.
|