КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ГИПОФИЗГипофиздің қызметі осы безде ісік немесе аутоиммундыќ өзгерістер, қабыну, некроз сияќты процестер өрістегенде және гипоталамус пен орталыќ нерв жүйесінің басқа да аймақтары зақымдалѓанда б±зылады. Сондықтан кейбір жаѓдайларды ми (гипоталамус) — гипофиздік аурулар деп атауға әбден болады. Бұл аурулардың ең маңыздылары: 1) акромегалия; 2) гипофиздік нанизм; 3)ми-гипофиздік кахексия; 4) Иценко—Кушинг ауруы; 5) адипоза-гениталдық дистрофия; 6) қантсыз диабет (сусамыр) және 7) гипофиздік ісіктер. Акромегалия. Бұл ауру гипоталамус-гипофиз жүйесі д±рыс ж±мыс істемегенде немесе гипофиздің алдыңғы бөлімінде соматотропты (эозинофильді) аденома, кейде аденокарцинома өскенде дамиды. Соматотроптық гормонның әсерінен дәнекер ткань, шеміршек, сүйек сияќты, әсерісе мезинхима текті тканьдер жєне ішкі аѓзалардың (жүрек, бауыр, бүйрек, т.б.) паренхимасы мен стромасы тез өседі. Сондыќтан м±рын, ерін, қ±лақ, қабақтың сүйегі, төменгі жаќсүйек, басқа да сүйектер және табанның сүйектері тым ±лѓаяды. Сүйек өсіп қана қоймай, қалыпты қ±рылысынан тайып, өзгереді; энхондрийде остеогенез қайта жанданады. Б±л кесел адамның жас кезінде басталса, гигантизм (алыптық) қалыптасады. Акромегалия кезінде, әдетте, басқа бездер де зақымдалып, жемсау (б±ѓақ) ауруы дамиды, инсулин түзетін құрылымдар семеді, айыршық без бен эпифиз және бүйрекүсті безінің қыртыстыќ ќабаты гиперплазияланады, жыныстық бездер де семеді. Б±л процестердің өзіндік клиникасы бар. Гипофиздік нанизм (гипофиздік ергежейлілік). Гипофиздің тума кемістігінен немесе оның ткані балалық шақта зақымдалғандықтан (қабыну, некроз) дамиды. Науқастың жалпы т±лѓасы дұрыс қалыптасқанымен, бойы кішкентай болады; көбіне жыныс ағзалары да толыќ жетілмейді. Ми-гипофиздік кахексия (Симмондс ауруы). Кахексия тез өршіп, ішкі ағзалар семеді және жыныстыќ бездердің қызметі нашарлайды. Б±л ауру негізінен жас әйелдерде байқалып, көбіне босанғаннан кейін дамиды. Гипофиздің, әсіресе алдыңғы бөлімінің тамырларында эмболдар пайда болып, некрозды ошаќтар қалыптасады немесе сол ошақтардың орнын тыртыќ басады. Кейде гипофиздің алдыңѓы бөлімін сифилис, туберкулез не ісік зақымдайды. Гипофиз ѓана өзгеріп қоймайды, аралыќ миды дистрофия шарпып, қабынады. Енді бірде, гипофизден гөрі ми басымыраќ өзгереді. Бұл — милық кахексия. Иценко — Кушинг ауруы гипоталамус д±рыс ж±мыс істемегенде немесе гипофиздің алдыңғы бөлімінде адренокортикотропты (әдетте, базофильді) аденома, кейде аденокарцинома өскенде дамиды. АКТГ көп бөлінгендіктен, бүйрекүсті бездерінің қыртыстыќ қабаты гиперплазияланып, глюкокортикостероидтар тым көп түзіледі. Аурудың патогенезі осы глюкокортикостероидтардың әсеріне негізделген. Әйелдер жиірек ауырады. Семіздіктің жоѓарѓы типі байќалады (бет пен т±лға басымырақ семіреді), артериялык қысым көтеріледі, стероидтыќ қантты диабет дамып, аналыќ бездердің қызметі салдарлыќ негізде б±зылады. Сонымен ќатар, остеопороз орын алып, сүйектер сынғыш келеді, денені түк басып (гипертрихоз), еркек кескінділік байқалады (гирсутизм), сан мен іш аймақтарының терісінде көкшіл қызылдау жолаќтар (стриялар) пайда болады. Б±л аурумен сырќаттарда нефролитиаз бен созылмалы пиелонефрит жиі дамиды. Адипоза-гениталдық дистрофия (латынша: аdiposis — майлы, gеnitalis — жыныстық) — Бабинский — Фрелих ауруы — гипофиз бен гипоталамусты ісік немесе нейроинфекция зақымдағанда дамиды. Науқас адам тез семіріп, жыныс ағзалары толыќ жетілмей, олардың ќызметі жеткіліксіз болады. Адипоза-гениталдық дистрофияѓа кейде гипотиреоз, бүйрекүсті безі қызметінің жеткіліксіздігі және қантсыз диабет тіркеседі. Ќантсыз диабет (diabetes іnsіріdus) гипофиздің артқы бөлімі заќымдалѓанда дамиды (ісік, қабыну, склероз, жарақаттану, т.с.с.). Гипофиздің артќы бөлімімен қоса үнемі аралық ми да өзгереді. Антидиурездік гормонның әсері тоқтап, бүйрек несепті ќаныќтыра (коцентрациялай) алмайтындыќтан, ќантсыз шыжыњ (несахарное мочеизнурение) орын алады. Б±ның салдарынан тәуліктік несептің мөлшері артып (полиурия), науқас үнемі шµлдеп, суды тым көп ішеді (полидипсия). Ќантсыз диабеттің зардабынан организмде су азайып, минералдардың алмасуы б±зылады. Гипофиздік ісіктер. Б±л ісіктердің көбі гормон түзеді. ("Эндокриндік бездердіњ ісіктерін" ќара).
|