Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


КСЕРОФТАЛЬМИЯ




 

Ксерофталмия (грекше: хеrоs — ќ±рғақ, орһtһаlmоs — көз) — авитаминоз А.

Этиологиясы мен патогенезі. А-авитаминоз мынадай экзогендік және эндогендік себептерден дамиды: таѓамдарда витамин аз болѓанда; витамин А мен майлар ішекте д±рыс сіңірілмегенде; бірқатар патологиялық процестер мен аурулардың әсерінен б±л витамин тым көп жұмсалғанда. Витамин А-ның эпителийдің тіршілігі мен көздегі родопсиннің түзілуіне тікелей әсері бар екені белгілі. Витамин А жеткіліксіз болса, призма тәрізді және өтпелі эпителий көпќабатты қасаңданатын эпителийге айналады (метаплазия). Көз пурпуры дұрыс түзілмесе, гемералопия (аќшам соќыр) пайда болады. Тыныс жолдарыныњ, әсіресе кеңірдек пен бронхылардың, призма тәрізді эпителийі қызылшамен және гриппен ауырѓанда метаплазияланады; µйткені витамин А-ныњ эндогендік жеткіліксіздігі орын алады. Витамин А-ныњ эндогендік жеткіліксіздігі басќа да ж±қпалы ауруларда (мысалы, туберкулезде) байқалады.

Патологиялық анатомиясы. Ксерофтальмия кезінде кілегейлі қабықшалардыњ эпителийі метаплазияланып қабынады. Әсіресе көздің конъюнктивасы мен ќасаң қабығының көпќабатты жалпаќ эпителийі өте ќасањданады. Сондай-ақ, кµзжасылыќ без семіп, секреті азаяды. Ќасаң кабықша мен конъюнктива қ±рѓап, ақшылдау тартады. Қасаң қабықшаның тканін дистрофия мен некроз шарпып (кератомаляция), күрт көмескіленеді. Тыныс жолдары (көңсірік, кеңірдек, бронхылар) мен зәршыѓаратын жолдардың, қынап пен жатырдың кілегейлі қабықшасының және қуық безі мен ұйқы безінің эпителийі де метаплазияланады. Зақымдалѓан кілегейлі қабықшалар кейін қабынып, ойық жаралар қалыптасады. Авитаминоз А-ѓа ±шыраѓандардың түрлі жаралары мен жарақаттары баяу жазылады.

 

ПЕЛЛАГРА

 

Пеллагра (латынша: реllus — тері, аgrа — ±стаймын) — созылмалы сырқат; организмде никотин ќышқылы (витамині РР) мен В тобына жататын витаминдер жеткіліксіз болғанда дамиды.

Этиологиясы мен патогенезі. Б±л ауру организмде никотин қышқылы (витамин РР) мен В тобына жататын витаминдер және триптофан жеткіліксіздігінен дамиды. Тағамдарда белок жеткіліксіз болса, организмдегі никотин қышқылы тым көп жұмсалып, азаяды. Никотин қышқылының жеткіліксіздігінен тотыѓу-тотықсыздану процестері б±зылып, аѓзаларда дистрофия мен атрофия өрістейді.

Патологиялық анатомиясы. Бұл ауру негізінен теріні, нерв жүйесі мен ішекті зақымдайды. Дененің жалаңаш жерлерінің терісі алқызыл тартып (эрите-
ма
), сусіңділенеді. Кейін гиперкератоз бен атрофия дамып, тері ±сақ бұдырланып, ќоңырқай тартады. Гистологиялық тәсілмен зерттегенде, атрофия және гиперкератоз ғана емес, дермадаѓы тамырлардың төңірегіне клеткалар шоғырланғаны, терлік бездер мен нерв талшықтарын дистрофия шарпыѓаны байқалады. Терінің базалдыќ қабатына меланин жиналады. Нерв ж‰йесінің әртүрлі бөлімдерін дистрофия шарпиды. Ол мидың қыртыс қабатындаѓы ќозѓалтќыш аймаќтарды, аралыќ миды, мишықты, ж±лынды және шеткері нервтерді қамтиды. Пеллагра ±заққа созылса, көбіне ж±лынныњ µткізгіш ж‰йесі заќымдалады. Ішектіњ µне бойында кілегейлі ќабыќша семіп, бездері кењейеді, фолликулдарының орнында ойық жаралар пайда болып, кейін эпителиймен жабылады. Асқазанның, бауырдың, ±йқы безінің де бірқатар ќ±рылымы семеді.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 173; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты