Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


НЕФРОСКЛЕРОЗ




 

Нефросклероз — бүйректің дәнекер ткань жайлап, қатайып, сиыќсыздануы (бүрісуі).

Этиологиясы мен патогенезі. Нефросклероздың себептері алуан түрлі. Бүйрек қан тамырлары склерозѓа ұшырап, бірінші ретті жолмен де, шумақтары, өзекшелері мен стромасы қабынып дистрофия µрістеп, екінші ретті жолмен де б‰ріседі. Гипертония ауруы мен симптомдыќ гипертония бүйректің тамырларын зақымдап, артериоло-склероздыќ нефросклероз (нефроцирроз) дамытса, атеросклероз ауруы атеросклероздық нефросклерозѓа (нефроциррозѓа) себеп болады (бірінші ретті бүріскен бүйрек). Бүйрек екінші ретті жолмен кµбіне созылмалы гломерулонефриттен (нефриттен б‰ріскен б‰йрек), кейде — пиелонефриттен (пиелонефриттен б‰ріскен б‰йрек, б‰йректер), амилоидты нефроздан (амилоидоздан б‰ріскен бүйрек), бүйректік туберкулезден, диабеттік гломерулосклероздан, бүйректің инфарктісінен, т.б. себептерден бүріседі. Қандай себептен дамыса да, нефросклероз (нефроцирроз) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне ұшыратады.

Пато- және морфогенезі. Нефросклероздың пато- және морфогенезінің екі фазасы бар: біріншісі − “нозологиялық”, екіншісі — “синдромдық”. Бүйректің бірінші фазадағы склерозы нефросклерозды туындатқан аурудың (нозологияның) пато – және морфогенезімен сабақтас. Ал екінші фазада аурудың патоморфологиялық және клиника-морфологиялыќ ерекшеліктері көмескі тартып не мүлде жойылып, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне негізделген синдромның бейнесі айшықталады. Нефросклероздың бірінші фазасы бүйректің белгілі бір қ±рылымдық (артериолалық, шумаќтық не интерстицийлік) деңгейінде бөген қалыптасып, ќан аѓысы тежелгенге дейінгі аралықты ќамтып, негізгі аурудың морфологиясын бейнелейді. Оның нозологиялыќ ерекшеліктері бүйректің белгілі бір элементінде (артериолада, шумақта не интерстицийде) склероз басымырақ өрістеуімен және сол склероздың бүйректе даму сапасына байланысты (ХХІІ тәсім). Нефросклөроздың екінші фазасы бүйректің белгілі бір қ±рылымдыќ (артериолалық, шумақтық, капилляр-паренхималық) деңгейінде бөген ќалыптасып, онда ќан ағысы тежелгендіктен дамитын гипоксиялыќ фактормен сабақтас: гипоксия нефросклерозды өршіте түседі (XXII тәсім). Адырында бүйректіњ барлық ќ±рылымдық элементтері біркелкі шорланып, нозологияның морфологиялық бейнесі көмескі тартады.

Патологиялық анатомиясы. Нефросклероз кезінде бүйрек қатайып, үсті ірі не ±сақ б±дырлы болады, ткані қалыпты ќ±рылысынан тайып, қайта ќ±рылады (нефроцир-роз). Нефросклероздың даму себебі мен түрін анықтау үшін алдымен бүйректіњ қай процеске негізделіп, қалай бүріскенін баѓамдау қажет: гипертония ауруы мен гломерулонефриттен бүріскен бүйрек — ±сақтүйіршікті болса, атеросклероздан, пиелонефриттен, амилоидоздан — іріб±дырлы келеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 174; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты