КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ПиелонефритПиелонефрит — инфекциялыќ сырќат; процесс бүйректің аралыќ тканін басымырақ зақымдап, оның түбегін, астаушаларын, басқа да тканьдерін қамтиды. Сондықтан да пиелонефрит интерстицийлік (аралыќ) нефриттер тобына жатады. Ол бір немесе екі бүйректі де зақымдауы мүмкін. Клиника-морфологиялық т±рѓыдан, пиелонефрит жедел және созылмалы аѓымды. Созылмалы пиелонефрит көбінесе ќайталамалы жедел ағымды пиелонефриттен туындайды. Этиологиясы мен патогенезі. Пиелонефрит — инфек-циялық сырқат. Оны әртүрлі бактериялар (ішек таяќшасы, энтерококк, стрептококк, стафилококк, протей, т.б.), әдетте ішек таяқшасы дамытады. Микробтар бүйрекке көбіне несепағардан, қуықтан, үрпі жолынан көтеріледі [урогендік (өрлемелі) пиелонефрит]. Инфекцияның жоѓары өрлеуіне ќолайлы жағдайларға: несепағар мен түбектердің дискинезиясы, бүйректегі ішкі қысымның жоғарылауы (везико-реналдыќ және пиело-реналдық рефлюкс), несептің түбектерден милыќ ќабаттағы веналарға қайта сорылуы (пиело-веналық рефлюкс) жатады. Урогендік нефриттің біразы несеп-жыныс аѓзалары ауруларының әсерінен несептің аѓысына кедергі туындаѓанда дамиды (несепағар тарылғанда не онда тас түзілгенде). Сондықтан пиелонефриттің бүл түрі жүкті әйелдерде жиірек байқалады. Инфекция бүйрек пен оның түбектеріне қанмен келуі де мүмкін [гематогендік (төменге жайылѓан) пилонефрит]. Инфекцияның б±л жолмен таралуы іш сүзегі, грипп, ангина, сепсис сияқты бірқатар ж±қпалы ауруларға тән. Инфекция бүйрекке лимфалық тамырлар арқылы да түседі (лимфогендік пиелонефрит). Онда инфекцияның көзі тоќ ішекте не жыныс ағзаларында болғаны. Пиелонефрит бүйрекке инфекция түскендіктен ғана дамымайды. Ол даму үшін организм сезімталдығының өзгеруі немесе несептіњ аѓысын бұзып, несеп стазын дамытатын жергілікті себептер де ќажет. Ондай себептер б±л ауруды кайталамалы әрі созылмалы ағымды етеді. Патологиялық анатомиясы. Жедел және созылмалы аѓымды пилонефриттің морфологиялық бейнесінде айырмашылық бар. Жедел пиелонефрит меңдеген кезде бүйректің толыққанды түбектері мен астаушаларын лейкоциттер жайлайды, кілегейлі қабыќшасында некрозды ошақтар пайда болады, фибринді пиелит байќалады. Бүйректің екі қабатының да аралыќ ткані сусіңділенеді, лейкоциттер шоғырланады, онда ±сақ абсцестер мен ќанды ошақтар болады. Өзекшелердің эпителийін дистрофия шарпып, саңылауын сыдырылған эпителийден түзілген цилиндрлер мен лейкоциттер бітейді. Процесс ошақты не диффузды түрде дамиды. Толыќқанды ткані ісініп, ±лғайѓан бүйректің (кейде бүйректердің) сыртќы қабығы оңай сыдырылады. Түбектер мен астаушалар кеңейіп, ішіне ластау несеп немесе ірің жиналады, кµмескі тартқан кілегейлі қабыќшада қанды ошақтар болады. Кескенде бүйректің ткані ш±бар екені байқалады: сарғыштау боз түсті жерлерін толыќқанды, қанды ошаќты аймақтар шектеп, іріңдіктер де ±шырасып қалады. Созылмалы пиелонефрит кезінде әртүрлі өзгерістер орын алады: әдетте, склероз бен экссудациялы-некрозды процестер қабат дамиды. Түбектер мен астаушаларға лимфоциттер мен плазмоциттер жиналып, склероз өрістейді, кілегейлі ќабықшада полиптер қалыптасып, өтпелі эпителий көпќабатты жалпаќ эпителийге айналады (метаплазия). Бүйректің тканінде созылмалы аралыќ қабыну дамып, дәнекер ткань көбейеді, іріңдіктер ќабықпен шектеледі, іріњді µлексені макрофагтар сіңіріп, жояды. Дистрофия шарпыѓан өзекшелер семеді. Заќымдалмаѓан өзекшелер кеңейіп, эпителийі аласарады, саңылауына коллоид тәрізді қойыртпақ зат жиналып, бүйректің жалпы қ±рылысы қалқанша безге ±қсайды ("ќалќанша без тәрізді б‰йрек"). Әдетте перигломерулалық және экстракапиллярлыќ гломерулосклероз байқалады. Артериялар мен веналардың іргесі де шорланады. Созылмалы пиелонефриттің барысында көбінесе ошақты процесс байқалады: аралық қабыну, атрофия мен склероз өрістеген аймақтардың төңірегінде онша зақымдалмаған ткань және регенерациялыќ гипертрофия көрініс береді. Бұл процестердің негізінде бүйректе созылмалы пилонефритке тән кескін ќалыптасады: бүйректердің көлемі бірдей болмайды, үсті ірі б±дырлы келеді, кескенде тыртықты аймақтар мен паренхимасы онша зақымдалмаѓан аймақтар кезек ұшырасады; кеңейген түбектердің іргесі ақшылдау рењді, қалың болады. Созылмалы нефриттің ақырында б‰йрек б‰ріседі (пиелонефриттен б‰ріскен б‰йрек — пилонефриттік нефросклероз). Бүйректе түрлі көлемді тыртықтар қалыптасып, кей жерлері қабығымен бірігіп кетеді, түбектер мен оның маңындаѓы клетчатка шорланады. Бүйректер біркелкі өзгермейді. Осы белгілерге сүйене отырып, пилонефриттік нефроциррозды басќа себептерден дамыѓан нефросклероз бен нефроцирроздан ажыратуға әбден болады. Асқыну зардаптары. Жедел пиелонефрит кезінде орын алѓан іріңді процесс өрши келе, бүйректе ірі абсцестер мен карбункулдар қалыптасады. Іріңді қуыстар бүйректің түбектерімен жалғасып (гидронефроз), процесс бүйректің фиброзды қабығына (перинефрит) және оның төңірегіндегі клетчаткаѓа жайылады (паранефрит). Жедел пиелонефрит кезінде дамыған несептік стаздан және бактериялардың тікелей уытты әсерінен пирамидалардың үрпісін некроз шарпуы да мүмкін (папиллонекроз). Б±л жағдай көбіне сусамырмен (диабет) сырқат адамдарда байқалады. Пиелонефрит сепсис ауруына да себеп болады. Іріңді аймақ тыртықпен шектеліп, кейде б‰йректе созылмалы абсцесс пайда болады. Созылмалы нефрит бір бүйректе өрістесе, нефрогендік гипертония дамып, екінші (сау) б‰йректе артериолосклероз байқалады. Егер пиелонефриттен бүйректің екеуі де бүрісіп қалса, науќас б‰йрек ќызметініњ созылмалы жеткіліксіздігіне ±шырайды. Аќыры. Жедел ағымды пиелонефритпен сырқат адамдар көбіне айыѓып кетеді. Ал б±л аурудың пионефроз, сепсис, папиллонекроз сияқты ауыр әсерлі зардаптарынан науқас өліп кетуі де мүмкін. Созылмалы пиелонефриттің біразы бүйректі бүрістіріп, азотемиялыќ уремияѓа себеп болады. Егер созылмалы пиелонефриттен реналдық артериялық гипертония дамыса, сырқат адам гипертония ауруына тән (миѓа ќан ќұйылу, миокард инфарктісі сияқты) зардаптардан өледі.
ТАСТЫ БҮЙРЕК АУРУЫ (НЕФРОЛИТИАЗ) Тасты бүйрек ауруы (нефролитиаз) — бүйректің түбектері мен астаушаларына және несепағарға көлемі, қ±рылысы мен химиялыќ қ±рамы (фосфаттар, ураттар, оксалаттар, карбонаттар, т.б.) әртүрлі тас байланатын сырқат. Б±л созылмалы ағымды ауру, бүйректің сыңарын немесе екеуін де зақымдайды. Этиологиясы мен патогенезі. Бүйрек пен несеп жолдарында тас неліктен түзілетіні әлі толыќ зерттелмеген. Тастың байлануына қолайлы жалпы факторлар тобына: минералдар (кальций, фосфор, несеп қышќылы, қымыздыќ ќышқылы) алмасуы мен қышќыл-негіз тепе-теңдігі (ацидоз) б±зылуының түқымқуалайтын түрлері, тамақтану ерекшеліктері (тамақта көмірсулар мен жануарлық белоктың басым болуы) мен ауыз судың минералдың қ±рамының єсері (эндемиялыќ нефролитиаз), сондай-ақ витаминдер жеткіліксіздігі (А-авитаминоз) жатады. Жергілікті факторларѓа несептің физика-химиялық сапасын өзгертіп, ондаѓы т±здардың т±нбаға түсуіне қолайлы жағдай туындататын факторлар жатады. Олардыњ ішінде несеп жолдарының ќабынуы мен несептік стаз маңызды орын алады. Б±л факторлардың әсерінен несепте кальцийдің мөлшері артып, оның рH-ы мен коллоидтық тепе-теңдігі өзгеріп, тастың коллоидтыќ (белокты) негізі қалыптасады. Түбектердің, астаушалар мен несепағардың іргесінде қанайналымы (трофика) б±зылып, атония дамыса да, нефролитиаз байқалады. Патологиялық анатомиясы. Нефролитиаздыњ морфоло-гиялық бейнесі әр алуан. Ол тастың түзілген орнына, көлеміне, процестің мерзіміне, инфекцияның әсеріне, т.б. да көптеген жағдайларға байланысты. Түбектегі тас несептің аѓысын б±зып, пиелоэктазияѓа, бүйректің паренхимасын семдіріп, гидронефрозѓа ±шыратады; сөйтіп, несеп кернеген б‰йрек жүқа іргелі қалтаға айналады. Егер тас астаушаѓа байланса, несептің ағысы сол жерде ѓана бұзылып, төңірегіндегі ткань ѓана семеді де, сол астауша ѓана кеңейеді (гидрокаликоз). Несепағарды бітеген тас несепаѓардың сол бітелген жерден жоѓары бөлімін де, түбектерді де кеңейтеді (гидроуретеронефроз). Ондай жаѓдайда несепаѓардың іргесі қабынып (уретерит), стриктура қалыптасады; кейде тастың қысымынан жауыр пайда болып, несепағардың сол бітелген түсы тесіледі. Инфекция қосарланса, нефролитиаздың морфологиялық бейнесі күрт өзгереді. Инфекция қосарланған калькулезді (тасты) гидронефроз (гидроуретеронефроз) пионефрозѓа (пиоуретеранефрозға) айналады. Инфекцияның әсерінен пиелит, пиелонефрит, апостемалы (іріњдікті) нефрит дамып, ірің бүйректің паренхимасын жидітеді. Қабыну процесі көбінесе бүйректің маңындағы клетчаткаѓа жайылып, созылмалы пиелонефрит дамиды. Сөйтіп, бүйректі грануляциялы, майлы, фиброзды тканьнен қалыптасқан, қалың қабыќ қоршап алады (сауытты б‰йрек), кейде бүйрек толық, семіп, орнын фиброзды-майлы ткань жайлап кетеді (май жайлаѓан б‰йрек). Тасты (несеп тасты) бүйрек ауруы көбіне пиелонефритпен асқынады. Әсіресе пионефроз бен б‰йректіњ іріњдеп жидігені қауіпті, өйткені сепсиске ±ласады. Б‰йрек ќызметініњ жедел жеткіліксіздігі сирек байқалады. Тасты бүйрек ауруы ұзаққа созылып, фиброзды, майлы ткань жайлап, бүйрек семіп қалса, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне ±шырайды. Нефролитиазбен сырқаттар көбінесе уремиядан немесе бүйрегі іріңдегендіктен өледі.
|