Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жыныс аѓзалары мен с‰т бездерініњ дисгормондыќ аурулары




Жыныс ағзалары мен бездерінің дисгормондыќ ауруларына ќуық безінің нодулалық (түйінді) гиперплазиясы мен аденомасы, жатырдың кілегейлі қабықшасының безді гиперплазиясы, жатыр мойнының эндоцервикозы, аденоматозы мен полиптері және емшек безінің қатерсіз дисплазиясы жатады.

Қуық безінің нодулалық (түйінді) гиперплазиясы мен аденомасы (дисгормондық гиперплазиялы простатопатия) жасы 70-тен асқан ер адамдардың 95%-ында байқалады. Без ±лѓайып, ж±мсақтау серпімді, кейде б±дырлы болады. Әсіресе бездің қуыққа шыѓыњќы ортаңѓы бөлімі ±лѓайып, несепті шыѓаруды бөгеп, қиындатады. ¦лғайѓан бездің кесіндісі дәнекер тканьмен шектелген түйіндерден қ±рылады.

Гистологиялық бейнесіне қарай, қуыќ безінің түйінді гиперплазиясы безді (аденомалы), б±лшықетті-фиброзды және аралас түрлерге жіктеледі.

Безді гиперплазия. Қуық безіндегі бездер көбейіп, кµлемі мен қ±рамы әртүрлі бөлікшелер түзіледі, Гипертрофия б±лшыќетті-фиброзды болса, қуыќ безінің бірыңғай салалы б±лшыќет талшыктары көбейіп, олардың арасындаѓы безді элементтер семіп, аѓзаның бөлікшелерінің қ±рылымы б±зылады. Простатопатияның аралас т‰рінде б±л аурудың алѓашқы екі түрінде орын алатын негізгі процестер ±штасады. Көбінесе ретенциялыќ кисталар (қуыстар) пайда болады.

Ќуыќ безіндегі аденоманыњ гистологиялық бейнесінен айтарлыќтай ерекшелік байқала ќоймайды.

Асқыну зардаптары. Дисгормондыќ гиперплазиялыќ простатопатияның барысында ±лғайѓан без үрпі жолы мен ќуыќтың мойнын ќысып тарылтады, сондыќтан несепті шыѓару қиындайды. Қуыќтың іргесі ќалыңдап, компенсациялыќ гипертрофия дамиды. Бірақ компенсациялық мүмкіндігі шектеулі болѓандықтан, куыққа несеп жиылып, инфекция қосарланады, цистит, пиелит, өрлемелі пиелонефрит өрістейді. Егер ќабыну процесі іріњді болса, кейде уросепсис дамиды.

Жатырдың кілегейлі қабықшасының безді гиперплазиясы — жиі байқалатын сырқат; организмде гормондар тепе-теңдігі б±зылып, фолликулин немесе сары денешік гормоны (прогестерон) тым көбейгендіктен дамиды. Көбіне жасы кемелденген немесе ќартаң әйелдер ауырады. Кейде оған аналыќ бездің дисфункциясы мен эстрогендік гормон түзетін ісіктер себеп болады. Єдетте, жатырдан ќан кетеді.

Безді гилерплазияға ±шыраған жатырдың кілегейлі қабыќшасының өзіндік бейнесі бар: қалыңдап, полиптер пайда болады. Жатыр қырындысының (соскоб) микробейнесінен эстрогендік гормондардың әсері күшейіп, етеккірдің пролиферациялыќ мерзімі ±зарып, патологиялық сипат алғаны байќалады: бездер ±зындау, ирек-ирек немесе б±ранда пішінді болады. Стромасы едәуір ќалыңдап, клеткалар көбейеді. Егер бездерден қуыстар ќалыптасса, б±л ауру безді-кисталы гиперплазия деп, ал атипия көрініс берсе, — атипиялы гиперплазия деп аталады.

Кілегейлі ќабықшаның безді гиперплазиясына қабыну процесі қосарланып, склероз дамиды, кейде ол жатыр денесінің карциномасына ±ласады. Сондыќтан жатырдың кілегейлі қабыќшасының гиперплазиясы осы ағзаның ракалдылыќ процесі деп есептеледі.

Эндоцервикоз. Оның даму барысында жатыр мойнының ќынаптыќ бөлімінің іргесін безді құрылымдар жайлап, сол бездерді астарлайтын эпителийлік ќабат өзгереді. Эндоцервикоздың пролиферациялы, жай және жазылудағы түрлері болады, олар оныњ даму кезењдерін де бейнелейді. Пролиферациялы эндоцервикоз дамығанда жатыр мойнындаѓы призмалық эпителийдің камбийлік (безді және жалпақ эпителий түзе алатын) элементтерінен жаңа безді ќ±рылымдар қалыптасады. Жай эндоцервикоз кезіндебезді қ±рылымдар түзілмейді. Жазылудаѓы эндоцервикоз кезінде жалпақ эпителий призмалық эпителийді ығыстырып, безді қ±рылымдарды астарлайды.

Жатыр мойнының аденоматозы: қынаптыќ бөлімнің эпителийлі жамылѓысының астында куб пішінді эпителийдің бір-аќ қабатымен астарланѓан безді қ±рылымдар шоғырланады.

Полип жатыр мойнының каналында жиірек, ќынаптық бөлімінде сиректеу байқалады. Ол шырыш түзетін призмалық эпителийден ќалыптасады.

Жатыр мойнының эндоцервикозы, аденоматозы мен полиптері — ракалдылыќ процестер.

Сүт безінің қатерсіз дисплазиясының (синонимдары: мастопатия, фиброзды-кисталы ауру) даму барысында эпителий д±рыс жетілмей, атипиялы болып, гистологиялыќ қ±рылымы б±зылады, бірақ ол базальдыќ мембранадан аспайды және кейде кері дами алады. Б±л ауру эстрогендер тепе-теңдігінің б±зылуымен сабақтас.

Мастопатияныњ екі негізгі түрі бар: пролиферациясыз және пролиферациялы.

Пролиферациясыз мастопатия кезінде сүт безінде дєнекер ткань көбейіп, кей жерлері гиалинозѓа ±шырайды. Дәнекер ткань өскен аймақтардағы бездің бөлікшелері семіп, өзектері кеңейіп, кистаѓа айналады. Өзекшелер мен кисталарды семген аласа немесе апокринді ±зынша эпителий астарлайды; әр жерде эпителий көбейіп, бүртіктер түзіледі. Макробейнесін ақшыл, қатты (фиброзды мастопатия) немесе ақшыл, кисталы (фиброзды-кисталы мастопатия түйін (түйіндер) ќ±райды; көбіне бір емшек зақымдалады.

Пролиферациялы мастопатияныњ барысында сүт безінде эпителий мен миоэпителий немесе эпителий мен дәнекер ткань көбейеді. Мастопатияның б±л түрі өз ретінде аденоз (мазоплазия), өзекшеішілік пен бөлікшелік эпителий көбейетін және склерозды (фиброзды) аденоз деп аталатын түрлерге бөлінеді. Аденоз (мазоплазия) кезінде бөлікшелердің жалпы қ±рылысы өзгермейді, көлемі ұлѓайып, бездің эпителийі көбейеді. Әр жерде эпителиймен қатар миоэпителий де кµбейіп, бөлікшелердің соңғы тарамдарында ±сақ кисталар, склерозды ошақтар пайда болады. Өзекшелер мен бөлікшелердіњ эпителийі көбейе келе, солидты, аденомалы және криброзды қ±рылымдар түзеді, дәнекер ткань де өседі. Склерозды (фиброзды) аденоздыњ басты бейнесі — көбейген миоэпителий. ¦зынша келген миоэпителийлік клеткалар ±сақ-±сақ ±ялар қалыптастырады, олардың арасында эпителийлік түтікшелер пайда болады. Ақырында емшек безінің тканінде склероз бен гиалиноз дамиды.

Сүт безінің қатерсіз дисплазиясына гинекомастия (грекше: gуnе - әйел жєне mastos - кеуде ), яғни ер адамдардың сүт безі ±лѓайып, онда ќатайѓан ошақтар пайда болатын сырқат та жатады. Бездің жалпы микробейнесі бойжеткендердің емшегіне ±қсап, эпителий көбейеді, кеңейген бүртікті өзекшелер болады. Кейде пролиферациялы мастопатияѓа тән солидты және криброзды қ±рылымдар ќалыптасады. Гинекомастиямен сырқаттар кейде єйел пішінді (феминизация) келеді.

Сүт безіндегі қатерсіз дисплазияның біразы карциномаға ұласады, сондықтан ол да ракалдылыќ процесс.

 

ЖЫНЫС АҒЗАЛАРЫ МЕН СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАБЫНУЛЫҚ АУРУЛАРЫ

 

Жыныс аѓзаларында дамыған ќабыну процесінің көбі туберкулез, сифилис (мерез), гонорея (соз) сияќты негізгі аурулардың бір көрінісі болып табылады. Олардың ішінде ең маңыздылары — жатырдың кілегейлі қабықшасының қабынуы (эндометрит), сүт безінің ќабынуы (мастит), еннің қабынуы (орхит) және ќуық безінің қабынуы (простатит).

Эндометрит. Ол жедел және созылмалы аѓымды болады.

Жедел эндометриттіњ біразы жаңа босанғандарда немесе түсіктен кейін, түрлі микроорганизмдердің (стрептококк, стафилококк, анаэробтық бактериялардың, ішек таяќшасының) әсерінен дамиды. Кілегейлі қабықшаны ірің немесе бозғылт қызыл түсті шіріген қабыршық жауып кетеді. Ќабыну процесі миометрийдегі қан тамырларына жайылса, іріњді метрит пен тромбылы флебит орын алады.

Созылмалы эндометрит кезінде жатырдың кілегейлі қабықшасында созылмалы катар дамып, кейде іріңді жалқаяқ немесе ірің тым көп бөлінеді (ақ етеккір — fluor аlbus). Толыққанды кілегейлі қабықшаѓа лимфоциттер, плазмоциттер мен лейкоциттер шоғырланады. Эндометрийдегі бездердің эпителийі тым түлеп, көбейеді. Эндометрит ±заќќа созылса, бездер семіп, кілегейлі қабыќшаны фиброз бен лимфоциттер шоғыры жайлайды (атрофиялыќ эндометрит). Бездің өзекшелерін фиброзды ткань қысып тастаса, сањылауындаѓы с±йыќтыќ қойылып, кисталар қалыптасады (кисталы эндометрит).

Созылмалы эндометрит кілегейлі қабықшаның гиперплазиясына ±ласса, гипертрофиялыќ эндометрит деп аталады. Оны жатырдың кілегейлі қабықшасының гиперплазиясынан ажырату қиын.

Мастит — сүт безінің қабынуы; ол да жедел және созылмалы аѓымды. Жедел аѓымды іріњді (флегмоналы) мастит көбіне жаңа босанған әйелдерде, әдетте стафилококтың әсерінен дамиды. Созылмалы маститтіњ көбі жедел маститтен өрбіп, іріңді болады.

Орхит — еннің (аталық бездің) қабынуы. Б±л ауру да жедел және созылмалы ағымды.

Жедел орхит іш сүзегі, безгек, соз сияқты бірқатар инфекциялар мен көбіне эпидемиялы паротит (20—30%) асқынѓанда байќалады. Енде әдетте іріңді ќабыну дамиды, ал эпидемиялы паротиттен диффузді аралық қабыну өрістеп, жалқықта лимфоциттер басым болады.

Созылмалы орхит жедел орхиттің жалғасы да, туберкулез, мерез, актиномикоз сияқты созылмалы инфекциялар мен ен жараќатының бір көрінісі де бола алады. Енде созылмалы, диффузды не гранулемалы ќабыну орын алады; ағзаның стромасына сперматозоидтар өтіп кетсе, ерекше бейнелі — сперматозоидтыќ гранулемалар қалыптасады.

Орхиттіњ, әсіресе оның созылмалы түрінің ақыры жаќсы емес; ±рыќсыздыќқа (шәуһетсіздікке) ұрындырады.

Простатит — қуық (асты) безінің қабынуы, Б±л ауру жыныстыќ ќабілеті кемелденген ер адамдарда жиі байқалады. Простатит жедел және созылмалы ағымды.

Жедел простатитті көбіне коктар қоздырады. Морфологиялыќ тұрѓыдан, ол катарлы, фолликулдық және паренхималық деп, үш түрге бөлінеді. Аталған түрлері оның даму кезендерін де сипаттайды. Катарлы простатит дамыѓан бездің стромасы толыққанды, интерстицийі сусіњді болады, оның өзекшелерінде іріњді катар өрістейді. Катарлы простатит, әдетте, фолликулдық простатитке ±ласып, өзекшелермен қатар безді қ±рылымдар да қабынады. Паренхималыќ простатит кезінде лейкоцит шоѓырлары диффузды болып, іріњдіктер мен грануляциялы ошақтар қалыптасады.

Созылмалы простатит түрлі инфекциялардың (гонококк, трихо-монада, хламидия, микоплазма, микобактерия, саңырауќ±лаќтар) әсерінен дамиды. Бездің стромасында лимоциттер мен гистиоциттер басым болып, грануляциялыь; және талшықты дәнекер ткань өседі; кейде гранулемалар қалыптасады.

Ағзаның бездері семеді, өзекшелердің эпителийі көбейіп, метаплазияланып, криброзды және бүртікті ќ±рылымдар қалыптастырады.

Асќыну зардаптары. Простатиттің, әсіресе созылмалы түрі зәр шығаратын жүйеде қайталамалы инфекциялық аурулар туындатады.

 

 

ЖЫНЫС АЃЗАЛАРЫ МЕН СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ ІСІКТЕРІ

 

Жыныс ағзалары мен сүт безініњ ісіктері алуан түрлі. Олар эпителийден де, мезинхимадан да дамып, қатерсіз де, қатерлі де болады. Б±л ісіктердің көбі органспецификалы.

Жатыр карциномасы (рак). Ол әйелдердің жыныс аѓзаларында дамитын ісіктердің ішінде сүт безі карциномасынан кейінгі екінші орында. Ол жатыр мойнының және денесінің карциномасына бөлінеді.

Жатыр мойнының карциномасы жатыр денесініњ карциномасынан жиірек. Б±л ісік эндоцервикоз, жатыр мойнының қынаптық бөлігіндегі эштелийдің дисплазиясы сияќты ракалдылыќ процестерден өрістейтіні белгілі. Жатыр мойны карциномасының инвазиясыз (cancer іn situ) және инвазиялы түрлері бар. Ол жатыр мойнының ќынаптық бөлімінің карциномасына және саңылауының (каналының) карциномасына жіктеледі. Қынаптыќ бөлімнің карциномасы қынаптың қуысына қарай экзофитті өсіп, үсті тез жараланады. Оның бірен-сараны ѓана жатыр мойнының іргесін жайлап, төңірегіне жайылады. Жатыр мойны сањылауыныњ карциномасы әдетте эндофитті өседі. Ол жатырдың мойнын жайлап, төңірегіндегі клетчаткаѓа және қуыќ пен көтен ішекке де жайылады. Ісіктің үсті жараланса, қынап пен қуыќтың, қынап пен көтен ішектің арасында қос сағалы (соустье) жыланкөз қалыптасады.

Гистологиялыќ қ±рылысы т±рѓысынан жатыр мойнының карциномасы жалпаќклеткалы, безді (аденогенді) және безді-жалпаќклеткалы болып, жіктеліп жетілу деңгейі єртүрлі келеді. Ол эпидермоидтық аденокарцинома түрінде өрістеуі де мүмкін.

Жатыр мойнының карциномасы метастаздарын алдымен лимфогендік жолмен кіші жамбас ќуысындаѓы, шаптаѓы және іш пердесінің сыртындағы лимфалық түйіндерге тез арада жайып, кейін гематогендік жолмен де шашады.

Жатыр денесінің карциномасы көбіне жасы 50-ден асқан әйелдерде байқалады. Оны дамытатын себеп ретінде гормондар тепе-теңдігінің (эстрогендер мөлшерінің) өзгеруіне үлкен мән беріледі. Өйткені, гормондардың әсерінен жатырдың кілегейлі қабықшасы гиперплазияланып, кейін қатерлі ісікке айналады. Карцинома ракалдылыќ процестерден өрбиді; оларѓа эндометрийдіњ гиперплазиясы мен полиптері жатады.

Жатыр денесінің карциномасы — түсті капуста не жуан түбірлі полип пішінді, экзофитті өсетін ісік. Кейде ол жатырдың қуысын түгел жайлап, жидиді, үсті жараланады, анда-санда эндофитті де өседі.

Гистологиялыќ түрлері: жоѓары, орташа және төмен деңгейде жетілген аденокарцинома; кейде жетілмеген карцинома.

Жатыр карциномасы метастаздарын алдымен кіші жамбас қуысындағы лимфалық түйіндерге жайып, гематогендік жолмен сирек өрістейді.

Жатырдың қатерлі ісіктерінің бірі — хорионэпителиома ("Экзокриндік бездер лен эптелийлік жамылѓылар ісіктерін" ќара).

Аналық бездің карциномасы әйелдердің жыныс ағзаларында дамитын ісіктердің ішінде жатыр мойныныњ карциномасынан кейінгі екінші орында. Ол аналық бездің қалыпты элементтерінен (жамылғылыќ мезотелий, аналық клетка мен оның туындыларынан, гранулалы клеткалардан), рудименттік қ±рылымдардан [алғашқы бүйректен (Вольф өзекшесінен] не эмбриондық қалдықтардан өнеді. Дегенмен, аналыќ без карциномасының көбі қатерліленген ±йымалы және муцинді қатерсіз ісіктерден өрбиді. Ол — түрлі көлемді, б±дырлы түйін. Гистологиялыќ бейнесін көбіне қатерлі ±йымалы не қатерлі муцинді ісік түзеді ("Экзокриндік бездер мен эпителийлік жамылѓылар ісіктерін" қара).

Б±л ісік метастаздарын лимфагендік және гематогендік жолмен лимфалыќ түйіндерге, іш пердесіне, басқа да ағзаларға жаяды.

Сүт безінің карциномасы әйелдерде байқалатын қатерлі ісіктердің ішінде бірінші орында. Сүт безі карциномасының көбі ракалдылыќ процестерден өрбиді. Ондай процестерге ең алдымен с‰т безініц ќатерсіз дисплазиясы мен өзекшелік папилломалар жатады.

Макроскопиялық т±рғыдан, сүт безінің карциномасы түйінді және диффузды, үрпі және үрпі өңірі карциномасына (Педжеттің сүт безіндегі ауруына) жіктеледі. Т‰йінді карциноманыњ диаметрі бірнеше сантиметрден аспайды. Бірде ол ақшыл жолақты ткані төңірегіндегі клетчаткаға жайылѓан қатты түйін болса, енді бірде — кескенде шырынды, жидіген, ж±мсақ түйін. Диффузды карцинома сүт безінің біраз жерін қамтып, айқын шектелмейді. Кейде б±л карцинома терінің үстіне жайылап, саңырауқ±лақ тәрізді құрылым қалыптастырады, жылдам жидіп, рак ойық жарасына айналады. Ісіктің біразы сүт безінің үстін жайлап, оны сауытпен қаптағандай етіп, қатайтады (сауытты рак).

Сүт безі карциномасының екі негізгі гистологиялыќ түрі бар: 1) инфильтрациясыз: бөлікшеішілік пен өзекшеішілік және 2) инфильтрациялы.

Сүт безінде инфильтрациясыз (инвазиясыз) карциноманыњ бөлікшеішілік [бөлікшелік іn situ (орнындағы) карцинома] және өзекшішілік (өзекшелік in situ карцинома) түрлері дамиды.

Инфальтрациялы (инвазиялы) карциномада тканьдік және клеткалық атипизмнің белгілері әртүрлі дәрежеде көрініс беретіндіктен, оның ќатерлілігі де ‰ш дәрежеге жіктеледі. Карциноманың негізгі түрі өз ретінде инфильтрациялы өзекшелік және инфильтрациялы бөлікшелік карциномалар мен Педжет ауруына бөлінеді де, олардың алѓашқы екі түрі әдетте скиррден ќ±рылады ("Экзокриндік бездер мен эпителийлік жамылѓылар ісіктерін" қара).

Карцинома сүт безіндегі ж±мсақ тканьдерді қуалай жайылады. Лимфогендік метастаздарын сүт безінен лимфаны жинайтын қолтыќтаѓы, кеуденің алдыңѓы жаѓындағы, бұғананың асты мен үстіндегі, төссүйегінің маңындаѓы аймақтық лимфалыќ түйіндерге жаяды. Ісіктің гематогендік метастаздары көбіне сүйектерде, өкпеде, бауырда, бүйректе болады. Сүт безінің карциномасы алып тастағаннан кейін 5—10 жылдан соң, кешеуілдеп ќайталануы мүмкін.

Қуық безінің карциномасы. Олеркектерде байқалатын ісіктердің ішінде екінші орын алып, көбіне қартаң адамдарда дамиды. Оѓан әсіресе андрогендердің д±рыс түзілмеуі себеп болады. Б±л ісіктің біразы ќуық безініц гиперплазиясынан туындайды.

Қуық безі ±лғайып, қатайып, б±дырланады. Оны кескенде өзара шырмалған фиброзды ткань жолаќтарының арасынан бозғылт сары түсті карцинома ткані де байқалады. Кейде өте кішкентай болып, микроскоппен ѓана анықталады.

Ісіктің микробейнесін аденокарцинома, кейде жетілмеген карцинома қ±райды.

Бүл ісік көбіне бездің теңірегіндегі ќуыќ, көтен ішек, шәуһет көпіршіктері сияқты аѓзаларға жайылады. Ал метастаздарын кіші жамбас қуысындаѓы, мықын мен шаптағы лимфалыќ т‰йіндерге, гематогендік жолмен ішкі аѓзаларѓа, әсіресе с‰йектерге жаяды.

Енде (аталық безде) карцинома сирек кездеседі. Оның даму тегі мен морфологиялық қ±рылысы әр алуан. Онда семинома жиі кездесіп, эмбриондық карцинома мен тератобластома да ±шырасады. Тератоидтыќ ісіктер тобынан енде анда-санда хорионэпителиома (хорионкарцинома) да байқалады. Ендегі карциноманың көлемі үлкен бола қоймайды, бірақ метастаздарын басќа ағзалар мен тканьдерге тез жаяды.

Ен ќосалќысыныњ, шауһет бауыныњ және ен ќабыќшаларыныњ ісіктері еннің өзінің ісіктерінен де сирек. Бұл топќа жататын ісіктер эпителийден де, басқа тканьдерден де дамып, қатерсіз де, қатерлі де болады. Еннің қосалқысында эпителийлік ісіктер басым болса, шауһет бауы мен еннің қабыќшаларында басқа тканьдерден жиірек µнеді. Б±л қ±рылымдарда аденоматоидтыќ ісік (ен ќосалқысының мезателиомасы), қосалқының карциномасы, ен ќынабының мезателиомасы, шауһет бауының саркомасы (ювенильдік рабдомиосаркома), т.б. байқалады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 264; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты