Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Леуметтік-тұрмыстық сервисті басқару маркетингі




Қызмет саласындағы маркетинг пен дәстүрлі маркетингтің ортақ қағидалары мыналар:

· өндіре алатынды емес, сатып алатынды өндіру;

· жаңа тауар(қызмет) жасай отырып, қажеттіліктерді ынталандыру;

· тиімділік және пайдалылық қағидасы;

· маркетинг үрдісіндегі барлық салаларында әлеуметтік факторларды ескеру, яғни қыземтті өндірушілер тікелей әлеуметтік ортасын қалыптасытырады, сонымен қатар қызметтер әлеуметтік жұмыстық ерекше түрі ретінде сипатталады.

Жалпы қызметер маркетингіснің ерекшелігі қызметтер сипатымен және қызметтер нарығының ерекшелігімен негізделген. Қызметтер нарығының ерекшелігіне айрықша екі аспектілер кіреді:

1) қызмет оны көрсетуден бұрын пайда болмайды, яғни қызметсіз іс жүргізілмейді;

2) көптеген жағдайларды қызметтердің көрсетілуі үшін оны өндірушілердің арнайы білімі мен шеберлігі талап етіледі, оны тұтынушыларға бағалау, ал кей кезде түсіну қиын.

Тауар саясатын жасауда қызмет-тауардың төрт деңгейін қарастыруды қажет етеді:

· қызмет – негізгі өнім, яғни тұтынушының проблемаларын шешетін түрлі қызметтер жиынтығы;

· қызмет – жалғастырушы тауар, яғни тұтынушыға негізгі өнімді қолдануға қажетті қызметтер;

· қызмет – толықтырушы тауар, ол негізгі тауарды қолдайды, оған қосымша пайда әкеледі, бәсекелес тауардан айыруға көмек береді;

· кең мағынады тауар ретіндегі қызметке негізгі, жалғастырушы және толықтырушы тауарлар мен қызметтердің қол жетерлігі, қызмет көрсету барысында тұтынушылардың қатысуы және олардың бір-бірімен әрекет етуі жатады.

Жаңа қызметтерді жасау үрдісіне келесі сатылар жатады:

1. Идеяларды жинау;

2. Идеяларды іріктеу;

3. Жаңа қызметтер концепциясын жасау және тексеру;

4. Маркетинг стратегиясын жасау;

5. бизнес-талдау;

6. Қызметтерді жасау;

7. Сындарлы маркетинг;

8. Коммерцияландыру.

Қызметтерді жобалау кезінде қызметті өндірушілер бірқатар факторларды ескеру қажет:

· қызмет көрсету кәсіпорынның орналасу жері негізінен, оның тұтынушылары орналасқын эерімен анықталады;

· клиенттердың қажеттіліктер мен қалаулары әдетте тиімділіктен бұрын жүреді;

· жұмыстардың күнтізбелік жоспарлануы негізінен тұтынушыларға тәуелді;

· қызметтердің сапасын анықтау және өлшеу қиындатылған;

· жұмысшылардың тұтынушылармен қарым-қатынас жасаудың жақсы дағдылары болуы керек;

· өндірістік қуаттар әдетте көрсетіліп отырған қызметтерге сұраныстың орташа деңгейімен емес, тұтынушылар тұрғысынан жоғары сұраныс деңгейімен есептеледі;

· жоғары сұраныс кезінде пайдалану үшін төмен сұраныс кезінде қорларды құру мүмкін емес;

· қызметкерлердің жұмысының тиімділігін өлшеу қиын, себебі төмен өнімділік қызметкердің нашар жұмысымен емес, тұтынушылар жағынан сұраныстың болмауымен негізделуі мүмкін;

· қызмет көрсету саласындағы ірі кәсіпорындар типті емес(әуе компанияларынан басқа);

· қызмет сферасындағы маркетинг пен өндірісті кей кезде айыру қиын.

Аталған факторлардың арасындағы ең маңыздысы қызмет көрсету орнын тұтынушыларға максималды жақындастыруғ қызметтерді жобалау кезінде осы факторлардың ескерілуі кәсіпорынға қызмет көрсету үрдісін жақсартуға мүмкіндік береді.

Қызмет көрсету саласының маңыздылығына қарамастан оның теориялық тұжырымдамасы 1960 ж. аяғынан қалыптаса бастады. Қызметтердің маркетингі үлгілерінің түрлері: Д. Ратмел, П. Эйглие и Е. Лангеард, К. Грёнрос, М. Битнер, Ф. Котлер.

 

7.Әлеуметтік -тұрмыстық сервистің экономикалық мазмұны

Қызмет көрсету әлеуметтік-экономикалық категория болып табылады, өйткені ол күрделі экономикалық қарым-қатынастарының құрамдас бөлігі. Қызметтің мәні адамдардың қажеттілігін қанағаттандыратын тұтыну құны болып саналады. Қызмет ерекше өндіріс, қызмет көрсету және тұтыну кезінде көрінетін құн. Нарықтық экономика жағдайында, кешенді амал, бәсекені күрделі әлеуметтік-эконономикалық фактор ретінде қарастырады. Бірақ-та, бәсекелестік стратегия, қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жоғары деңгейі мен пайдалылық мәселесін шешуде әртүрлі. Тұтынушыларға тұрмыстық қызмет көрсетудің деңгейі, экономикалық әдебиеттерде тұтынушылар қажеттілігін сапалы қанағаттандыру және оның дәрежесін сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда, тұрмыстық қызмет көрсету деңгейі және тұтынушыларға тұрмыстық қызметтер ұсынудың сапасын сәйкестендіруде қызмет көрсету деңгейі, қызметтердің құрылымы мен көлемімен анықталады және тұрғындарға осы қызметтерді ұсынудың сапасына байланысты болады. әрбәр қызмет түрі экономикамен тікелей байланысты.Оның басты мақсаты шығынды аз етіп пайданы көбейту. Әлеуметтік -тұрмыстық сервистің экономикалық мазмұны кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты. Нарықтық экономика – бұл тауарлар және қызметтердiң сатып алу-сату жөнiндегі экономикалық қатынастардың жүйесi, ол әлеуметтiк-экономикалық мәселелер шешiмдерің тиiмдi қамтамасыз ететiн меншiк, еркiн бәсеке және баға белгiлеудiң барлық формалары, плюрализм шартындағы қазына арқылы iске асады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 86; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты