Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік оқытуды ұйымдастыру




Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзгі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демократиялануы болып табылады. Нарықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, конкуренцияның пайда болуына жол ашады. Біз әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негзінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін еместігін айта аламыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді. Рим құқығында «кәсіпкерлік» ұғымы коммерциялық іс-әрекет, іс ретінде қарастырылды. Кәсіпкер ретінде қоғамдық құрылысты дамытатын арендатор деп есептелінді. Орта ғасырларда «кәсіпкер» ұғымы бірнеше мағынаны берді. Біреулер, сыртқы саудамен айналысатын адамдарды сөйтіп атайды. Мұндай кәсіпкерлікке мысалды Марко Поло, Еуропа және Қытай арасындағы сауданың даму негізінде тұрған саяхатшы береді.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары алдына әлеуметтік-этикалық, экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық, кәсіби құзыретті, сауатты мамандарды даярлау міндеті қойылып отыр. Педагог мамандарды жаңа экономикалық жағдайларға бейімдеу, нарықтық қатынастардың субъектісін дайындау – бүгінгі күнгі негізгі әлеуметтік қажеттіліктердің бірі. Әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму және оның бәсекелес сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі – кәсіпкерлік іс-әрекетті дамыту болып табылады.

Сонымен қатар, бүгінгі жастарды еркін нарықтық экономикаға өту шарттарында өмірге және еңбекке дайындайтын мақсатты әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет қажеттілігі. Алайда, педагогикалық практиканы талдау жастардың экономикалық мәдениеті мен экономикалық білімінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Бүгінгі күні осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жоғары оқу орындарында педагогтың кәсіпкерлік іс-әрекет негіздерін оқытуға даярлау енгізіліп отыр.

Болашақ педагог жаратылыстану-ғылыми, психологиялық-педагогикалық, технологиялық, экономикалық пәндер бойынша теориялық білімді меңгеріп қана қоймай, қазіргі материалдық өндірістің негізін және білім беру саласында бизнесті ұйымдастыру тәжірибесін жете түсінуге жағдай жасау қажет. Болашақ педагогтарды кәсіпкерлікке бағдарлау ісінің бағыттары келесідей: кәсіпкерлік білім, іскерлік, дағдыларды меңгеру, кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіру (дербестік, іскерлік, жігерлілік, креативтілік, мақсаткерлік, өз қызметін жоспарлау іскерлігі және т.б.), кәсіби ынтасын, кәсіби құзіреттілігін (әлеуметтік-тұлғалық, коммуникативті, психологиялық, ақпараттық, басқарушылық, ұйымдастырушылық, жобалау т.б.) қадыптастыру, әлеуметтік бейімдеу.

Сонымен қатар, психологиялық даярлық барысында болашақ педагогтардың кәсіпкерлік қызметте қажетті түрлі психологиялық тренингтерді, техникаларды үйренуі қамтамасыз етіледі. Мысалы, іскерлік келіссөздер, қарым-қатынас жасау техникасы немесе қиын ситуацияда шешім қабылдау т.б. Яғни, «кәсіпкерлік білім беру» пәні пәнаралық сипаттағы пән деген қорытындыға келеміз.

«Кәсіпкерлік» терминіне деген әртүрлі көзқарастардың эволюциясы Кәсіпкерліктің даму тарихының 4 бағыты. Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет, кәсіпкерліктің белгілері. Кәсіпкерліктің негізгі қағидадары.

Осы заманғы нарықтық қоғамды дамыту кезінде, оқытуды кәсіпкерлендіру (нарықтандыру) принципі бәсекелестік кәсіпкерлік қоғамның әлеуметтік сұраныстарына, өзінің қажеттіліктерін өтеу (көбірек табыс табу), қоғамның жекеменшіктік базисін дамыту, және нарықтық қатынастар талабына лайықты (творчестволқ түрде ойлай білетін, іскер, шебер, тапқырлық қабілеті жоғары , кез келген қиын мәселелерді шеше біледіндей...) жаңа тұрпатты кәсіпкер тұлға тәрбиелеуді мақсат тұтады. Яғни кәсіпкерлік оқытудың түпкі мән-мағынасы «ертең капиталға айнала алатындай кәсіпкерлік (нарықтық) білім алу» қағидасын іске асыруға негізделген.

Кез келген жүйелік құрылым секілді кәсіпкерлік оқыту жүйесі де мағыналық тұрғыда келесі компоненттерден құралады:

1) Кәсіпкерлік ұғымдар: қажеттілік, тауар өндіру, қызмет көрсету, ресурс кәсіпкерлік, сұраныс, тауар сату, ұсыныс, коммерция, баға, маркетинг, табыс, бәсекелестік. Мұндай кәсіпкерлік ұғымдар жүйесі кәсіпкерлік процестің мәнін ашуға көмектеседі, нарықтық қатынастарды жүйелі түсінуге ықпал жасайды.

2) Кәсіпкерлік құндылықтар

Сабақта түсіндірілетін әр оқу материалының кәсіпкерлік құндылықтарын айқындау, мысалы: қандай тауар жасалғанын, қандай заңдылық негізге алынды, қалай жасалғанын, қайда және қандай бағаға сатылып жатқанын, қанша табыс түсетінін, қандай мамандардың керектігі туралы түсіндіру.

3) Оқыту процесін кәсіпкерлендіру (нарықтандыру), бұл процестің не үшін керектігі, қалай жүзеге асыру жолдары көрсетіледі:

- бұл туралы арнайы мемлекеттік тұжырымдаманың жасалуы

- оқу пәндерінің бағдарламаларына, қай тақырыптардың мазмұнына кәсіпкерлік сипат берілуінің анықталуы

- әр пән бойынша оқулықтардың кәсіпкерлендіруге мүмкіндігі бар бизнестік мазмұнды материалдарын ендіру

- кәсіпкерлік сабақтар мен кәсіпкерлік мазмұнды сыныптан тыс жұмыстардың өткізілуі

- пән мұғалімдердің кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылығын көтеру;

- әр пән кабинеттерінің нарықтық мазмұнды безендірілуі.

4) Кәсіпкерлік сабақтарды өткізу, яғни тақырыптың мүмкіндігіне қарай кәсіпкерлік бизнеске байланысты материалдарды түсіндіру және сабақтың мынадай түрлерін өткізу (кәсіпорындарға экскурсия ретіндегі сабақ, немесе зертханалық сабақ)

5) Мұғалімдерді кәсіпкерлік оқытуға даярлау ісі келесіні талап етеді:

- мұғалімдерге, нарықтық оқыту жүйесінің, осы заманғы жаһандық бәсекелестік экономиканың инновациялық даму үрдісіне сйкес келуін түсіндіру;

- олардың кәсіпкерлік және қаржылық білімдерін жетілдіруге арналған қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру;

- нарық пен білімнің экономикалық негіздерін өз бетінше оқып меңгеруін ұйымдастыру;

- мектепте мұғалімдердің әдістемелік семинарларын өткізу.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 211; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты