Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ТС кәсіпорындарының қызметін жоспарлау




Жоспарлау, экономикада – нақты нысанның экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау. Микроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау өңдірісішілік, фирма ішілік көрсеткіштерді қамтыса, макроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау қоғамды басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, мемлекеттің әлеуметтік-экономика саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы болып табылады.

Жоспарлау кәсіпорынға белгілі бір кезеңде қол жеткізуге міндетті немесе мүдделі сандық және сапалы көрсеткіштер түріндегі кызметтің алдына мақсат қоюын ұйғарады.

Жоспарлау кезеңдеріне қарай (жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді:

• оперативті (ағымдағы) жоспарлау - бір жылға дейінгі кезеңге жасалады;

• тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау - бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды;

• стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау - үш жылдан аса көп кезеңге арналған.

Кәсіпорынның (фирманың) ішкі жұмыстарын жоспарлаудың негізгі элементтеріне мыналар жатады:

1. болжау;

2. мақсаттыанықтау (міндетқоябілу);

3. жоспарғатүзетуенгізу;

4. бюджеттіқұрау;

5. жоспардынақтылау.

 

Жоспарлаудың үштүрі бар:

1. ұзақмерзімдікжоспарлау;

2. орташамерзімдікжоспарлау;

3. қысқамерзімдікжоспарлау.

Жоспарлаулардың негізгі мақсаттарына мынадай көрсеткіштерді анықтау жатады:

1. сатукөлемі;

2. тауарлық масса;

3. табыс;

4. кәсіпорынныңнарықтағыүлесі.

Әлемдік тәжірибеде ұзақ мерзімдік жоспарлау кең қолданылады және оның құрамына орташа және қысқа мерзімдік жоспарлар кіреді. Жапонияда компаниялардың 70-80% ұзақмерзімді кжоспарлаумен айналысады. Ұзақ мерзімдік жоспар үш жылдық және бес жылдық мерзімге жасалады. Ұзақ мерзімдік жоспарда компанияның, кәсіпорынның ұзақ уақыттағы стратегиялық мақсаттары анықталады және оны компанияның басшылары дайындайды. Бұл жоспарда өндірістің кеңею варианттары, шығындардың азаюы, табысты арттыру жолдары қарастырылады.

Орта мерзімдік жоспар ұзақ мерзімдік жоспарға қарағанда нақты мақсаттар мен сандық сипаттамалар берумен ерекшеленеді. Бұл жоспар екі немесе үш жылға жасалады. Орта мерзімдік жоспарда ресурстарды бөлу негізгі орыналады. Орта мерзімдік жоспар үш кезеңнен тұрады.

1- кезеңде әрбір бөлімше өзінің мәліметтері негізінде дамудың болжамын жасайды.

2-кезеңде болжамдар салыстырылады және олардың арасындағы айырмашылықтар анықталынады.

3-кезеңде дамудың жалпы сценарийі дайындалып, ол жоғары басшыларға ұсынылады.

Қысқа мерзімдік жоспар біржылға, жарты жылға, бір айға әзірленеді. Бір жылдық жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

а) өнімөндіру мен өткізуді жоспарлау;

ә) материалдық-техникалық жабдықтау жоспары;

б) күрделі қаржыны жоспарлау;

в) еңбекақы мен мамандарды жоспарлау;

г) толық өзіндікқұн, табыс пен табыстылықты жоспарлау;

д) қаржыны жоспарлау және тағы басқалар.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 161; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты