Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ақпараттық кеңес беру қызметінің ерекшеліктері мен мәні




Интеллектуалдық сервиске ақпараттық сервис кең мағынада әсер етеді – бұл тұтынушыны оған керекті ақпараттармен қамтамасыз етуі. Ақпараттық сервис – жұмыста тұтынушыға қызмет көрсетудің әр түрлі варианттарын қарастырады, оған:

· ақпараттық сервис зерттеу субьектісінің ресурстарын талдау, материалдарды қайта жөндеу және басқа да ақпараттың интеллектуалдық қызметтің нәтижесін тұтынушыға көрсету.

· Тұтынушыға өзінше ақпараттық ресурстарды қолдануға, талдауға және зерттеуге мүмкіндік беру.

· Тұтынушыға өзінше ізденіс жасауға, зерттемелер жасауға мүмкіндік беру.

Fidelio жүйесі сервистік қызметтегі бизнес үшін автоматтандырылған жүйелердің өндірушісі болып табылатын немістің Fidelio фирмасы жасаған . Fidelio жүйесін Ресейде HRS (Hotel and Restourant System) фирмасы ұсынады, ол Fidelio фирмасының бағдарламалық өнімдерін өңдеп, жүзеге асырады, сонымен бірге осы жүйенің техникалық қолдау көрсетеді және пайдаланушыларға қолдануды үйретеді.

Fidelio FO жүйесінің негізгі функциясына жататындар:

брондау мен қонақтарды орналастыру,

қонақ үйде тұрғаны үшін және де басқа да қызметтер үшін соммаларды есептеу;

үрлі сауда нүктелерінен түсетін клиенттердің төленбеген шоттары туралы ақпараттарды жинақтау;

клиенттермен есептеу үшін аралық және соңғы шоттарды шығару;

қолма - қол ақшасыз есептесулер туралы ақпараттарды тіркеу;

қаржылық және статистикалық есептерді алу.

Клиенттер мен клиенттердің шоттары туралы ақпараттарды жүргізу. Мұнда келесі ақпарат қосылады: клиенттер туңралы оқиғаларды жүргізу; брондау; орналастыру, шоттарды жүргізу; шығару; клиенттермен қолма - қол ақшамен есептесу.

Fidelio FO жұйесі келесідегідей негізгі модульдерден тұрады: брондау, портье, кассирлер, бухгалтерлер.

Брондау модуьі . Ол клиенттердің брондауларын рәсімдеу үшін арналған.Бұл модуль мыналарды жасауға мүмкіндік береді:

· клиент үшін броньді жасауға;

· топтық броньді жасауға;

· броньді жоюға;

· броньді түзетуге;

· броньді тасушылар тізіміне ауыстыру;

· бұрынғы жасалған броньдар бойынша нақты бөлмелерді қою;

· брондауды растаған қағазды басып шығару;

· брондау үшін депозитті қабылдау.

Fidelio FO жүйесіндегі қонақ үйдің операциялық күні түнгі аудитті жүргізудің көмегімен жабылады, ол әдетте таңғы сағат 6- да жүзеге асырылады және бірқатар шараларды қамтиды:

· бағдарлама күндерін аудару;

· жүйедегі пайдаланушылардың әрекеттерін талдау;

· бірқатар операциялардың бітпегендігін белгілеу;

· күн бойғы қонақүйдің жұмысы туралы есептердің пакетін басып шығару, ол келесі күні бухгалтерия мен басшылыққа беріледі;

· қонақтардың шотына бөлмелердің бағасын автоматты түрде есептеп беру;

· күн бойғы мәліметтер мен статистиканы сақтау,

· жүйенің шараларын орындау.

Өткен күннің барлық операцияларын аяқағаннан кейін ғана түнгі аудитті жүргізуді бастауға болады, оны жүргізу уақыты алдын ала келісілген.

Fidelio FO жүйесі қонақ үйдің қызметін әрі қарай жоспарлауға қажетті түрлі типтегі есептер мен болжамдарды жасауға мүмкіндіктерді ұсынады. Болжамдау брондау қызметіндегі ең маңызды функцияның бірі болып табылады, өйткені дұрыс жасалынған болжам қонақ үй қызметінің қалған жұмыстарының дұрыс үйлесуіне де әсерін тигізеді..

 

ӘӘӘӘ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 199; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты