Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бүйрек ќызметінің созылмалы жеткіліксіздігі




 

Б‰йрек ќызметініњ созылмалы жеткіліксіздігі — морфологиясы нефросклерозѓа (б‰ріскен б‰йрек), ал клиникалыќ бейнесі уремияѓа негізделетін синдром. Уремия организмде азот қоқыстары (карбамид — мочевина, несеп қышқылы, креатинин, индикан) жиналып, ацидоз дамып, электролиттер тепе-теңдігінің терең зақымдалуымен байланысты. Белоктар мен электролиттер алмасуы және қышќылдар мен негіздер тепе-теңдігі өзгергендіктен, аутоинтоксикация байқалып, клеткаларда метаболизм б±зылады.

Патологиялық анатомиясы. Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің патологиялыќ анатомиясы экстрареналдыќ экскрециялыќ жүйелердің (тері, тынысалу, асқорыту ағзалары мен сірі қабықшалардың) зақымдалуына негізделеді. Уремиядан өлген адамның мәйітін зерттегенде, зәрдің иісі сезіледі. Ксантгидрол реакциясын қолданғанда, барлыќ ағзалардан, әсіресе асқазаннан, өкпеден, талақтан карбамид (мочевина) аныќталады. Аммонийдің ұшпалы қоспалары қуатты хлорлы сутегі қышқылымен қосылып, хлорлы аммоний т‰зіп, буға айналады. Уремияны анықтау үшін мәйітті зерттегенде осы реакцияны қолдануға болады.

Теріге урохром жиналады, сондықтан ол бозѓылт қоңыр түсті. Терілік бездер тұзды заттарды (хлоридтер, карбамид пен несеп қышќылы кристалдарын) көп бөліп шығаратындықтан, әсіресе бет терісі опа жаќќандай ағарады. Геморрагиялыќ диатезге тән белгілер — бөртпелер мен ќанды ошаќтар — байқалады. Уремияның зардабынан көбіне фибринді-некрозды не фибринді-геморрагиялы ларингит, трахеит, пневмония дамиды. Әдетте, µкпе сусіњділенеді (отек легких). Катарлы, фибринді немесе фибринді-геморрагиялы фарингит, гастрит, энтероколит те жиі ұшырасады. Бауырды майлы дистрофия шарпиды.

¦йымалы, ұйымалы-фибринді және фибринді перикардит, уремиялыќ миокардит те жиі байқалып, кейде с‰йелді эндокардит орын алады. Уремиялық плеврит пен перитонит те дамиды. Мидыњ ткані уремия кезінде сусіңділеніп, ағарады, кейде ж±мсарѓан жерлер мен ќанды ошаќтар пайда болады. Талақ сепсистегідей ұлѓаяды.

Уремия бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде ғана емес, оның жедел ағымды түрінде де дамиды. Ол эклампсия (эклампсиялық уремия) мен хлоргидропения (хлоргидропениялық уремия) кезінде де байқалады.

Гемодиализ жиі қолданылса, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі көп жылдарѓа созылуы мүмкін; ондай науқастар үнемі созылмалы субуремия жағдайында болады. Субуремияның патологиялыќ анатомиясы ерекше: экссудатты-некрозды процестерден гөрі метаболизмдік өзгерістер (миокардта некрозды ошақтар) мен пролиферациялы қабыну (бірікпелі перикардит, үлпершек саңылауының бітелуі) басым болып, әдетте сүйектер (остеопороз, остеосклероз) мен эндокриндік жүйе (қалқанша маңы безінің адаптациялық гиперплазиясы) зақымдалады. Бүйректер тым семіп, кішірейіп, массасы 15—20 г аспайды; оларды мәйіттен тауып алу үшін тиянақтылық қажет.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 100; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты