Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бірінші ретті гематогендік остеомиелит




 

Бірінші ретті гематогендік остеомиелит жедел және созылмалы болады. Жедел гематогендік остеомиелит, єдетте жас адамдарда дамып, ер адамдарда 2—3өсе жиірек кездеседі. Созылмалы гематогендік остиеомиелит көбіне жедел остеомиелиттің салдары.

Этиологиясы. Остеомиелитті негізінен гемолиздік стафилококк (60—70%), стрептококк (15—20%),колиформды бацилла (10 – 15%), пневмококк, гонококк сияќты іріңдеткіш микроорганизмдер қоздырады. Кейде саңырауқ±лақтар да қоздыра алады. Инфекция гематогендік жолмен кез келген ағзадан тарап, оның алѓашқы ошаѓының біразы анықталмай да қалады. Ондай жағдайларѓа ішектің ±сақ жараќатынан, тіс ауруларынан, жоѓарғы тыныс жолдарынан өрістеген транзиторлық бактериемия себеп болатын сияқты.

Патогенезі. Жіліктердің қанайналымы бактериялардың сүйек тканіне түсуіне қолайлы. Алдымен метафиздің кемігіндегі кеңістіктер іріңдейді, өйткені ол жерлерде ќан аѓысы баяу. Кейін процесс өрістеп, ауқымды некроз ошақтарын қалыптастырып, сүйектің қыртыс қабытына, қабығына, төңірегіне жайылады. Ірің біртіндеп сүйектің өзегін қуалап, кемігін одан ары зақымдай түседі. Балалардың, әсіресе жаңа туылған сәбилердің, сүйек қабығы тыѓыз жалѓаспайды және эпифиздің шеміршегінде қан айналымы ерекше, сондыќтан іріңді процесс буынѓа да өрістеп, іріңді артрит дамиды.

Патологиялық анатомиясы. Жедел гематогендік остеомиелит флегмоналы (кейде ±йымалы) болып, с‰йектің кемігін, Гаверс өзекшелері мен қабығын да қамтиды; сүйек кемігі мен тығыз табақшаларда некрозды ошақтар қалыптасады. Сүйектің эпифиздік шеміршегімен т±стас жерлері тым ыдырап жойылады, кейде метафиз эпифизден ажырап, ол жер қозѓалмалы болып, буын қалыпты сиќынан таяды. Некрозды аймақтарды нейтрофилдер қоршап, тығыз табақшалардың тамырларында тромбылар пайда болады. Сүйек қабыѓының астында іріњдіктер түзіліп, төңірегіндегі жұмсақ тканьді флегмона жайлайды.

Созылмалы гематогендік остеомиелит ±заќка созылѓан іріңді процестен туындап, с‰йектік секвестрлер қалыптастырады. Секвестрлер грануляциялық тканьмен қоршалып, қабықпен шектеледі. Кейде олар ірің толѓан қуыста қалқып жүреді. Бұл қуыстар дененің сыртымен не ішкі қуыстармен, буынның қуысымен жыланкөздер арқылы жалғасады. Сүйектің қабыѓы мен өзегінде жаңа сүйек те түзіліп жатады. Сүйек жуандап, қалыпты сиқынан таяды. Эндостыда түзілген с‰йектік ткань (остеофит) кейде сүйектің өзегін бітеп, тығыз табақшаларды қалыңдатады. Сүйектік ткань ыдырып, әр жері немесе барлық жері сирейді. Созылмалы гематогендік остеомиелиттің барысында іріңдеген ж±мсаќ тканьді тыртыќ басады.

Созылмалы остеомиелиттің ерекше түрі — Броди абсцесі (іріњдігі). Ол - ішіне ірің толѓан, іргесі тегіс қуыс; ішкі беті грануляциялық тканьмен астарланып, сырты фиброзды қабықпен шектеледі. Грануляциялық тканьде плазмоциттер мен эозинофилдер көп. Әдетте, жыланкөз қалыптаспайды, сүйектің сиқы б±зылмайды.

Асқыну зардаптары.Жыланкөздерден ќан кетеді. Сүйектер өздігінен сынады. Кейде жалѓан буын қалыптасады, патологиялық процестен буын шығады. Сепсис дамиды. Созылмалы остеомиелит екінші ретті (салдарлық) амилоидозбен де асқынуы мүмкін.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 149; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты