Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЖЫНЫС БЕЗДЕРІ




 

Аналыќ бездер мен аталық бездерде (енде) дисгормондық өзгерістер мен қабыну процесі және ісіктер байқалады ("Жыныс бездері мен с‰т бездерініњ ауруларын" ќара).

 

АВИТАМИНОЗДАР

 

Витаминдер (дәрумендер) тағамдардың қ±рамына кіреді. Организмнің тіршілігі үшін олардың маңызы өте зор. Дәрумендер экзогендік немесе эндогендік себептерден организмде мүлде болмаса немесе жеткіліксіз болса, бірқатар патологиялыќ процестер мен аурулар — гиповитаминоздар мен авитаминоздар — дамиды.

Дєрумендер жеткіліксіз не мүлде болғандықтан жиі дамитын аурулар: рахит (мешел), скорбут (қ±рқ±лақ), ксерофтальмия, пеллагра, -витамин- В10 мен фолий қышќылының тапшылығы.

 

МЕШЕЛ

 

Мешел (рахит; грекше: rachis — омыртќа жотасы) — D-гипо-

немесе авитаминозы.

Классификациясы. Мешелдің бірнеше түрі бар: 1) єр жастаѓы балаларда дамитын классикалық түрі (3 айдан 1 жасқа толғанѓа дейін дамыса, ерте мешел, 3—6 жас аралығында — кешеуіл мешел); 2) D-витаминтәуелді мешел — аутосомды-рецессивті т±ќымќуалайтын сырқат; 3) D-витамин резистентті мешел — жыныстыќ X-хромосомамен тіркесіп, т±қымќуалайтын сырқат; 4) ересектер мешелі (остеомаляция). Б±лардың ішінде ерекше көңіл аударарлыќ түрі — балалардың классикалық мешелі мен ересектер мешелі.

Этиологиясы. Мешелдің негізгі себебі — D витаминінің жеткіліксіздігі. Ол: 1) т±ќым ќуалап, 2) D3 витаминнің түзілуіне ќажетті ультракүлгін сәуле тапшы болғанда, 3) тағамда D витамині аз болѓанда, 4) D витамині ішек арқылы д±рыс сіңірілмегенде, 5) D витамині жеткілікті түскенмен, организмге қажеттілігі тым артқанда, 6) созылмалы бүйрек және бауыр ауруларының єсерінөн D-3 витаминінің белсенді метаболиттері — 1,25 (ОН)D-3, дұрыс қалыптаспағанда дамиды. Ал ересектер D-авитаминозы көбіне асқазан-ішек ауруларының салдарынан б±л витамин д±рыс сіңірілмегенде немесе жүктілік, гипертиреоз, рөналдық ацидоз сияқты себептерден D витаминінің организмге қажетті мөлшері тым артқан жағдайда байқалады.

Патогенезі. Аурудың патогенезі кальций мен фосфор алмасуының терең зақымдалуына негізделген. Соның салдарынан остеоидтық ткань кальций фосфатын сіңіре алмайды да, д±рыс ізбестенбейді. Мешелдің қанында бейорганикалық фосфор азайып (гипофосфатемия), тканьдерінде тотыѓу процесі бєсеңдеп, ацидоз дамиды. Белоктар мен липидтер де д±рыс алмаспайды; әрі май қышқылдарының мешел ауруының аѓымын жандандырѓыш қасиеті бар.

Патологиялық анатомиясы. Ерте мешелге тән өзгерістер бас сүйектерінде, қабырѓалар шеміршегінің сүйекпен жалғасатын жерлерінде және жіліктердің мета-эпифизінде, яғни қаңқаның ең жылдам өсетін бөлімдерінде айқын байқалады. Бас сүйегінің, әсіресе шүйде-төбелік бөлімінде дөңгелектеу ж±мсаќ ошақтар пайда болса (краниотабес,), маңдай мен төбенің б±дырлы жерлерініњ периосты өсіп, қалыңдай түседі (остеофиттер). Баланың ми сауыты төртб±рышты болып қалыптасады (caput guadratum). Еңбектері ±лѓайып, кеш жабылады. Қабырғалар шеміршегінің сүйекпен түйіскен жерлері қалыњдап, онда "мешел таспиѓы (буылтыќтары)" ќалыптасады (олар vi,vii,viii қабырғаның ішкі бетінде айқындау). Жіліктердің эпифизі жуандайды ("мешел білезіктері"). Мешелдің қаңқа сүйектері негізінен энхондрийде остеоидтыќ тканъ тым көп т‰зіліп, с‰йектіњ ткані д±рыс ќалыптаспаѓандыќтан және өскелењ с‰йек д±рыс ізбестенбегендіктен зақымдалады.

Энхондрийдіњ с‰йек т‰зілетін жеріндегі өскелең аймақ (ростковая зона) күрт кеңейеді. Шеміршектіњ өскелең аймаѓы "мешелдік аймаққа" айналып, оныњ көлемі мешел ауруыныњ зардабына сєйкес болады. Энхондрийдің сүйек түзетін жерінде шеміршек пен остеоидтық ткань тым көбейіп, бірақ ізбестенбейді. Шеміршектік клеткалар ретсіз жайғасады. Остеоидтық ткань энхондрийде ғана емес, эндо- және периостта да көбейіп, остеофиттер түзеді. Қыртыстыќ ќабаты қуыстана (лакуналы) ыдырап, диафиздің серпімділігі нашарлап, сүйектер қисаяды. Ізбестенбейтін остеоидтық ткань тым көбейгендіктен, сүйек баяу жетіледі. Сүйек табақшаларының кейбіреуі сынып, рентгенограммадан сүйек сүйелімен қоса, ашық түсті аймақтар кµрінеді (Лоозер аймақтары).

Кешеуіл мешелде сүйектік ткань энхондрийден гөрі эндосты басымырақ түзіледі. Әсіресе аяќ-қол мен жамбас сүйектері сиықсызданып, көкірек пен омыртқа жотасыныњ бітімі өзгереді.

Ерте және кешеуіл мешелде анемия байқалып, талақ пен лимфалық түйіндер ±лғаяды, бұлшықеттер, әсіресе құрсаќтың іргесі мен ішек б±лшықеттері босаңсиды (атония).

Ересектер мешел (остеомаляция) болғанда остеоидтыќ ткань тым көбейіп, жаңа қалыптасқан сүйектік ткань ізбестенбейді.

Асќыну зардаптары. Мешел балаларда пневмония, іріңді инфекция дамиды, асқорыту процесі б±зылады.

 

Қ¦РҚ¦ЛАҚ

К±рќ±лаќ (синонимдары: цинга, скорбут, Барлоу ауруы) — С-авитаминоз.

Этиологиясы мен патогенезі. Бұл ауру таѓамда С витамині (аскорбин қышқылы) болмаѓанда немөсе ол жеткілікті мµлшерде сіңірілмегенде дамиды. Ауру әсіресе тағамның қ±рамында С витамині мен Р витамині болмағанда айқындау, С витамині жеткіліксіз болса, тотықтыру-тотықсыздандыру ферменттері зақымдалып, көмірсулар мен белоктардың алмасуы біраз өзгереді. Хош иісті амин қышќылдарының (тирозин мен фенилаланиннің) тотығуы б±зылса, меланин көп түзіліп, теріде пигмент кµбейеді. С витаминінің жеткіліксіздігінен дәнекер тканьнің негізгі заты мен коллагеннің синтезі және фибриллогенез бүзылып, дәнекер ткань д±рыс жетілмейді, сондықтан ткань-тамыраралық өткізгіштік артады. Әсіресе ол C витаминмен қоса Р витамині жеткілікеіз болса, ол к‰рт артып кетеді де, геморрагиялы синдром өте айқын болады. К±рқ±лақ ауруымен сырқаттарда коллагеннің синтезі бәсеңдейтіндіктен, сүйек тканінің қарқынды өсіп, қ±рылымын өзгертуге тиісті аймақтарында пролиферациялық процесс тежеледі.

Патологиялық анатомиясы. Қ±рқ±лақпен сырқаттарда геморрагиялы синдром дамып, сүйектер зақымдалып, инфекциялыќ процестер байқалады.

Геморрагиялы диатез балалар мен ересектерде бірдей көрініс береді. Тері, кілегейлі қабықшалар, ішкі ағзалар, сүйек кемігі, сүйек ќабыѓының асты, буындардың қуыстары қанталайды (гемартроз). Тері мен кілегейлі қабыќшаларда қанды дақтармен қоса ойық жаралар да пайда болады.

Балалар мен ересектердің сүйектері әртүрлі µзгереді. Балалардыњ сүйегі ауырлау зақымдалып, баяу өседі. Жіліктердің өскелең аймағындағы шеміршекті сүйектік ткань баяу ыѓыстыратын болады, сондыќтан диафиздердің тыѓыз қабаты ж±ќарып, сүйектер сынѓыш келеді. ¤скелең аймақ қанталап, эпифиз бен диафиздің арасы ажырайды (эпифизеолиз). Сүйектің кемігін фиброзды-талшықты ткань жайлайды.

Ал ересектер сырқаттанса, сүйектердің шеміршекпен түйіскен жерлері басымырақ зақымдалады. Өйткені ол жерлердегі шеміршек 40—45 жасқа дейін сүйектене береді. Сүйек кемігін фиброзды ткань ыѓыстырып, табақшалары ж±ќарады, фибрин жиналып, қан қ±йылады, кейде қабырғаның сүйегі шеміршегінен ажырап, төссүйегі ішке қарай ойысады. К±рамында меланин көбейіп, тері қоңырқай тартады.

Асқыну зардаптары. Көбіне қанталаѓан жерлер инфекция түсіп, қабынады. Стоматит пен гингивит дамиды, тістер босап, түсіп қалады. Тілде, бадамша бездерде ойық жаралар мен некрозды ошақтар пайда болады (ойыќ жаралы глоссит, флегмоналы және гангреналы ангина). Бактериялар тыныс жолдары арқылы өкпеге өтсе (аспирация), пневмония, абсцесс, гангрена орын алады; кейде туберкулез жанданады. Энтерит пен колит те байқалады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 215; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты