Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ФИБРОЗДЫ ДИСПЛАЗИЯ




Фиброзды дисплазия (фиброзды остеодисплазия, сүйектің фиброзды дисплазиясы, Лихтенштейн — Брайцев ауруы) — сүйектік тканді фиброзды ткань ыѓыстырып, сүйектер сиыќсызданатын сырқат.

Этиологиясы мен патогенезі. Фиброзды дисплазияның даму себебі әлі толық айқындалмаған; тұќымқуалайтын факторлардың әсерін де жоққа шыѓаруға болмайды. Ол остеогендік мезенхима д±рыс қалыптаспағандыќтан өрістейтін, ісіктәрізді процесс деп есептеледі. Ауру көбіне балалық шақта басталады, бірақ жастық шақта да, кемелденгенде, қартайѓанда да дамуы мүмкін. Әйел адамдар жиірек ауырады.

Классификациясы. Камтыған көлеміне қарай, фиброзды дисплазия: жеке сүйекті зақымдайтын — монооссалды түрге және, әдетте, дененің бір жаѓындағы бірнеше сүйекті зақымдайтын — полиооссалды түрге бөлінеді. Полиоссалды түрі терінің меланозымен және түрлі эндокринпатиялармен сабақтас (Олбрайт синдромы). Аурудың монооссалды түрі жас шамасы әртүрлі адамдарда дамиды, ал полиоссалды түрі балалық шақта басталып, қаңқалық сүйектерді біркелкі зақымдап, олардың сиқын кетіреді; сүйек сынғыш келеді.

Патологиялық анатомиясы. Монооссалды фиброзды дисплазия көбіне қабырғаларды, жіліктерді, жауырынды, бас сүйектерін бүлдірсе, полиоссалды фиброзды дисплазияның 50%-дан астамында, әдетте, дененің бір жағындағы қањќалыќ сүйектер заќымдалады. Процесс сүйектің шамалы ѓана жерін немесе біраз бөлігін жайлайды. Көбіне жіліктің диафизі мен метафизі ќамтылады. Алѓашќы кезде сүйектің бітімі мен көлемі өзгермейді. Кейін кей жерлері "сыртќа тебініп", қалыпты сиќынан тайып, ±зарады немесе, керісінше, қысќарады. Т±рақты күш түсетіндіктен, ортан жілік қойшының таяѓы тәрізденіп иіледі. Сүйекті кескенде қызғылт даќты ақшыл ошақтар байқалады. Олар сопақтау не ±зынша пішінді, кейде т±тасып кетеді; қыртыс қабаттың "сыртқа тебінген" жерлері жұқарады. Сүйектің өзегі кеңейіп, оны жаңадан түзілген ткань жайлайды. Б±л жерлерде сүйектей тыѓыз аймақтар мен қуыстар болады.

Фиброзды дисплазия ошағының микробейнесін талшыќты дәнекер ткань қ±райды, Талшыќты дәнекер тканьнің арасында толық ізбестенбеген, қарапайым сүйек табақшалары мен остеоидтыќ табаќшалар болады. Талшықты тканьнің кей жерлері жетілген коллаген талшықтары мен ±ршықтәрізді клеткалардың будаларынан түзілсе, енді бір жерлері жас (жіңішке) коллаген талшыќтары мен ж±лдызша клеткалардан қалыптасады. Миксоматозды (жалқаяқты) ошақтар мен қуыстар, остеокласттар мен ксантомдық клеткалар шоѓыры, шеміршектік ткань ұялары ±шырасады. Бет сүйектеріндегі фиброзды дисплазияның гистологиялық ерекшелігі бар: дисплазиялы ошақтың қатты бөлігін цемент тектес (цементикли тәрізді) заттар түзеді.

Асќыну зардаптары. Сүйектер сынѓыш келеді. Жүре бастаған сәбилердің, әдетте ортан жілігі сынады. Ќол сүйектері сирек сынады. Сынық тез бітіп, сүйектің кескіні тым б±зылады. Фиброзды дисплазияныњ біразы остеогендік саркомаѓа ±ласады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 421; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты