Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Адамдарды тасымалдау қызметіне қойылатын жалпы және қауіпсіздік талаптары




Тасымалдар кезінде мынадай қауіпсіздік талаптары қамтамасыз етілуі тиіс: жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін тасымалдау қауіпсіздігі;жүктерді тасымалдау қауіпсіздігі;өрт қауіпсіздігі;химиялық қауіпсіздік;санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік;экологиялық қауіпсіздік.

Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Поездарға электр-пневматикалық тежегішінің, жылытудың, электр жабдығының, желдетудің ақаулығы және жолаушылар тасымалдаудың қауіпсіз жағдайларын бұзатын басқа да ақаулықтары бар жолаушылар вагондарын, сондай-ақ жолаушылар поезы бастығының (бригадир-механиктің) локомотив машинисімен радиобайланысының ақаулығы бар радиокупелі (штабтық) жолаушылар вагондарын қосуға рұқсат етілмейді.Алыс және жергілікті қатынастағы жолаушылар поездарына қызметтік-техникалық мақсаттағы тұтас метал емес вагондарды тіркеуге рұқсат етіледі.Басқа құрылымды және типті жылжымалы құрам қосылған жолаушылар және пошта-багаж поездарының қозғалыс жылдамдығы осы жылжымалы құрам үшін белгіленген жылдамдықтардан аспауы тиіс.Жолаушылар, багаж, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін тасымалдау үшін жолаушылар поездарында қызмет көрсетуге арналған перспективалық локомотивтердің неғұрлым жоғары конструкциялық жылдамдықтарымен қауіпсіз және біркелкі қозғалысты қамтамасыз ететін вагондар жіберіледі.Жылжымалы құрамның жолаушылар вагондарында жолаушылар мен қызмет көрсету персоналының мүмкін болатын қозғалуы аймағында (бас, аяқ, дене деңгейінде) оларды жарақаттауы мүмкін конструкция мен жабдық элементтері болмауы тиіс.Жолаушылар вагондарында, дизель поездары және электр поездары вагондарында жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау кезінде өту орындарын, тамбурлар мен шығу орындарын заттармен қамалауға жол берілмейді.Жолаушылардың пайдалануына арналған кез келген құрылғы жолаушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне залал келтірмей, осы құрылғының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.Жолаушылар үшін қауіп болған жағдайда қызмет көрсету персоналына поезд бастығын және/немесе машинистті осы қауіп туралы хабардар етуге, сондай-ақ ерекше қажеттілік кезінде поезды тежеуге және/немесе есік ашуға мүмкіндік беретін құрылғылар көзделуі тиіс.Жолаушылар вагондарында тоқтатқыш кран тамбурларда, вагондардың ішінде орнатылады және пломбаланады.Өрт жағдайында материалдар зиянды және қауіпті түтіндердің, бу мен газдардың шығарындыларын шектеулері тиіс.Жолаушылар поезының вагондарында жолаушылардың химиялық улануы және багажды, жүк-багажды және пошта женелтімдерін тасымалдаудың қауіпсіз жағдайларына қатер төндіруі мүмкін нәрселерді, заттарды немесе басқа да материалдар мен бұйымдарды (жеңілтұтанғыш сұйықтықтар, газдар, жарылғыш және улы заттар) тасуға жол берілмейді.

 

2.Автокөлікке техникалық қызмет көрсету технологиясы

Техникалық қызмет көрсету (тқк) - техникалық құралды техникалық дұрыс жағдайда ұстау үшін жүргізілетін жоспарлы, еріксіз профилактикалық әрекеттер.

· Бірінші техникалық қызмет көрсету (тқк-1) - көлік құралдарын тораптарындағы ақауды кезінде орындау бақылау-диогностикалық, майлау, бекіту, реттеу және басқада жұмыстарды белгілі уақыт аралығында немесе белгілі жүрістен соң ақаулар мен істен шығуды анықтауға арналған техникалық қызмет.

· Екінші техникалық қызмет көрсету (тқк-2) - техникалық қызмет көрсету; бірінші техникалыққа ұқсас, бірақ біршама жұмысы күрделі, негізінен біріншіге қарағанда төрт есе сирек өткізіледі.

· Күнделікті техникалық қызмет көрсету (ктқ к ) - жол қауіпсіздігі және сыртқы қалпын сақтау, жанармайын қарау, майлау, салқындатқыш сұйықты толықтыру көлік құралдарының жалпы бақылау техникалық қызмет көрсету.[1]

Автокөлікке техникалық қызмет көрсету нақты техника түріне арналған нормативтік техникалық және пайдалану құжаттамаларының талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.

Көрсетілетін қызметтер автокөліктің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуі, оның ақауын жоюы тиіс. Техникалық қызмет көрсету нәтижесінде автокөлік техникалық құжаттамада немесе пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген барлық функцияларды орындауы тиіс.

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу үшін Жеткізуші міндетті барлық қызметтер түрлері бойынша тізбеде көрсетілген қажет жабдықтардың, сондай-ақ тиісті мамандардың (автослесарлар, автоэлектриктер, механиктер, компьютер мамандары және т.б.) болуы маңызыды. Тапсырыс беруші Жеткізушіге тиісті құжаттарды және Жеткізушінің атынан кепілдік міндеттемелер бойынша автокөлік жеткізушімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін байланыс дерекерін ұсынады.

Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден-бір мәселе, автомобильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады.Бұл мәселені шешу бір автомобиль өндірушілерінің анағұрлым сенімді автомобиль шығарумен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан – автомобильдің техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру болады.Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қажетті өндірістік базаны құруды, техникалық күтім көрсету мен жөндеудің алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді жақсартуды талап етеді.Автомобильдерді пайдалану кезінде оның сенімділігі мен басқа да қасиеттері төмендейді.Осыған байланысты автомобильдерде әр түрлі ақаулар пайда болады.Сондықтан осы ақауларды техникалық қызмет көрсетуде және жөндеу кезінде шегертеді.Автомобильді ұзақ пайдалану кезінде оның жағдайын АКМ – рде, жөндеуі техникалық жарамсыз және экономикалық тиімсіз болады.Бұл жағдайда автомобильді жөндеу мекемесіне оны күрделі жөндеуге жібереді. Автомобильдің істен шығуы, бөлшектердің тозуы, жабдықтың қажалуы және коррозияға ұшырау, көбінесе қажалудан, материалдың шаршауынан, межаникалық, тоттану зақымдарынан болады.Бөлшектердің астам көпшілігінің қалдық ресурстары бар, сондықтан оларды шағын көлемді жөндеуден кейін қайта колдануға болады.Соңғы кезде жүк автомобильдерінің жаңа түрлеріне, олардың бөлек агрегаттарын күрделі жөндеу ескерілген..Шаруашылық серiктестiктер толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн. Толық және сенiм серiктестiгiнен басқа, шаруашылық cepіктестікті бiр тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қызмет нәтижесi құқығын қоса алғанда және өзге де мүлiк (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне барабар сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсiз сарапшы растауға тиiсШаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушының салымын ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн. Серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берiлген кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi.Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлетiн жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтай құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмге есептелген осы мүлiктi пайдалану төлемiмен анықталады.Салымдарды мүлiктiк емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игiлiк түрiнде, сондай-ақ қатысушылардың серiктестiкке қойған талаптарын есептеу жолымен енгiзуге жол берiлмейдi.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 160; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты